Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
POLIT_WWPORY.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
185.18 Кб
Скачать

7.Демократия мен тоталитаризмнің арасындағы өзара байланыс пен ерекшелікті анықтап беріңіз

Демократия деген сөз гректің демос халық, кратос билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі дегенді білдіреді. Биліктің демокр.тәртібі 2-ге бөлінеді: президенттік және парламенттік басқару. Президенттік билеу кезінде атқарушы орган парламентке бағынбайды.Ал биліктің парламенттік формасы бойынша ел басшысы парламентке бағынады.Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: мемлекттің тұрпаты мен жалпы саяси жүйесі; мүшелердің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; қоғамдық құрылымының мұраты және соған сәйкес көзқарастар.Теориялары: антикалық теориясы, класикалық теориясы, алуантүрлілік және төбе топ теориялары. Демократияның басты ерекшеліктері:

-Еркіндік принципі;

-Саяси бәсекелестік;

-Билік құрушы саяси элитаның қызметін бақылауды қамтамасыз ету мүмкіндігі.

-Мемелекеттік биліктің құрылымдық икемділігі

-Демократиялық режимнің саяси жаңалықтарды қабылдай білу қабілеті

-Саяси қатынастар субъектілерінің іс әрекеті мен қызметі үшін саяси кеңістік жасау

-Саяси және идеологиялық плюрализм

-Демократиялық қоғам ашық қоғам

Демократия консепциялары:

-Ұжымдық антикалық. Ж.Руссо теориясы социялистік демократия

-Антикалық демократия: көпшіліктің шексіз белгісі;

-Руссо теориясы: билік жалпы еріктің негізінде жеке адамдардың бірігуі нәтижесінде пайда болған халықтың қолында болады

Белгілі испан саясаттанушысы Хуан Линдс әлемдік демократиялық емес авторитарлы және тоталитарлы тәртіптің ар-ғы айырмашылығын ашты.Тоталитаризм концепциясының өзі 1950ж мәлім болды.Тоталитарлық тәртіп деп (лат.бүтіндей,тұтас) қоғам,адам өмірінің барлық салалары тұтасыменмемл-к бақылауға алынған мемл-к-саяси құрылымды айтады.Онда өндіріс,білім,эк-ка,БАҚ,мәдениет,адам өмірі барлығы бақылауда болады.Тоталитаризм – авторитаризммен органикалық байланыстағы және одан тек тоталдығымен, яғни акциялардың, әрекеттердің бәрін қамтып, жекелікті жоққа шығарушылығымен ерекшеленетін ерекше саяси режим. Саяси өмірде тоталдық идеясы ежелден белгілі. Адамдардың тіршілік әрекеттерін жаппай қадағалау мен оны толықтай реттеудің қажеттілігін ежелгі грек философы Платон ұсынып, талдаған болатын. Ол идеалды мемлекетте адамдардың барлық өмірі қатаң ережелерге бағынуы керек деп есептеді. Тек мемлекет қана жеке мүдделерді ортақ мүдделерге бағындырып, заңдарды қолдану арқылы қоғамда тәртіп орнатуға міндетті.

8. Саяси режимнің теориялық-концептуалдық негіздерін атап өтіңіз Саяси режим түсінігі саяси жүйенің де, қоғамның да, мемлекеттің, тұлғаның мәнді сипаттамасы. Саяси режим тұлғаның саяси шынайылықты және оның проблемаларын түсінуіне шешуші ықпалын тигізетін саяси еркін қалыптастыра отырып, белгілі бір деңгейде тұлғаның әлеуметтік-саяси белсенділігін шектейді. Сондықтан да саяси режим – абстрактілі категория емес, ол шынайы әлеуметтік – саяси мазмұнға ие. Ол сонымен бірге адамның ішкі дүниесін, оның құндылық бағдарларын қалыптастырады. Саяси режим саяси жүйенің құрылымдық элементтеріне, олардың саяси басымдылықтарына , биліктік әсер еткдің әдістерін, құралдарын таңдауына ықпал етеді. Саяси режимнің қызмет етуі қоғамның саяси мәдениетіне, адамдардың саяси тәжірибесіне, халықтың діліне айтарлықтай әсер етіп, тұлғаның қандай да бір саяси режимді қалауын қалыптастырады.

Негізгі типтері: авторитарлық режим, тоталитарлық режим, демократия.

Қазіргі саяси режимдерді демократиялық демократияға қарсы деп екі топқа бөлуге болады. Демократиялық тәртіпке халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген. Ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік саяси құрылысы жатады.мұндай тәртіпке азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік береді., әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін көздеуші саяси партиялар, ұйымдар, мекекемелер кедергісіз жұмыс істейді. Антидемократиялық тәртіп тоталитарлық және авторитарлық болып бөлінеді.

Авторитаризм – билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауымдастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік-саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент жойылмайды, дегенмен ол кеңесші органға айналады. Тоталитарлықпен салыстырғанда авторитарлық режимге бірыңғай идеология, көпшілік партия болмайды.

Тоталитаризм – авторитаризммен органикалық байланыстағы және одан тек тоталдығымен, яғни акциялардың, әрекеттердің бәрін қамтып, жекелікті жоққа шығарушылығымен ерекшеленетін ерекше саяси режим. Тоталитарлық режимге жалғыз көпшілік партия қалыптасады. Билікті сол жүргізеді. Ол партия оған кірген мүшелердің өз еркімен және демократиялық жолмен ұйымдаспайды. Демократиялық режим мемлекеттік биліктің халық алдында есеп беру мен сайлау негізінде қалыптасқан саяси құрылым болып табылады.

9. Саясаттану ғылымда саяси биліктің алатын орны мен рөлін сипаттап өтіңіз Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлық саясат әлемінің мәнін түсініп - білуге мүмкіндік береді. Себебі, саясаттың негізгі мәселесі — билік, ал мазмұны — билік үшін күрес және билікті жүргізу. Шығыстың көрнекті ой-шылы Ибн-Халдун (1332—1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі — ол билік үшін күреседі деген екен.Билік женінде ғалымдар арасында әр түрлі аныктамалар мен түжырымдамалар бар. Солардың негізгілеріне кысқаша тоқтала кетейік.

Телеологиялық аныктама билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, корытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді.Мысалы, ағылшын фәлсафашысы Т. Гоббс (1588—1679) билік болашакта игілікке жетудін кұралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды. Бихевиористік аныктама бойынша билік деп баска адамдардын жүріс-түрысын, өзін-өзі үстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.

Инструменталистік аныктама билікті белгілі бір күралдар- ды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американын белгілі саясатганушысы Р. Даль (1915 жылы туған) билік бір адам-ға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді. Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушынын. арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал баскдлары кенбіс, көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп, баскарып, жол көрсетіп түрғанын ұнатады, калайды дейді. Солардын. арасында, олардың ойынша, билік каты-настарытуады.

Конфликтік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің кұралы дептүсіндіреді.

Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы ықпал ретінде қарайды.

Биліктін басқа түрлерімен салыстарғанда саяси биліктін. мы-надай ерекшеліктері бар: оның өктемдік сипаты (ол басқа биліктерден жоғары түрады, оның шешімдерін қалғандары орын-дайды), оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі, басқару мен кәсіби айналысатын адамдардың ерекше тобының болуы, оның көпшілік адамдардыя мүддесін крзғауы, басқа мекемелерге қарағанда билік органдарыныңтәуелсіздігі, коғам емірінің жүмыс тәртібін белгілеуде жеке-дара күкығы, мемлекет шеңберінде ашык күш қолдана алуы және т.б.

Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай ез ісін аткаруы үшін, әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа беледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы ДжонЛокк (1632—1704) пен француз ғалымы Ш. Л. Монтескье (1689-1753) болды.

Заң шыгарушы билік (парламент) зан. шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салык салуды аныктайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және армияны қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісімшарттарды қабыл-дайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқын-дайды. Оның жұмысына конституция атынан ерекше органдар (конституциялык. кадағалау, конституциялык сот) бақылау жа-сайды.

Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Аткдрушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке тәуелді. Бірак іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне ай-налған және қоғамдык өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер кабылдайды (бірақ олар конституция шеңберінде бо-луы және заңға негізделуі керек). Ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады. Соттық билік адамдардың құқығын қорғайды, занды бүрма-лаушылыктан сактайды, парламент не президент қабылдаған заң-дардың, конституциялық жарғылардың сәйкестігін аныктайды. Оны халык немесе екілетті мекемелер калыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жүмысында тек занды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе кьізмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылык, айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бүздыру туралы шағым арыз беруге кұкығы жатады.

төртінші билік деп акпарат қүралдарын атайды. Бесінші деп сайлаушылар билігін айтады. Мұнда сайлаушы-лардын еркі, талап-тілектерімен катар кейбір елдерде сайлаушы-ларсотыдабар.

Алтыншыға бакылау билігін жатқызады. Қайсыбір елдерде қарамағында аппараты бар Бас бақылаушы да болады.

Жетінші саяси билік дейді. Мүнда билікті жүргізіп отырған баскарушы партия туралы сөз болып отыр.

10. Саяси билікті жүргізу механизмдерін анықтап, соған мысал келтіріңіз Билікті жүргізу механизмдерге әр түрлі институттар мен әдіс-тәсілдер жатады. Олар: эк-қ қор (қандай билік болмасын оған қаржы-қаражат керек.эк-қ қорға қоғ-қ өндіріс пен тұтынуға керек, басқа да матер-қ құндылықтар, құнарлы жерлер, мпайдалы қазба байлықтар және т.б. жатады); әлеуметтік-әдіс құралдары (үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, ның одан әрі өмір сүруіе мүдделі адамдар іздейді); күш жұмсауқұралдар(олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған жататындар: әскер, полиция, қауіпсіздік сақтау органдары, сот, прокуратура, т.б.); ақпарат құралдары(қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету). Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алды. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институтар мен барлық саясат әлемінің мәнін түсініп білуге мүмкіндік береді. Себебі саясаттң егізгі мәселесі билік, ал мазмұны билік үшін күрес және билікті жүргізу. Билік жөнінде әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар. Олар: елеологиялық, бихевиористік, инструменталистік, структуралистік, конфликтілік, т.б. Билік деп біреулердің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс әрекеті, қызмеетіне ықпал етуін айтады. Б. аздамзат қоғамымен бірге пйда болды. Және оның даму барысында бола бермек. Ол ең алдымен қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін керек. Онсыз барлық қатысушы адамдарды біртұтас ерікке бағындыру қиын. Б. адамдар арасындағы қарым қатынастарды, адамдар, қоғам және мемлекеттік саяси институттар арасындағы қатынастардыреттеуге міндетті. Ол қоғамның тұтастығы мен бірлігін қолдау үшін керек. Биліктің басқа түрлерімен салыстырғанда саяси биліктің мынадай ерекшеліктері бар: оның өктемдік сипаты, биліктерден жоғары тұрады, оның шешімдерін қалғандары, оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізу,, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың ерекше тобының болуы, оның көпшілік адамдардың мүддесін қозғауы, басқамекемелерге қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам өмірінің жұмыс тәртібін белгілеуде жеке дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы және т.б.

11. Әлеуметтік топтар саясаттың субъекттері мен объектілері ретіндегі орны Жалпы, Әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтарды мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына орай ел халқының жіктелуін бейнелейді. Әлеуметтік топ – бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым. Қазіргі қоғамдық ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшеліктік, қоныстық, тұтынкшылық, діни, біліми және басқа да топтар қарастырылады. Әлеуметтік топтар теориясында топтардың үлкен, орта және кіші болып бөлінуі методологиялық мәнге ие.

1) Үлкен  әлеуметтік топтарға ел халқын  қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни  олар: сословиелер, таптар, әлеуметтік  жіктер, жыныстық, жас ерекшеліктік, этникалық, діни және т.б. топтар. Үлкен топтар елеулі саяси  ықпалға ие болғандықтан әр  түрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін.2) Орташа топтар өндірістік, территориялық бірлестіктер арқылы жасалынады, олардың арасында әр түрлі мүдделер мен саяси бәсекелестіктің болуы мүмкін. Кіші топтарға ең бірінші мүдделерінің ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақта немесе уақытша ассоцияциялар жатады. Отбасы, кіші өндірістік бірлестіктер, қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары кіші топтардың түрлері. 3) Кіші топтар үшін адамдардың байланыстары тән, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды тұлға аралық, моральдық-психологиялық байланыс формалары реттейді. Аталмыш барлық топтық бірлестіктер қандай дәрежеде болмасын қоғамның саяси өміріне қатысып, саясаттың субьектісі бола алады. Осы топтардың ішінде үлкен топтың қызметі ерекше. Субъект (лат. Сөзінен «жату») деп белсенді әс-әрекет жасаушы, санасы бар жеке адам н-е әлеу-к топты айтады. Объект(лат. Сөзінен «қою») деп субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеттері неге бағытталса, соны айтады. Жалпы объект зерттелген затты, мыс: саясаттанудың объектісіне саясат, саясат әлемі жатады.

12.Антикалық дәуір мен ортағасырдағы саяси ойлардың байланысы мен ерекшелігіне сипаттама беріңіз. Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктің ошағы б/ып, құлпырып гүлдену Ежелгі Шығыс-Мысыр, Вавилон, Үндістан, Қытай, Парсы елдеріне келеді. Шығыс елдерінде жоғарғы билік шектелместен монархтың қолында б/ды. «жерге мемлекет иелік етеді, ал мемлекет бүкіл халықтың игілігі үшін қызмет етеді»д/н көзқарас қалыптасты. Батыс елд/ң ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды. Шығ елд/н қарама-қарсы көз қараста б/ды. Патшалы өкіметтің орнына аристократиялық ж/е құл иеленушілік демократия орны алды. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар құрды. Билеу түрі сан алуан болды және жиі ауысып отырды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың санасы мифтан теорияға ауысты. Атап айтқанда Платон, Аристотель, Цицерон атты мемлекет қайраткерлері ж/е ойшылдары. Платон мемлекеттік құрылымды 5түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Ең жақсысы аристократия болып есептелді. Аристотель ойынша мемлекет қауымның дамыған түрі, ал қауым отбасының дамыған түрі. Ол саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Цицерон мемлекеттің құрылым түрі оны басқарушының «мінезі мен еркіне» байланысты болады деп түсіндіреді.

Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды. Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйек феодалдардың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды. Негізгі өкілдері: Августин, Ф. Аквинский. Августин ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндік бар. Фоманың ойынша, билік құдайдың құдыретімен орнайды, патшалық билік діни билікке бағынуы тиіс. Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Алғашқы исламның үйретуінше діни билік те, ақсүйектік билік те пайғамбардың қолында болуы керек.

13.Ортағасырдағы саяси ойлардың ерекшеліктерін көрсетіңіз Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай. Оның ішінде ең шоқтығы биігі ислам фәлсафасының негізін салушылардың бірі – біздің қандас бабамыз ұлы ойшыл Әл-Фараби.

Қазақтың бірінші фәлсафашысы, әлеуметтанушысы, математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мухаммед Ибн Такхан әл-Фараби 870-950 жылдары өмір кешті.

Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазып, артына мол мұра қалдырды.Саясаттануға байланысты «Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолдары», «Саясат туралы» деген еңбектері бар. Ұлы ойшыл «Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» деген саяси трактатында мемлекетті адамдардың өз қажетін бірлесіп қоғамдық жолмен жақсылап қанағаттандыру үшін жасаған ұйымы деп білді. Оның пайда болуына тіршілік үшін күрес айтарлықтай ықпал етті. Сондықтан адамдарды бір-біріне көмектестіріп, барлық жұрттың жақсы тұрмысына қам жеп, қамқорлық жасаған мемлекет қана өз міндетін атқара алады. Әл-Фарабидің ойынша қоғамдағы барлық қиыншылықтарды жеңетін, бақытқа жеткізетін – ақыл-парасат, адамның ақыл-ойы. Сондықтан адам аянбай, тынбай ғылымды, білімді игеруі керек.

Әл-Фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз деп екіге бөледі.Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруды теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды. Ұлы дана халықтар достығын насихаттады. «Бақытқа жету жолын.да барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады» деген сөздері тап бүгінгі күнге сәйкес келіп тұрғандай ғой. Бабаыздың «Ғылымды топтастыру және анықтау туралы кітап» деген еңбегін дүние жүзі ғалымдары жоғары бағалаған. ХІ-ХІІ ғасырларда ол көне грек, латын және т.б. тілдерге аударылып әлемге аян болды. Әл-Фарабидің бай мұрасы Шығыс халықтарының саяси санасын жетілдіріп, сан ғасырлар бойы ғылымның әр түрлі салаларын дамытуға игі әсерін тигізді. XI ғасырда өмір сүрген Фарабидің ізін қуушы атақты ибн-Сина (980—1037) болды. Ол да өз ұстазы секілді қоғамның барлы салаларына дерлік өз ұлесін қосқан ғалымдардың бірі. Саясаттануға да бей-жай қараған жоқ. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456 жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономия, саясаттанумен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді. Ибн Халдун (1332-1406 жылдары) - Шығыстың көрнекті ойшылы, Ибн-Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі - ол билік үшін күреседі деген. XІV-XV ғасырлар белесінде өмір сүрген математиктердің арасынан бірінші болып қоғам дамуын талдады. Ол әртүрлі қоғамдардың құрылымындағы айырмашылықтардың себептерін айқындады. Себептердің бірінші түрі - бұл психологиялық құбылыс, ол сезімтал, отбасындағы және тайпадағы жеке мүшелері мен топтарын байланыстыратын себептердің сипатын анықтайды.

Екінші түрі - экономикалық құбылыс, табиғи және географиялық жағдайлармен, еңбек, қолөнер және өнер бөлінісімен байланысты болады. Себептердің үшінші түрі - саяси құбылыстар, яғни билікке иелер мен билікке бағынатындар арасындағы қарым-қатынастар, меншік құру, өкіметтің, мемлекеттің пайда болуы. Ибн Халдун қоғамның экономикалық дамуының нұсқалары туралы біркатар пікірлер айтқан. Ол адам өңдіруші және меншік иесі болған кезде ғана қоғамдық тіршілік иесі болады деп түсінді.

Ибн Халдун қоғам мен мемлекетті ажыратып қарады, олардың арақатынастары мен дамуының заңдылықтарын айқыңдауға тырысты. Оның тұжырымдамасына сәйкес ададар қоғамды тіршілікке кажетті құралдарды бірлесіп өндіру үшін құрған, өйткені бір адамның қабілеті оның тамақтануға деген қажеттілігін қанағаттандыруға жеткіліксіз.

Саяси ой тарихындағы ортағасыр-ғы феодадық қоғам-ң орны ерекше. Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодал-қ қоғам көзқарасының біртұтас христиан мәден-ң негізі болды. Орта ғасырда бат.Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеу-ң, папалық және ақсуйек феод-ң арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян-кескі болып тұрды. Бұл кездегі саяси-құқ/қ ойдың қалыптасуы мен дамуына орта ғасыр философ-ң практикасы және схоластика деп аталған ілім-і де едәуір ықпал етті. Схоластика ақыл-ойға діни сенім-ң үстемдігін жүргізудің заңдыл-ғын дәлелдеуге тырысты. Схоластика-ң басты мәсе-сі құдай-ң ақиқат екендігі мен жанның мәңгіліктігін дәлелдеуге ұмтылды. Дінге көзқарастарын қалыптастыруға көп еңбек сіңірген тұлға-р: А.Августин, Ф.Аквинский, Н. Макиавеллиді жатқызуға болады. Августиннің ойынша, құдай адамға ерік-ң еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Фома-ң ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғарғы діни билікке бағынуы керек, оның тусіндіруінше, аспанда құдай, жерде рим папасы билеуі керек. Осыған ұқсас көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басылар-ң қолында болуын көздеді. Құранның талабы б/ша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс. Әйгілі араб ойшылы Ибн

14.Биліктің тиімділігі мен легитимділігін анықтап, сипаттама беріңіз.   Билік саяси билік ж/е мемл билік боп екіге бөлінеді. С.б.таптың, топтың ж/е адам-ң саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал м.б.барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күшейту аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Мемл-к билік-ң заңдылығы оның легитимділігінен байқауға б/ды. Легитимдік( лат сөзінен заңдылық, шындық деген мағынаны білдіреді)д/з – халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдердің растауы. Демократия-қ жағдайда мемл билік легитимді болуы үшін екі шарт керек. Олар: 1)ол халықтың қалауы б/ша қалыптасуы ж/е көпшіліктің еркіне қарай орындалуы. 2)мемл-к билік конституциялық заңдарына сәйкес жүзеге асырылуы керек. М. Вебер легитимдік-ң 3 түрін бөліп көрсетеді: әдет-ғұрыптық, харизматикалық, құқ-ң легитимділігі. Биліктік іс-әрекеттің өзінің мойындалуын сипаттайтын маңызды тұстарының бірі легитимділік туралы мәселе. "Легитимділік" термині (лат. legitimus — заңды) өмір сүріп отырған билікті өзінің бағыныштыларының, сонымен қатар биліктің басқа субъектілерінің занды деп тануын анықтайды. "Легитимділік" терминін тарихи тұрғыда 1830 ж. Франциядағы шілде революциясы кезеңінде пайда болған легитимистер партиясының іс-әрекеттерімен байланыстырады. Олар 1789-1794 жж. революциялар нәтижесінде биліктен аластатылған Франциядағы Бурбондар династиясының идеяларын заңды және қажетті деп танып, оны заңды билік ретінде қайта жаңғыртуды ұсынған еді. Аталмыш ұғым саяси дағдарыстар, биліктік құрылымдардағы түпкілікті өзгерістер, биліктің ауысу жағдайларында және осы жағдайлардағы билік өкілеттіктерін кеңейту қажеттілігі пайда болғанда, олардың зандылық дәрежесі күмән тудырғанда ерекше өткір саяси мәселеге айналады. Яғни билікті тартып алу, оны заңсыз жаулап алу және басып алушының өз еркін тану тенденциясы пайда болады. Кандай билік болмасын өзінің заңды екендігін қорғайды. "Билік легитимділігі" ұғымын француз революциясы мен оның салдары ерекше өзекті мәселе ретінде қалыптастырғанымен, бұл ұғым қарапайым формада саяси ойлардың бастапқы кезеңдерінде-ақ пайда болған. Адамзат биліктік катынастардың, билік құру мен бағынудың пайда болу кезеңінен бастап неге біреулері билік құрып, үстемдік етеді, ал басқалары — оларға бағынып, қол астында болуы тиіс және билік, оның акциялары бағынушылар үшін қаншалықты қажетті деген сауалдарға жауап іздеумен келеді. Легитимділік туралы мәселе билік үшін бәсекелестік күресте өте күшті қару болды. Өйткені, биліктің ауысуы, биліктік кұрылымдардағы түпкілікті өзгерістер өздерімен бірге белгілі бір аласапыран мен тәртіпсіздікгі ала келді, осының салдары — ұзақка созылған қанды соғыстарға апарып соқтырғандықтан, қоғамның саяси элитасы биліктің алмастырылуын, билік құрушы субъектілерді заңдастырудың әр түрлі әдістерін, осы процестердің астарында белгілі бір қағидалық негіздердің бар екенін келтіре отырып жасақтады. Бұл монархиялық режим жағдайында — биліктің мұраға қалатындығы туралы, республикаларда — биліктің сайлануы туралы заң. Биліктік ыкпал ету кеңістігі бір мезгілде ассоциацияның соңғы ажырамас құрылымдық элементі, оның атомы индивид, бағынушы болып табылатын құрылымданған және ассоциативті кеңістік болып табылады. Демократиялық қоғамда — бұл азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие жеке тұлға. Сондықтан да демократиялық қоғамда билік легитимациясы оның құқығын қорғайтын заң шеңберінде жүруі қажет. Билік легитимациясы — азаматтарға тікелей ықпал ету актісі емес, ол — осы билікті мойындайтын қоғамдық келісім деңгейінде заңды әлеуметтік-саяси ортаны қалыптастыру процесі. Легитимацияның актілері биліктің, оның шешімдері мен іс-әрекетінің маңыздылығы туралы қоғамдық пікірді қалыптастыратын идеологиялық, саяси, құқықгық іс-әрекет болып табылады. Билік легитимділігін тану — бұқаралық сананың феномені, сондықган билікті заңдастыру үшін пайдаланылатын бірқатар идеологиялық қағидалар бар:

Биліктің киелілігі. Биліктің, билік құрушы субъектінің қасиетті, киелі екендігі мен оларды мифологияландыру. Билік құрушыларға харизматикалық қасиеттерді таңу.

15.Әлеуметтік мәртебе тұлғаны іріктеу факторы ретінде маңыздылығын көрсетіңіз.  Жалпы мәртебе, яғни, элита деп қазына-байлықты, қаржы-қаражатты бөлуге б/ты ж/е т.б.саяси маңызды шешім-р қабылдауға қатысты жоғарғы мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады. Саяси элитаны тудыратын факторлар: 1) қоғамға арнайы тәжірибиесі, қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек; 2) адам-ң психолог-қ ж/е әлеум-к теңсіздіктер; 3) қоғ-да басқарушы еңбек жоғары бағаланады, ынталандырады; 4) бұқара халық-ң саяси енжарлығы, селқостығы(күнделікті өмірде әркім саясаттан шалғай өз жұмысымен айналысады). Қоғамдағы әлеуум-к топ-а: үлкен(сословиелер, тап-р,т.б, олар саяси ықпалға ие); орта(өнірістік, територр-қ бірлестік-р); кіші(отбасы, кіші өндірістік бірлестік-р) боп бөлінеді. Осындай бірнеше әлеум-к белгілермен бірлескен адам-р жиынтығын әлеум-к топ дейді. Адам-дың қоғ-қ жағдайындағы ортақ өмір ерекшеліктері, әлеум-к бір топқа енуі олар-ң әлеум-к мүшелерін бірлестіреді. Олар адам-р мен әлеум-к топтар-ң өз өмірлік жағдайын нығайтуда көрініс табады. Оған әр түрлі деңгейдегі табысқа, билікке, кәсіпке, білімге мәртебеге, т.б.ие болу мумукіншіліктері жатады. Әлеум-к топ-р тұлғаны іріктеу факторы ретінде қоғамда маңызды рөль атқарады. Себебі қоғамда әр түрлі топ-р өмір сүреді. Еліміз-ң президенті 2030жылға Қаз-н халқы-на арналған жолдауында орташа тапты ерекше атап көрсеткен. Қазіргі кезде орташа тап өмір сүруі үшін тұлғаға жеткілікті білімі, қаражаты болуыK\k 16 Саясаттану ғылымындағы әлемдік саясатқа анықтама беріп, оның атқаратын негізгі қызметі мен мақсатын сипаттаңыз

Қандай да болмасын елде жұретін саяси ұрдістер әлемдік саясатпен тығыз байланысты болады, себебі ешбір ел әлемде жалғыз емес. Әрбір мемлекет өзінің ішкі саясатымен бірге өздеріне тән сыртқы саясатын жүргүзуге тырысады және оның ерекше бағыттарын қалыптастырады. Сонымен бірге бұл ұғымдар қазіргі таңда өте жие қолданалады және саяси ғылымның өзекті тақырыптары болып есептеледі. Бұл тақырыпта кездесетін, мағына жағынан жақын үш ұғым бар. Олар – сыртқы саясат, халықаралық әлемдік саясат, халықаралық қатынастар. Жалпы, бұл ұғымдар саясаттануда жете зерттелмеген. Бірақ олардың арасында айтарлықтай айырма бар. Әлемдік саясат халықаралық қатнастардың өзегін құрайды. Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не таптық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б., арасындағы саяси қатынастар кіреді. Оны тағы әлемдік саясат деп атайды. Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастардың жиынтығын айтады Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықараылқ қатынастарға қатысушылардың, оларды іске асырушылардың (субъектілердің көбеюіне байланысты). Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдарымен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар әлеуметтік топтар мен жеке адамдар және т.б. мемлекеттік емес ұйымдар қатысуы мүмкін. Екіншіден, халықаралық қатынастарда сыртқы және халықаралық саясаттардың негізгі, түпкі бастамасы, принциптері қаланады. Бұл саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады.Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргүзуде Қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр деуге болады. Бірақ халықаралық қатнастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі ол белгілі бір ғана әлеуметтік топтың, немесе саяси ұйымның емес. Жалпы қоғамның мүддесін қорғайды. Сондықтан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім – шарттар жасау; соғыс ашу не ашпау және т. б. заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі.

Мемелекетттердің сыртқы саясаттарының және олардың халықаралық қатынастарының денгейлері, бағыт-бағдарлары және жағдайлары көптеген себептерге байланысты. Мысалы, мемлекеттер күшінің арақатнасы мен арасалмағы; әскери қуаты; күш тендігі (қазір ол сыртқы саясаттың құралығана емес, мақсатына айналды); сонымен бірге ішкі саясаттың даму денгейі жәнге ұлттық мүдде мен ұлттық қауіпсіздік. Осыдан біз бұл мәселенің шеңберін қарастыруымыз қажет. Саяси ғылымда бұл туралы әр түрлі пікірлер бар. Мысалы, марксизмде мемлекеттің ішкі саясаты оның сыртқы саясатын анықтайды деген. Бірақ қазіргі ғылымда олай демейді. Себебі, сонғы кезеде сыртқы саясат елдің ішкі саясатына көбірек әсерін тигізіп жүр.

Америка ғалымы П.Гуревич қоғам ішіндегі қатнастарға сырттан ықпалын тигізетін үш себеті атап көрсетті: 1) басқа бір елдің ішкі өміріне бір немесе бірнеше мемлекеттің агрессиялық түрде қол сұғұну; 2) екінші елдің ішкі саясатына бейбіт түрде араласуын; 3) халықарарлық экономика және халқаралық жүйесі. Әрине керісінше де болады ішкі саясат сыртқы саясатқа әсерін көп тигізалады.

Ал ұлттық мүдде деген ұғымға келсек. Мұнда Аристотельден алған сипатты келтіруге болады. Ол адмды әрекет еткізетін мүдде деген. Ал неміс ойшылы Гегель халықтар өмірінің қозғаушы күші мүдде деген. Ұлттық мүдде деп өз халқының мемелекетінің мақсат мүддесін сезініп біліп; оны іске асыруға тырысушлықты айтады. Оған ұлты еркін және тәуелсіз мемлекет ретінде ұстау, сыртқы кауп қатерден сақтау, әлемдік саясатта өз ықпалын кенейту т.б. жатады.

Қазіргі мемлекеттер көп ұлтты болып келеді, сондықтан бұл мәселе өзекті. Ал ұлттық қауіпсіздік деген ұғымның мағынасы жер көлемінің тұтастығын қамтамасыз етіп, мемлекеттің егемендігін басқа елдердің жаулап алу қаупінен қорғаумен ғана шектелмейді. Ол үшін әскери және басқа да қаупты жою қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]