- •1. Саясат қоғамдық құбылыс ретіндегі теориялық-әдістемелік негізін анықтаныз.
- •2 Саясаттанудың әдістері мен функцияларын сипаттап, қоғамда алатын рөлі мен мәнін анықтаныз
- •3. Саясаттанудағы негізгі парадигмаларына сипаттама беріңіз
- •4. Саясаттың құрылымы мен элементтерін анықтап өтіңіз
- •7.Демократия мен тоталитаризмнің арасындағы өзара байланыс пен ерекшелікті анықтап беріңіз
- •17 Мемлекеттік билік пен саяси билік арасындағы өзара байланысы мен ерекшеліктерін атаңыз
- •18 Саяси жүйе мен саяси режимнің өзара байланысы мен ерекшелігін анықтап кетіңіз
- •19 Саяси даму мен саяси прогрес арасындағы айырмашылықты анықтап өтіңіз
- •20 Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •21 Мемлекеттік құрылыс пен басқарудың түрлерін анықтап кетіңіз
- •22 Құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің негізгі құндылықтары мен принциптерін негіздеп өтіңіз
- •25 Саяси партияның саяси билік механизміндегі рөлін анықтаңыз
- •27 Саяси социализацияның негізгі анықтамасы мен кезеңдерін сипаттаңыз
- •28 Саяси идеологияның теориялық-әдістемелік негіздерін анықтап кетіңіз
- •29 Саяси мәдениет қоғамдық-тарихи негіздің құрамды бөлігі ретінде
- •31.Келешектегі Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыттарын сипаттап өтіңіз
- •32. Қазақстан Республикасындағы ұлттық саясаттың басты мәселелерін сипаттаңыз
- •33. Коммунистік және социалистік идеологияның өзара байланысы мен ерекшеліктерін бағалаңыз
- •34. Қазақстан Республикасындағы саяси-биліктік қатынастардың жай-күйі
- •37.Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекеттің алғы шарттарын көрсетіңіз.
- •40. Қазақстан 2050 стратегиясының негізгі басым бағыттарын талдаңыз.
- •41. Н. Макиавелли «Патша» еңбегінің негізгі идеясына талдау жүргізіңіз.
- •43.Қазақстанның қазіргі тарихындағы биліктік жүйесіне анықтама беріңіз
- •44.Сіздің мамандықтарыңызда саясаттау пәнін оқытыудағы тәрбиелік сипатын анықтаңыз.
- •45.Ғаламдық мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдардың рөлін анықтаңыз.
- •46 Ұлтаралық проблемалардың пайда болу себептері мен шешу жолдарын анықтаңыз.
- •48 Қазақстандықтардың саяси белсенділігіне септігін тигізетін факторларды атап өтіңіз.
- •51 Фашистік идеологияның «өміршеңдігіне» баға беріңіз.
- •52 Қазақстанға қажет идеологияны анықтап, оны негіздеп өтіңіз.
- •59 Лидер мен манипулятордың айырмашылықтарын анықтап, түсіндіріп кетіңіз
- •1. Саясат қоғамдық құбылыс ретіндегі теориялық-әдістемелік негізін анықтаныз.
51 Фашистік идеологияның «өміршеңдігіне» баға беріңіз.
Фашизм - [ лат. fascismo, fascio - диктаторлық шыбық будасы, билік белгісі ] - 1919 жылы Италияда пайда болған саяси ағым, I дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік қозғалыстың тармақталып, басқа елдерге, оның ішінде Германияға лезде таралып, национал-социализм аталуы.Фашизмге тән белгілер[өңдеу] билікті сакрализациялау, мемлекеттің, оның диктаторлық функцияларының қызметінің күшеюі,
• демократиялық еркіндіктермен күрес,
• адам құқының кұрт шектелуі,
• шовинизм,
• расизм,
• экстремистік ұлтшылдық,
• элитаризм, әскери агрессияға талпыну.
Италияда фашистік партия Б. Муссолинидің басшылығымен билікке 1922 жылда келді, Германияда ҮСЖП (ұлтшыл-социалистік жүмысшы партиясы) 1933 жылы сайлауда жеңіп шықты. Елде қанды қырғынмен лаңкестік диктатура орнатқан А.Гитлер Рейхсканцлер болды. Фашизмнің германдық түрі шектен шыққан ұлтшылдығы мен расизмге орай, нацизм деп аталады. Кейінірек фашистік немесе квазифашистік тәртіптер әлемнің басқа да елдерінде пайда болды.
Германияда агрессивті фашизмнің салтанат құруы (нацизмнің), сондай-ақ Ресейдегі (КСРО) агрессивті "социалистік" ("коммунистік") тәртіптің орнығуы Еуропаны және бүкіл әлемді соғысқа жетеледі. Соғыс 1939 жылы күзде басталды, 1945 жылы күзінде антифашистік коалиции күштерінің жеңісімен аяқталды. Фашизм мемлекеттік және әскери күш ретінде талқандалды. Герман фашизмінің (нацизмінің) аса қасіретті қылмысының бірі 6 млн. еуропалық еврейлерді қырғынға ұшыратуы болды (холокост).
Фашистік идеология өміршең болып шықты, оның жаңғырығы бүгінгі XXI ғасырда да әлемнің әртүрлі елдері мен аймақтарында қылаң беруде. Бірқатар елдерде заңдастырылған немесе жартылай занды азшылық, бірақ едәуір елеулі ұлтшылдық, фашистік немесе квазифашистік тұрғыдағы жастар бірлестіктері байқалуда. Бүл қозғалыстардың бір идеологтары "уақыт сынынан әткен" ұлтшылдық, этникалық артықшылық, ксенофобия идеяларына сүйенсе, енді біреулері этникалық геосаясаттың күні әткен идеяларымен қаруланған, үшіншілері күн әткен сайын үдеп келе жатқан жаһандануға қар- сылар қатарын толықтыруға дайын
52 Қазақстанға қажет идеологияны анықтап, оны негіздеп өтіңіз.
Ұлттық идеология — күш пен қаталдыққа табынудан — пікір алысу мен келісімге табынуға дейінгі бағыт. Мұндай идеология Қазақстанныңұлттық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін азаматтық және мәдени бірегейлігін нығайтуға жәрдемдесетін болады, елдің үдей түскен жаһандану жағдайында төтеп беріп қана қоймай, өзінің ұлттық келбетін сақтауға көмектеседі, сонымен бірге оның түрленуінің, оның «басқа жаһандану»белгісімен ойдағыдай жүзеге асырылуының алғышартына айнала алады. Қазақстанның әлемге паш етуге лайық қазынасы бар. Ол — бірлік. Әлемге тәуелсіз және егеменді ел болып қалыптасқан Қазақстанның көптеген этностары мен конфессияларының өзара түсіністігі мен өзара келісімі тәжірибесі ерекше маңызга ие бола бермек. Күшті күшпен ғана тоқтатуға болады деп ежелден есептеліп келді, әйтсе де данышпандар бұған керісінше пайымдады: «Өшпенділікті өшпенділікпен тоқтатуға болмайды — тек сүйіспеншілікпен ғана тоқта- туға болады». Қазақстан әлемге қарапайым, бірақ ұлы акиқатты дәлелдеді: татулықта және бейбітшілікте, жанжалсыз өмір сүруге әбден болады, қара- ма-қайшылықты пікір алысу үрдісінде шеше аламыз, мәдени және кон- фессиялық алуан түрлілікті сақтай отырып, бірлікке толық қол жеткізуге болады, күшке шынында да күшті — ұлттық Рух күшін қарсы қою керек. Сөйтіп қазақ ұлттық идеясы ғылыми айналымға жаһандану жағдай- ында Қазақстанның орнықты дамуынын күрделі проблемаларын зерделеу үшін аса маңызды біріктіргіш принцип ретінде енгізілген қазақстандық ұлттық идея болып табылады. Әнгіме қазір этносаралық қарама-қайшы- лықтарды шешу формасы қазақ ұлтының және басқа ұлттық диаспоралар- дың мүдделерін бірыңғай топтасқан қазақстан халқы болып қалыптасқан біртұтас мемлекет шеңберінде шебер ұштастыру негізінде этносаралық ықпалдасу тәсілі ретіндегі қазақстан идеясы туралы болып отыр.Жоғарыда аталған бүгінгі ұмтылыстар, өмірлік басымдыктар және қазақстандықтардың өркениеттік мұраттары Қазақстанның ұлттық идея- сының мазмұның, ең болмағанда, таяудағы он жылға арналған мазмұның көрсете алады. Сөйтіп ұлттық идеяның мәні мынадай тұжырымда тезистік түрде айтылуы мүмкін: «Бастау-көзді ұмытпай, біз бірге әрбір қазақ- стандықтың игілігі үшін гүлденген және демократиялық күшті Қазақстан орнатамыз». Ұсынылып отырған ұлттық идея тұжырымы барлық көп этностық қоғамды топтастыра және азаматтық бірегейлік векторын күшейте оты- рып, мемлекетті нығайтудың, жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыру- дың аса манызды әлеуметтік-экономикалық және саяси проблемаларын шеше отырып, Қазақстанның барған сайын күшейе түсіп отырған жаһан- данушы әлемдегі орнын нығайтуға жәрдемдеседі. Ұсынылып отырған формадағы ұлттық идея қазіргі заманғы жаһанданудын бой көрсетуі ал- дында бүкіл елді жұмылдырудың нақты практикалық тетігі бола алады. Міне, терен сипатты пікір алысу қазақ ұлттык идеясынын қазақстан- дық идея, барлық этностарды біртұтас халыққа біріктіретін, жаһандану үдерісінде өзінің мәдени және ұлттық бірегейлігін сақтап қана қоймай, сонымен бірге оның өмір сүруін қажетгі құрылымдаушы факторына айна- ла алатын қазақстандық идея мәртебесін ала алатын тәсіл болып табыла- ды. Тек ұлттық идея ғана әлемдік қоғамдастыққа ұлттық мақтаныш сезімімен, өзінің мәні мен салмағын таныған санамен кіруге қабілетті нақты күш бола алады. Идеология сондай-ақ мемлекеттін таяудағы жылдарға арналған сая- сатын айқындаушы ұлттық бірқатар мүдделерді де қамтиды. Бұл, ең алды- мен, қазақ ұлтының өзінің экономикалық өcyi және мәдени өрлеуі; ауыл- дың, ауылдық елді мекендердің қайта түлеуі. Ұлттық мүдделер қазақтар мен басқа да этностар
53 ҚР Конституциясына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды сипаттап, соны талдаңыз. Конституциялық кеңес мүшелері Парламент қабылдаған «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның Ата заңымызға сәйкестігін тексеру жөніндегі Президент ұсынысын БАҚ өкілдерінің көз алдында қарады. Парламенттің қос палатасы, Әділет министрлігі, Жоғарғы сот, Орталық сайлау комиссиясы, Бас прокуратура, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен заңгер-сарапшылар қатысқан бұл отырыста сөз алғандардың басым бөлігі «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң Ата Заңымызға толығымен сай келетінін мәлімдеді. Бірақ, соған қарамастан, Конституциялық кеңес соңғы сөзін айтуды кейінге қалдырды. Неге? Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі құрамында Кеңес Төрағасы Ю.А.Ким және Кеңес мүшелері Ж.Д.Бұсырманов, О.Қ.Ықсанов, В.В.Мамонов, С.Ғ.Темірболатов, В.Д.Шопин қатысқан ашық отырысында Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы негізінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы М.Т.Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 1) тармақшасына және 91-бабының 1-тармағына ресми түсінік беру туралы өтінімін қарады. Өтінім бойынша материалдарды зерделей келіп, баяндамашы Кеңес мүшесі В.В.Мамоновтың хабарламасын тыңдап Қазақстан Республикасы Конституциясының Кеңесі мынаны анықтады: Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне 1998 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы М.Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясының өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормалары бөлігіне қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 1) тармақшасына және 91-бабының 1-тармағына ресми түсінік беру туралы өтінімі келіп түсті. Өтінімде 1998 жылғы 7 қазанда қабылданған "Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігі туралы мәселе қойылған.Конституция 53-бабы 1) тармақшасында Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығарушы орган ретінде басты функциясын орындауына байланысты оның аса маңызды өкілеттерінің бірі белгіленген. Көрсетілген норма мен Парламент Палаталардың бірлескен отырысында "Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді" деп белгіленген. Конституцияның келтірілген нормасының мағынасы Парламент Негізгі Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқықты екенін білдіреді. Конституцияның 3-бабына сәйкес Парламент заң шығарушы орган ретінде өзінің конституциялық өкілеттіктерді шегінде өз фракцияларын жүзеге асыруға міндетті. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты Парламент құзыреті Конституция 91-бабының 2-тармағымен шектеліп, онда "Конституцияда белгіленген мемлекеттің біртұтастығын және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайды" деп белгіленген. Демек, Қазақстан Республикасы Парламенті, Конституция 91-бабының 2-тармағында көрсетілген мәселелерді қоспаған ретте, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқықты. Конституция 91-бабының 1-тармағы қолданылып жүрген Конституцияға өзгеріс енгізу тәртібін регламенттейді, Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы мәселе қоюға құқық беретін конституциялық бастама субъектілерінің аясын анықтайды. Конституция 91-бабының 1-тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасының Конституциясына Республика Президентінің өз бастамасымен, Парламенттің немесе Үкіметтің ұсынысымен қабылданған шешімі бойынша өткізілетін республикалық референдум өзгертулер мен толықтырулар енгізуі мүмкін. Егер Президент оны Парламенттің қарауына беру қажет деп ұйғарса, Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар жобасы республикалық референдумға шығарылмайды. Мұндай жағдайда Парламенттің шешімі Конституцияда белгіленген тәртіппен қабылданады" Келтірілген норманың мағынасы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені қою құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Үкіметіне берілгенін білдіреді. Оны заң жобасын республикалық референдумға не Парламенттің қарауына шығару арқылы Республика Президенті жүзеге асыра алады. Егер Президент оны Парламенттің қарауына беру қажет деп ұйғарса, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы республикалық референдумға шығарылмайды. Мұндай жағдайда Парламент шешімі Конституцияның 53-57, 62 және 91-баптарында белгіленген талаптарды сақтай отырып қабылданады. Президент Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жобаны республикалық референдумға шығару туралы Парламент ұсынысын қабылдамай тастаған жағдайда Парламент Палаталарының әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемінде бестен төртінің көпшілік дауысымен заңды қабылдауға хақылы. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасы Президенті осы заңға қол қоюды немесе оны республикалық референдумға шығаруы мүмкін.
54 Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың объективті және субъективті факторларын түсіндіріңіз. Экономикалық дағдарыс бар болғанымен, ол елдің әлеуметтік және саяси тұрақтылығына қатер төндіретіндей деңгейде емес. Мұны халықтың әлеуметтік көңіл-күйінен аңғаруға болады. Қоғамда белгілі бір наразы топтардың бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Уақыт өте келе олар күшейіп, қауіп-қатер төндіруі де мүмкін. Алайда, дәл қазіргі уақытта бұл соншалық маңызды мәселе емес. Халықтың жыл бойғы көңіл-күйінің көрсеткішіне назар аударатын болсақ, қоғамда президент пен үкімет дағдарыстан аман-есен алып шығып, бәрі бір арнаға түседі, көп ұзамай бәрі қалпына келеді деп есептейтіндердің біршама азайғанын аңғарамыз. Жыл басындағы жағымды және оптимистік бағалау жыл аяғында кері бағытқа қарай өзгерген. Жоғары лауазымды шенеуніктер дағдарыс еңсеріліп, ел экономикасы қалыпты даму жолына түскенін күн құрғатпай айтып жатқанына қарамастан, үкімет ел экономикасын сауықтырып, экономикалық дағдарыстың салдарын тез арада жояды деп есептеушілердің қатары сиреген. Әрине, қоғамның дағдарысқа қатысты реакциясы экономика саласында алдағы
уақытқа жоспарланып отырған оң өзгерістермен ғана байланысты емес. Дағдарыстың салдарынан қиындық көріп отырған қоғамдағы әртүрлі топтарға мемлекеттің тиімді жәрдем беруі де үлкен мәселе. Әлеуметтік сұрау нәтижелері халықтың билікке әлі де болса сенетінін көрсетіп отыр. Ал халықтың сенімі дегеніміз – мемлекеттік билік үшін аса маңызды шарт. Сонымен бірге, ол мемлекеттің тиімді жұмыс істеп отырғанын да көрсетеді. Алайда, халықтың сенімінің де белгілі бір шегі бар. Ол негізінен билік органының деңгейі мен құрылымына және оны басқарып отырған адамға байланысты. Мәселен, зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып айтар болсақ, өкілетті органдарға қарағанда, атқару органдарына халықтың көбірек сенетінін байқауға болады. Зерттеу нәтижелері халықтың басым көпшілігінің Президенттің және Үкіметтің іс-әрекетін оң бағалайтынын көрсетіп отыр. Президенттің іс-әрекетін оң бағалаушылар жыл басында 87,8 пайыз болса, жыл соңында 75,6 пайыз болған. Үкіметтің көрсеткіші сәйкесінше 71,2 және 63,6 пайыз. Жоғарғы билік органдарына, соның ішінде президентке сеніммен қарайтындар да баршылық. Жыл басында президентке сенетін халықтың үлесі 72,3 пайыз болса, жыл аяғында 69,8 пайыз болған. Үкіметке сеніммен қарайтындардың үлесі жыл басында 55,9 пайыздық көрсеткішті көрсетсе, жыл соңында 48,7 пайыз болған. Аймақ-аймаққа бөліп қарастыратын болсақ, барлық облыстарда елдің мемлекет басшысына деген сенімі жоғары екенін аңғарамыз. Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім артқан халықтың үлес салмағы 66,7 пайыздан 78,5 пайызға дейін көтерілсе, үкіметке сенім артушылардың қатары, керісінше, біршама кеміген. Жоғарғы атқарушы органның іс-әрекетіне қатысты сыни пікір білдіргендер негізінен оңтүстік облыстар. Атап айтқанда, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары. Өңір басшыларының әрекетіне көңілі толмайтын халықтың әлеуметтік тұрмысының оңып тұрмағаны белгілі. Зерттеу нәтижелері басқа облыстармен салыстырғанда, оңтүстік өңірде халықтың материалдық жағдайының нашарлап кеткенін көрсетіп отыр. Оңтүстік облыстарда әлеуметтік көңіл-күйдің нашарлап кеткені де сондықтан.
55 КСРО-ғы тоталитарлық режимнің құлдырауына әсер еткен факторларды анықтап өтіңіз. КСРО-ның ыдырауы . 70-80 жылдары ұлттық этникалық қақтығыстар жиілей бастады.Соған қарамастан Мемлекет басындағылар КСРО-ны «бауырмал халықтың ұйымшыл отбасы» деп атады.Көп ұлтты мемлекеттің билігі бір орталықтанған ,сондықтан барлық билік Коммунистік партия қолында болған болатын. Көпшілік 70-80жылдарды, яғни Брежневтің билік ету кезеңін, КСРО-ң гүлденген кезеңі деп санаса, Брежнев өлімінен кейін Кеңес Одағы құлдырай бастады. Көптеген зерттеушілер КСРО құлауының нақты себептерін көрсетпейді, әйтседе мүмкін болуларының ішінде келесілерін келтіред: • Әр көп ұлтты мемлекетте кездесетін орталықтанған тенденциялар • Стагнация,кейін экономиканың құлдырауына, ол өз кезегінде саяси жүйенің құлауына әкелген Кеңестік жүйенің кемшіліктері КСРО экономикасына қатты әсер еткен әлемдік мұнай бағасының түсуі КСРО қару-жарақ жарысына төтеп бере алмауы,рейганомиканың жеңісі Үкімет басшылары саясатының тиімсіздігі, Брежнев және оның жолын қуушылардың реформалық қызметтері экономиканы құлдыратып,бірорталықтанған билік механизмін жоюы.
КСРО-ны құлатуда батыс елдерінің қызығушылығы Билік үшін күрес Елде құлдырау үстіндегі анархия жағдайында саяси және шаруашылық элитаның мемлекетті бөлісіп, жекеменшікте көп иелікке ие болғылары келгендігі Ұлттық қайшылықтар,әр ұлттың өз салт-дәстүрін өзі дамытқысы келуі Елді демократизациялау салдарынан жеке ұлттардың КСРО-ның бөлуін қалауы Тәуелсіз зерттеушілердің пікірінше, КСРО экономикасының құлдырауына Горбачевтің Одақ экономикасының жартысына жақынын ұстап тұрған спирттік ішімдіктерге тиым салуы және т.б ХХ ғасырдың 80-90 жылдары КСРО-ң әлеуметтік-саяси, экономикалық өміріндегі қатынастар шиеленісі 1991 ж 21- желтоқсанындағы одақтың өмір сүруінің тоқтатылуына әкелді. 1985 жылы М.С.Горбачев және оның жақтастарының «қайта құру» саясатын бастауынан халықтың саяси активтігі өсті, жаппай, соның ішінде ұлттық қозғалыстар мен ұйымдар құрылды. Кеңестік жүйені реформалауға тырысуы елдегі кризисті одан ары тереңдетті.Саяси сахнада бұл кризисс КСРО президенті Горбачев пен РФСФР президенті Ельциннің арасындағы қайшылықтар негізінде көрінді. 1989 жылы ресми түрде елде экономикалық кризисс басталғандығы жайлы жарияланды. Осы жылдары советтік экономикадағы басты проблема максимумына жетті, яғни үнемі тауар тапшылығы, саудадан күнделікті қолданылатын заттар жоғала бастағандығы(наннан басқа). Бүкіл ел бойынша сауданы карточкалық жүйе бойынша жүргізу енгізілді. 1991ж бастап алғаш демографиялық кризисс байқалды,елде туылымнан өлім көрсеткіші өсті. КСРО территориясында ұлтаралық қақтығыстар жиілей түсті.Осыған байланысты сөйлейтін болсақ, алысқа бармай-ақ, мысал ретінде өз еліміздегі 1986 жылғы аса озбырлық пен қатыгездікпен басылған жастардың «Желтоқсан» оқиғасын айта кетуге болады.Үкімет басына Колбиннің отыруы, халық үшін жылдар бойы жиналған ызалықтарына түрткі болғандай болды. Осындай шиеленістің ең шегінен шыққаны Таулы Қарабах қақтығысы. 1988 ж бастап бұл жерде армяндар мен азербайжандар қырғынға ұшырай бастады. 1989 жылы Армян КСР Жоғарғы Кеңесі Таулы Қарабахтың өзіне қосылғандығы жайлы жариялайды,ал Азербайжан КСР болса блокада бастағанын ескертеді.Сөйтіп, 1991 жылдан бастап екі ел арасында соғыс басталды деп айта аламыз. Осындай шиеленіскен жағдайлар Ферғана даласында да болып өтті.Оның басты себебі бірнеше ортаазиялық ұлтты бір бүтінге біріктірмек болулары.
КСРО-ң ыдырау үстіндегі жағдайын көре отырып, көптеген құрамындағы мемлекеттер болашаққа деген нық сенімдері болмаса да, Одақтың да келешегі шамалы екенін көре отырып, елінің болашақ дамуы үшін мемлекет басшылары егемендіктерін жариялай бастады. Бұл үрдісті алғашқы болып Балтық теңізі маңы елдері бастады.Оның үстіне, 1990 жылы 7 ақпандағы КСРО КП ОК биліктегі монополияның әлсірегенін жариялаған соң,елде алғашқы бәсекелестік сайлаулар өтті. Осының нәтижесінде көптеген одақтық мемлекеттерде билікке либералдар мен ұлтшылдар келді.Олар ортақ одақтық заңдардың республикалық заңдардан басымдығына наразылықтарын білдірді,сондай-ақ жергілікті экономикаға бақылауды өз қолдарына беруді және салықты тікелей одақ бюджетіне төлеуге қарсы шықты.Осы және тағы да басқа шиеленістер өзі оңып тұрмаған одақ арасындағы экономикалық байланысты үзді. Бұл кризисс әр елге әртүрлі әсер етті, әр ел әртүрлі қабылдады. Литвада 1988 жылы 3 мамырда тәуелсіздік жолындағы Саюдис қозғалысы құрылды. Ал 1990 ж 11 наурызда Литва Жоғарғы Кеңесі ел егемендігі жөнінде жариялады.
56 «Егеменділік» және «тәуелсіздік» атты ұғымдардың ерекшелігі мен өзара байланысын анықтаңыз. Ел тәуелсіздігінің жиырма жылы тұтас бір дәуір. Өйткені, осы бір тарихи жағынан алып қарағанда аз ғана уақыт ішінде басқа елдер мен халықтар тұтас жүз жылда бастан кешетін мейлінше қуатты, әрі мәні жағынан революциялық, қоғамдық түбегейлі өзгерістер болып өтті. Осындай бұлтарыс көп күрделі де тар жолда біз Қазақстанда егеменділіктің қалыптасуына қатысты мемлекеттік – құқықтық мәселелерді егжей-тегжей ой елегіне өткізуге ұмтыламыз. Мемлекет дегеніміз адамзат тарихының әмбебап субъектісі, өзгермейтін әлеуметтік құндылығы болып табылатын адамдардың тұрақты қарым-қатынас өнімі іспеттес. Әлбетте, мемлекет халық пен тұлғалардың бостандығын ұйымдастыруға және сақтауға қабілеті болуға тиіс. Алайда, тарихта ешкім халықтың кепілденген бостандығына делдал бола алмайды. Мемлекеттің ең маңызды белгілерінің бірі – егеменділік. Егеменділік қоғамның бүкіл саяси жүйесінің шоғырланған көрінісі. «Егемен» деген сөздің тарихи және этимологиялық мағынасы әлеуметтік қатынастардағы субъектілердің ерекшелігін танытады, яғни жоғарғы билікті жүзеге асыру барысында дербестік, тәуелсіздік қабілетін және шешім қабылдау кезінде оны іске асыруды субъективті жауаптылықты білдіреді. Егемендік – субъект үшін игілік және проблема. Игілігі - өзінің субъектілігін толық көрсету мүмкіндігі, шығармашылық қасиетін дамыту және жүзеге асырудағы дербестігі мен тәуелсіздігі. Проблемасы - әлеуметтік үрдістерді басқаруда шешуші рөлді атқару қажеттілігі, міндеттілігі және жауаптылығы. Мемлекеттердің конституциясында халықтың егемендігі белгіленген. Халық егемендігінің саяси көрінісі мемлекеттің пайда болуы. Егеменділік, ең жоғарғы саяси құндылық. Егемендік – қоғамның бүкіл саяси жүйесінің шоғырланған көрінісі, егемендік категориясының жалпы сипаты бар, мемлекет мінінің абстрактылы көрінісі және барлық басқа мемлекеттік түсініктерді өзіне бағындырушы ретінде көрінеді. Белгілері мен қасиеттерінен және оған берілетін анықтамалардан жоғары ұғым. Егеменділік қоғам үшін әрі құрал, әрі мақсат, ол кеңістікте де, мезгілде де бар, өйткені осы қоғам үшін мемлекеттің қазіргісі мен болашағын құрайды. Біздің республиканың егемендігі оның мемлекеттігінің өмір сүруінің табиғи және қажетті жағдайы. Ең алдымен ол мемлекеттіктің барлық элементтерін бекітуге, азаматтардың өз мемлекетімен өзіндік тарихи жолымен, аумақтық тұтастығын және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға бағытталған. Егеменділік иесі және мемлекеттік биліктің көзі көпұлтты халық болып табылады. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халықтың егемендігі конституциялық институттар жүйесі ретінде халықтың мемлекеттік үкіметінің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары түрінде жүзеге асуымен байланысты. Тәуелсіз елдің адамдары арасында абыржушылықтар, уақытша күйзелістер мен дағдарыстар кездеспей қоймады. Демек, тәуелсіздігіміз елге де, Елбасына да үлкен сын болды. Ол дүниежүзіндегі елдерге, олардың басшыларына өзін танытуға, мойындатуға тиіс болды. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін онымен түбі бір туысқан Түркия бірден қуана құптап, қолын созды. Одан соң басқа елдер бірінен соң бірі Қазақстанды дербес, тәуелсіз мемлекет деп ішкі және сыртқы саясат арасында қарым-қатынастар орнату қажет екендігіне мойын бұрды. Географиялық, аумақтық жағынан алғанда жер көлемі жөнінен Қазақстан дүние жүзінде тоғызыншы орын алатындығы талай шетелдік әріптестерді тамсандырмай қоймайтын еді. Өйткені, қос құрлықты - Еуропа мен Азияны алып жатқан біздің Отанымыз өзінің табиғи байлығымен ғана емес, сондай-ақ байырғы қазақ жерінде алуан түрлі ұлттар мен ұлыстар, тілдер мен діндер өкілдері ешқандай қақтығыссыз, қағажу көрмей, тату-тәтті, достастық, туыстық жағдайында өмір сүріп жатқандығы өзге елдердің қай-қайсына да өнеге боларлық қоғамдық негізде топтасудың толыққанды үлгісі еді.
57 Саяси биліктін легитимді болу себебін түсіндіріңіз.Биліктік іс-әрекеттің өзінің мойындалуын сипаттайтын маңызды тұстарының бірі легитимділік туралы мәселе. "Легитимділік" термині (лат. legitimus — заңды) өмір сүріп отырған билікті өзінің бағыныштыларының, сонымен қатар биліктің басқа субъектілерінің занды деп тануын анықтайды. "Легитимділік" терминін тарихи тұрғыда 1830 ж. Франциядағы шілде революциясы кезеңінде пайда болған легитимистер партиясының іс-әрекеттерімен байланыстырады. Олар 1789-1794 жж. революциялар нәтижесінде биліктен аластатылған Франциядағы Бурбондар династиясының идеяларын заңды және қажетті деп танып, оны заңды билік ретінде қайта жаңғыртуды ұсынған еді. Аталмыш ұғым саяси дағдарыстар, биліктік құрылымдардағы түпкілікті өзгерістер, биліктің ауысу жағдайларында және осы жағдайлардағы билік өкілеттіктерін кеңейту қажеттілігі пайда болғанда, олардың зандылық дәрежесі күмән тудырғанда ерекше өткір саяси мәселеге айналады. Яғни билікті тартып алу, оны заңсыз жаулап алу және басып алушының өз еркін тану тенденциясы пайда болады. Кандай билік болмасын өзінің заңды екендігін қорғайды.
"Билік легитимділігі" ұғымын француз революциясы мен оның салдары ерекше өзекті мәселе ретінде қалыптастырғанымен, бұл ұғым қарапайым формада саяси ойлардың бастапқы кезеңдерінде-ақ пайда болған. Адамзат биліктік катынастардың, билік құру мен бағынудың пайда болу кезеңінен бастап неге біреулері билік құрып, үстемдік етеді, ал басқалары — оларға бағынып, қол астында болуы тиіс және билік, оның акциялары бағынушылар үшін қаншалықты қажетті деген сауалдарға жауап іздеумен келеді. Легитимділік туралы мәселе билік үшін бәсекелестік күресте өте күшті қару болды. Өйткені, биліктің ауысуы, биліктік кұрылымдардағы түпкілікті өзгерістер өздерімен бірге белгілі бір аласапыран мен тәртіпсіздікгі ала келді, осының салдары — ұзақка созылған қанды соғыстарға апарып соқтырғандықтан, қоғамның саяси элитасы биліктің алмастырылуын, билік құрушы субъектілерді заңдастырудың әр түрлі әдістерін, осы процестердің астарында белгілі бір қағидалық негіздердің бар екенін келтіре отырып жасақтады. Бұл монархиялық режим жағдайында — биліктің мұраға қалатындығы туралы, республикаларда — биліктің сайлануы туралы заң.
Орта ғасырларда Еуропада зайырлы элита мен діндарлар арасында билік үшін бәсекелестік күрес орын алды. Бұл күресте шіркеу ұзақ уақыт бойы зайырлы биліктің легитимділігін тану кұқығын сақтап калды, яғни шіркеудің беделі мемлекеттік биліктің занды екендігін тануда шешуші мәнге ие болды. Легитимация — ең алдымен, осы биліктің қажеттілігін, оның бағыныштылар үшін игілікті екендігін идеологиялық және құқықтық түрғыдан негіздеу. Легитимация тек биліктік құрылымдарға, билік субъектісіне ғана емес, сондай-ақ олардың акцияларына, шешімдеріне, қағидаларына да таралады. Билік легитимациясы биліктік ықпал ету кеңістігіне, оның шегіне, шекарасына байланысты. Осы ассоциативті кеңістіктің ішінде билік қажетті деп танылып, ал оның шешімдері орындалуға міндетті деп саналады. Билік өзінің ықпал ету кеңістігін игеру үшін биліктік ықпал ету күшіне ие болуы керек. Бұл күш билік құрушы субъектінің билік ресурстарын: адамдарды басқару өнері ретіндегі саясатты; саясаттың нақгылық дәрежесін; күш пен құралдардың қажетті арсеналдарын пайдалана білу кабілеттілігін; әдістердің ыңғайлығы мен тиімділігін және т.б. қаншалықты игергендігіне тәуелді.
Биліктік ыкпал ету кеңістігі бір мезгілде ассоциацияның соңғы ажырамас құрылымдық элементі, оның атомы индивид, бағынушы болып табылатын құрылымданған және ассоциативті кеңістік болып табылады. Демократиялық қоғамда — бұл азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие жеке тұлға. Сондықтан да демократиялық қоғамда билік легитимациясы оның құқығын қорғайтын заң шеңберінде жүруі қажет. Билік легитимациясы — азаматтарға тікелей ықпал ету актісі емес, ол — осы билікті мойындайтын қоғамдық келісім деңгейінде заңды әлеуметтік-саяси ортаны қалыптастыру процесі. Легитимацияның актілері биліктің, оның шешімдері мен іс-әрекетінің маңыздылығы туралы қоғамдық пікірді қалыптастыратын идеологиялық, саяси, құқықгық іс-әрекет болып табылады. Билік легитимділігін тану — бұқаралық сананың феномені, сондықган билікті заңдастыру үшін пайдаланылатын бірқатар идеологиялық қағидалар бар:
1. Биліктің киелілігі. Биліктің, билік құрушы субъектінің қасиетті, киелі екендігі мен оларды мифологияландыру. Билік құрушыларға харизматикалық қасиеттерді таңу.
2. Биліктің халықгық сипаты: (билеуші бізге туыс, ол —біздің арамыздан шыққан, ол біздің қажеттіліктеріміз бен мұңымызды жақсы біледі). Легитимация — биліктің тұрақты, үздіксіз іс-әрекеті, оның өзіне деген қамқорлығы. оппозициялық күштер билікті, оның шешімдері мен акцияларын заңсыз деп тану жолында әрекет етеді. Оппозиция билік кабылдаған зандардың легитимділігін, билік өкілеттігінің кеңеюіне қол жеткізетін биліктік құрылымдардағы өзгерістерді, олардың Конституцияға сәйкестігін, олардың қажеттілігі мен дер уақыттық шара екендігін жоққа шығарады, билік пен оны қолдаушьиар ұсынған аргументтердің дұрыстығын сынға алады. Легитимация да, делегитимация да — билік пен оппозиция арасындағы бәсекелестікте пайдаланылатын күрестің әлеуметтік формасы. Бірақ мұндай күресіің кандайы болмасын Конституция шеңберінде жүзеге асуы керек. Билікке келгеннен кейін билік құрушы субъект өз әрекетін легитимдендіру үшін әр түрлі формалар мен тәсілдерді іздестіреді. Ол референдумдар өткізіп, өзінің іс-әрекетінде олардың шешіміне сүйенеді, Конституцияға өзгерістер енгізеді, өз өкілеттігінің кеңеюіне қол жеткізуге тырысады, билік құрылымдарын жетілдіреді, заңдар шығарады, өзінің әлеуметтік базасын кеңейту және оппозицияны оқшауландыру, оның әлеуметтік ықпалын әлсірету мақсатында әрқилы әлеуметтік шаралар өткізеді. Оппозиция биліктің өрекетін мұқият бақылап, олардың легитимділігін жокқа шығарады, конституциялық нормалардың, қабылданған зандардың қатаң сақталуын талап етеді. Мұның барлығы қоғамның демократиялық саяси мәдениетінің дамуына септігін тигізеді, нарықтық қатынастар жүйесіне сай келетін қоғамның саяси құрылымын қалыптастырады. Легитимділік туралы мәселенің сыртқы аспектілері де бар. Билік біріктірген ассоциативтік қауымдастық субъект-субъектілік қатынастардың мейлінше кең жүйесінде субъект ретінде көрінуі мүмкін. Оның бұл "сыртқы саяси іс-әрекеті" осы кең жүйеде қабылданған нормаларға сай келуі, басқа субъектілердің мүдделеріне, құқықтарына нұқсан келтірмеуі қажет. Баска ассоциативтік қауымдастықгардың мүдделерін бұзатын билік құрушы субъект, оның әрекеттері, акциялары заңды деп танылмауы да мүмкін.
58 Сыртқы саясат пен ішкі саясаттын өзара байланысы мен ерекшеліктерін анықтаңыз Қандай да болмасын елде жұретін саяси ұрдістер әлемдік саясатпен тығыз байланысты болады, себебі ешбір ел әлемде жалғыз емес. Әрбір мемлекет өзінің ішкі саясатымен бірге өздеріне тән сыртқы саясатын жүргүзуге тырысады және оның ерекше бағыттарын қалыптастырады. Сонымен бірге бұл ұғымдар қазіргі таңда өте жие қолданалады және саяси ғылымның өзекті тақырыптары болып есептеледі.Бұл тақырыпта кездесетін, мағына жағынан жақын үш ұғым бар. Олар – сыртқы саясат, халықаралық әлемдік саясат, халықаралық қатынастар. Жалпы, бұл ұғымдар саясаттануда жете зерттелмеген. Бірақ олардың арасында айтарлықтай айырма бар. Әлемдік саясат халықаралық қатнастардың өзегін құрайды. Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не таптық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б., арасындағы саяси қатынастар кіреді. Оны тағы әлемдік саясат деп атайды. Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастардың жиынтығын айтады Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықараылқ қатынастарға қатысушылардың, оларды іске асырушылардың (субъектілердің көбеюіне байланысты). Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдарымен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар әлеуметтік топтар мен жеке адамдар және т.б. мемлекеттік емес ұйымдар қатысуы мүмкін. Екіншіден, халықаралық қатынастарда сыртқы және халықаралық саясаттардың негізгі, түпкі бастамасы, принциптері қаланады. Бұл саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады. Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргүзуде Қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр деуге болады. Бірақ халықаралық қатнастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі ол белгілі бір ғана әлеуметтік топтың, немесе саяси ұйымның емес. Жалпы қоғамның мүддесін қорғайды. Сондықтан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім – шарттар жасау; соғыс ашу не ашпау және т. б. заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі. Мемелекетттердің сыртқы саясаттарының және олардың халықаралық қатынастарының денгейлері, бағыт-бағдарлары және жағдайлары көптеген себептерге байланысты. Мысалы, мемлекеттер күшінің арақатнасы мен арасалмағы; әскери қуаты; күш тендігі (қазір ол сыртқы саясаттың құралығана емес, мақсатына айналды); сонымен бірге ішкі саясаттың даму денгейі жәнге ұлттық мүдде мен ұлттық қауіпсіздік. Осыдан біз бұл мәселенің шеңберін қарастыруымыз қажет. Саяси ғылымда бұл туралы әр түрлі пікірлер бар. Мысалы, марксизмде мемлекеттің ішкі саясаты оның сыртқы саясатын анықтайды деген. Бірақ қазіргі ғылымда олай демейді. Себебі, сонғы кезеде сыртқы саясат елдің ішкі саясатына көбірек әсерін тигізіп жүр. Америка ғалымы П.Гуревич қоғам ішіндегі қатнастарға сырттан ықпалын тигізетін үш себеті атап көрсетті: 1) басқа бір елдің ішкі өміріне бір немесе бірнеше мемлекеттің агрессиялық түрде қол сұғұну; 2) екінші елдің ішкі саясатына бейбіт түрде араласуын; 3) халықарарлық экономика және халқаралық жүйесі. Әрине керісінше де болады ішкі саясат сыртқы саясатқа әсерін көп тигізалады. Ал ұлттық мүдде деген ұғымға келсек. Мұнда Аристотельден алған сипатты келтіруге болады. Ол адмды әрекет еткізетін мүдде деген. Ал неміс ойшылы Гегель халықтар өмірінің қозғаушы күші мүдде деген. Ұлттық мүдде деп өз халқының мемелекетінің мақсат мүддесін сезініп біліп; оны іске асыруға тырысушлықты айтады. Оған ұлты еркін және тәуелсіз мемлекет ретінде ұстау, сыртқы кауп қатерден сақтау, әлемдік саясатта өз ықпалын кенейту т.б. жатады.
Қазіргі мемлекеттер көп ұлтты болып келеді, сондықтан бұл мәселе өзекті. Ал ұлттық қауіпсіздік деген ұғымның мағынасы жер көлемінің тұтастығын қамтамасыз етіп, мемлекеттің егемендігін басқа елдердің жаулап алу қаупінен қорғаумен ғана шектелмейді. Ол үшін әскери және басқа да қаупты жою қажет.
Сонымен, мемлекеттердің сыртқы саясаттарының қалыптасуына әр түрлі жағдайлар әсер етеді: ішкі дамуы, сыртқы қатерлер, қарымқатнастардың денгейі , географиалық жағдайлар т.б.
