
- •1. Саясат қоғамдық құбылыс ретіндегі теориялық-әдістемелік негізін анықтаныз.
- •2 Саясаттанудың әдістері мен функцияларын сипаттап, қоғамда алатын рөлі мен мәнін анықтаныз
- •3. Саясаттанудағы негізгі парадигмаларына сипаттама беріңіз
- •4. Саясаттың құрылымы мен элементтерін анықтап өтіңіз
- •7.Демократия мен тоталитаризмнің арасындағы өзара байланыс пен ерекшелікті анықтап беріңіз
- •17 Мемлекеттік билік пен саяси билік арасындағы өзара байланысы мен ерекшеліктерін атаңыз
- •18 Саяси жүйе мен саяси режимнің өзара байланысы мен ерекшелігін анықтап кетіңіз
- •19 Саяси даму мен саяси прогрес арасындағы айырмашылықты анықтап өтіңіз
- •20 Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •21 Мемлекеттік құрылыс пен басқарудың түрлерін анықтап кетіңіз
- •22 Құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің негізгі құндылықтары мен принциптерін негіздеп өтіңіз
- •25 Саяси партияның саяси билік механизміндегі рөлін анықтаңыз
- •27 Саяси социализацияның негізгі анықтамасы мен кезеңдерін сипаттаңыз
- •28 Саяси идеологияның теориялық-әдістемелік негіздерін анықтап кетіңіз
- •29 Саяси мәдениет қоғамдық-тарихи негіздің құрамды бөлігі ретінде
- •31.Келешектегі Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыттарын сипаттап өтіңіз
- •32. Қазақстан Республикасындағы ұлттық саясаттың басты мәселелерін сипаттаңыз
- •33. Коммунистік және социалистік идеологияның өзара байланысы мен ерекшеліктерін бағалаңыз
- •34. Қазақстан Республикасындағы саяси-биліктік қатынастардың жай-күйі
- •37.Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекеттің алғы шарттарын көрсетіңіз.
- •40. Қазақстан 2050 стратегиясының негізгі басым бағыттарын талдаңыз.
- •41. Н. Макиавелли «Патша» еңбегінің негізгі идеясына талдау жүргізіңіз.
- •43.Қазақстанның қазіргі тарихындағы биліктік жүйесіне анықтама беріңіз
- •44.Сіздің мамандықтарыңызда саясаттау пәнін оқытыудағы тәрбиелік сипатын анықтаңыз.
- •45.Ғаламдық мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдардың рөлін анықтаңыз.
- •46 Ұлтаралық проблемалардың пайда болу себептері мен шешу жолдарын анықтаңыз.
- •48 Қазақстандықтардың саяси белсенділігіне септігін тигізетін факторларды атап өтіңіз.
- •51 Фашистік идеологияның «өміршеңдігіне» баға беріңіз.
- •52 Қазақстанға қажет идеологияны анықтап, оны негіздеп өтіңіз.
- •59 Лидер мен манипулятордың айырмашылықтарын анықтап, түсіндіріп кетіңіз
- •1. Саясат қоғамдық құбылыс ретіндегі теориялық-әдістемелік негізін анықтаныз.
17 Мемлекеттік билік пен саяси билік арасындағы өзара байланысы мен ерекшеліктерін атаңыз
Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді.
Саяси билік таптық, топтық және жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық ету,; саяси және басқа да қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты, ашық және жабық қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қорғау; дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т.б.
Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады.Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Легитимдік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны білдіреді) дегеніміз- халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.
Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін мынандай екі шарт қажет. Ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің басшысын белгілі бір мезгілге тура немесе жанама түрде халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс. Мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек. Немістің көрнекі ғалымы Маркс Вебер билік басына келудегі легитимдіктің үш үлгісін көрсетті:
1.Әдет-ғұрыптық легитимдік – халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенеді. Мысалы: хан, патша, сұлтан, т.с.с.
2. Харизматикалық легитимдік – ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгі – қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Мысалы: Мұхаммед пайғамбар, т.с.с.
3. Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі – қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтың ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.
Мемлекеттік құқықтың тәртіптің легитимдігінің ең биік дәрежесіне Конституция жатады. Мысалы: 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа конституциясы саяси билікке нақтылы легитимділік берді. Онда Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасы – призиденттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Республика президенті мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Ол - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары бостандықтарының рәмізі әрі кепілі. Парламент - заң шығару қызметін жүзеге асыратын республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Конституциялық Кеңес республиканың бүкіл аумағында Қазақстан Республикасының Конституциясы үстінен қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.