Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
POLIT_WWPORY.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
185.18 Кб
Скачать

40. Қазақстан 2050 стратегиясының негізгі басым бағыттарын талдаңыз.

Стратегияның басты мақсаты Қазақстан– 2050 жылға дейін мықты мемлекет негізінде экономикасы дамыған берекелі ортаны қалыптастырып, жалпыға ортақ еңбекпен қамту. Осыған байланысты Жолдаудың басым бағыттары мен негізгі ерекшеліктеріне тоқталып өтсем: 1.Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – бұл бәсекеге қабілеттілік пен инвестиция қайтарымының экономикалық кіріс қағидасына негізделген прагматизмі. Барлық шешімдер экономикалық мақсатта және ұзақмерзімді мүдделі тұрғыда қабылдануы керек. Ол үшін еліміздің тең дәрежелі бизнес-серіктес ретінде қатыса алатын орындарды, яғни экономикалық даму нүктелерін анықтап, жаңа нарықтық бағыттарды айқындап алған жөн. Макроэкономикалық саясатты жаңғыртуға жаңа бюджеттік саясаттың қағидалары – бюджеттің жетіспеуін қысқарту және өз мүмкіндігі жеткенше жұмсау; тиімді әрі тексерілген бюджеттік-қаржылық үдеріс; мемлекеттік бюджет инвестициясын өнімді, ұзақ мерзімді және болашағы бар жалпы ұлттық жобаларға бағыттау. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, салық саясатында күшін жоймаған салықтық жеңілдіктерге тексеру жүргізу керек; әкімшілік басқаруды қалыптастыру; салықтық есепті азайту мен жеңілдету; электронды есеп беру жүйесіне толықтай ауысу; қаражатын білім мен медициналық сақтандыруға жұмсап жатқан азаматтар мен компанияларды салықтан босату жөніндегі тәжірибені енгізу. Салықтық саясатты - жаңа технологияларды шығарумен айналысып жатқан нысандарға қолайлы салықтық тәртіп қалыптастырып, салықтық есеп беруді жеңілдетуге бағыттау.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясын мемлекетіміздің Мәңгілік ел болу жолындағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісіне теңей отырып, бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана біздің аспан астында адамзат баласы қанша жасаса, сонша ғұмыр кешетін ұлы ел бола алатынымызды атап өтті. Алдыңғы толқын – аға буынға, ор­таң­ғы буын – отандастарға, кейінгі толқын – жастарға айтылған қуатты үн­деу кім-кімді де тебірентпей қоймайды, әркім­ді Қазақстанның алтын ғасырында ұлы тарихтың иесі атанып, ұлы істерді өз қол­дарымен жасауға жігерлендіреді.

Бүгінгі күн кешегі күннің шәкірті. Халқымыз сан ғасырлық тарихында бас­тан өткерген қиындықтардан ой түйе отырып, ондай сәттерді кейінгі ұрпақтың көрмеуі үшін еңбек ету – біздің негізгі мақсатымыз, тиісінше, ерен еңбек арқылы жеткен жетістіктерімізден пайым жасай отырып, болашақ қазақстандықтар одан биік белестерді бағындыруына жол салу біздің басты мұратымыз болуы тиіс

41. Н. Макиавелли «Патша» еңбегінің негізгі идеясына талдау жүргізіңіз.

Никола Макиавелли (1469-1527). Атақты шығармалары: «Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар», «Флоренция тарихы». Макиавелли алғаш саясатты адамгершілік принциптерден бөліп қарады. «Мақсат - әдіс-тәсілді ақтайды». Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Билеуші арыстандай күшті және түлкідей қу болуы тиіс. Макиавеллидің ойынша, әлемде теңдей дәрежеде қайырымдылық пен жауыздық, әділдік пен зұлымдық бар, бірақ олар бір елден бір елге жылжи отырып, өздерінің географиялық бағытын өзгертуі мүмкін.

Макиавелли — үкіметтің қол астындағы азаматтарға әмір бере білуінің шынайы қабілеттеріне басты назар аударады. "Әмірші" кітабында және басқа да шығармаларында италиялық және басқа да мемлекеттердің тарихы мен сол заманғы тәжірибесі мысалында адамдар мен әлеуметтік топтардың құштарлықтары мен ұмтылыстары туралы тұжырымдарына негізделген бірқатар ережелер, тәжірибелік ұсынымдар бар. Макиавелли мемлекет мұраты мен оның беріктігінің негізін — жеке тұлғаның қауіпсіздігі мен меншіктерінің мызғымастығы деп санады. Жекеменшіктің мызғымастығын, сол сияқты жеке тұлғаның қауіпсіздігін Макиавелли бостандықтың игілігі деп атады, мемлекеттің мұраты мен оның беріктігінің негізі деп есептеді. Оның ілімі бойынша, бостандық игілігі республикада неғұрлым жақсы қамтамасыз етіледі. Макиавеллидің мемлекеттің пайда болуы және басқару нысандарының иірімдері туралы идеяларын қайта жаңғыртады; антикалық авторлардың ізімен аралас (монархиядан, аристократиядан және демократиядан тұратын) нысанды дұрыс біледі.

Макиавелли ілімінің ерекшелігі оның аралас республиканы күресуші әлеуметтік топтардың ұмтылыстары мен мүдделері келісімінің нәтижесі және құралы деп есептеуінде.

Макиавелли халықтың бұзылғандығы туралы тарихшылардың ортақ пікірін жоққа шығаруға тырысты. Бұқара халық өміршілерден гөрі тұрақтырақ, адал, дана және пайымдағыш. Егерде жеке билеуші өмірші заңды дұрыс құрса, жаңа құрылыстар мен жаңа мекемелерді қуратын болса, халық сол құрылған құрылысты сақтайды. Халық жалпы мәселелерде көп қателессе де, жеке мәселелерде өте сирек қателеседі. Ақсүйектердің халықтан айырмашылығы бар, оны Макиавелли мемлекеттің болмауы мүмкін емес және қажет бөлігі деп санады. Аристократтар қатарынан көптеген мемлекеттік қайраткерлер, лауазымды адамдар, әскери басшылар шығады.

Ерікті мемлекет халық пен ақсүйектердің ымыраласуына негізделуге тиіс; "аралас республиканың" мәні де осында — мемлекеттік органдар жүйесі аристократиялық және демократиялық мекемелерді қамтиды, олардың әрқайсысы халықтың тиісті бөлігінің мүдделерін таныта және қорғай отырып, сол мүдделерге басқа бөлігінің қол сұғуын тежеді.

Макиавелли саясаттың маңызды күралы деп дінді санады. Макиавелли :

"дін — адамдардың ақыл-ойы мен парасатына ықпал етудің күшті құралы",

— деп тұжырымдады. Осы себептен мемлекеттердің негізін қалаушылар мен данышпан, заң шығарушылардың барлығы құдайдың өміріне жүгінген. Жақсы дін бар жерде әскер құру да оңай. Мемлекет дінді қол астындағы азаматтарды басқару үшін пайдалануға тиіс.

Макиавелли шығармалары әлеуметтік ойлардың кейінгі дамуына орасан зор ықпал етті.[

42.Харизмасы бар лидерлерге имиджмейкерлердің қажеттілігі мен маңыздылығын анықтаңы Харизма (гр.сөзі charisma — құдай берген қабілет) — билік функциясын орындау үшін оны иеленуші субъектінің бойындағы ерекше икемділіктің, қабілеттің бар болуы. Харизма — бұқаралық сананың құбылысы. Бұқара халық қана лидерде харизматикалық қасиеттердің бар екенін танып, оны билік тұғырына көтереді, оған табынады әрі бағынады. Алайда биліктің бұл көзі мәңгілік емес. Уақыт өте келе билік құрушы субъектінің харизмасы көмескілене бастайды, бірақ идеологиялық көтермелеу арқылы оны ұзартуға болады.

 Билік құру үшін белгілі бір саясатты жасақтау және оның жүзеге асуына қол жеткізу қажет. Билік құру тетігінің өзі осы саясатты жүзеге асыруға қызмет етеді. Саясат билікке келу, билікті нығайту және билік функцияларын атқару үшін қажет. Сондықтан саясатты биліктің негізі, басты көзі және іргелі ресурсы деп есептеуге болады. Алайда, билік құрушы субъектінің өзі билік құру процесінде саясатты үздіксіз жа- сап отырады, оны реттейді, нақтылайды, тіпті қажет болған жағдайда өзгертіп те жібереді. Ол саясатты қалыптас- тырады және оны жетілдіре отырып, өз ресурстарын жасақтайды. Бұл билік пен саясаттың өзара байланысының өте терең екендігін көрсетеді Билік пен саясаттың осы өзара қатынасының маңыздылығы мен қажеттілігін түсіну үшін саясат ұғымына тағы да назар аудару қажет. Осы ретте саясат ең алдымен, адамдар қауымдастығы мен қоғамға ұйымдастырушылық, реттеушілік, бақылаушылық әсерін тигізетін әлеуметтік өмірдің ерекше, маңызды саласы.

Билік агрессивтілігі сонымен қатар әр түрлі билік құрушы субъектілер арасындағы көлбеу және тік биліктің орталықсыздандыру жолымен де алынып тасталынады. Билікті бір-бірін өзара бақылайтын әрқилы тармақтарға бөлу, биліктік шешімдерді бірігіп қабылдау, билікті биліктігінің төменгі сатыларына беру, биліктің әсер ету өкілеттіктерін, кеңістігін шектеу, биліктің басынушылығынан қорғайтын әр түрлі тетіктерді практикаға енгізу, билеуші мен бағынушы арасындағы кері байланысты қалыптастыру және осы байла- ныстың мәнін көтеру — қоғамның биліктік басынушылықпен күресінің түрлері мен әдістері болып табылады. Биліктің әмбебаптылығы оның қоғамдық өмірдің барлық салалары мен құрылымдарында, атап айтқаңда: экономикалық, әлеуметтік, әскери салаларда, күнделікті тұрмыста, саясатта, тұрақты және уақытша ассоциаңияларда, ресми немесе бейресми ұйымдарда, топтар арасында және жеке адамдар арасындағы кдтынастарда қызмет етуінен көрінеді. Билік барлық жерде әрқашан болады және өзіне тән функңияларды орындай отырып, әр түрлі сфералар мен құрылымдардағы билік шешімдерінің мазмұны мен билік өкілеттіктерін жүзеге асыратын құралдар мен әдістер арқылы бір-бірінен ерекшеленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]