Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
POLIT_WWPORY.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
185.18 Кб
Скачать

37.Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекеттің алғы шарттарын көрсетіңіз.

Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады. Құқықтық мемлекеттің негізгі құндылығы халық болып табылады. Сол үшін оның барлық аясында қоғамның құқығы жоғары орында тұру керек. Бұл әрбір құқықты мемлекеттің басты, келелі принципі болып табылады. Яғни құқық әрбір елдің Конституциясы – негізгі заңында бекітіліп, басқа да заңдары мен жарлықтарына нұсқа болу керек. Мысалы ҚР Конституциясында « Қазақстан Республикасы – демократиялық, зиялы, және біртұтас мемлекет. өзін-өзі билейтін қазақ ұлты мемлекеттілігінің түрі ретінде Қазақстан Республикасы өзінің барлық азаматтарының құқық теңдігін қамтамасыз етеді» делінген.

Қазіргі Қазақстан жағдайында әлеуметік құқықтық мемлекетті қалыптастыру мен азаматтық қоғам талаптарын қабылдау процестері қатар жүріп отыр. Сондықтан 2006 жылдың 25 масымында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасының және 2011-2020 жылдарға арналған құқықтық саясатты дамыту тұжырымдаманың бекітілуі бұл бағдарды ілгерітушілік болып табылады[3] . Бұл құжат билік органдарының белсенділігімен бекітілді, өйткені қазіргі күннің өзінде қоғам азаматтарының енжарлығы анық байқалады. Тәуелсіз даму жылдарында Қазақстанда жаңа саяси-құқықтық режим қалыптасып қана қойған жоқ, сондай-ақ босап қалған әлеуметтік кеңістікте көптеген ұйымдар мен ассоциациялар құрылды. Бірақ, демократиялық қоғамға тән азаматтық қатынастар жүйесі қалыптасты деуге әлі де ерте. Қазақстан азаматтық қоғамының көптеген құрылымдарының тәуелсіздігі сөз жүзінде қалып отыр, өйткені идеологиялық, материалдық, ұйымдастырушылық тұрғыдан әлі де билікке тәуелді. Бұл азаматтық қоғам институттарының іс әрекетін қамтамасыз етуші нормативті негіздің әлсіздігімен байланысты. Демократиялық институттарды қалыптастыруды халықтың әлеуметтік қабылдауы әрдайым артта қалып отыр. Саяси реформалар жылдарында еліміз демократия институттарының формалды негіздерін қалыптастыра алды, бірақ оларды шынайы мазмұнмен толықтыру үшін, жаңа азаматтық, саяси-құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін уақыт керек секілді. Қазақстандық қоғам демократиялық өзгерістерді жеткіліксіз құрылмаған, субъективті тасымалдаушысы жоқ жаңадан қалыптасқан саяси ағымдармен бастады. Әлеуметтік және саяси мүдделер нақтыланған жоқ, әр түрлі топтар мен қабаттардың талаптарын білдіретін тетіктер болмады. Азаматтардың аздаған ерікті ассоциациялары мен одақтары әлеуметтік жатсынуды, халықтың маргиналдылығын және кедейлікті, әлеуметтік бейтараптылықты жеңуге мүмкіндігі болмады. Азаматтық қоғам институттары халық пен саяси жүйе арасын байланыстыра алмады, олар мемлекетпен ара-қатынаста, саяси шешімдерді қабылдауда, түрлі әлеуметтік салалардағы заңдар, саяси бағдарлар мен технологияларды жасауда серіктестік қызметін атқара алмады. Сонымен бірге, ең басты мәселенің бірі азаматтық қоғам субъектісінің, яғни белсенді, өзінің азаматтық, саяси, әлеуметтік құқығын білетін, өз мүдделерін конституциялық-құқықтық негізде қорғай алатын азаматтың қалыптаспауы. Мұндай жағдайда қоғамның әлеуметтік, саяси, құқықтық және басқа салаларында мемлекет шешуші рөл атқарады. Сондай-ақ, мемлекттік саясаттың маңызды басымдығы елді демократияландыру барысында халықтың азаматтық белсенділігінің өсуі үшін, азаматтық қоғамның құқықтық және әлеуметтік-мәдени алғышарттары қалыптасуы үшін негізгі шарты ретінде қалып отыр.

38.Қазақстанға тән саяси идеологияға баға беріңіз.Менің ойымша, қазақстандықтарға «мемлекеттік идеология» керек. Себебі, қоғамдық дамудың өзгерісті кезеңдерінде «мем-к идеологияның» халық бұқарасын орасан зор жұмылдырушы фактор екендігін тарих әлденеше рет дәлелдеп берді. Мыс, орыс жерін біріктіруде, ұлттық тәуелсіздікті бекітуде ортағасырлардағы саясатшылар жасаған 3 формуласы игі қызмет атқарды. Тіпті Сталиннің «Біздің советтік отанымыз үшін», «Отан-ана шақырады» сияқты ұлттық-патриоттық ұрандарды және басқа да мем-к идеологияны пайд-а отырып, совет азаматтарын фашистерге қарсы жұмылдыра білді. Ал Қазақстандықтар үшін нег. мем-к идеологиялар, меніңше, атамекеннің тұтастығы жөн-гі қамқорлық, отанға деген сүйіспеншілік, мем-к рәміздерді қадірлеу,адам құқығы мен бостандығы саласындағы халықаралық стандартты сақтау, конституция мен мем.заңдарға кайшы келмейтін саяси, қоғ-қ, діни партиялардың бағдарламасына құрметпен қарау т.б. Біздің еліміздің Конституциясы бойын­ша идеологиялық және саяси әралуандылық танылады. Тәуелсіздік алған күннен бастап-ақ ұлттық идея мен идеология назардан тыс қалған емес. Елбасы Н.Назарбаев 1993 жыл­ғы қазан айындағы “Қазақстанның бола­шағы – қоғамның идеялық бірлігінде” деген еңбегінде идеология керек пе, керек емес пе деген мә­се­леде “қазіргі заманғы үлгідегі қоғам идео­логиялық деп айқын­дайтын жүйе болмайынша өмір сүре алмай­тындығын” айта отырып, идеологияның біз­дің еліміз үшін қажетті құрал екендігін баса көрсетті. Қазақ халқының саяси тарихы саяси өмірді реформалауға бағытталған ой-пікірлерге кенде емес. Саяси шешімдерге тірек болған, тағдырлық мазмұндағы құжаттар қатарына көне дәуірдегі күлтегін жазуларын, орта ғасырлар кезеңіндегі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» заңдар жинағын жатқызуға болады. Қазақ халқының саяси өмірде бұл құжаттардың қолданылуы рулық-тайпалық ала-ауыздықты тыйды, қазақ мемлекеттілігін күшейтті, елдің саяси тұрақтылығымен біртұтастығын нығайтты. Ал Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң егемен ел болған Қазақстан халқын жаңа жасампаздық істерге бастаған, азаматтардың зор құлшынысын тудырған саяси маңыздағы құжат «Қазақстан 2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 1997 жылы жасаған Жолдауы болды «Қазақстан 2030» Жолдауында Президент Қазақстанның алдындағы 7 басымдылықты атап көрсетті. Солардың қатарындағы 1,2,4, және 7-ші басымдылықтардың іске асуы елдегі саяси партиялардың да ат салысып, араласуына қатысты болды. Қазақстандағы саяси партиялар «Қазақстан 2030» стратегиясындағы ұлттық қауіпсіздік мәселесін қуаттады. «Аумақтың тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету»/2/ мәселесі әрбір саяси партия үшін маңызды міндеттер қатарында болды. Сонымен қатар өздерінің саяси мақсаттарының әр түрлілігіне қарамастан елдің саяси партиялары «ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын жақтады. Қазақстанға бүгін және алдағы орнаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси  тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру» /3/  мәселесі маңызды болды. Қазақстан саяси партиялары түгелдей дерлік Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімін және материалдық әл-ауқатын көтеруді жақтады. Саяси партияларды біріктіретін келегі мәселелердің бірі-экологиялық ахуалды жақсарту болды. Қазақстандағы саяси партиялар ұзақ мерзімді басымдылықтар қатарына мемлекетілікті күшейтуді де жатқызады. «Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлерінің ықпалы жене осы заманғы корпусын жасақтау» /4/ мәселесі де елдегі саяси партиялардың ортақ мақсаттары деп атауға болады.  Мемлекет саяси партиялар қызметіне ерекше мән береді. Демократиялық қоғамның қалыптасуының міндетті сегменті  ретінде көппартиялық  дамытылды. Бірақта Қазақстан олардың қызметіндегі қоғамдық келісімге және  этникалық татулыққа жат пиғылдардың бірден жолын кесті. Мемлекеттік саяси тұрақтылық саясаты шеңберінде қызмет ететін саяси партиялар ғана ресми танылды. 39.Қазіргі Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басым бағыттарын анықтаңыз.

Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтары:

1) XXI ғ.ығытына қарсы тұруға қабілеті, әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы саясат.

2) Ресей, Қытай, АҚШ, ЕуроОдақпен ынтымақтастықты өзара іс қимылға зор маңыз бөлінеді.

3) Қаз-ң қауіпсіздігін ынтымақтастық ету және ел ішіндегі реформаға қолайлы жағдай жасау ҚР-ң сыртқы саясатының негізгі бөлігі б.т. Ұлттық қауіпсіздік деген категория көптеген мәселелерді қамтиды. Ол территориялық тұтастық, дербес саясат, сонымен қатар ақпараттық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, идеологиялық қауіпсіздік. Сыртқы саясаттың негізгі мәселесінің бірі-шекараны делимитациялау мәселесі. 2005 ж.президентіміз Қаз мен Ресей арасындағы делимитациялау туралы шартын бекітті. Ресей мен Қаз заң жүзінде рәсімделген мемлекеттік шекараға ие болды. ҚР-ң 2000 ж.бастап 14000 км-ден асатын шекараны толығымен белгіледі. ҚР Шанхай ынтымақтастық ұйымына, ТМД ұйымына ерекше мән береді. ҚР БҰҰ-да тең құқылы субъект ретінде өз орнын тапты. Сондықтан ОБСЕ-де Р төрағалық етуге 2010 ж.ұмтылуда. ҚР сыртқы саясатының негізгі мәселесінің бірі аймақтық тұрақсыздық, сонымен байланысты діни экстремизм мәселесі. Отыр деп толық сезіммен айта аламыз.

Сыртқы саясат - мемлекеттің жалпы саяси жүйесін халықаралық дәрежеде ең алдымен өз мүддесін қорғау үшін жүргізген жұмысы, басқа елдермен, ұлттармен қарым – қатынас орнату.

Оларға мыналарды жатқызуға болады:

- достық қарым – қатынас орнату.

- сауда қарым – қатынастарын орнату.

- экономикалық қарым – қатынастарды орнату.

- әскери қарым – қатынас орнату.

Қазақстанның сыртқы саясаты

Халыкаралық байланысты жүзеге асыруда Қазақстанның сыртқы саясаты дүние жүзінде қалыптасқан жағдайға байланысты көпбағыттылығын ескеру принципінен шығуы керек. Дүние жүзіндегі саяси және экономикалық үдерістердің ғаламдық сипаты жағдайында, жекелеген елдер қауіпсіздігіне кепілдік ұжымдық күш-жігермен ғана қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы өзімен шекаралас елдердің бәрімен сенімге негізделген тату көршілік қатынас орнатуға тырысады. Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстан қауіпсіздік жүйесін құруға арналған және халықаралық ынтымақтастықтың барлық деңгейіндегі қарусыздану ісіне міндетті түрде қатысады. Оның бірнеше деңгейі бар: Қазақстанның ТМД-дағы халықаралық кауіпсіздік және қарусыздану саласындағы ықпалдастық саясаты; Қазақстанның Азияда бейбітшілікті және тұрақтылықты қолдау туралы ұйым құру ұсынысы; Қазақстан халықаралық БҰҰ, ЕҚЫҰ және т.б. ұйымдарға қатысып, қарусыздану және бейбітшілікті қолдау саясатын жүзеге асырады. Қауіпсіздікке кепілдік алуға қол жеткізу үшін Қазақстан бірқатар сыртқы саясат әрекеттерін қарастырды. 1992 жылы Ташкентте Қазакстанның, Қырғызстан, Тәжікстан, Белоруссия, Армения, Әзірбайжан, Грузия мен Өзбекстанның басшылары бас қосып, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісімге кол қойды. Мемлекет басшылары және ТМД Біріккен Қарулы күш Бас қолбасшыларынан тұратын Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі құрылды. 1995 жылы үш республика — Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан басшылары БҰҰ Бас хатшысына БҰҰ қарамағындн Біріккен орта азиялық бейбітшілік сақтау батальонын (ОртАзБат) құру туралы ұсыныс енгізді. 1996 жылы бес мемлекет — Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскери салада және шекаралық аудандарда сенім шараларын нығайту туралы Келісімге қол қойды. 1997 жылы шекаралық аудандардағы қарулы күштерді келісімді қысқарту туралы Келісімге қол қойылды. Бұл келісімдер Қытаймен шекара жөніндегі дауды реттеуге негіз болды. 2001 жылғы көктемде бұл Келісімге Өзбекстан қосылып, Шанхай бестігі Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) болып құрылды. Республика ішінде жүргізіліп жатқан реформаларды қамтамасыз ету жөнінде де бірқатар міндеттердің бар екені белгілі. Оларды атап айтсақ:

• Қазақстан экономикасы үшін дамыған мемлекеттер және жекелеген қаржы ұйымдары тарапынан қаржы салымын тарту;

• экономикалық міндеттер, экологиялық мәселелер, дүниежүзілік коммуникацияға шығу үшін қаржы тарту және практикалық көмек көрсету;

• әр түрлі мәселелер бойынша халықаралық ақпараттармен алмасуға қатысу;

• Қазақстандық экономиканың, ғылым мен басқарудың әр түрлі салалары үшін шетелдерде мамандар даярлау бағдарламасын жүзеге асыру;

• шетелдердегі Қазақстан азаматтарының мүддесі мен құқықтарын қорғау;

• шетелдік серіктестермен еліміздің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту.

Қазақстанның сыртқы саясаты 1991 жылдан 2001 жылға дейінгі 10 жыл ішінде күрделі даму жолынан өтті. 1991—1993 жылдары Қазақстан халықаралык құқық субъектісі ретінде әлемдік коғамдастыққа ену шараларын жүзеге асырды, дүние жүзіндегі жетекші елдермен ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық базасын қалыптастырды. 1994—1997 жылдары сыртқы саясат қызметінде мықты құкықтық база құру жұмысы жалғастырылды, бірінші кезекке шет елдер стратегиялық ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету тетігін қалыптастыру міндеті шықты. 1997 жылдан бастап Қазақстанның сырткы саясатында үшінші даму кезеңі басталды, ол ел алдында жаңа ғаламдық жағдайлар тууымен сипатталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]