Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
POLIT_WWPORY.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
185.18 Кб
Скачать

21 Мемлекеттік құрылыс пен басқарудың түрлерін анықтап кетіңіз

Мемлекеттік құрылыс пен басқару формаларына байланысты :

  1. монархия (Сауд Арабиясы, Катар, Бруней т.б):

  • абсолюттік монархия

  • конституциялық монархия

  • дуалистік монархия ( Иердания, Кувейт, Марокко т.б) монарх парламент немесе үкіметтің төрағасы бола алады.

  • Парламенттік монархия (Швеция, Бельгия, Испания, Голландия, Люксенбург т.б)

2. республика:

  • Президенттік республика

  • Жартылай президенттік (Австрия, Ирландия, Португалия, Польша, Финляндия т.б)

  • Унитарлы

  • Федерация

  • Конфедерация

  • Мемлекет – қоғамның саяси жүйесінің басты элементі, саяси институттардың маңызды бөлігі. Ол белгілі бір аумақ шеңберінде тұратын адамдардың мүдделерін қорғап, олардың арасындағы ара-қатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттеп бақылайтын қоғамдық механизм. Мемлекет қоғамдағы билікті іс жүзінде асырушы орталық институт. Ол адамдардың белгілі бір заңға бағынған қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін саяси орган.Мемлекет басқару формасы мен саяси өкіметтің негізгі институттарының құрылысына қарай да әр түрлі болады. Ал басқарушылық формасы д/з - өзінің заңдастырылған тәртібімен сипатталатын өкіметті ұйымдастыру болып саналады. Басқарудың монархиялық формасы – мемлекетте билік жүргізетін бір адам – монарх. Ал мемлекеттің республикалық формасында – заң бойынша өкімет билігін халықтың көпшілігі жүзеге асырады. Өйткені ондағы өкімет билігінің көзі халықтан шығады. Мемлекеттік басқарудың басқа да түрлері бар. Олар: демократиялық, әміршіл-әкімшіл, тб.Мемлекет басқару түрімен қатар, құрылысына қарай да ерекшеленеді. Мемлеет құрылысы орталық өкімет пен жергілікті биліктің міндеттері өрісінің арақатынасын білдіреді. Ол унитарлық (біртұтас мемлекет) және федеративтік (заң бойынша біршама ерікті мемлекеттер одағы – республикалар, штаттар, кантондар, тб), конфедеративтік (мемлекеттік-құқылық бірлестіктер) болып бөлінеді. Әр түрлі мемлекеттердің маңызы оның ішкі саяси құрылысына қарай бағаланады. Саяси құрылысы дз – бұл мемлекеттік өкімет билігін жүргізу әдістерінің біртұтас жүйесі, жеке адамдардың демократиялық құқы мен бостандығын іске асыру дәрежесі, өкіметтің өз қызметінің құқылық негіздеріне қатысты, ресми конституциялық және құқылық нормалардың нақты саяси өмірге сәйкестігі. Бүгінде әлемде демократиялық, авторитарлық, диктаторлық, фашистік, тб саяси құрылысқа негізделген мемлекеттер бар. Саяси бағыты тұрғысынан олар агрессияшіл, бейбітшіл, косервативтік, либералдық, бейтарап, тб юолып ажыратылады.

22 Құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің негізгі құндылықтары мен принциптерін негіздеп өтіңіз

Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады. Құқықтық мемлекеттің негізгі құндылығы халық болып табылады. Сол үшін оның барлық аясында қоғамның құқығы жоғары орында тұру керек. Бұл әрбір құқықты мемлекеттің басты, келелі принципі болып табылады. Яғни құқық әрбір елдің Конституциясы – негізгі заңында бекітіліп, басқа да заңдары мен жарлықтарына нұсқа болу керек. Мысалы ҚР Конституциясында « Қазақстан Республикасы – демократиялық, зиялы, және біртұтас мемлекет. өзін-өзі билейтін қазақ ұлты мемлекеттілігінің түрі ретінде Қазақстан Республикасы өзінің барлық азаматтарының құқық теңдігін қамтамасыз етеді» делінген. Ххғ соңғы ширегінде әлемнің көптеген елдерінде жаңа, ерекше белгілері бар мем-р қалыптаса бастады. Осы белгілер құқықты мем-ң сипатын құрады. «Құқықты мем-т» дегеніміз – қоғамның саяси әлеуметтік өмірінде, оның барлық аясында құқық жоғары орында тұру керек дегенге мегзейді. Бұл әрбір құқықты мем-ң басты, келелі принципі болуы керек. Яғни құқық әрбір елдің Конституциясы – негізгі заңында бекітіліп, басқа да заңдары мен жарлықтарына нұсқа болуы керек. Мәселен, 1993 ж 28 қаңтарда қабылдаған Конституциясында Қазақстан өзінің демократиялық, құқықты мемлекет деп жариялады. Конституциялық кепілдіктерді, заңның, сонымен бірге құқық үстемдігін қамтамасыз етіп отыру Конституциялық сотқа жүктелген. Құқықты мемлекет адамдардың бостандығы мен теңдігін кісінің туа біткен қасиеті деп жариялайды. Мемлекет барлық құқылық жүйенің өзегі болып есептелетін адам құқын өктемдіктен қорғап отырады. Сондықтан да оның заңдары мен жарлықтары адамның құқына сай келетін, оның ешбір бұзылмайтын принциптеріне бағынатын болуы керек. Сонымен, адам құқығының, оның ары мен адамгершілігінің, абыройының, мүддесінің мызғымастығы және оларды қорғап, кепілдігін қамтамасыз ету құқықты мемлекеттің басты принципі.

23 Қоғамның тарихи даму процесінде мемлекеттің эволюциясын сипаттаңыз Мем-ң  шығуын ғылым адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеу-к таптар мен топтардың пайда  болып, қоғамда саяси-әлеу-к теңсіздіктердің  орнығуымен байланыстырады. Мем-т дәулетті таптың саяси, экономикалық үстемдігін нығайту құралы болып келеді. Ал «мемлекет» деген атау термин ретінде жаңа заманда –итальяндық қайта өрлеу кезеңінде шықты. Ол алдымен Испанияда, орнығып, одан Франция мен Германияға, артынша ХІХ ғ дейін бүкіл Европа елдеріне тарады. Испанияда «мемлекет» ұғымы деп алынды, яғни ол латынның «состояние» - «қалыпты жағдай» деген сөзінен ткды. Әдепкі кезде ол өкімет билігін иеленуші деген ұғымға айтылып бірте-бірте ол өкімет функциясы ретінде қаралды да, мемлекеттік өкімет ұғымына көшті. ХVІІ ғ бастап «мемлекет» деген атау мем-к мекемелер, бір салаға үстемдік ету, мем-к халық деген де түсінікпен сипатталады. Бұл ұғым аталған Жаңа заманға тиісті құбылыс болса да қазіргі кездегі мем-ң дамуына байланысты оның мағынасы кеңірек анықталып отыр. «Мемлекет» деген атаудың мағынасына Жаңа Заманға дейін қолданылып келген, бірақ кейіннен жоғалған ескі сөздердің де мағынасы қосылып кетті. Осыған байланысты «мемлекеттің» белгілі бір айқын тарихи жағдайға байланыстыра қарау керек. Оны ұғым ретінде ғана қарамай, мем-к құрылымдардың уақыт пен кеңістікке қарай өзгеріп отыратынын, оның көп түрлі болатынын, соған қарай ұғымның да тұрақты болмайтынын есте ұстаған жөн.Мемлкет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құқл иеленушілік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы мен міні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар, соның ішінде ең кең тарағандары:Теологиялық теория. Оның негізін салушылар: А.Августин мен Ф.Аквинский мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндіреді.Патриархтық теория. Оның негізін салушы 18 ғасырда өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда болуын рудардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.Қоғамдық   келісім теориясы. (Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо) егеменді әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімінің арасында мемлекет пайда болды.Зорлық жасау теориясы. (Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский) бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекет пайда болды деп есептейді.Географиялық теория. (А.Ритцель, В.Соловьев, Б.Чичерин) мемлкеттің пайда болуы географиялық орнының ерекшелігімен түсіндіреді.Психологиялық теория. Адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дейді.Маркстік теория мемлкеттің пайда болуын жеке меншік пен тараптардың шығуымен байланыстырады.

24 Әлеуметтік топтар саясаттың субъекттері мен объектілері ретіндегі рөлі мен орны Әлеуметтік топтар саясаттың субъектісі мен объектісі ретінде саясаттың субъектісіне әлеуметтік топтар, топтар, ұлттар, мемлекеттер, саяси партиялар, қозғалыстар жатады. Тұлға- қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз жүріс-тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағы танып-білуші жеке адамды айтады. Субъект-белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады. Объект-субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса, соны айтады. Басқаша айтқанда, объект- зерттелетін зат. Сонда саясаттанудың объектісіне, саясат, саясат желісі жатады. Саясаттың субъектісі- өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әретіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъетісіің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері мен тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және тағы басқа қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Қарапайым, демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылыжасалады. Себебі, әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар қаншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан, олардың іс-әрекетінен тұрады. Олай болса, саясаттың бас суъектісі-адам болатыны сондықтан. Қандай адам болмасын белгілі бір әлеуметтік топқа, топқа, ұлтқа, мемлекетке жатады. Осының өзі де өмір жағдайымен жүріс-тұрысына, саясатқа араласуына әсер етпей қоймайды. Таптың және т.б өкілі ретінде жеке адам саясатқа жанама түрде тартылады. Сонымен қатар ол басқаларға қарап еліктеп, белгілі амал, әрекет жасайды, оны өзінше дәлелдейді. Сөйтіп, ол саясатқа тікелей қатысады, саясаттың субъектісіне айналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]