
- •1. Саясат қоғамдық құбылыс ретіндегі теориялық-әдістемелік негізін анықтаныз.
- •2 Саясаттанудың әдістері мен функцияларын сипаттап, қоғамда алатын рөлі мен мәнін анықтаныз
- •3. Саясаттанудағы негізгі парадигмаларына сипаттама беріңіз
- •4. Саясаттың құрылымы мен элементтерін анықтап өтіңіз
- •7.Демократия мен тоталитаризмнің арасындағы өзара байланыс пен ерекшелікті анықтап беріңіз
- •17 Мемлекеттік билік пен саяси билік арасындағы өзара байланысы мен ерекшеліктерін атаңыз
- •18 Саяси жүйе мен саяси режимнің өзара байланысы мен ерекшелігін анықтап кетіңіз
- •19 Саяси даму мен саяси прогрес арасындағы айырмашылықты анықтап өтіңіз
- •20 Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •21 Мемлекеттік құрылыс пен басқарудың түрлерін анықтап кетіңіз
- •22 Құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің негізгі құндылықтары мен принциптерін негіздеп өтіңіз
- •25 Саяси партияның саяси билік механизміндегі рөлін анықтаңыз
- •27 Саяси социализацияның негізгі анықтамасы мен кезеңдерін сипаттаңыз
- •28 Саяси идеологияның теориялық-әдістемелік негіздерін анықтап кетіңіз
- •29 Саяси мәдениет қоғамдық-тарихи негіздің құрамды бөлігі ретінде
- •31.Келешектегі Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыттарын сипаттап өтіңіз
- •32. Қазақстан Республикасындағы ұлттық саясаттың басты мәселелерін сипаттаңыз
- •33. Коммунистік және социалистік идеологияның өзара байланысы мен ерекшеліктерін бағалаңыз
- •34. Қазақстан Республикасындағы саяси-биліктік қатынастардың жай-күйі
- •37.Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекеттің алғы шарттарын көрсетіңіз.
- •40. Қазақстан 2050 стратегиясының негізгі басым бағыттарын талдаңыз.
- •41. Н. Макиавелли «Патша» еңбегінің негізгі идеясына талдау жүргізіңіз.
- •43.Қазақстанның қазіргі тарихындағы биліктік жүйесіне анықтама беріңіз
- •44.Сіздің мамандықтарыңызда саясаттау пәнін оқытыудағы тәрбиелік сипатын анықтаңыз.
- •45.Ғаламдық мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдардың рөлін анықтаңыз.
- •46 Ұлтаралық проблемалардың пайда болу себептері мен шешу жолдарын анықтаңыз.
- •48 Қазақстандықтардың саяси белсенділігіне септігін тигізетін факторларды атап өтіңіз.
- •51 Фашистік идеологияның «өміршеңдігіне» баға беріңіз.
- •52 Қазақстанға қажет идеологияны анықтап, оны негіздеп өтіңіз.
- •59 Лидер мен манипулятордың айырмашылықтарын анықтап, түсіндіріп кетіңіз
- •1. Саясат қоғамдық құбылыс ретіндегі теориялық-әдістемелік негізін анықтаныз.
32. Қазақстан Республикасындағы ұлттық саясаттың басты мәселелерін сипаттаңыз
бұл елімізді мекендеген барлық азаматтардың, олардың ұлттық, діни өзгешеліктеріне қарамастан, бірлікте, татулықта өмір сүріп, тәуелсіздікті сақтауға және нығайтуға, қоғамды демократияландыруға, әділеттілікті орнатуға үлес қосуын басты мұрат еткен негізгі құжат. «Қазақстан халқы ассамблеясы» әзірлеген, қоғамның басым бөлігі қабылдамаған «Ел бірлігі» доктринасымен қатар талқылауға ұсынылады.Ұлттық саясаттың басты ұстанымы - ұлттық құндылықтар негiзiнде Қазақ елiнiң экономикалық, саяси, рухани тәуелсiздiгiн, ел қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және жердiң бiртұтастығын мәңгi сақтауға, жер мен жер қойнауы байлығын (Ұлттық байлығын) тек халық игiлiгiне жұмсап, жұртының әлеуметтiк жағдайын үнемi жақсартып отыруға мемлекеттi мiндеттеу. Қазақстан Республикасы жалпыға бірдей ортақ территория, бір ғана азаматтық, жалпыға бірдей жоғары билік, жалпыға бірдей құқық жүйесі мен жалпыға бірдей бір ғана мемлекеттік тіл негізінде дамитын болады. Мемлекеттік тілді білу - әрбір азаматтың міндеті. Мемлекеттің басты міндеті азаматтарға мемлекеттік тілдің маңызын жан-жақты түсіндіре отырып, оның қоғамдық өмірдің барлық саласында қолданылуына қажеттілік тудыру.Осы ұстанымдарды іске асыру мақсатында алдағы жылдары мемлекет:ұлттық саясатты құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және білім беру, т.б. бағдарламаларымен тығыз байланыста кешенді түрде жүзеге асыруды;нәсіліне, этникалық тобына, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ әлеуметтік топтар мен қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігін қамтамасыз етуді.
33. Коммунистік және социалистік идеологияның өзара байланысы мен ерекшеліктерін бағалаңыз
Коммунизм - [латынша Communis - ортақ] - а) болашақтың қияли көрінісін; ә) кейбір саяси партиялар мен қозғалыстардың идеологиясын; б) ерекше өмір салтын білдіретін ұғым. Коммунизм қиял ретінде. Коммунизм бір уақытта өткенге де (алғашқы қауымдық коммунизм), болашаққа да қаратылатын ұғым, онда коммунизмге өткеннің ең жақсы белгілерін жинақтаған қоғам(таптардың, мемлекеттің, тауар-қаржылық қатынастардың, заңды неке институтының болмауы) және бүгінгі күннің жетістіктерін (адам бостандығы, экономикалық игіліктер, жоғары мәдениет) жиынтықтап қарау тән. Коммунистік қиял үшін оның ғаламдық сипаты аса маңызды, яғни коммунистік құрылым бүкіл адамзаттың бірлігін қарастырады.
Әдетте "коммунизм" ұғымын Карл Маркс пен Фридрих Энгельс есімдерімен байланыстырады, олардың ізбасарлары - XIX ғасыр утопистерінің көзқарастарын "коммунистік" деп атады. Осы тұрғыда жаңа қоғамдық құрылым "үйлесімнің" ғаламдық сипатына баса мән берілетін Шарль Фурьенің еңбектері ерекше қызығушылық тудырады. Өткеннің қияли коммунизмі мен Маркстің ғылыми коммунизмінің негізгі айырмашылығы - қиялға берілген сипаттамаларда емес, Маркстің коммунизмге барар жол ретінде Пролетарлық төңкерістің теориясын жасауында.
Марксизмде коммунизм - коммунистік қоғам дамуының екінші (социализмнен кейінгі) кезеңі. Социалистік қоғам әлі капитализмге тән бірқатар белгілерді сақтайды (мысалы, таптық айырмашылықтар, тауарлық өндіріс, мемлекет және оның зорлау аппараты және т.б.). Коммунистік қоғамда таптық айырмашылықтар, тауарлық өндіріс, мемлекет және оның зорлау аппараты жоқ, ол "әркімнің қабілетіне қарай, әркімнің қажеттілігіне орай" қағидатына негізделген. Алайда, Маркстан да, Энгельстен де, Лениннен де болашақ қоғамның нақтылы сипаттамаларын табу мүмкін емес. Дегенмен де кейбір марксистер (Август Бебель) тұрмысты қайта құруға баса мән бере отырып (коммунизмнің басты тұрақты белгілерінің бірі үй жұмысын механикаландырып, ортақтастыру болып табылады), осы тақырыпқа бас қатырды.
Кеңестік қоғамтанушылар социализмнен коммунизмге өтудің аса күрделі теориясын ойластырды. Жарқын қияли суреттемелер құпталмады, XXII съезде КОКП бағдарламасында қазіргі ұрпақ өмірінде коммунизмге өту алдында социализм құру жөнінде шешім қабылдаған бірден-бір ресми талпыныс жасалды. Бағдарламада коммунизмге өтудің жаңа теориялық тәсілдері көрсетілмеді, дегенмен оның нақтылы белгілерін атап өтті: ақысыз коммуналдық қызмет, ақысыз көлік тасымалы, ақы¬сыз қоғамдық тамақтандыру және т.б. Алайда [Никита Сергеевич Хрущев|Никита Сергеевич Хрущевті] биліктен аластатқаннан кейін бұл бағдарлама тежеліп қалды. "Дамыған социализм" тұжырымдамасы пайда болды, ал коммунизмге өту белгісіз уақытқа шегерілді. Дегенмен, 1960-шы жылдардан бастап, [КСРО|КСРО-да] болашақ коммунистік қоғамды сипаттаған, "ғылыми фантастикаға" жатқызылған әдебиеттер көбейді. Мысалы, Иван Ефремовтің "Туманность Андромеды" романында (1957) мемлекет те, неке де жоқ коммунистік қоғам жайлы сыр шертіледі.
Коммунистік идеология XX ғасыр Бүкіл әлемдегі коммунистік партиялардың қызметінің негізіне айналды. Коммунистік қиялдың нақтылы белгілеріне аса көңіл бөлмей-ақ, компартиялар билікті басып алу мәселесіне және төңкерістік күрестің қозғаушы күштеріне бар назарларын тікті. Алдымен, олар пролетариаттың билікті қарулы күшпен басып алуына бағытгалды, кейіннен 1910 жылы соңында Еуропа елдеріндегі коммунистік төңкерістер жеңіліс тапқаннан соң, компартиялардың басым көпшілігі қарулы көтеріліс бағытынан бас тартып, күрестің заңды жолдарына (ол мүмкін болған кезде) көшті. II дүниежүзілік соғыстан кейін компартиялар заңды жолмен Шығыс Еуропада билік басына келді. 1950 жылы соңына дейін әлемдегі көпшілік компартиялар кеңестік құрылымды коммунистік қоғамның үлгісі ретінде қарады.