Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
POLIT_WWPORY.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
185.18 Кб
Скачать

46 Ұлтаралық проблемалардың пайда болу себептері мен шешу жолдарын анықтаңыз.

ХХ ғ. басында ғылымның қолдану аясының кеңейуі жаңа технологияны игеріп өнеркәсіпті елдерде өмір сүретін миллиондаған адамдардың тіршілігінің өзгеруіне және оларды жаңа экономикалық жүйеге біріктіруге алып келді. Әлемдегі елдердің ғылыми байланыстарының аясы кеңейіп, әлемдік ғылыми біртұтастық пайда болды. Осы қалыптасқан әлемдік ғылыми біртұтастық, бүкіл дүниежүзілік экономикалық бірігудің алғы бастамасы болды. Бұл үдерістің көріністерінің бірі ретінде алдыңғы қатарлы дамыған елдерде және әртүрлі континенттердегі ұлтаралық бірлестіктерде бірыңғай ұйымдастырушылық мәдениетінің түрлерімен жұмыс жүргізе бастады. Табиғатқа техногендік қатынас – рухани қанағаттану құралы ретінде емес, қайта өндірістік қажеттіліктерге тікелей бағытталуы ХХ ғ. бірінші жартысындағы еуропалық мәдениет дамуының басты көрінісі болды. Ғылымға озық технологиялық табыстары мен жетістігіне сүйенген дүниежүзілік өнеркәсіптің қарқынды дамуы, адамға әлемді сезінудің оптимистік түрі, табиғатты игерудегі қабылеті мен мүмкіндіктерінің мол екендігіне сенімі артып, соған тән сипаттардың туындауына қызмет етті. Адам өз болмысының ғаламат ғарыштылығын сезінді. Бірақ ХХ ғ., европалық мәдениетке біртіндеп енген техногендік өркениет өзімен бірге адамзат қоғамына жағымсыз дағдарысын да ала келді. Бүгінгі күні әлемдік мәдениеттің тағдырына екі көзқарас – оптимистік және писсимистік пікірлер қалыптасқан. Алғашқыларының сендіруінше әлемдік мәдениет дұрыс жолмен даму үстінде, келешекті ғылым мен техниканың дамуы, ақпараттық құралдардың жетілуі рационалды ұйымдасқан экономиканың өсуімен байланыстырып, батыс мәдениетінің архиптік құндылықтары батыстық өмір сүру тәртібі ең дұрысы деп есептеледі. Сонымен бірге, ХХ ғ. басында антропоцентризмнің дағдарысы да басталды деуге болады. Орыстың ойшыл-философтары (Н.А.Бердяев, Е.Н.Тругецкой, С.Л.Франк т.б.) айтуынша индивидуализм, қоғамның атомдануы, өмір талғамының тоқтаусыз өсуі, соған сай жоғары технологияға негізделген өнеркәсіптің қарқынды дамуы, тұрғылықты халық саны мен тұтынушы қажеттіліктің шексіз өсуі, рухани өмірдің бәсеңдеп, сенімсіздіктің пайда болуы – адам өмірінің сипатын, оның стилін өзгертіп, табиғат ырғағынан айырып, индустриалды-капиталистік жүйенің қалыптасуына алып келді. Ал, мәдениеттер арасындағы көзқарастың өзгеруі, әртүрлі сәйкессіздіктің туындауы, Ф.Ницше айтқандай, «барлық құндылықтарды қайта бағалау» қайта қарауға тура келіп, ол қазір өте тұрпайы түрде жүзеге асуда. Машиналар мен техниканың қарқынды дамуы және олардың адамзатқа билігі тарихта екі дүниежүзілік соғыстың болуын, әлеуметтік капитализмнің ерекше дамып, ашаршылық пен құлақ естімеген ауруларды, атомдық қатерді, күрделі экологиялық және антропологиялық дағдарыстарды, адамгершілік пен моралдық жалпы руханилықтың дағдарысын тудырды. Қазіргі заманғы көптеген ойшылдар М.Хайдеггер, К.Ясперс, Л.Мэмфорд және т.б. мәдениет пен өркениеттің дағдарысын озық техника мен жоғары технологияны орынсыз қолданумен байланыстырады. Ресейлік ғалым В.А.Лекторскийдің пікірінше «Дамудың біржақты технологиялық, технократтық ізбен сипатталатын қазіргі мәдени ахуалда толыққанды гуманитарлы білімі жоқ адам тұлға ретінде жеткіліксіз және сыңаржақты болып табылады. Ал ең бастысы ол – догматты болады» деп көрсетті. XX ғасырдың басында антропоцентризм – адамның дүниедегі ерекше орны, адамның табиғатқа, қоршаған ортаға үстемдігін орнату жайлы ілімнің іске асуында дағдарысты құбылыстар айқындала түсті. Қайта өрлеу дәуірінде басталып, өз заманында қоғамдық дамудың ең негізгі мақсаттарының бірі болып саналған бұл көзқарас, біздің заманымызда адамзат әлеміне өзге орынсыз зиянды жағдайларды қоса тудырды деуге болады. Адам қоғамда әрі жасампаз жасаушы, әрі талқандаушы ролін атқарып отыр. Антропоцентризм қағидаларына ойланбай жүгіну болашақта адам мен дүние арасындағы дағдарысты шиеленістіріп, тіпті жалпы адамзат әлемінің жойылып кетуіне қатер төнді. Бұрынғы гуманизм жетістіктерінің дағдарысқа, күйзеліске ұшырағандығын айта келіп Н.А.Бердяев адам мен қоршаған орта арасына қарама-қарсылық антропоцентризм көзқарасына адамның табиғатқа үстемдік орнатуындағы менменшіл, озбырлық қасиеттеріне алып келгенін атап көрсеткен. Адамдардың барлық мәселелерді шешуде алдымен мәдени, рухани құндылықтар тұруын ойлауға тиіс екендігіне мән береді. Ал адам мен қоғам арасындағы шиеленіс идеясын дәлелдеп, толығырақ анализ жасаған неофрейдизм бағытының негізін қалаған Э.Фромм өзінің психоанализ түсініктмесінде қазіргі адамның жағымсыз агрессиялық қасиеттерін – қирату, талқандау іс-әрекеттерін көрсетіп, олардың өз өмірін құрбандыққа шалу сияқты және басқа да жат қылықтарға мінездеме берген. Адамзат тарихындағы өткен кезеңдерге қарағанда ХХ ғасырда осы жағдайлар бұқаралық құбылысқа айналды. Қазіргі адамның «күнәсі» өте көп, айтайық, адам табиғатқа дұшпан, қоршаған ортаға зорлық-зомбылық, руханиятсыздық, кең масштабты әскери қақтығыстар т.б. жатқызады. Бұдан құтылу үшін Э.Фромм адам өмірінің мән мағынасы, моральдық және этикалық нормаларына сүйеніп, адам қалай өмір сүру керек, ол үшін не істеуі керек деген мәселелерге тоқталып, әрбір адам оны өзінің ішкі қасиеттерінен іздеуді және оны дамытуды ұсынады. Адамның гуманистік бағыттағы шекті мүмкіндіктерін дамытуға шынайы өмір сүрудің әдіс-тәсілдерін игеруге ықпал жасау қажеттігіне мән береді. Осы заманда, қазіргі адам табиғи адамзаттан айтарлықтай өзгеріске ұшырады деуге болады. Бұл өзгерістер оның тек әлеуметтік мінездемесіне ғана емес, биологиялық сапасына да әсер берді. Қазіргі адамдағы осындай өзгерістер өмірдегі заңды процестерге байланысты, ол постиндустриалды өркениетінің басталуына (ғылыми-технологиялық қоғам) соған сәйкес ноосфералық мәдениеттің қалыптасуына әкеп саяды. Ғылыми-техникалық прогресстің адамның ой-өрісіне тигізетін ықпалы және әсері өте жоғары. Техникалық машиналар мен өндіріс технологиясының қарқынды дамуының нәтижесінде ақырындап «табиғи» (биосфералы) адам өзгере бастады. Алғашқыда эволюциялық табиғи дамуда мыңдаған жыл адамға қолайлы орта болғандығы белгілі. Қазір жағдай басқаша. Енді баяу өтетін табиғи уақыттың орнына, динамикалық әлеуметтік өмір келді. Техника өсті, өнеркәсіп дамыды. Халық үлкен қалаларға шоғырлана бастады. Осының салдарынан адамның тұратын табиғи ортасы міндетті түрде жасанды ортаға жол бере бастады. Адамзат тарихында техникалық дәуір басталды. Н.А.Бердяев өзінің «Адам және машина» атты жазбасында осы дәуірді мәдениеттің тоза бастауы, өйткені материалдық зат адамнан жоғары тұрады деген болатын. Дүниені техникализациялау дегеніміз ол тіршілікке аяушылық жоқ дегенді білдіреді, өйткені ол – адам баласына жат құбылыс. Н.А.Бердяевтың айтуынша, техникалық дүние өзінің белгілі бір жоғары даму сатысында, өзін жасаған адамға қарсы шығады да оған ешқашан бағынбайды деген болатын. Оның ойынша техника тән мен рухты және әртүрлі тарихи кезеңдерді айырып, бір-біріне қарама-қарсы қоятындығында. Ол адамға өлшеусіз құдіретті күш сезімін беріп, оны сыртқы дүниені экспансиялауға итермелейді. Осы тұста адамның табиғаты және рухани өмірі, көңіл-күйі зақымданады деп көрсеткен болатын. Осы өмірдегі қазіргі адамның болмысын сипаттай келе неміс философы К.Ясперс жазған «индустриалға дейінгі» техникалық дәуірге дейін адам өзін аспан-көк және жермен біргемін деген сезімде болғандығын айтқан. Бұл – қайталанбас өмір, «табиғи» адамның дүниесі. Ал қазіргі жағдайда біртұтас ортаның экологиялық өзгеріске ұшырауы нәтижесінде адам бұрынғы өз табиғи тамырларын жоғалтқандай әлсізденеді. Осы жағдайдан қалай шығуға болады? Ясперстің пікірінше, бұл – қазіргі жағдайдағы адамзаттың негізгі мәселесі. Ясперстің айтуынша, «табиғи емес» адам дүниесіндегі «ноосфералық» адам өз өмірінің иесі емес. Ол табиғатқа рақымсыз алып механизмнің бір бөлшегі болып табылады. Адам техногендік қоғамның бір бөлшегі ретінде әртүрлі қызметтерге, жаңа техникалық мамандықтар қызметіне ұсақтанған, бірақ іскерлік қабілеті бар және ереже бойынша іс-әрекет жасауға ұмтылатын жан. Оның өмірін бұқара және құдыретті мемлекеттік аппарат билеп (қадағалап), еркін таптап, оның өмір сүру еркіндігінен айырады, бұл құбылыстың бағытын өзгертуге шамасы болмайды деген қорытындыға келеді. Ол жаңа қалыптасқан техногендік әлем табиғи адамды дағдарысқа әкеледі.

47 Кез келген Қазақстанның азаматының сайлауға қатысу құқығына талдау жасаңыз. Сайлау құқығы Сайлау және сайлану құқығы Қазақстан Республикасы азаматының ең басты саяси құқығы (ҚР Конституциясы. 33-бап). Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Сонымен қатар сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы. Әрбір мемлекет сайлауға азаматтардың басым көпшілігінің қатысуына жағдай туғызады. Сайлауға қатысу — азаматтардың бейкам бақылаушы емес, өз елі үшін жаны ауыратындығының көрсеткіші. Бейкамдык пен қатыспаушылық жағымсыз құбылыстарға жол ашады. Сайлаушылардың сайлауга келмеуі абсентеизм деп аталады. Қазақстан Республикасы сайлау құқығының қағидаттары дегеніміз сайлау құқығы нормалары мен институттары негізінде алынган жетекші ережелер мен талаптар. Бұл қағидаттарды сайлау процесінің барлық қатысушылары (сайлаушылар, сайлау комиссиясы, кандидаттар, т.б.) басшылыққа алуга тиіс. Бұл жетекші идеялар ҚР-ның Конституциясында бекітілген. Оларға: • жалпыға бірдей сайлау құқығы; • тең сайлау құқығы; • төте сайлау құкығы; • жанама сайлау құкығы; • жасырын дауыс беру кағидаттары жатады. Аталған кағидаттарды толығырақ қарастырайық. Жалпыга бірдей сайлау құқығы — республиканың он сегіз жасқа толған азаматтары тегіне, әлеуметтік, лауазымының және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарына қарамастан сайлауға дауыс беруге қатысуға, Президент, Парламент немесе мәслихат депутаты, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі ретінде сайлануға құқылы дегенді білдіреді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының екі түрі ерекшеленген: • белсенді сайлау құқығы — бұл он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматының сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы; • бәсең сайлау құқығы — Қазақстан Республикасы азаматтарының ҚР-ның Президенті, Парламенті, мәслихат депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құкығы. Бәсең сайлау кұқығы белгілі бір құқықтық шектеулермен байланысты туындайды. ҚР-ның Президентігіне кандидат тумысынан республика азаматы болуы, 40 жасқа толуы, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын республика азаматы болуы тиіс. Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаты Конституцияда көрсетілгендей 30 және 25 жасқа толуы тиіс. Дегенмен Конституцияда бірқатар шектеулер де қарастырылған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабына сәйкес: сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. Бұл өзінің жүйке ауруы мен акыл-есінің кемдігіне байланысты, өзінің азаматтық кұкықтарын толық жүзеге асыра алмайтын немесе азаматтық міндеттерін атқара алмайтын азаматтардың сайлау құқығы шектеледі дегенді білдіреді. Сонымен қатар сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға кұкығы жок. Тұтқындау орындарында отырған тұлғаларға, егер соттың айыптау үкімі шығарылмаса сайлау құкығында шектеуге жол берілмейді. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңда тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында сайлау учаскелерін құру, аталған орындарда отырған адамдардың тізімін жасау тәртібі бекітілген. Теңсайлау құқығы — сайлаушылар сайлауға тең негізде қатысады дегенді білдіреді. Өрі олардың өркайсысының бір сайлау бюллетеніне сай дауысы болады. Сайлау бюллетені тұлғаның жеке басын куәландыратын кұжаттары, төл құжаты арқылы беріледі. Кандидаттар өзінің сайлау құкығын жүзеге асыруда тең күкыктар иеленеді.

Тең сайлау құқығы: • Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына олардың тұратын мекен-жайы орнына қатыссыз, соның ішінде елімізден тысқары жердегілерге; • сайлаушылардың саны, шамамен бірдей сайлау округтерін құру арқылы; • сайлауімимы сайлау учаскесіндегі бір гшш сайлаушылар тізіміне қосу арқылы; • тең сайлау құқығы талаптарын екі немесе одан да коп рет, тіпті басқа сайлаушы үшін де дауыс беру арқылы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік тағайындау арқылы қамтамасыз етіледі. Жанама сайлау құқығы—Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар мәслихат депутаты болып табылатын республика азаматы қатысады дегенді білдіреді. Аталған сайлауда халықтың еркіндігі жанама жолмен тікелей сайлау құқығы арқылы сайланған мәслихат депутаттарының, яғни таңдаушылардың дауыс беруі арқылы көрініс табады. Әрбір таңдаушы бір дауысқа ие болады.Жасырын дауыс беру — сайлауда сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да бір бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмейді. Жасырын дауыс беру:• әрбір сайлаушының жеке өзі дауыс беруі, дауыс беру құқығын басқа тұлғаға беруге жол бермеу арқылы; • басқа тұлға үшін дауыс беруге жол бермеу; • дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушыларға сайлаушылар тізімдері арқылы сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]