
- •1. Саясат қоғамдық құбылыс ретіндегі теориялық-әдістемелік негізін анықтаныз.
- •2 Саясаттанудың әдістері мен функцияларын сипаттап, қоғамда алатын рөлі мен мәнін анықтаныз
- •3. Саясаттанудағы негізгі парадигмаларына сипаттама беріңіз
- •4. Саясаттың құрылымы мен элементтерін анықтап өтіңіз
- •7.Демократия мен тоталитаризмнің арасындағы өзара байланыс пен ерекшелікті анықтап беріңіз
- •17 Мемлекеттік билік пен саяси билік арасындағы өзара байланысы мен ерекшеліктерін атаңыз
- •18 Саяси жүйе мен саяси режимнің өзара байланысы мен ерекшелігін анықтап кетіңіз
- •19 Саяси даму мен саяси прогрес арасындағы айырмашылықты анықтап өтіңіз
- •20 Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •21 Мемлекеттік құрылыс пен басқарудың түрлерін анықтап кетіңіз
- •22 Құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің негізгі құндылықтары мен принциптерін негіздеп өтіңіз
- •25 Саяси партияның саяси билік механизміндегі рөлін анықтаңыз
- •27 Саяси социализацияның негізгі анықтамасы мен кезеңдерін сипаттаңыз
- •28 Саяси идеологияның теориялық-әдістемелік негіздерін анықтап кетіңіз
- •29 Саяси мәдениет қоғамдық-тарихи негіздің құрамды бөлігі ретінде
- •31.Келешектегі Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыттарын сипаттап өтіңіз
- •32. Қазақстан Республикасындағы ұлттық саясаттың басты мәселелерін сипаттаңыз
- •33. Коммунистік және социалистік идеологияның өзара байланысы мен ерекшеліктерін бағалаңыз
- •34. Қазақстан Республикасындағы саяси-биліктік қатынастардың жай-күйі
- •37.Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекеттің алғы шарттарын көрсетіңіз.
- •40. Қазақстан 2050 стратегиясының негізгі басым бағыттарын талдаңыз.
- •41. Н. Макиавелли «Патша» еңбегінің негізгі идеясына талдау жүргізіңіз.
- •43.Қазақстанның қазіргі тарихындағы биліктік жүйесіне анықтама беріңіз
- •44.Сіздің мамандықтарыңызда саясаттау пәнін оқытыудағы тәрбиелік сипатын анықтаңыз.
- •45.Ғаламдық мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдардың рөлін анықтаңыз.
- •46 Ұлтаралық проблемалардың пайда болу себептері мен шешу жолдарын анықтаңыз.
- •48 Қазақстандықтардың саяси белсенділігіне септігін тигізетін факторларды атап өтіңіз.
- •51 Фашистік идеологияның «өміршеңдігіне» баға беріңіз.
- •52 Қазақстанға қажет идеологияны анықтап, оны негіздеп өтіңіз.
- •59 Лидер мен манипулятордың айырмашылықтарын анықтап, түсіндіріп кетіңіз
- •1. Саясат қоғамдық құбылыс ретіндегі теориялық-әдістемелік негізін анықтаныз.
29 Саяси мәдениет қоғамдық-тарихи негіздің құрамды бөлігі ретінде
Қоғамның саяси мәдениетін үйрену мен зерттеудің мақсаты саяси системаның және оны демократияландырудың тиянақтылығын нығайтудың әлеуметтік саяси механизмдерін іздеп табу, оны өмірге пайдалану. Зерттеудің дербес саласы ретінде саяси мәдениет қазіргі жағдайында америкалық саясаттанушылардың еңбектерінің арқасында кейінгі жылдары ғана бөліне бастады. 1955жылы Г.Алмонд өзінің «Салыстырмалы саяси жүйе» деген мақаласында саяси жүйелерді тереңірек зерттеуде саяси мәдениетті зерттеудің қажеттілігі мен пайдасы жайлы ойлар ұсынды. Осы мақаласында ол саяси мәдениеттің мазмұнын ашуға алғашқы рет әрекет жасады. Кейінірек саяси мәдениеттің негізгі концептуалды түсініктері жайлы зерттеу жұмыстарын Г.Алмонд, С.Вербамен бірлесіп жасады. Сонымен қатар Л.Пай, Р.Такер, С. Липсет, Е.Шейх және т.б зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Адамның әлеуметтік және саяси мәртебесі оның саяси субъектілігінің негізгі өлшемі болып саналатын азаматтық – құқықтық заңда айқындалады. Адамның саяси өмірге қатысуға мүмкіндік беретін құқығы конституциялық сипаттан қарапайым демократиялық еркіндікке тікелей байланысты. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдың әлеуметтік – мәдени, саяси – құқықтың алғы шарты қажет. Ең алдымен, адамның ішер тамағы, киер киімі, жатар орны, тұрмыс жағдайы, белгілі бір дәрежеде білімі, кәсіби дайындығы, саяси мәдениеті болуы керек. Білімді адамның мәдениеті жоғары болады..
Жеке адамның бостандығына кісіге өз білгенінше істеуге мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптері жатады. Мәдени құқық адамның рухани дамуын өрбітіп өрістеуге бағытталады. Оған білім алуға, мәдени қазыналарды көруге рұқсат, өнер мен техникалық жасампаздыққа, қоғамның мәдени өміріне еркін араласуға құқығы және т.б. жатады.
Халықтың саяси мәдениетін көтеруге тек белгілі саяси білімді меңгеріп, саяси құбылыстар мен процесстерді, заңдылықтар мен принциптерді түсіну ғана емес, сонымен қатар қоғам алдында өз жауапкершілігін сезініп, жалпы адамзаттық қазынаны сақтап, молайтуға тырысу, Отанға қауіп төнсе, оны қорғай білу де жатады. Енді бүгінгі Қазақстанға келсек, еліміздің саяси мәдениетін тап басып айту қиын. Себебі, республикамыз өтпелі кезеңді басынан кешіріп отыр. Халықтың санасында, іс - әрекетінде, дәуірдің де, бүгіннің де, болашақтың да, мәдениеттің де көріністерін байқаймыз. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында да адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Әркімнің өмір сүруге, жеке басының бостандығына құқығы бар. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Адамның қадір – қасиетіне, жеке өміріне қол сұғылмау. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Мұның бәрі Қазақстан халқының демократиялық жолмен даму тарапындағы алғашқы қадамдары деп білеміз. Сонымен қатар ол саяси мәдениеттің даму деңгейін де аңғартады.Жеке адамның саяси мәдениеті жоғары болу үшін мемлекет ел ішіндегі және басқа елдердегі болып жатқан өзгерістер, жаңалықтар жөнінде жан – жақты хабардар етіп отырғаны орынды. Сонда ғана елдің азаматтары бұл мәселелер жөнінде жетік біліп, дұрыс баға бере алады. Көлемді және сенімді мәлімет алып тұру дамыған хабарламалық жүйенің болуы қоғамның саяси мәдениетінің, саяси қатынастарының қаншалықты дамығандығын көрсетеді.
Саяси мәдениет деп-белгілі бір қоғамға не әлеум.қоғамдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттің ұқсастық жиынтығы.
Қызметтері:
Танымдық-қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптерді танып-білуге,субьектіні саяси салада табысты жұиыс істеуге керекті біліммен,қоғ.басқару-ң әдіс-тәсілдерімен қаруландыру;
Реттеушілік-саяси жүйенің қалыпты жұмысын,дамуын,саналы қоғ.тәртіпті қамт. ету,әлеум-таптық ұлттық қатынасты реттеу;
Тәрбиелік- әркімді қоғ-саяси қызметке,саяси белсенділікке ынталандыру,төзімділікке,қоғам алдынды жауапкершілікке баулу;
Біріктірушілік-қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқ. Әлеум.топтар ,таптарды біріктіру ,бұқараны мемл.және қоғ. Жұмыстарын басқаруға жұмылдыру;
Қорғау-қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды сақтау;
Сабақтастық-саяси тәжірибені 1 ұрпақтан 2-ұрпаққа жалғастырып,саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамт.ететін тарихи сабақтастық.
Құрылымы:
Қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер;
Саяси қазыналар мен құндылықтар;
Адамның мемл-ке,саяси ұйымдарға,партияларға қатынасы;
Саяси бағдар ұстау;
Әдет-ғұрып,жүріс-тұрыстың да орны зор;
С.м. ерекше белгісі- саяси рәміздер;
Саяси жүйенің және оның институттарының қызмет етуі кіреді.
30 Саяси элитаның мәні мен маңызына сипаттама беріңіз. Саяси элита саясат сферасында барынша саяси белсенділік танытатын әлеметтік топ. Саяси сферасындағы іс әрекеттерін әрдайым жүзеге асыру нәтижесінде саяси элита кәсіби саясаткерлерге және олардың жақтаушыларына бөлінеді. Саяси элитаның өзіне тән ерекшеліктері:1) Әлеметтік саяси белсенділі; 2) саяси мәдениетінің жоғарғы деңгейі, саяси тәжірибесін үздіксіз жетілдіріп отыру; 3) саяси элита мүшелерінің әлеуметтік саяси ынтымақтастығы.
Саяси элита өз кезінде, араларында қатаң саяси бәсекелестік жүретін билік құраушы және оппозициялық болып бөлінеді. Қазіргі демократиялық қоғамда бұл бәсекелестік күрес заңдастырылған, ол белгілі бір конституциялық құқықтық шеңберде жүргізілуге және демократияның дамуы мен кеменденуінің себептері болуға міндетті. Саяси элитаның маңызды рөлі оның лидерлік функцияны атқаруында жатыр. Өзінің әлеуметтік мәртебесі бойынша, шығармашылық әлеуметінің болуы арқылы ол өзіне саяси бастаманы алуға мақсатты қағидаларды жасақтауға және саяси процесті қажетті арнаға бағыттауға қабілетті. Өркениет өмірінде саяси оқиғалар, процестер әрдайым әлсіз ұйымдасқан саяси бұқараны ертіп алдыңғы шепте табылатын саяси элитаның бастамасы бойынша шешіледі деп есептеуге болады. Әрине, саяси процестің халықтың қатысуынсыз шешілуі мүмкін емес. Өйткені, саяси элита халықпен органикалық байланыста болатын, онымен белгілі дәрежеде барлық кемшіліктер мен жетістіктерді бөлісетін халықтың саяси белсенді бөлігі. Саяси элита әр түрлі келеді.сондықтан ол жіктеледі, топтастырылады.Билікке иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық элита деп бөлінеді. Басқарушы элита деп мемлекеттік билікке ие, маңызды саяси шешімдерді қабылдаушыларды айтады. Олардың қатарына ене алмай қалған, бірақ сол үшін күрес жүргізетіндер билік басындағылардың іс әрекетін сынап, олқылықтарын тауып,қателіктерін көрсетеді. Оларды оппозициялық немесе контрэлита деп атайды. Саяси элита саясат сферасында барынша саяси белсенділік танытатын әлеу/к топ. Саясат сферасындағы іс-әрекеттерін әрдайым жүзеге асыру нәтижесінде саяси элита кәсіби саясаткерлерге ж/е олардың жақтаушыларына бөлінеді. Саяси элитаның өзіне тән ерекшеліктері: 1)әл/к-саяси белсенділік; 2)саяси мәдениеттің жоғары деңгейі, саяси тәжірибесін үздіксіз жетілдіріп отыру; 3)саяси элита мүшелерінің әл/к-саяси ынтымақтастығы. Қалай болғанда да қоғам саяси элитасыз, кәсіби маманданған басқарушыларсыз өз қызметін толық атқара алмайды. Орыс философы Н.А.Бердяев қоғамның даму деңгейі мен саяси саяси элита санының арасында өзара байланыс барлығын ашып, «элита коэффициентін» шығарды. Ол жоғары зерделі, зияткерлік бөлігініңхалықтың жалпы сауатты санымен салыстырғанда бір пайызын құраса, ол қоғам өмірін тоқыруға әкеледі. Ал элитаның коэффициенті 5 пайыздан асса, қоғам дамуының жоғары мүмкіндігі барлығын айғақтайды дейді ғалым. Саяси элита әр түрлі келеді. Сондықтан ол жіктеледі, топтастырылады. Билікке иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық элита деп бөледі. Басқарушы элита деп мемлекеттік билікке ие, маңызды саяси шешімдерді қабылдаушыларды айтады. Олардың қатарына ене алмай қалған, бірақ сол үшін күрес жүргізітіндер билік басындағылардың іс-әрекетін сынап, ол-қылықтарын тауып, қателіктерін көрсетеді. Оларды оппозициялық немесе контрэлита деп атайды. Саяси элиталарға сұрыптаудың мұндай түрінің кемшілігі – саясатқа сырттай жағымды көрінгенімен шын мәнінде кездейсоқ, принципсіз, ұрыншақ, аванюрист адамдардың билік басына келуі. Ондай адамдардың іс-әрекетін болжап, пішіп болмайды. Сондықтан қоғам өмірінде дау-жанжалдар, саяси шиеліністердің мүмкіндігі көбейеді.