Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
POLIT_WWPORY.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
185.18 Кб
Скачать

18 Саяси жүйе мен саяси режимнің өзара байланысы мен ерекшелігін анықтап кетіңіз

“Саяси жүйе ” ұғымы ХХ ғ. ортасында ғана терең негізделіп, тарала бастады. Оған басты себеп – жүйе тәсілі мен бихевиористік амалдың түрлі саяси құбылыстарды зерттеулерде етек алуы еді.

Қазіргі кездегі саяси жүйе қағидаларының негізінде Аристотель заманынан бастау алған саясат жөніндегі түсінік жатыр. Ол - саясатты бейне бір тұтас нәрсе деп қараған. Осы бағытты алғаш ұстанған флоренциялық ойшыл Николло Макиавелли саяси ғылымның негізін салушы ретінде саяси құбылысты ерекше қызмет саласы ретінде анықтағаны белгілі. саналады. Оның пікірінше саясат дінге де, моральға да, экономикаға да жатпайды, қайта ол өзіңдік саяси мемлекеттің тұтастығы мен бірлігін көздейді.

Қазіргі қоғамтануда жүйе теориясының қалаушысы Т.Парсонс болып есептеледі. Оның әлеуметтік жүйе теориясы бойынша қоғамдағы рухани, экономикалық және саяси жүйелер өздерінің атқаратын қызметіне қарай ерекшеленеді. Сөйтіп, олар өз алдына жүйе болып алады.

Қоғамның саяси өмірі мен жүйесі сол сияқты АҚШ ғалымның Д.Истонның “Саяси жүйе” (1953), “Саяси талдаудың шегі” (1965), “Саяси өмірді жүйелеп талдау” (1965) атты енбектерінде қарастырылады. Саяси жүйе теориясына Г.Алмонд, Р.Даль және т.б. батыс елдерінің саясаттанушылары да өз үлесін қосқан.

Сонымен, қазіргі кездегі саяси жүйе туралы алуан түрлі концепциялар бар. Олардың бірі саяси жүйені саясат негізінде жатқан идеялар жиынтығы десе, екінші біреулері оны өзара қарым-қатынас жүйесі деп есептейді. Саяси жүйе туралы ғылыми анықтамалардың бәрін құрылымдық, міндеттік және жүйелі бағыттарға бөлуге болады.

Жалпы алғанда қоғамның саяси жүйесі дегеніміз белгілі бір таптардың, әлеуметтік топтардың, ұлттардың, тіпті жеке адамдардың әрқайсысына және бәріне тән мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған билік жүргізуші құрылымдар жиынтығы. Оған-мемлекет, мемлекеттік мекемелер, саяси партиялар және басқа да түрлі қоғамдық ұйымдар кіреді.

Г. Алмондтың айтуынша саяси жүйе «кіріс» және «шығыс» қызметтері арқылы қоғамда көрініс табады.

Қазіргі саяси ғылымда саяси режим түсінігін елдегі саяси өмірдің сипатын, еркіндік деңгейіне, билік органдарына құқықтық негіздегі қарым-қатынасына байланысты анықтайды. Осы түсінік туралы анықтама беруде талас-тартыстар саяси талдаудың басқа категорияларымен салыстырғанда аз емес. Бірақ көпшілік зерттеушілер саяси режимді саяси жүйе құрылымының өзара әрекеттестіктегі реттілігімен, саяси билік пен мақсаттардың жүзеге асыруымен байланыстырады.

Саяси режимнің функционалды мазмұны маңызды сұрақтарға жауап береді, яғни қоғамның саяси жүйесінің қызметтерінде ерекше орын алатын. Одан мынадай сұрақтар:

  • билікте қандай саяси күштер болады және олар қандай механизммен билікті жүзеге асырады;

  • саяси билік қалай шынайы таратылады және оның жүзеге асуын кім бақылайды;

  • қоғамда тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына қандай жағдайда кепілдіктер беріледі;

  • қоғамда саяси оппозицияның өмір сүруіне жол беріле ме;

  • саяси билікке қол жеткізуді жүзеге асыруда қандай әдістер, тәсілдер және құралдар қажет т.б.

Саяси режимнің сапалық сипаттамаларын мынадан анықтауға болады: адам құқықтары мен бостандықтарының өлшемі, мемлекеттік биліктің жүзеге асу әдістері, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынас сипаты, саяси шешімдерді қабылдауда қоғамның ықпал жасау мүмкіндіктерінің барлығы немесе жоқтығы, саяси институттардың қалыптасу жолдары.

Нақты бір елдегі өмір сүріп отырған саяси режим түрі субъективті және объективті жағдайларға сондай-ақ басқа да көптеген факторларға байланысты. Сондықтан да саяси режимнің классификациясы өмірде көп кездеседі. Кең тараған саяси әдебиеттерде классификация-ол қоғамда демократиялық принциптердің бірқалыпты дамуы деп көрсетіледі. Төменгі классификация бойынша саяси режимнің түрі былай анықталады:

  • саяси-қоғамдық процестердің интенсивтілігі және даму деңгейі;

  • басқарушы элитаның құрылымы және оның қалыптасу механизмі;

  • қоғамдағы адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы;

  • бюрократиямен қатынас жағдайы;

  • қоғамда басқарушылық лигитимді түрде болу деңгейі;

  • қоғамдағы саяси санаға қозғау салатын қоғамдық-саяси дәстүрлерді әрқилылылығы

Осы айтылғандармен байланыстырып саяси режимнің негізгі үш түрін ажыратады: тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]