
- •1. Саясат қоғамдық құбылыс ретіндегі теориялық-әдістемелік негізін анықтаныз.
- •2 Саясаттанудың әдістері мен функцияларын сипаттап, қоғамда алатын рөлі мен мәнін анықтаныз
- •3. Саясаттанудағы негізгі парадигмаларына сипаттама беріңіз
- •4. Саясаттың құрылымы мен элементтерін анықтап өтіңіз
- •7.Демократия мен тоталитаризмнің арасындағы өзара байланыс пен ерекшелікті анықтап беріңіз
- •17 Мемлекеттік билік пен саяси билік арасындағы өзара байланысы мен ерекшеліктерін атаңыз
- •18 Саяси жүйе мен саяси режимнің өзара байланысы мен ерекшелігін анықтап кетіңіз
- •19 Саяси даму мен саяси прогрес арасындағы айырмашылықты анықтап өтіңіз
- •20 Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •21 Мемлекеттік құрылыс пен басқарудың түрлерін анықтап кетіңіз
- •22 Құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің негізгі құндылықтары мен принциптерін негіздеп өтіңіз
- •25 Саяси партияның саяси билік механизміндегі рөлін анықтаңыз
- •27 Саяси социализацияның негізгі анықтамасы мен кезеңдерін сипаттаңыз
- •28 Саяси идеологияның теориялық-әдістемелік негіздерін анықтап кетіңіз
- •29 Саяси мәдениет қоғамдық-тарихи негіздің құрамды бөлігі ретінде
- •31.Келешектегі Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыттарын сипаттап өтіңіз
- •32. Қазақстан Республикасындағы ұлттық саясаттың басты мәселелерін сипаттаңыз
- •33. Коммунистік және социалистік идеологияның өзара байланысы мен ерекшеліктерін бағалаңыз
- •34. Қазақстан Республикасындағы саяси-биліктік қатынастардың жай-күйі
- •37.Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекеттің алғы шарттарын көрсетіңіз.
- •40. Қазақстан 2050 стратегиясының негізгі басым бағыттарын талдаңыз.
- •41. Н. Макиавелли «Патша» еңбегінің негізгі идеясына талдау жүргізіңіз.
- •43.Қазақстанның қазіргі тарихындағы биліктік жүйесіне анықтама беріңіз
- •44.Сіздің мамандықтарыңызда саясаттау пәнін оқытыудағы тәрбиелік сипатын анықтаңыз.
- •45.Ғаламдық мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдардың рөлін анықтаңыз.
- •46 Ұлтаралық проблемалардың пайда болу себептері мен шешу жолдарын анықтаңыз.
- •48 Қазақстандықтардың саяси белсенділігіне септігін тигізетін факторларды атап өтіңіз.
- •51 Фашистік идеологияның «өміршеңдігіне» баға беріңіз.
- •52 Қазақстанға қажет идеологияны анықтап, оны негіздеп өтіңіз.
- •59 Лидер мен манипулятордың айырмашылықтарын анықтап, түсіндіріп кетіңіз
- •1. Саясат қоғамдық құбылыс ретіндегі теориялық-әдістемелік негізін анықтаныз.
48 Қазақстандықтардың саяси белсенділігіне септігін тигізетін факторларды атап өтіңіз.
Қазақстанның тұрғындары арасында «Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуал және Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметі» тақырыбында сауалнамалық зерттеу өткізген болатын.
Осыған орай, бүгін Парламентаризм институты әлеуметтік зертеулер нәтижелеріне арналған баспасөз мәслихатын өткізді. құндылықтарды ресми билік те демократиялық қоғам құрудағы басымдылықтар ретінде белгіледі. Саяси партиялардың биліктің мақсаттарын айқындауға көзқарастары бірдей болғанымен сол мақсаттарды орындау әдіс-тәсілдерін басқаша түсінеді. Оппозициялық партиялар биліктің халық алдында толық ашықтығын және есептілігін жақтаса билік партиялары мемлекеттік міндеттерді өз күшімен, өздерінің саяси шараларымен шешкенді дұрыс көреді. Билік партиялары Қазақстан халқы алдындағы ашықтықты және толық есептелікті міндетті емес деп санады. Билік көптеген мәселелерді өз бетімен шешуге құштар болды. Халыққа есеп формалды жағдайға қалды. Билік партияларының халық алдында нақты есеп бере бастауы, әкімдердің есебі, министрлер кабинетінің есебі саяси практикада 2000-ші жылдардың басында «Отан» және «Нұр Отан» партияларының қызметіне қатысты кірді.
49 Қазақстандық БАҚ «төртінші билік» қызметін атқару ерекшеліктерін анықтап, соған талдау жүргізіңіз БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары. Оларға теледидар арналары, радио, баспасөз (газет-журналдар), Интернеттегі (әлемтордағы) сандық (электрондық) құралдары, тағы басқа ақпарат таратын қоғамдық саласындағы құралдар жатады. Бұқаралық ақпарат құралдары өміріндегі тын әрі өткір мәселелерді көтеріп, халықтың ойларын, ұсыныстарын ортаға салатын, әртүрлі көзқарастардың көрініс табатын, нағыз плюрализм мінберіне айналатын болса, масс-медиа жүйесі өз тұтынушылары үшін жаңа мүмкіндік жасау тиіс. Оқырман, тыңдарман, көрермен қауымды БАҚпен тығыз байланыста ұстап, оларды медиа ісіне тарту, шығармашылыққа, ақпарат жинауға қарапайым тұрғындардың араласуын және күнделікті тіршілік түйіткілдерінң, әлеуметтік мәселелердің басты тақырыпқа айналуы азаматтық журналистика құбылысын туындатады.
50 Саяси лидер мен элита арасындағы өзара байланыс пен ерекшелікті анықтап, бағалаңыз. Батыс ғалымдарының (У. Липманн, З. Бауман, Х. Дженкинс-Смит) тұжырымдамаларына сүйене отырып саяси билік пен интеллектуалды элитаның байланысуын көрсетеді. Мәселен, Х. Дженкинс-Смит саясатқа келген ғалымдарды төртке бөлуді ұсынады. Біріншісі, «ғалым-кәсіпкер» - саясаткерлерге де, қаржыгерлерге де қызмет көрсететіндер. Пайда қай жақта көбірек болса соның сөзін сөйлеп, сойылын соғатындар; Екіншісі, «бюрократиялық интеллектуал» - мемлекеттік шенеулікке айналған ғалым (З. Бжезинский, Г. Киссинджер тәрізділер). Бұлар жақсы саясаткер, сарапшы, аналитик немесе жаман саясаткер, өзін жоғалтқан ғалым болулары мүмкін; Үшінші, саяси кеңесші – нақтылы жағдайларға қатысты нақтылы шешімдер ұсынатындар. Бұлар көбінесе жекелеген әр деңгейлі зертеу орталықтарының білді қызметкерлері; Төртінші, үкіметтік эксперт – мемлекеттік органдарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететіндер. Бұлар негізінен ғылымда өздерін таба алмаған мамандардан құралады. Қазақстанда бұл жағдай мүлдем өзгеше. «Интеллектуалдардың» саясатқа, билікке кірігу, оған атсалысу механизмдері дұрыс жолға қойылмаған. Бүгінгі күні ғалым ғылыми еңбектері арқасында емес, саясатта көзге түссе немесе ауқатты бизнесмен болған жағдайда ғана үлкен жетістікке жетіп, халық арасында танымал болады. Яғни, өмірін сарып етіп, күндіз-түні еңбек етуі арқасында қол жеткізген ғылым жолын тастаған жағдайда ғана әл-ауқаты түзеліп, дәрежесі артады. Тіпті билік өкілдерінің ғылыми дәрежесінің болуына бүгінгі күні ешкім таң қалмайтындығын сөз ете отырып, профессор К. Бұрхановтың пікірін келтіреді: «…соңғы кездері билік өкілдері арасында ғылыми атақ пен дәреже көрсеткіші жоғарылауда.... Үкімет мүшелерінің 65% және облыс әкімдерінің 80% әр ғылымдар бойынша кандидат және доктор дәрежелеріне ие..Сонымен қатар, автор интеллектуалды элита өкілдерінің саясатқа келуі төрт негізгі факторлармен айқындалатындығын айтады. Біріншіден, атақ құмарлық, ғылыми еңбектері арқасында емес, БАҚ-да болмашы нәрселерге қатысты керек, керек емес пікірлерді білдіру арқылы танымал болу. Екіншіден, саяси ұстанымдары үшін саясаткерлердің көзіне түсе білуі. Үшіншіден, интеллектуалдардың өздерінің қабілет-қасиеттерін дұрыс пайдалана алуы арқылы «керек» адамдардың көзіне түсуі. Төртіншіден, керек жерде, керек уақытта болуы. Нәтижесінде билікке жақын интеллектуалдың бейнесін көреміз: ғылымда айтарлықтай жетістікке қол жеткізе алмаған, тек жоқты бар етіп, жалған идеологияларды ту етіп, «иесіне» қажет талдаулар мен болжамдарды жасап жүрген «орташа» ғалым. Бүгінгі Қазақстандағы демократиялық үрдістерге интеллектуалды элитаның саяси қатысуы мен қоғамның саяси өміріндегі белсенділігін анықтау үшін Қазақстан азаматтарының саяси белсенділігі мен саяси қатысушылығына әсер еткен тарихи және әлеуметтік-саяси құбылыстар қарастырылады. Зерттеуші Қазақстанда демократияланудың бағыт бағдарына және азаматтардың саяси қатысуына әсерін тигізген дағдарыстық үрдістерді шартты түрде саяси, өркениеттік-мәдени және әлеуметтік-экономикалық деп үшке бөледі. Және мынадай түйіндер жасайды:1. Саяси қатысу саяси тәртіпке байланысты екені жақсы белгілі. Кеңестік дәуірдегі саяси қатысу мәселесі сол кездегі тоталитарлық тәртіп шеңберінде жүзеге асты. Кеңестік қоғамға бірдей ойлау, бірдей жүру тән болды. Ешқандай плюрализмге, ұлттың өзін өзі анықтауына жол берілмеді. Азаматтар өз ойларын ортаға сала отырып, мемлекет шешімдерін талқылауға шынайы түрде қатыса алмады. Егер, жүйе сызып берген тәртіптерді мойындамаған немесе жүйенің кемшілігін көрсетуге тырысқан азаматтар мемлекет тарапынан қуғын сүргінге ұшыратылды.
Идеологияның күшті болғандығы соншалық, бүгінгі күнге дейін азаматтардың көбісі кеңестік идеология шырмауынан шыға алмауда. Осының салдарынан қоғамымызда орын алып отырған топтан сытылып алға шығуды қаламайтын, өзгелер не дейді? – деп жалтақтап отыратын, жаңашылдыққа үреймен қарайтын интеллектуалды элитаны тәрбиелеп шығарды. Сонымен, кеңестік дәуірде азаматтардың билікке араласуы шектеулі болды. Таңдау, ойлау тәрізді демократияның басты құндылықтарына жол берілмей, жүйеге қарсы шыққандар аяусыз жазаланып отырылды. Бір идеологияның, бір партияның үстемдігі бір ізді интеллектуалды элита өкілін тәрбиелейтін машина тектес болды. 2. Қазақстандықтардың саяси ұстанымдары мен белсенділігіне айтарлықтай әсерін тигізген келесі фактор – өркениеттік-мәдени. Өркениеттік-мәдени дегеніміз ұлттың рухани болмысы. Ұлт болмысында, ұлттық психологиясында прогрестік және регрестік әлеуеттің орын алуы. Сондықтан ұлт менталитетіне сіңген жайсыз қылықтарды бірден шығару мүмкін емес. Әсіресе отарлықтың жат қылықтары бұқара санасында айқын көрніс алды. Осындай жат қылықтар Қазақстандықтардың бойында белең ала отырып, бүгінгі демократиялық реформалардың тиімді, тиянақты өтуіне белгілі бір деңгейде ықпалын тигізіп отыр. Тіпті, кейбір ғалымдардың пікірінше мәдени-рухани жәйттер демократиялық үрдістерге әсер етуші факторлардың алдыңғы шебінде. Оны ел ішіндегі саяси жаңарулар барысындағы жағымсыз саяси тұрпаттардың белең алуынан көруге болады. Отандық ғалымдар интеллектуалды элита өкілдерін де өркениет шеңберінде қарастырып, кейбір іс-әрекеттерін осы тұрғыдан түсіндіре бастады. Мәселен, белгілі ғалым Ә. Нысанбаев қазіргі қазақ интеллигенциясын үш топқа бөледі: біріншісі – орыстанғандар. Олар өз халқының тарихын, тілін білмейді, тереңірек айтсақ, әйтеуір, ұлты қазақ; екіншісі – жаңа қазақтар, бизнеспен айналысатын қалталылар; үшіншісі – таза қазақтар, бірақ кедейленген, әзірге саясатқа белсене араласуға мүмкіндіктері жоқтар. Ал, Н.А. Амреқұлов, оны үш топқа топтастырады. Біріншісі – қазақ ауылында туған және бойларына дәстүрлік-патриархалдық мәдениетті сіңірген ауыл интеллигенциясы. Бұл интеллигенция өкілдеріне мынадай мінездемелер тән: ұлтшыл-этатизм, этноцентризм, трайбализм, ксенофобия. Екіншісі, қалалық қазақ интеллигенциясы.