- •1. Саясат қоғамдық құбылыс ретіндегі теориялық-әдістемелік негізін анықтаныз.
- •2 Саясаттанудың әдістері мен функцияларын сипаттап, қоғамда алатын рөлі мен мәнін анықтаныз
- •3. Саясаттанудағы негізгі парадигмаларына сипаттама беріңіз
- •4. Саясаттың құрылымы мен элементтерін анықтап өтіңіз
- •7.Демократия мен тоталитаризмнің арасындағы өзара байланыс пен ерекшелікті анықтап беріңіз
- •17 Мемлекеттік билік пен саяси билік арасындағы өзара байланысы мен ерекшеліктерін атаңыз
- •18 Саяси жүйе мен саяси режимнің өзара байланысы мен ерекшелігін анықтап кетіңіз
- •19 Саяси даму мен саяси прогрес арасындағы айырмашылықты анықтап өтіңіз
- •20 Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •21 Мемлекеттік құрылыс пен басқарудың түрлерін анықтап кетіңіз
- •22 Құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің негізгі құндылықтары мен принциптерін негіздеп өтіңіз
- •25 Саяси партияның саяси билік механизміндегі рөлін анықтаңыз
- •27 Саяси социализацияның негізгі анықтамасы мен кезеңдерін сипаттаңыз
- •28 Саяси идеологияның теориялық-әдістемелік негіздерін анықтап кетіңіз
- •29 Саяси мәдениет қоғамдық-тарихи негіздің құрамды бөлігі ретінде
- •31.Келешектегі Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыттарын сипаттап өтіңіз
- •32. Қазақстан Республикасындағы ұлттық саясаттың басты мәселелерін сипаттаңыз
- •33. Коммунистік және социалистік идеологияның өзара байланысы мен ерекшеліктерін бағалаңыз
- •34. Қазақстан Республикасындағы саяси-биліктік қатынастардың жай-күйі
- •37.Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекеттің алғы шарттарын көрсетіңіз.
- •40. Қазақстан 2050 стратегиясының негізгі басым бағыттарын талдаңыз.
- •41. Н. Макиавелли «Патша» еңбегінің негізгі идеясына талдау жүргізіңіз.
- •43.Қазақстанның қазіргі тарихындағы биліктік жүйесіне анықтама беріңіз
- •44.Сіздің мамандықтарыңызда саясаттау пәнін оқытыудағы тәрбиелік сипатын анықтаңыз.
- •45.Ғаламдық мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдардың рөлін анықтаңыз.
- •46 Ұлтаралық проблемалардың пайда болу себептері мен шешу жолдарын анықтаңыз.
- •48 Қазақстандықтардың саяси белсенділігіне септігін тигізетін факторларды атап өтіңіз.
- •51 Фашистік идеологияның «өміршеңдігіне» баға беріңіз.
- •52 Қазақстанға қажет идеологияны анықтап, оны негіздеп өтіңіз.
- •59 Лидер мен манипулятордың айырмашылықтарын анықтап, түсіндіріп кетіңіз
- •1. Саясат қоғамдық құбылыс ретіндегі теориялық-әдістемелік негізін анықтаныз.
44.Сіздің мамандықтарыңызда саясаттау пәнін оқытыудағы тәрбиелік сипатын анықтаңыз.
Барлық уақытта, әсіресе бүгінгі күні саясаттың маңызы артып отыр, себебі саясат барлық уақытта жеке адамдардың, тіпті бүкіл халықтардың өміріне, тағдырына шешуші ықпал етеді. Антикалық заманның ұлы ойшылы – Аристотель б.з.д. V ғасырда-ақ айтқандай, саясат – адамның табиғатынан туындайды, себебі адам — әлеуметтік жәндік, ол тек қана ұжымда, қоғамда, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы ғана толыққанды өмір сүре алады.
Саяси білім мен мәдениет бүгінгі күні кәсібіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әрбір адамға керек, себебі ол қоғамда өмір сүріп, тіршілік етіп басқа адамдармен және мемлекетпен міндетті түрде бірлесіп әрекет етеді. Ал саяси білімі мен мәдениеті жоқ адам саяси істерде амал-айла, қулықтың арбауына түсіп, оны саяси белсенді күштер өз мақсаттарында пайдаланып кетуі мүмкін. Адамдардың көпшілігінің саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет. Саяси сауаттылық қоғамды бір адамның дара әкімшілігіне негізделген үкімет жүйесінен, деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырудың экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады. Сондықтан мемлекетте адамдардың өркениетті өмір сүруіне тек жеке адам ғана емес, бүкіл қоғам мүдделі, өркениетті өмір сүру өнері ретіндегі саяси мәдениетті саналы түрде қалыптастыру қазіргі заманғы қоғамның міндеті, оның дұрыс дамуының маңызды шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасы – қоғамдық өмірдің барлық салаларында сапалық түбегейлі өзгерістерді басынан кешіп отырған мемлекеттердің бірі болып табылады. Қазақстандағы саяси және қоғамдық қайта құрулардың табыстарға жету шарттарының бірі – азаматтардың саяси ғылым мен демократиялық мәдениет негіздерін меңгеруі болып табылады. Кез келген әлеуметік өзгерістердің, ең алдымен, адамдардың сана-сезімінде басталатыны белгілі. Демократиялық құрылыс тұрғындардың саяси мәдениетінсіз қалыптаса алмайды. Демократия – халық билігі, осы халық жеке адамнан басталады, демократия адамды биліктің көзі етіп, оны өз елінің тағдырын жасаушы, халықаралық саясатты жасаушы етеді. Демократиялық мемлекет жағдайында әрбір адам саяси шешім қабылдауға нақты әсер етпегенмен, мемлекеттік саясатта тұрғындардың түрлі топтарының мақсат-мүдделелінің ескерілуі, басқарушы элитаның құзіреттілгі мен жауапкершілігі адамдардың көпшілігінің саналы түрдегі таңдауы мен белсенділігіне байланысты болады.
Экономиканы әміршіл-әкімшіл әдістер арқылы басқарудан нарықтық шаруашылыққа көшу, тоталитарлық саяси жүйеден құқықтық мемлекетке, демократиялық жүйеге, азаматтық қоғамға көшу тұрғындардың саяси мәдениетінде түбірлі өзгерістерді талап етеді, нарықтық экономика мен плюралистік демократияға сәйкес бұқаралық менталитетті қалыптастыруды талап етеді. Демократиялық саяси білім – бұл процестердің тез жүзеге асуына септігін тигізеді. Саяси білім беру – қазіргі заманғы жеке адамның әлеуметтенуі мен саяси мәдениетін қалыптастырудың, демократиялық құндылықтарға жақындастырудың әдісі болып табылады.
