Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
POLIT_WWPORY.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
185.18 Кб
Скачать

25 Саяси партияның саяси билік механизміндегі рөлін анықтаңыз

Партия деген сөз латынның бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Негізгі саяси партиялардың 200-ден астам анықтамасы бар. Саяси партия─ мемлекеттік билікті қолға алу арқылы жалпы мүдделермен мақсаттарды жүзеге асыруға ынталанатын ерікті біріккен қоғамдық бірлестік,әлеуметтік топтармен топтардың мүдделерін қорғайтын идеологиялық саяси құндылықтарға негізделген ұйым. Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861 ж Англияда либералдық партия құрылды. XIX ғ.аяғына қарай Батыс Еуропа елдерінде түгелге жақын көпшілік партиялар пайда болды. Мұндай партиялар басқа континенттерде де құрыла бастады. Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты, олардың саяси сауаттылығын арттырады,жұмысына ұйымшылдық және мақсаттылық сипат береді. Партияның басты мақсатыбилік үшін күрес,әрекетінің ұзақтығы,ұйымның кең көлемділігі,билікті жүзеге асыруға ұмтылуы.

Қызметтері:

1)әр түрлі топтардың,таптардың мүдделерін қорғау

2)идеология жасау

3)ұстанымдарды жасау

4)элитаны қалыптастырады

Партиялық жүйе─мем-к билікті жүзеге асыруға қатысатын партиялардың жиынтығы.Олар:бірпартиялық жүйе,екіпартиялық жүйе,көппартиялық жүйе болып бөлінеді.

1.Бірпартиялық жүйе. Өзінен басқа,әсіресе бәсекелес партияларды болдырмайды.Ол тоталитарлық және авторитарлық қоғамдарға тән.

2.Екіпартиялық жүйе. Басқа да кіщігірім партиялар да болуы мүмкін,бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партия арасында жүреді.

3.Көппартиялық. Мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайд. отырып басқару түрі.

Саяси жүйедегі ролі мен іштей ұйымдасуына б/ты саяси партияларды 4 түрге бөлуге болады:

1.авангардтық партиялар.Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады.

2.сайлаушылар партиясы.Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру,қаржы жинау,үгіт жүргізу т.б

3.парламенттік партия.Олнегізгі 2 қызметті атқарады:сайлауға дайындалу және парламенттік бақылау жасау.

4.Қауымдастық партиясы.Ол адамдарды белгілі бір саяси ұстанғанына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай өзара қатынасып,маңызды ммәселелерді талқылау үшін бекітілді.

Саяси партия пікірлестердің ұйымдасқан тобы, ол халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, оған мемлекеттік билікке келу немесе оны жүзеге асыруға қатысу арқылы қол жеткізуді мақсат етеді. Саяси партия белгілі бір топтың не әлеуметтік мүддесін білдіретін олардың белсенді өкілдерін біріктіретін, саяси күресіне басшылық жасайтын саяс ұйым ретінде де айтылады. Партияларды әртүрлі негіздері бойынша бөлу көбіне көп шартты, бірақ соған қарамастан партиялардың бірнеше топтарға бөлінетіндігі де бар.

1) Әлеуметтік белгілері бойынша: буржуазиялық, шаруа, жұмысшы (коммунистік), социал демократиялық бұған зиялылардың тиісті жіктері жатады.

2) Қоғамдық прогресс бойынша, радикалдық (революциалдық), яғни қоғам өмірінің құрылымын сапасы жағынан қайта өзгертуге ұмтылатын партиялар А) реформистік

Б) консервативтік

В) реакциялық

3) Басқарудың формалары мен тәсілдері бойынша: либералдық, демократиялық, диктатуралық

4) Үкіметке қатысы бойынша: билеуші, оппозициялық, бейтарап(центристік)

5) Наным сенім бойынша: христиан, ислам т.б.

Саяси партиялар қазіргі кезеңде мынадай міндеттерді атқарады: А) ірі ірі әлеуметтік іс әрекеттердің бағытын айқындайтын бағалы тұжырымдар жасайды. Б) ірі ірі әлеуметтік топтардың белсенділігін арттыруға көмектседі.В) саяси жүйелерді олардың ортақ принциптерін, элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға Г) мемлекеттегі билік үшін күреске және мемлекет қызметінің бағдарламасын жасауға Ғ) мемлекеттік билікті жүзеге асыруға Д) қоғамдық пікірді қалыптастыруға қатынасады Е) жалпы қоғамды, қоғам мүшелерін саяси тәрбиелеу жұмысымен айналысады. Ж) мемлекеттің, кәсіподақтардың қоғамдық ұйымдардың аппараттары үшін кадрлар даярлау мен ұсыну істеріне араласады

26 Саясат әлеміндегі БАҚ-тың рөлін анықтап, мысал келтіріңіз Саясаттағы компьютерлік-коммуникациялық технологиялар - XX г. екінші жартысында дамыған демократиялық мемлекеттер азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу жолында екі төңкерісті бастарынан кешірді, соның нәтижесінде бұқаралық білім мен бұқаралық теледидар пайда болды. Саяси кеңістікті қайта құруда үлкен рөл атқарған ақпараттық саяси нарықты электронды БАҚ пайда болуы, саяси коммуникаңияда сүхбаттық тәсілдің пайда болуы, "электронды қауымдастықтың" қалыптасуы және т.б. Мінеки, осыған байланысты мемлекеттік билік үшін бәсекелестіктің мүмкіндіктері сапалы түрде өзгерді. Жаңа ақпараттық және коммуника-тивтік технологиялар саясат саласындағы көптеген мәселелерге қатысты ұстанымдар мен қағидаларды өзгертті.Саясаттағы компьютерлік-коммуникациялық технологиялардың қатарында - Интернет. Интернет - бұл әлемдік компьютерлік тор, жүз мыңдаған мемлекеттік, корпоративтік, қоғамдық, білім берулік және үй жағдайындағы ақпаратпен алмасу тәсілдері. Ол XX ғ. 60 жж. АҚШ қорғаныс министрлігіндегі информатика мен компьютер саласындағы зерттеулер жобасының шеңберінде жүргізілген ізденістер нәтижесінде пайда болған.

Саясаттағы компьютерлік-коммуникациялық технологиялар. Интернет коммуникаңиясында нәсілдік, жастық, жыныстық кедергілер жоқ. Интернет соңғы кезеңде сайлау компанияларын жүргізуде кеңінен қолданылуда. Мысалы, сайлау компаниясын ұйымдастырушылар партиялар немесе қозғалыс жетекшісінің веб-парақтарын құру арқылы қосымша өз қолдаушыларын жұмылдыруға мүмкіндік алады.

Көптеген уақыт шеңберінде ақпараттың негізгі көзі ретінде газет пен журналдар қолданылды. кейін оның қатарларын телеарна, радио мен интернет толықтырды. Қазірді оның барлығын біз БАҚ деп атаймыз. Сол алғашқы газет журналдар басында саяси партиялар немесе басқа да институттармен орган ретінде саяси процеске тартылған болатын. Уақыт өте сол газет журналдар мен жалпы БАҚ адамдарды өзіне үйретіп, адам өмірінің бір бөлігіне айналды. Саясатта телеарнаның саясатта қолданылуы 1952ж АҚШта преиденттік сайлау кезінде пайдаланылды. Бұдан БАҚ адамдарды объективті және оперативті ақпараттандыру көзіне айналды. Ал ол өз кезегінде үлкен саяси күшке ие болды. БАҚтың саясаттағы ролін біржақты қарастыруға болмайды. Себебі ол өз алдына күрделі және көпжақты институт. Г.Ласуэлл БАҚтың негізгі функцияларын бөліп, көрсеткен болатын: әлемді бақылау; қоғамдық ойды қалыптастыру; ақпаратты зерттеу; мәдениетті насихаттау. Бұған тағы да бірнеше функцияларды жатқызуға болады. Олар: қоғамның әлеуметтенуі мен халықтың саяси сауаттылығын арттыру. Сол сияқты саясат БАҚты пайдалана отырп, адамдардың санасына, тәртібіне ықпал етуге үлкен мүмкіндік алады. Сол себепті БАҚті төртінші билік деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]