Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
POLIT_WWPORY.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
185.18 Кб
Скачать

19 Саяси даму мен саяси прогрес арасындағы айырмашылықты анықтап өтіңіз

Қоғам әрқашан өзгеріп, дамып, жылжып отырады.Соған орай саяси жүйелер де өзгеріп,бір күйден екінші қалыпқа келіп, жетіліп жатады.Саяси даму деп саяси іс-қимылдар, саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады.Соның нәтижесінде саяси жүйе әлеуметтік мақсат-мүдделердің жаңа үлгілеріне бейімделеді және жаңа жағдайларға икемделген институттар пайда болады.Саяси дамуды саяси прогреспен шатастырмаған жөн.Себебі,соңғысы қоғамдық саяси дамудың барысында бір нәтижеге жетуді, бір кезеңнен екіншісіне өтуді білдіреді.Ал,саяси даму бейтарап ұғым,ол тек даму процесін,өзгерісті ғана бейнелейді.Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар.Эволюциялықта қоғамдық-саяси өмір біртіндеп,баяу дамиды.Көбіне күнделікті өмірге тығыз байланысты болғандықтан,олар сырт көзге онша байқала бермейді.Революцияда қоғамның барық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы түбегейлі сапалы төңкеріске ұшырайды.Ол қарулы және бейбіт жолмен жүзеге асуы мүмкін.Сонымен қатар революцияға қоғамдағы үлкен бетбұрысты да жатқызады.Мысалы,бұдан екі жүз жыл бұрын Батыс Еуропаның біраз елдерінде және Солтүстік Америкада қоғамның дәстүрлік әлеуметтік және саяси бейнесін түбегейлі өзгерткен процесс басталды.Соның нәтижесінде қазіргі кезде әлемнің барлық аймақтарында қоғам өмірінің барлық саласы түгелімен түлеп,жаңарып шықты.

Критерийлері:

1) Әртүрлі елдердің жаңа жағдайға көшу,институционалдық құрылымға өту үшін жұмылдырып, іске тартарлық қорлары, мүмкіндіктері бірдей емес;

2) Әртүрлі қоғамдық тарихи дәстүрлі, әлеуметтікэкономикалық құрылымы өзгеше;

3) Ұлттық элиталар арасындағы ұйымдастырылу және мәдени ерекшеліктер. Соған орай ол қазіргі тарихи жағдайды,мәдени мәнін, мазмұнын қабылдайды

20 Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі ерекшеліктерін сипаттаңыз

Мем тур. мәселенің саясаттанудаң ең басты,орталық тақырыптардың санатына жататындығы сөзсіз.Өйткені,қоғамның саяси жүйесінде мем басты қызмет атқаратындықтан,саяси жүйенің тиімділігі оның іс әрекетіне едәуір дәрежеде тәуелді.Мем\ң жоғарғы әл-саяси әрекеттілігі,саяси жүйенің өзіндік ерекшеліктерінің мем\к органдар құрылымы мен функциясында тікелей ж\е толықтай жүзеге асуы,саяси режимнің мәні мем\ті саяси жүйенің мейлінше сипатты,көрнекті элементіне айналдырады.

Мем-саяси ұйымдардың ең маңыздыларының бірі.Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады,оны басқарады,экон\қ ж\е әл\к құрылымын қорғайды.Ол үшін мем\ң арнайы аппараты,еріксіз көндіретін кұштеу органдары б\ы. Мем. Қоғам атынан оның ішкі ж\е сыртқы саясатын атғара алады.Мем.-жоғары нәтижелі құндылық әрі саяси еріктің жүзеге асуының тиімді құралы.Мем.-саяси жүйенің басты элементі,оның негізгі ұйымы.Ол керек кезінде арнаулы күштеу органдарынипайдалана отырып,өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс.

Мемлекет басқа ұйым, мекеме, бірлестіктерден мына белгілермен ерекшеленеді:

  1. аумақтық бөліну: мемлекеттің заңдары мен өкілеттігі сол аумақта тұратын адамдардың бәріне де қатысты және осы аумақ арнайы құрылған қарулы әскер арқылы жаулардан қорғалып отырады.

  2. ерекше өкімет аппараты (жария билік): мемлекетте өз қол астындағы халықты бағындырып, дегенін істету үшін бұқара халықтан бөлек, оның үстінен қарайтын айрықша өкімет аппараты құрылған. Ол өз үстемдігін қарулы әскер, шенеуніктік аппарат, полиция, сот, барлау, баспасөз және т.б құралдары арқылы жүзеге асырады.

  3. мемлекеттің егемендігі: өзінің аумағындағы барлық адамдарға, ұйымдар мен мекемелерге міндетті заңдар мен ережелерді шығаруға мемлекеттің ғана құқығы бар.

  4. ашық куш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру: қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады.

  5. салық салу: мемлекеттік қазынаның тапшылығын толтыру үшін заем шығару.

  6. мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болу:мемлекетте тұратын адамдар сол елдің азаматы болу керек, себебі азаматтығы жоқ адам (аппатридизм) құқықтық жағынан қорғансыз қалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]