Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
морфология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
228.01 Кб
Скачать

(Ы.Маманов «Қазақ тіл білімінің мәселелері»

Үй бұйымдары және құрал-сайман аттары: жабу, жасау, егеу, сабау, тіреу, бояу, көсеу...

Мекен-жай атаулары: қыстау, жайлау, күзеу, бастау, асу..

Дерексіз ұғым білдіретін зат есімдер: тілеу, оқу, тергеу, жоқтау, нұсқау..

Грамматикалық терминдерді білдіретін зат есімдер: үстеу, қалау рай..

Тұйық етістік тұлғасының омоним болып зат есімге айналғандарын, біріншіден, сөйлем ішінде контекске байланысты ажыратуға болады. Екіншіден, зат есімге айналған түріне етістіктің болымсыз формасын тудырушы –ма қосымшасы жалғанбайды.

Қазақ грамматикасы .Қимыл есімнің жұрнағы жалғанбайтын бірде-бір түбір не туынды етістік жоқ. Демек, барлық қимыл-әрекеттің атауы болады екен. Мысалы: бар-бару, барыс, бармақ.

Түбір не туынды түбір етістікке қимыл есімдерінің жұрнағы жалғанғанда қимылдың атауы ретінде қолданылғанымен салт және сабақтылық мағынасы толық сақталады. Сондықтан түбір етістік пен туынды түбір етістіктің септік формадағы сөзді меңгеруі қимыл есіміне айналғанда да сол қаопын сақтайды. Мысалы: далаға бар- далаға бару.

Қимыл есім мен ортақ етіс формасының өзгешеліктері:

Ортақ етістің грамматикалық мағынасы әрқашан іс иесі екі не одан да көп екенін білдіреді. Ал қимыл есімінде іс несінің санына қатысты мағына болмайды.

Ортақ етіс формасы рай, көсемше, есімше, формасында қолданылады: айтысса, айтысады. Қимыл есімі тек есімдерше тәуелденіп, септесіп қолданылады: Асан келісімен сабаққа отырды.

Ортақ етіс формасында қолданылып тұрған сөзді –у қосымшалы қимыл есімімен ауытыруға болмайды. Ал қимыл есімдерінің жұрнағы өзара ауыса береді. Мысалы: күннің батысы – күннің батуы

Ортақ етіс формасында қимыл есімінің –у, -мақ жұрнағы жалғана береді, ал –ыс жұрнақты қимыл есіміне бұл жұрнақтар үстемеленіп жалғанбайды. Мысалы: танысу, таныспақ, айтысу, айтыспақ дегенде ортақ етістер қимыл есіміне айналып тұрса, қоныс, өріс, батыс сөздерін олайша айта алмаймыз.

45- Зат есімнің көптік категориясы,берілу жолдары

Исаев: Қазақ тіл білімінде сан мөлшер категориясы көбінесе көптік ұғыммен байланысты қаралып келеді. Қазақ тілінің грамматикаларында сан мөлшер категориясы деген терминнің болмай,грамматикалық тұлға ретінде көптік жалғау,көптік категориясы деген терминдердің қолданылуы да осының дәлелі болса керек. Тілімізде көптік категориясы да,көптік жалғау категориясы да бар.Көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі:лексикалық,морфологиялық,синтетикалық тәсілдер арқылы.Көптік ұғым мен оған қарама қайшы жекелік я даралық ұғымның болуы жалпы зат атаулыға тән қасиет.Міне,осы көптік және жекелік ұғымдардың арақатынасынан және сол ұғымның белгілі морфологиялық тұлғалар арқылы берілуінен сан мөлшер категориясы туады.Көптік ұғымды білдірудің тәсілдері әр түрлі.Көптік ұғаымның бірден бір грамматикалық көрсеткіші көптік жалғау.Бірақ көптік ұғым тек көптік жалғау арқылы ғана берілмейді.Көптік ұғымның берілу тәсілдері:

Көптік мағына тудырудың лексикалық тәсілі деп отырғанымыз зат есімнің жекеше көпше болып бөлінуінің белгілі бір жалғаудың қызметіне байланысты болмай,сөздің өз ішкі лексикалық мағынасына байланысты болып келуі.Көптік ұғым аналитикалық тәсілмен де беріледі.Сан есімдер,сандық мәні бар сөздер,қайталама қос сөздер т.б. зат атауының алдынан келіп,оны анықтап тұрса,ол зат біреу емес бірнешек екенін түсінеміз.Әдетте ондайда зат атауын білдіретін сөз көптік жалғауынсыз қолданылады:талай жыл өтті,көп адам жиналды,мая мая шөп иген.

Көптік жалғаудың бірден бір грамматикалық көрсеткіші лар,лер,дар,дер,тар,тер.Бұлар бөлек бөлек жалғаулар емес,өзі жалғанатын сөздің соңғы дыбысы мен буынына байланысты түрленетін бір жалғаудың нұсқалары.Көптік жалғаудың негізгі грамматикалық мағынасы заттың көптігін білдіру.

Қазақ грамматикасы: Нақтылы лексикалық мағынасына орай зат есім сөйлем ішінде не жекеше не көпше түрде қолданылады.Зат есімдерді жекше,көпше деп аталатын екі топқа айыра көрсетуге негіз болатын ең басты грамматикалық сыртқы белгі оларға көптік жалғауының жалғануы.Көптік мағынаның арнаулы қосымша арқылы пайда болуы негізінен алғанда,көптік жалғауының қызметіне байланысты.Көптік жалғауы жалғанған зат есімдер көптік мағынамен қоса,өзінің бастапқы дексикалық мағынасына орай сөйлем ішінде мынадай мағыналарға ие болады:Нәрсенің өз алдына дербес дербес санап көрсетуге болатын бөлшектерден тұратындығын көрсетеді:өзендер,ыдыстар.

Көптік жалғауы өзі жалғанған зат есімдерге молшылық,қисапсыз көптік секілді мағыналарды үстей алады:сулар,үгінділер.

Зат есімге көптік жалғауы жалғанғанда бұдан кейін пайда болатын басты бір мағыналық реңк белгілі бір адамдардың тобын,жиынтығын білдіру:жастар.

Туыстық жақындықты білдіретін зат есімдердің тәуелденген түріне жалғанған кезде көптік жалғауы біреудің есімін сый тұтуды,құрмет тұтуды білдіреді:апамдар,әжелер.

Көптік жалғауы мезгіл мөлшеріне байланысты айтылатын кейбір зат есімдерге жалғанған кезде сөзге тұспал,шамалау мағынасын үстейді:қыстың ортасында қыстың орталарында.

А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» : Көптік категориясы тым жалпы ұғым да,ал көптік жалғау категориясы онан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым.Көптік категориясының берілу жолдары:

Сөз атаулының қайсысы болса да,жалпыланған,жинақталған ұғымды білдіреді және де ешқандай қосымшасыз тұрып,тікелей көптік ұғымды білдіретін сөздер де бар:су,сүт,орыс,тұз,ақыл,қуаныш.Міне,көптік ұғымды осылайша сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіріу лексикалық тәсіл деп аталады.

Синтаксистік тәсілде сан есімдер(реттік,болжалдықтан басқалары) сондайақ,көп,аз,әлденеше,бірнеше тәрізді сөздер зат есімдерден бұрын анықтауыш болып тұрып,ешқандай да қосымшасыз көптік ұғымды білдіреді:бес кісі,ондаған студент,қыруар мал.

Қос сөздер синтаксистік тәсіл арқылы туған күрделі сөздер болғандықтан,олардың көптік ұғымды білдіруін лексика семантикалық тәсіл деп атауға болады.

Көптік ұғымдардың сөздерге тиісті қосымшалар қосылу арқылы берілу жолы морфологиялық тәсіл деп аталады.

А.Байтұрсынов «Көптік жалғау»: Жалғау екі түрлі: септік жалғау және көптік жалғау.

Көптік жалғаулар нәрсенің жеке емес,көп күйдегі есімін көрсетеді.Көптік жалғау біреу-ақ: -лар. «-лар» жалғау жіңішке сөзде « –лер» болады.Сөздің аяқ дыбысы дауыссыз,,яки жарты дауысты болса, -лар жалғау -дар болып,лер жалғау -дер болып өзгереді.

46- Көмекші есімдер,мағыналық топтары

А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі»Көмекші есімдер деп лексикалық мағыналары бірде бүтіндей сақталып,бірде солғындап,өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай,синтаксистік жағынан кейде жеке дара мүше ретінде ,кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып,морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз.Көмекші есімдер сан жағынан көп емес,оларға алды,арты,үсті,жаны,қасы,маңы,асты,төбесі,

тұсы,маңы, сияқты сөздер жатады.Бірақ, сан жағынан аз болғанымен,бұл сөздердің қолданылу өрісінің кең болуы да,атқаратын қызметтерінің мол болуы да олардың тілімізде алатын орындарының ерекшеліктерімен байланысты.Бұл сөздердің бойында зат есімдерге тән семантикалық дербестік те,морфологиялық жағынан дәл сол зат есімдердей түрлену қабілеті де толық сақталады.Көмекші есімдердің негізгі сөздерге үстейтін қосымша мағыналары көбінесе көлемдік,мезгілдік қатынастарды білдіреді.Осындай семантикалық ерекшеліктеріне орай,көмекші есімдер көбінесе көлемдік және мезгілдік мағыналарды білдіретін барыс,жатыс,шығыс,көмектес септік формаларында қолданылады.Бұдан,әрине,көмекші есімдер атау,ілік,табыс септік формаларында жұмсалмайды екен деген қорытынды шқпасқа тиіс,ө»ткені олар ретіне қарай қажетті болған жағдайда,бұл грамматикалық септік жалғаулардың формаларында да қолданыла береді. Көмекші есімдердің түпкі шыққан төркіндері орын,мекен жайларына байланысты демек,белгілі бір заттың не нәрсенің,заттық құбылыстың,не уақиғаның алды я арты,асты я үсті,басы я ұшы тәрізді ұғымдардың атаулары екендігі шүбәсіз.

Ескерту:

1.Көмекші есім қайталанып та қолданылады,бірақ ондайда қайталану арқылы туған жаңа форма үстеу сөзге айналады да,дербес мүше болады: Зеңбірек снарядтары суға үсті үстіне түсті.

2.Көмекші есімдердің кейбір лексикаланып та,идиомаланып та кеткен тіркестері кездеседі:Мал кешкі өрістен қайтар шақта, ат үсті жүрістер еленбейтін кезде аттанып кеткен.

Қазақ грамматикасы:

Көмекші есім дегеніміз зат есімнің кеңістік ұғымын білдіретін бір тобы.Жеке алып қарағанда,олар морфологиялық тұрғыдан зат есімдердің түрленуге бейімділігі бар дербес мағыналы сөздер.Көмекшілік қызметте жұмсалған кезде бұл сөздер тәуелдік жалғауының үшінші жағында тұрып тәуелдеулі септеудің үлгісімен септеледі.Көмекші есімдерге тән кеңістік мәнінің мейлінше айқындала,саралана түсуі олардың кеңістік қатынасты білдіретін барыс,жатыс,шығыс септіктерінде жұмсалуымен өзектес:Есіктің алдына келіп тоқтады.Есіктің алдынан шыға келді.Көмекші есімдер өзінің алдында тұрған ілік жалғаулы сөзбен әбден жымдасып,сонымен біртұтас семантикалық бірлік түзеді.Сөйтіп,өзінің бастапқы лексикалық дербестігін жоғалтып,көмекші сөздердің өзге түрлері сияқты бейне бір граммикалық элементке айнала бастайды.Тәуелдік жалғауында тұратындықтан көмекші есімдер әлбетте ілік жалғаулы сөзбен матаса байланысып,сонымен бір тіркесім құрайды.

47 сұрақ - Нөлдік форма«Қазақ грамматикасы» бойынша:

Арнайы қосымша көрсеткіші болмай, тұлғасы көрінбей тұрып-ақ белгілі белгілі грамматикалық мағына білдіруді нөлдік тұлға тұлға деп атауға болады, өйткені арнайы көрсеткіші, формалық тұлғасы болғанымен, сыртқы түрі түбірмен сәйкес келсе де, онда түбір білідретін мәннен бөлек арнайы грамматикалық мағына болады. Осы айтылғандар түсініктірек болу үшін мына сөйлемге назар аударып,талдап көрейік. Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым. Одан да шықты жаңғырық (Абай). Тыңда, дала, Жамбылды (Жамбыл). Мысалдардағы баяндауыштың әрқайсысы бірнеше морфема бөлшектен тұрып, сөздің әрбір тұлғасы ойға лайық жеке-жеке грамматикалық мағына білдіріп тұр: бар-ды-м, сал-ды-м, шық-ты, тыңда. Осындағы түбір тұлғалар қимылды білдіріп, одан кейінгі –ды,-ті морфемалары сол қимылдың айтып тұрған сәтке байланысты болу мезгілін, шақтық мағынаны, яғни осы қимылдың айтып тұрған кезден бұрын болғандығын білдіріп тұр. Алғашқы екі сөздегі –м (барды-м, айғай салды-м) тұлғасы қимылдың иесін, яғни сол қимылды орындаушы (субъект)кім екенін және қимыл иесі кез келген біреу емес, бірінші, яғни айтушы жақтың өзі (мен) екенін көрсетіп тұр. Ал үшінші сөзде грамматикалық тұлға жоқ (шықты), соған қарап бұл сөз қимыл иесін білдірмейді екен деп ойлауға болмайды. Осы сөздің формасы арқылы қимылды (шығуды) іске асырушы субъектіні біле аламыз, ол субъект үшінші, бөгде жақ (жаңғырық). Сонда қимыл иесін мегзеп, үшінші жақты білдіріп тұрған мағына нөлдік тұлға арқылы берілген.

Тілімізде осындай арнайы белгілі грамматикалық мағынасы бар, бірақ арнайы көрсеткішсіз тұлғада жұмсалатын ерекше форма 3-жақ жіктік жалғауы ғана емес, басқа да грамматикалық түрлену жүйесінен кездеседі. Мысалы: Мәскеу бардым, не көрдім (Жамбыл). Кел, балалар, оқылық (Алтынсарин). Ғылым таппай мақтанба (Абай). Осы сөйлемдердегі сөздердің формасы мен грамматикалық мағыналарына көз жіберейік: Мәскеу осы сөйлемде ешбір грамматикалық формасыз қолданылған, бірақ соған қарамастан қимылдың бағытын білдіріп, барыс септіктің мағынасын беріп тұр. Ғылым сөзі ешбір көрсеткішсіз тура объект болып, табыс септік мағынасын білдіріп тұр.

Нөлдік тұлға өзінше грамматикалық форма бола алатынын тіл зерттеуші ғалымдар атап көрсеткен болатын. Бірақ нөлдік тұлғаға нелер жатады дегенде, ғалымдардың пікірі бір жерден шықпайды.

Міне, осы ыңғайда нөлдік форма мен грамматикалық форманың арақатынасын ашып алған жөн. Рас, қазақ тілінде де, басқа да түркі тілінде де негізгі сөз таптарына жататын сөздер ешбір қосымша көрсеткіштерсіз-ақ негізгі түбір күйінде тұрып белгілі лексикалық мағынаны білдіреді, міне, соның нәтижесінде ол сөз жалпы грамматикалық мағынаға ие болады. Сол лексикалық мағынасы негізінен қалыптасқан жалпы грамматикалық мағынасы жағынан қарасақ, бұл сөздерде ортақ белгі бар: ол – зат атауын білдіру. Сондықтан да бұл сөздер грамматикалық тұрғыдан бір топ – зат есім құрайды. Сондай-ақ қызыл, үлкен, биік, жақсы т.б. сөздер заттың сын-сапасын білдіруі, он, екеу, жүз елу т.б. сөздер заттың санын білдіруі, кел, жүр, ойна, жүгір т.б. сөздер қимылды білдіруі жағынан жеке-жеке грамматикалық топ құрайды. Сондықтан да кейбір еңбектерде айтылып жүрген «түбір сөздерде лексикалық мағына болады да, грамматикалық мағына болмайды» деген қағида шындыққа жанаспайды. Бірақ түбір сөзде грамматикалық мағынаның болуы оны нөлдік формада тұр деуге негіз болмайды, өйткені түбірдің тұлғасына тән ерекше қызметі, синтаксистік қарым-қатынасы бола бермейді және ол сөйлеу кезінде туатын форма емес, ал, «грамматикалық формалар – сөйлеу негізінде сөйлемде ғана қолданылатын сөйлеу бүтіндері» (Маманов). Оның грамматикалық мағынасы да сөйлеу кезінде анықталады. Демеку, нөлдік форма болу үшін ол сөз сөйлемде белгілі бір тұрақты қызмет атқарып, басқа бір сөзбен қарым-қатынасқа түсуі, түбір білдіретін жалпы грамматикалық мағынадан басқа мағына білдіріп тұруы қажет. Мысалы: одан да шықты жаңғырық. Кел, балалар, оқылық деген сөйлемдерде шықты, кел деген сөздер қимылды білдіріп тұр. Бұндай мағына кез келген негізгі етістікте бола береді, яғни қимылды білдіру осы екі етістіктің шық, кел деген түбірлеріне ғана тән емес. Сонымен бірге осы мысалдағы шықты, кел деген сөздерде осы топтағы басқа сөздерден ажыратылатын грамматикалық мағына бар: ол - бірінші сөзде өткен шақтық (-ты) және 3-жақ жіктік, екінші сөзде 2-жақ жекеше, анайы, бұйрықтық мағына. Демек, етістік түбір мен нөлдік форма, етістіктің бір формасы мен басқа нөлдік форма бір емес. Кел деген мен сен мұнда кел деген, яғни жеке тұрғандағы етістік түбірі мен сол түбірдің бұйрық рай формасында сөйлемде қолданылуы бірдей емес.

Кейбір гармматикалық тұлғалар бірде нөлдік форма ретінде формалдық жағынан ешбір морфологиялық көрсеткішсіз, бірде нөлдік форма болмай, арнайы морфологиялық көрсеткішері сөзге қосылып жарыса қолданыла береді. Оған ілік, барыс, табыс, шығыс септіктері мен тәуелдік жалғауын жатқызуға болады. Барыс, шығыс септіктерінің нөлдік тұлғалары сирек кездеседі: қала (ға) барды, ол бел (ден) асты. Кейбір тұрақты тіркес құрамында бұл септіктердің нөлдік тұлғалары кездеседі, бірақ онда грамматикалық мағына сақтала бермеген, сондықтан әуелгі тұлғасын салыстырмалы-тарихи фактілер негізінде ғана айқындауға болады: бой (ға) жету, ер (ге) жету, ірбіт (ке) шабу т.б. ілік пен табыс септік формаларының түсіп қалуы жиі кездеседі.

Нөлдік тұлға сырт қарағанда түбір тұлғамен сәйкес келгенмен, сөз түбірінің барлығы жеке-жеке грамматкиалық нөлдік форма бола алмайды, ол тек гармматикалық форма жасауға негіз болады. Грамматикалық формалар – сөйлеу кезінде сөздерді дәнекерлеп, оларға әртүрлі грамматикалық мән-мағына үстеп, бір-бірімен қатынасын көрсетіп тұратын, сөйлемде ғана қолданылатын сөйлеу элементтері. Сондықтан нөлдік тұлғаның мағыналық қолданылуы, атқаратын қызметі жағынан белгі шеңбері болады.

Нөлдік форма – парадигмалық түрлену жүйесінің бір түрі болып табылатын, сондықтан сол түрлену жүйесінің синтаксистік сөз байланыстырушы қызметін толық атқаратын форма, бірақ осы мәндер мен қызметті тікелей көрсететін арнайы формасы жоқ тұлға және осы қасиеттері арқылы бір грамматикалық категорияның басқа да формасы бар түрлеріне қарама-қайшы, әрі онымен бірлікте болып,бір бүтін құрайды.

Нұржамал Оралбай «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» бойынша:

Нөлдік қосымша арқылы грамматикалық мағынаның берілуі

Тілдегі сөзді түрлендіру парадигмаларының ішінде грамматикалық мағынасы бар, бірақ көрсеткіші жоқ яғни парадигманың дыбыстық құрамнан тұратын көрсеткіші жоқ мүшелер бар. Мысалы, атау септіктің, жіктік жалғау парадигмасының 3-жағы, сондай-ақ бұйрық райдың жіктік жалғауының 2-жақ жекеше түрінің нақтылы қосымшалары жоқ. Бірақ қосымшалары жоқ болса да, сол қосымшаның жоқтығы олардың атау септік, 3-жақ, 2-жақ екенін білдіреді. Олар ешқашан асқа мағынамен шатастырылмайды. Жалпы тіл білімінде мағына бар жерде оны білдіретін көрсеткіш бар деп саналады да, мағынаны көрсеткіштің жоқтығын байқататын нөлдік жалғау (нөлдік морфема, нөлдік жұрнақ) білдіреді деп санайды.

49- Етістіктің аналитикалық формалары,мағынасы, құрылымы, зерттелуі

Аналитикалықформанттар. Аналитизм – (гр.analysis – ыдырау) деген мағына береді. Сөздің аналитикалық формасы негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасалады. Сөздің аналитикалық формасының құрамына енетін негізгі сөз негізгі морфемаға (түбірге) барабар қызмет атқарса, көмекші сөз әр түрлі көмекші морфемаларға, яғни аффикстерге ұқсас қызмет атқарады. Мысалы: келе жатыр деген тіркесте негізгі лексикалық мағынаға ие болып тұрған сөз - келе етістігі, ал жатыр етістігінің дербес лексикалық мағынасы бұл тіркесте сақталмаған, ол көмекші морфемаларға ұқсас мағынаға ие болып, соларға тән қызмет атқарып тұр. Белгілі бір сөздердің тіркесінің сөз тіркесі емес, аналитикалық форма болу үшін, оның белгілі бір грамматикалық категориялардың мағынасын беруі керек. Аналитикалық етістік я аналитикалық тұлға болу үшін, дейді А.Ысқақов,- біріншіден, негізгі етістік, екіншіден, оған қосылатын дәнекер форма, үшіншіден, көмекші қызметін атқаруға тиісті тағы бір етістік қатысуы керек. Аналитикалық етістік кемі осындай 3 компоненттің тіркесуі арқылы жасалады. Аналитикалық етістік грамматиканың семантикасын білдіріп, оның көрсеткіші есебінде қызмет ететін соңғы екі бөлшегі – көсемше жұрнағы мен көсемше етістік - мағына жағынан да, қызметі жағынан да дәйім бірлікте жұмсалады да бір ғана форма ретінде қызмет етеді. Бұл грамматикалық форма аналитикалық қосымша я аналитикалық формант деп аталады. Аналитикалық форманттың І компонентінің есебінде көсемшенің й (а, е), ып, (іп, п) жұрнағы қызмет етеді де, екінші компоненті ретінде толымды көмекші етістік жұмсалады. Әрбір аналитикалық форманттың өзіне тән мағынасы бар:

1. – п, ал – форманты негізгі етістікке жалғанғанда субъект өзге істі қол тұрып, я басқа іске көшпей тұрып, әрекетті әуелі өзі үшін жүзеге асырып алуды қалайтындай мән үстейді: көріп ал, жұлып ал, сыпырып ал, жуынып ал, сөйлесіп ал. – а,е  ал форманты сол амалды жүзеге асыру я орындау мүмкіндігін білдірерліктей реңк жасайды. Мысалы: үйден шыға алмадым, бітіре аласың ба? 2. – п бар – амалдың бірте-бірте я үдеуін, я бәсеңдеуін білдіретіндей реңк үстейді. Мысалы: кетіп барады, тасып барады, бітіп барады т.б. – й бар амалдың мақсатын не одан жол-жөнекей істелетін амалды білдіреді. Мысалы: ала бар, қарай бар, сұрай бар.  3. – п бер амалдың бөгде адам үшін істелетінін көрсетеді. Мысалы: айтып бер, жазып бер, алып бер.

– й бер амалдың тоқтаусыз жүзеге асуын білдіреді. Мысалы: жаза бер, ала бер,көре бер.  4. -п кел -й кел өсіп келеді қорыта кел көркейіп келеді сөйлей кел 5. -п сал -й сал айтып салды ала сал шығарып салды жаза сал 6. -п кет -й кет  қалғып кетті қисая кет үсіп кетті құлай кет Толымсыз көмекші етістіктер де аналитикалық форманттар жасауға қатысады: – ып еді (айтып еді) – са игі еді (айтса игі еді)  қан еді (айтқан еді) – ушы еді (айтушы еді)

атын еді (айтатын еді) – а жатқан еді (бара жатқан еді)

ар еді (айтар еді)

Көмекші етістіктің қатысымен күрделі өткен шақ категориясын жасайтын мынадай аналитикалық форманттар қалыптасқан:  -ған екен (барған екен).

атын екен (баратын екен)

ады екен (барады екен)

са екен (барса екен)

ар ма екен (барар ма екен)

мақшы екен (бармақшы екен)

а жатыр екен (бара жатыр екен)

ып жатыр екен (барып жатыр екен) 

тұр, жүр, отыр – арқылы (сөйлеп тұр екен). №50 - Сөз формалары және сөз таптарының формалану мүмкіндіктері

Қазақ тілінде сөз формалары, әдетте, лексика-грамматикалық, не лексикалық-семантикалық мағыналарды тудырудың нақтылы тілдік жамылғышы болып келеді. Сөздердің формалары негізінен екі түрлі тәсіл арқылы жасалады: синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалық (синтаксистік) тәсіл. Сөз формаларын жасаудың бұл амалдарын зерттеп анықтау, әрине, қазақ тіл білімінде бірден қалыптасып кете қойған жоқ. Кеңес дәуірінің алғашқы кезінде бұлар тек сөз жасаудың морфологиялық тұрғысынан ғана қаралып келсе, бертін келе, атап айтылмағанмен, синтаксистік тәсілдің де ескеріле бастағаны байқалады. Қазақ тіліндегі сез жасаудың синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалық (синтаксистік) тәсілдері 50-жылдары практикалық та, теориялық та тұрғыдан әбден қалыптасып орнықты. Сөйтіп кейбір күрделі еңбектерде ол сөз жасаудың тиянақталған негізгі амалдары ретінде ұсыныла бастайды да, жеке ғылыми мақалалық зерттеулер объектісіне көшеді.

Сөздердің аналитикалық және синтетикалық формалары - сөз формаларының грамматикалық түрлері. Сөздің аналитикалық формасы негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесуі арқылы жасалады. Көмекші сөз дербес лексикалық мағынасынан айрылып, сөз түрлендіруші аффикстерге ұқсас грамматикалық қызмет атқарады. Мысалы, бара жатыр, оқып кел, тым жақсы. Сөздің аналитикалық формасының компоненттері біртұтас лексикалық мағынаны білдіріп, сөйлемде бір ғана мүше болады. Қазақ тілінде аналитикалық форма, әсіресе, етістіктің рай, шақ категорияларына тән. Сөздің синтетикалық формалары аффрикстену және дыбыстардың алмасуы (ішкі флексия) арқылы жасалады. Қазақ тілі үшін аффикстену грамматикалық тәсіл ретінде жиі кездеседі, мысалы,жазу - жазушы - жазушылар; оқушы - окушыға - окушымен; төмен - төменірек. Сөздің синтетикалық формаларын жасайтын — сөз түрлендіруші және сөз формаларын тудырушы жалғаулар мен жұрнақтар. Мысалы, көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары сөйлемде сөздерді түрлендіріп, бір бірімен байланыстырады.

Сөз дегеніміз белгілі формалардың жүйесі. Ол ұғымға сол сөздің барлық формалары енеді. Ендеше кел, келші, келіңіз...дегендердің бәрін де бір сөздің әр түрлі формалары деп таныған мақұл. Өйткені тіліміздегі сөз бен сөзді байланыстыратын, сөзден сөз тудыратын демек, кейбіреулері жаңа сөз тудыратын, кейбіреулері сөздің түрін ғана өзгертетін я түрлендіретін(форма тудыратын) қосымшаардың қай қайсын алсақ та, олар өздері жалғанған сөзді я бір грамматикалық категорияны екінші бір грамматикалық категорияға көшіретін, я болмаса жалпы грамматикалық категорияның ішіндегі жалқы категоряларды іштей бірінен біріне аударатын формалар ретінде қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы туатын сөз формаларын маңызы мен қызметіне қарай үшке бөлеміз:

1)Сөз жалғастыратын формалар

2)Сөз түрлендіретін формалар

3)Сөз тудыратын формалар

Қазақ тілінднгі сөздердің өзара қарым қатынасы тек қосымшалар арқылы ғана, яғни морфологиялық тәсіл арқылы ғана емес, синтаксистік тәсіл арқылы да беріледі. Синтаксистік тәсіл арқылы сөздерді бір бірімен байланыстырып, әр алуан грамматикалық мағыналармен қатар, дексика грамматикалық мағыналар жасауға болады. Бірақ бұл тәсіл арқылы туатын мағыналар да сөздердің қалай болса солай, кездейсоқ түрде тіркес салуынан пайда болмайды, тілдің ішкі даму заңдылықтары лайық қалыптасқан жүйе-жүйе ережелері бойынша құрылуынан туады. Мысалы: ала бер, ала кел, ала кет, ала тұр. Ала жазда, ала қой сияқты тіркестерді және қуа түс, ала түс, оқи түс, көре түс, сөйлей түс деген тіркестерді алсақ, әрбір тіркестің лексика грамматикалық мағыналары тіліміздегі дағдылы тіркестер арқылы туған. Сондай-ақ қызмет ет, қызмет еткен екен, қызмет етсе игі еді деген тіркестердің мағыналары мен қызметтері де жеке-жеке сөздердің жоғарыдан гөрі басқашалау бір жүйесі бойынша тіркесулерінен пайда болған. Осы сияқты көк ала, сұр ала, шұбар ала деген тіркестердің және аө көк, қара көк, қызыл көк тәрізді тіркестердің мағыналары мен қазметтері де олардың құрамындағы сөздердің белгілі жүйе бойынша құрылуынан туадыү Осы формалар тек грамматикалық я лексика грамматикалық мағыналардың және олардың қызметтерінің наөтылы тілдік жамылышы ретінде қызмет етеді. Ендеше осындай формаларды сөз формалары деп танимыз. Бірақ бұл соңғы формалар морфологиялық формалар емес, синтаксистік формалар. Солай болса, қазақ тілінде сөз формалары морфологиялық тәсіл арқылы да, синтаксистік тәсіл арқылы да жасалады.

Сөйтіп сөздің грамматикалық және лексикалыө жақтарының әр түрлі болып кетуі оның құрамының және байланысу-жалғасу түрлерінің өзгеруіне байланысты. Өйткені сөздің морфологиялық құрылымының түр-түрлері де, олардың өзге формаларымен немесе басқа сөздермен әр алуан жол арқылы тіркесулері де енеді.

Сөз формасы деп оның морфологиялық құрамындағы бөлшектерінің. Синтаксистәк байланыс-жалғас тәсілдерінің һзара бір-бірінен ерекшекленіп бөлінерлікьтей және соған орай қосымша мағыналарды білдірерліктей әр алуан түрлерін айтамыз. Соынмен, Сөз дегеніміз өзара бір-бірімен байланысып, жанаса да, жарыса даөмір сүретін және қызметі жағынан өзара сілбесіп, бір-біріне жәрдемдесіп топталатын формалардың жүйесі болып шығады.

Сөз формаларының түр-түрлерінің қызметтері де, мағыналары да, әрине бірдей болмады. Өйткені егерде бірдей болмайды. Өйткені егерде бірдей я пар-пар болса, олар жарыса өмір де сүрмеген болар еді. Мысалы, бірінің олқылығын бірі толтырып, бірі мен байланысып қызмет ететін морфологиялық және синтаксистік тәсілдер арқылы туатын сөз формаларының өызметтері мен мағыналары былай тұрсын. Тек синтетикалық тәсіл арөылы туатын сөз формаларында да олар өзара бірдей емес.

Сөз формалары- тарихи құбылыс. Демек, тілдің грамматикалық құрылысының даму, жетілу ерекшеліктерімен байланысты, сөз формаларының да бірте-бірте өзгеріп не ауысып, я жаңадан өосылып немесе керсінше өолданудан шығып қалып отыруы –заңды нәрсе. Бүған түрік тілдеріндегі морфологиялық формалар бұрынғы кездегі синтаксистік формалардың дамуынан туған дейтін пікірді айтса да жеткілікті.Мысалы қазіргі айтты, келді деген формалардағы өткен шақтың –ты,-ды көрсеткіші бұрын есім тідыратын форма болған, керсінше өазірге кезде етістіктен сын есім тудыратын аған, еген формасы бұрын есімшенің жұрнағы болған. Бұрынғы кездердегі неме ерсе деген тіркестен немесе формасы. Олай етпесе тіркесінен әйтпесе формасы, солай етіп дегеннен сөйтіп формасы пайда болды. Алдынғы айтты, қабаған деген мысалдар морфологиялық формалардың өзара сараланып ауысқандықтарын дәлелдесе , соңғы мысалдар жай сөз тіркестерінің келе бір сөзге айналғандығын көрсетеді.

51- Септік жалғаулары, грамматикалық мағынасы

Оралбай"Қаз.қаз морф":Септік категориясы зат есім сөздерді сөйлемдегі басқа сөздермен байл.у қызметін атқаратын категория.Септік категориясы жеті септіктен тұрады.Және олардың өзіне тән мағыналары бар. Атау септік сөздің септік жалғауын қабылдамай тұрған күйі.Ілік с иелік,меншікті білдіру. Сондай ақ басқа да сөздермен байланықа түседі: туыстық,жақындық қарым қатыста қолд.(досының қарындасы),бүтіннің бөлшегі(ағаштың бұтағы), заттың сандық қатысы(қонақтардың бесеуі), заттың сапасына қатысы(жігіттің әдемісі), заттың ерекше қаситі(сұлудың сұлуы). Барыс с заттың,қимылдың кімге, неге қайда бағытталғанын яғни бағытын(мектепке), қимылдың аяқталар жерін,мекенін(үйге келді),мезгілін(екі айға созылды)білд.Табыс с қимылға түсетін затты,яғни кимылдың нысанын білд.М:биді биле,сабақты аит. ол сабақты етістікпен тіркеседі.(тура толықтауыш). Жатыс сістің, қимылдың жасалу орнын, мезгілін,мекенін,көлемін білд.Осы мағ.на сай сөйлемнің мекен,мезгіл толықтауыш,жанама толықтауыш қызм.атқ.М:Өмірде себепсіз іс болмайды. Шығыс с қимыл әрекеттің қайдан басталғанын,қайдан шыққанын,яғни шыққан орнын,себебін,мезгілін,мөлшерін білд.М:мен үйден де, күйеуден де кетпеймін.(қимылдың шыққан орнын көрсетіп тұр). Көмектес с мағынасы өте күрделі. қимылдың тәсілі(балтамен шапты),ортақтық мағ(оқушылармен кездесті),қимылдың мекенін білд(жолмен жүрді),мезгілін білд.(күнімен күтті).

А.Ысқақов"қаз.қаз т": Септік жалғауы деп, қосымшалары сойлемдегі сөздерді бір бірімен жалғастырып,септестіріп тұруын аитамыз. Ол екіге бөлінеді жай септеу жане тәуелді септеу. Жай септеу деп септік қосымшаларының тікелей затесімдердің және басқа есім қызметін атқаратын сөздің тура түрлеріне жалғануын айтамыз.Ал,тәуелді септеу деп, септік жалғауларының зат есім немесе зат есім қызметін атқаратын басқа сөздердің тәуелді түрлеріне жалғануын айтамыз.

Атау с: кім?не? кімім?кімің?кімі?нең?несі?нем?

Ілік с: кімнің?ненің? кімінің?кіміңнің?немнің?неңнің?

Барысс:кімге?неге?қайда?кіміме?кіміне?неңе?неме?несіне?

Табыс с: кімді?нені? кімімді?кіміңді?кімің?немді?несін?

Жатысс:кімде?неде? кімімде?кіміңде?немде?неңде?несінде?

Шығысс:кімнен?неден? кімімнен?кіміңнен?немнен?неңнен?

Көмектесс:кіммен?немен?кіміммен?неңмен?кіміңмен неммен?

Атау с.жай септелуде де,тәуелді септелуде де атау септіктің өзіне тәң арнаулы қосымшасы ьолмайды.Осыған орай ол негіз септік деп аталады. Олар септеулік шылаулармен де жұмсала береді.(хат арқылы,ел үшін,жыл бойы)

Ілік с.Меңгеру я меңгірілу жағынан тікелей етістікке қатыспайды,әрқашан соңғы тәуелдеулі есім сөзбен я субстантивтенген сөзбен байл.болады.меншіктілік,иелікті білд.(мектеп директоры,колхоздың бастығы, Сабиттің даптері,үй іші)

Барыс с:Ол әрқашан етістік мүшемен тікелей де,жанай да байланысып,қимылдың бағытын,мақсатын білд.(Ол ертең астанаға барады, Шоқан кітап алуға ауылға кетті)

Табыс с:Етістікпен байланысып,сойлемде тура толықтауыш қызмет атқ.(Ел үшін қызмет қыл, көз сүзбе)

Жатыс с:Бұл септіктегі сөз нег.көлемдік,мекендік және мезгілдік мағына береді.(байлық еңбекте,жерде)

Шығыс с:іс қимыл,әрекеттің шыққан орнын,себебін,мезгілін,мөлшерін білд.(әкемнен атты сұрап алдым)

Көмектес с: Бұл септік іс амалдың құралы мен тәсілін,мекені мен мезгілін,ортақтасу,бірлесу, астасу,ұштасу сияқты мағ.білд.(біз автобуспен жүргенді ұнатпаймыз. Ол тоғайлард кезумен келеді)

52 - Бол, ет, қыл көмекші етістіктерінің қызметі

«Қазақ грамматикасы» Көмекші етістіктер тілде түрлі қызмет атқарады. Сонымен бірге көмекші етістіктердің сөзжасамдық қызметі де бар, ол әдетте назардан тыс қалып, көбіне, ол туралы сөз қозғамайды. Бұл көмекші етістіктернің қызметінің толық қамтылмауына әкеліп соғады. Сондықтан көмекші етістіктердің сөзжасамдық қызметін де ашып көрсетіп отырған жөн.

Көмекші етістіктердің грамматикалық қызметінің ерекше назарда болуы бұл қызметтың ерекше етістіктерінің басым көпшілігіне қатысты болуына байланысты. Ал сөзжасамдық қызмет көмекші етістіктердің өте аз, санаулы түрлеріне ғана қатысты, сондықтан да ол көмекші етістік туралы жалпы сипаттамада көп жағдайда ескеріле бермейді.

Көмекші етістіктер тобынан бол, ет, қыл көмекшілері өздерінің сөзжасамдық қабілеті арқылы ерекшкленеді. Бұл көмекші етістіктер есім сөздерден етістік жасайды. Бәйбішенің қапысын таба алмай ыза болып отырған (Мүсірепов). Ғалымда бұл жөнінде көп табысқа ие болды (Дарқанбаев). Жақсы атының да болмағанын арман етеді (Нұршайықов). Кітапты өзі оқығанын қанағат қылмай... (Әуезов). Бұл мінезің өзіңді әуре етер (Қозып Көрпеш). Осы мысалдардағы ыза болып дегенді ызаланып, ие болды дегенді иеленді, арман етеді дегенді армандайды қанағат қылмай дегенді қанағаттанбай, әуре етер дегенді әурелер деген туынды түбір етістіктерімен ауыстыруға әбден болады. Олай болатын себебі, бұл мысалдардың алғашқыларында есім сөзден көмекші етістік арқылы етістік жасалған, екінші сыңарларында есім сөзден жұрнақ арқылы туынды түбір етістік жасалған. Екеуінде де есім сөзге қимыл мағынасы қосылған. Сондықтан ыза болу мен ызалану, ие болу мен иелену, арман ету мен армандау, қанағат қылу мен қанағаттану, әуре ету мен әурелеу мағынасы жағынан бірдей. Сонда бұл мысалдарда есім сөзге қимыл мағынасын бірде көмекші етістік, екіншіде етістік жасаушы жұрнақ қосып тұр. Анығырақ айтқанда, есім сөзден етістік бірде аналитикалық тәсіл арқылы, бірде синтетикалық тәсіл арқылы жасалған. Олай болса, есім сөзге көмекші етістік қимыл ағынасын қосып, оны етістікке айналдырған. Сондықтан да олар құранды етістік аталып жүр.

Бұл қызметті кез келген көмекші етістік атқара алмайды, тек белгілі көмекші етістіктер ғана осы қызметті атқара алады. Олар: бол, ет, қыл көмекші етістіктері. Осы көмекші етістіктердің есім сөзді етістікке айналдыруын олармен мағыналас туынды түбір етістіктермен салыстыру арқылы олардың мағына бірлігін тануға болады. Олардың біразын салыстырып көруге болады: алаң, алаң бол, алаң ет, алаң қыл- алаңда, арманда бол, арман ет, арман қыл-арманда, әбігер бол, әбігер ет, әбігер қыл-әбігерле, әзір бол, әзір ет, әзір қыл-әзірле, әуре бол, әуре ет, әуре қыл-әуреле, әшкере бол, әшкере ет, әшере қыл-әшкереле, ие бол, ие ет, ие қыл-иелен қуат бол, қуат ет, қуат қыл-қуаттан, құмар бол, құмар ет, құмар қыл-құмарлан, құштар бол, құштар ет, құштар қыл-құштарлан, ойран бол, ойран ет, ойран қыл-сақтан, таң бол, таң ет, таң қыл-таңдан, ыза бол, ыза ет, ыза қыл-ызалан.

Бұл келтірілген әр құранды етістіктермен туынды етістіктердің мағыналас екені анық байқалып тұр. Сонымен бірге бол, ет, қыл көмекші етістіктерінің құранды етістік жасау қызметінде ортақ белгілердің бәрі де көрініп тұр. Оны үш көмекші етістіктің құранды етістік жасаудағы жалпы қасиеттерімен, белгілерімен бірге, аздаған әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері де байқалады.

Бұл көмекші етістігі арқылы жасалған құранды етістіктерде салт етістік мәні бары байқалады: сен адам бол, сен сері бол, сен азат бол сияқты құранды етістіктер субъектінің өзіне өзі жасайтын қимылды білдіретіні анық.

Ал әбігер ет, әзір ет, әуре ет сияқты мысалдарда объектіге жасалатын қимыл екені байқалады. Біреуді әбігер ет, әуре, әзір ет деген мағына анық көрініп тұр.

Қыл көмекші етістігі арқылы жасалған құранды етістіктер де субъектіге де, объектіге де жасалатын қимылды білдіреді.

Мысалы, маған жақсылық қыл, жәрдем қыл, оны адам қыл, оны өзіңе бала қыл т.б. тілде осы құранды етістіктердің соңғы мағынасы жиі кездеседі.

Қазіргі тілімізде осы қызметте ең жиі қолданылатын көмекші етістік-ет. Көне кезеңдерде қыл көмекші етістігінің қызметі белсенді болған.

Бұл көмекші етістіктер арқылы жасалған құранды етістіктер сөйлемде етістік жүйесі бойынша түрленеді: ие етті, ие еткізді, ие еткізеді т.б.

Жазда көмекші етістігі

Жазда-тек қана көмекшілік қызметте қолданылытын етістік, оның толық, негізгі мағынада қолданылуы тілде жоқ, яғни тұрақты көмекші етістік. Бұл етістіктің де көне кездерде лексикалық мағынасы болған.

Жазда көмекші етістігі тілде қимылдың өту сипаты категориясының көрсеткішіне жататын й жазда аналитикалық форманты болып қалыптасқан. Й жазда аналитикалық форманты жетімсіз қимылды білдіреді. Жетімсіз қимыл деп қимылдың жасалуға жақындап барып, тіпті жартылай жасалып аяғына жетпей тоқтауын үзілуін білдіруі аталады. Құлай жаздады, жығылы жаздады, кетіп қала жаздады т.б.

Бұл қимыл субъектінің өздігінен әдейі жасайтын қимылы емес, қимылдың жасаудыбастап, оны субъекті өздігінен тоқтатпайды. Қимыл кездейсоқ себептердің әсерінен, көбіне субъектінің ырқынан тыс кездескен себептердің әсурінен аяқталмай тоқтайды.

Қимылдың жасалуының бұл тәсілі- түркі тілдеріне тән құбылыс. Мысалы, башқұрт тілінде: йоқлай яззы, йығыла яззым; өзбек тілінде: улар ёзди, йиқила ёзды; татар тілінде: киттә язды, егыла язды түрінде қолданылады.

Бұл формант өте белсенді, салт, сабақты етістіктерді талғамай тіркесе береді. Мысалы: Өзін өлтіре жаздаған Мекешке сүйсінеді (Мүсірепов). Қыз отқа құлай жаздап, әрі шошып, әрі ашуланып, булыға жаздады (Әуезов).

Аузекі тілдебұл форманттың мағынасын басқа жолмен, түрлі тіркестермен беру де кездеседі. Мысалы, кетуге аз-ақ қалдым, ф

Бұл формант тіркескен етістік болымсыздық жұрнақты қабылдамайды, ол осы форманттың мағынасына байланысты. Й жазда формантының өзі болымсыздық мағына береді, сондықтан ол формант бар сөзге болымсыздық жұрнақтың қажеті жоқ. Осы формантты қабылдаған аналитикалық етістік етістіктің түрлену жүйесімен толық түрлене бермейді. Ондай тұлғадағы етістік тілде көбіне, жедел өткен шақ, кейде ауыспалы шақ пен бұрынғы өткен шақ тұлғаларында кездеседі. Мысалы: Жалт қарап еді, есінен тана жаздады (Майлин). Қайық бұлтаңдағанда, ауып қала жаздады «Мүсірепов». Мен түгілі атақты адвокат Ақбаев, Дүйсенбаевтар бір сөз үшін айдалып кете жаздаған (Мүсірепов). Мал-мүлкі сатылып кете жаздапты (Мұқанов).

А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі»

Бұл үш етістік әрі жетекші, әрі көмекші болып қызмет атқарады. Үшеуінің мағыналарында да, түрлену жүйелерінде де, функцияларында да, ортақ сипаттар болумен қатар, бір-бірінен ерекшкленетін өзгешеліктері де бар. Бірақ бол етістігі өзінше бір басқалау да, ет, қыл көмекшілері өзара бірыңғайлау. Дегенмен бұлардың қай-қайсысы болсын есімдермен тіркесе қойып, құранды етістік жасауға аса бейім тұрады және сондай тіркесте өте жиі ұшырайды. Осы өзгешеліктерінен болу керек, әдетте, олардың жетекшіліктерінен гөрі, көмекшілік қызметтері басымырақ сияқтанып көрінеді. Мысалы:

Адам бол адам ет адам қыл

Алаң болма алаң етпе алаң қылма

Дайын бол дайын ет дайын қыл

Мәз болды мәз етті мәз қылды

Қарық болды қарық етті қарық қылды

Қорған болды қорған етті қорған қылды

Осы және осы сияқтанған мысалдардан бұл үш етістіктің құранды етістік жасауда әрі ең негізгі, әрі өте өнімді, әрі тіпті жиі қолданылатын сөздер екені анықталады (Соңғы кезде үш етістіктің қатарына істе (іс+те) деген етістік ене бастағанын ескерте кеткен жөн).

Сонымен бірге, осы мысалдардан бұл үш етістіктің бір-бірінен ажырайтын мағыналық ерекшкліктері барлығы да бағдарланады. Ол- табиғи құбылыс, өйткені егер олар мағыналары жағынан да, қызметтері жағынан да дәл бірдей, барабар я тең болса, тілде «босқа» жарысып жүрмеген де болар еді. Ал олардың мағына жағынан абсолютті тең еместігі, әрқайсысына тән өзіндік сипаттарынан да түседі. Мысалы: абай бол (абайла), сақ бол (сақтан), оқып бол, айтқан бол... деп қолдануға болғанымен. Абай ет, сақ қыл, оқып ет, айтқан қыл деуге болмайды. Бұлардың осылайша ажырауы, әрине, мағыналарының ерекшкліктеріне, соған лайық қалыптасқан тіркесу қабілеттеріне байланысты. Демек, бұдан сөз-сөздің өздеріне тән мағыналық аясы, қолданылу өрісі болатыны аңғарылса керек.

Сонымен, бол, ет, қыл (істе) етістіктерінің басқаша, демек, бұлардың ең негізгі және дыбасты қызметі-есімдерден құранды етістіктер тудыру. Олардың бұл «мамандығын» өзге көмекшілер атқара алмайды. «Бол», «ет», «қыл» етістіктерінің жәрдемімен жасалған құранды етістіктердің соңғы компоненті түрленіп, саралама, суреттеме етістіктер жасалуымен қатар (қызмет ете көріңіз, қызмет көрсетсе екен т.б.), лексикаланған, идиомаланған тұрақты етістіктер көп қалыптасқан.

53 - Қалып етістіктері

Қазіргі тілімізде отыр, тұр, жатыр (жат), жүр деген қалып етістіктері тікелей жіктеліп, қолданылады. Қалып етістіктері тек тікелей жіктеле апу жағынан ғана емес, басқа да сипаттары жағынан ерекшеленеді: 3-жақ жіктік тұлғасы мен бұйрық райдың 2-жақ тұлғасы сәйкес келеді: ол отыр - сен отыр, ол тұр - сен тұр, ол жүр - сен жүр, тек жатыр етістігі ғана 3-жақта ол жатыр болып, бұйрық райдың 2-жағында сен жат болып беріледі.

Сондай-ақ қалып етістіктері есімдерше, етістік тұлғаларының ішінде есімдерше жіктеледі.

Мен отырмын, тұрмын, жатырмын, жүрмін, көрермін;

Сен отырсың, тұрсың, жатырсың, жүрсің, көрерсің;

Сіз отырсыз, тұрсыз, жатырсыз, жүрсіз, көрерсіз;

Ол отыр, тұр, жатыр, жүр, көрер.

Біз отырмыз, тұрмыз, жатырмыз, жүрміз, көрерміз;

Сендер отырсыңдар, тұрсыңдар, жатырсыңдар, жүрсіңдер, көрерсіңдер;

Сіздер отырсыздар, тұрсыздар, жатырсыздар, жүрсіздер, көрерсіздер;

Олар отыр, жатыр, тұр, жүр, көрер. Қалып етістіктерінің мұндай ерекшеліктері олардың түбір тұлға емес екендігінен болып отыр. Қазіргі кезде түбір деп айтылып жүргенмен, етістіктің белгілі формалары негізінде қалыптасқан да, онда сол формалардың грамматикалық қасиеті қалып қойған. Жатыр етістігінің жат түрінде қолданылуы оның түбір емес екендігін көрсетеді. Сондай-ақ отыр етістігі ол тұр - ол турар тұлғасынан қалыптасқандығы белгілі. Ал тұр мен жүрде, етістіктің тұрұр және жүрүр тұлғаларынан қалыптасқан, кейін соңғы -ұр, -үр қосымшасы түсіп қалғанмен, оның грамматикалық қасиеті, процессуальдық мәні сақталып қалудың нәтижесінде қалып етістіктері осындай ерекшеліктерге, яғни әрі түбір тұлға ретінде 2-жақ бұйрық рай тұлғасымен омоним форма құрап, әрі процессуальдық мәні сақталып, осы шақтың (нақ осы шақгың) негізгі грамматикалық көрсеткіші болып саналып, 3-жақ жіктік жалғау тұлғасында, нөлдік формада жұмсалуға ие болған.

Сонда қалып етістігінің осы мәндері бір тұлғадағы ерекшеліктері ме? Дегенсұрақ туады.

Қалып етістіктерінің осындай әр түрлі мәндері бар бір ғана тұлғасының көрінісі емес. Мысалы, тұр - түбір десек, сен тұр - бүйрық райдың 2-жағы (жекеше, анайы түрі), ол тұр - 3-жақта жіктеліп қолданылған, бұлардың мағыналары қандай әр түрлі болса, формалары да сондай әр түрлі, түбірден басқасы - әр грамматикалық категорияның нөлдік формалары.

(Оразов М. Қазақ тіліндегі қалып етістіктері. Алматы, 1980. 176 б.)

Қалып етістіктері. Тілімізде адамзаттың амал-әрекеті, табиғи күй жағдайлары тұр, жатыр, жүр, тұр етістіктері арқылы беріледі. Олар тіл ғылымында қалып етістіктері деп аталатыны белгілі. Осы төрт етістіктің формаларындағы, функцияларындағы, семантикалық реңктеріндегі нәзік айырмашылықтарды, бәріне ортақ бірыңғай ерекшеліктерді қазақ тіл білімінде Қ.Жұбанов, А.Байтұрсынов, Н.Т.Сауранбаев, С.Аманжолов, Ы.Маманов, А.Ысқақов, С.Исаев, М.Оразов, Т.Қордабаев, Н.Оралбаева, З.Оспанова т.б. белгілі ғалымдар өз еңбектерінде көрсетіп, айтып кеткен. Сондықтан біз қарастырып отырған тақырып бұрын соңды айтылмай, зерттелмей келген тың мәселе емес, оның негізгі белгілері, ерекшеліктері анықталған. Біздің мақсатымыз қалып етістіктері Ы.Маманов зерттеулерінде қай тұрғыдан қарастырылды, осы тақырыпты сөз игі әсері қандай болды, бүгінгі таңда оның маңыздылығы неде деген сұраулардың басын ашу болып отыр.

Алғашқылардың бірі болып бұл төрт етістіктің өзіндік ерекшелігін таныған ғалым – профессор Қ.Жұбанов қалып етістіктерінің әрқайсысының беретін лексикалық, семантикалық мағыналарына қарай оларды дәл осы шақтың төрт түріне бөліп қарастырады. Ғалым сыпат категориясына нақты тоқталмағанмен, істің жүру процесін білдірудегі осы төрт етістіктің көмекшілік қызметін аңғара білген деп есептейміз

А.Байтұрсынов қалып етістіктерін көмекші етістіктер қатарында қарап, оның болымды түрінің жіктелуі басқа етістіктерден өзгеше екендігін, яғни жіктік жалғауы оларға тікелей жалғанатынын, ал болымсыз формада келдгенде қалып етістіктері басқа етістіктер сияқты жіктелетінін, яғни тікелей жіктелмейтінін байқаған

Н.Т.Сауранбаев «Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен функциясы» еңбегінде (1942) күрделі етістіктердің жасалуына тоқталады. Толымды, толымсыз көмекші етістіктерді нақты атамағанмен, жатыр, отыр етістіктерінің көсемше формалы негізгі етістікке тіркесіп, көмекшілік қызмет атқаратынына бірнеше мысалдар келтірген.

С.Аманжолов негізінен шақтық мағына осы төрт етістіктің өз ішінде, бүтін тұлғасында болатындығын айтса (1994), аталған төрт етістіктің грамматикалық мағыналарын орыс тілімен салыстыра зерттеген ғалымдарымыздың бірі Ш.Х.Сарыбаев олардың есімдерше жіктелуін, шаққа, жаққа қатысын т.б. алғаш танып, дұрыс нұсқау берген (1939). М.Оразовтың «Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері» (1980) атты монографиясында аталған етістіктердің морфологиялық құрылымында туған тұл,алық, мағыналық өзгерістергі және әбден орныққан формаларына тарихи, ғылыми тұрғыдан талдаулар жасалады. А.Ысқақов пікірлерін сараласақ (1991), басқа авторлар пікірінен онша алшақ еместігін байқаймыз. Ғалым қалып етістіктерінің негізгі мағыналары мен қызметтерін атқарумен бірге, амал-әрекеттің даму кезеңін (фазасын), өту сипатын білдіруге дәнекер болса, екінші жағынан, етістіктің нағыз осы шақ категориясын құрауға негіз болады дейді. Бірақ ғалымның өзіндік көзқарасы да жоқ емес. Оған сыпат категориясының синтетикалық түрін атауға болады. Сондай-ақ ғалымның сыпат категориясын үшке бөліп (қимылдың басталуы, жүріп жатуы, аяқталуы), олардың формаларын көрсетуі ғылым үшін жаңалық деп білеміз.

54 - Сөз таптарының заттануы

Сөздер қолданыста, сөйлемде бір-бірімен түрлі қатынасқа түседі, сондай қатынаста сөз таптарының бір-бірімен алмасу , бір-біріне ауысу процесі де болып тұрады. «Сан есім мен сын есім қолданыста заттанып (субстантивтеніп) қолданыла алатын сөз таптары. Субстантивтену - контекске байланысты құбылыс, ол зат есімге көшу емес. Міне, бұл сөз таптарының зат есім сөздер екенін білдірмейді» -дейді ғалым Н.Оралбай. Сын есімнің көптеліп, септеліп, тәуелденіп келіп, зат есімге ауысып, заттанып қолданылуы субстантивтену процесі деп аталады. Сын есім мен зат есім тек лексика-семантикалық жағынан ғана емес, қолданылу ерекшелігі қабілеттілігі жағынан да ажыратылады. Кейде заттың сындық, сапалық т.б белгісін білдіретін сын есімдер әдеттегі қолданылу қалпынан ауытқып, заттың атауы ретінде де жұмсала береді Ондай жағдайда зат есім түсіріліп айтылып, сын есім сол түсірілген з.е қызметін атқарып, заттық мағынады қолданылады. Демек, субстантивтенген сөздердің мағыналары кеңи түседі, әрі өзінің негізгі қызметін атқарып, әрі жаңа заттық мағына үстеледі.Мысалы: Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат.Бұл мысалдардағы заттанған сын есімдердің қасына анықталушы сөздердіқойған жағдайда , қайтадан сындық сипатқа ие болып, анықтауыштық қызмет атқара алады. Алайда сын есімдердің заттану процесі біркелкі емес, кейбір сын есімдер біржола заттанып кетеді. Олар: жас, бала, ауру, жүдеу, бай, кедейт.б.Бұлар заттық мағынада қолданылғанымен қоса сапалық мағынада да кездеседі. Мысалы: Көп ішінен салпы ерін бала жігіт шықты.

Жоғарыда аталған сын есімдердің әрі заттық, әрі сындық мағына білдіруінің негізгі себебі о бастағы зат есімнің атрибутивті қолданылумен байланысты. Мұндай қолданыс тілде анықтауыш деп аталатын синтаксистік қызметтегі сөйлем мүшесін қалыптастырған, ал бұл син-к қатынастың тұрақтануы тілдің морфологиялық құрылымында сын есімнің дербес грамматикалық топ ретінде қалыптасуына негіз қалады.

Сын есімнің заттануын Н.Оралбай екіге бөледі: контекстік заттану және лексикалық заттану. Контекстік з. Деп белгілі контексте ғана заттық мағынаға ие болатын сын есімдер аталады. Мыс: Білімдіден үйрен, жақыныңды сыйла.

Сын есімдердің кейбір түрлері бара бара заттық лексикалық мағынаға көшкен. Мысалы: байдың малы,жастың ісі

56Сөз және оның мағыналық ерекшеліктері.

А. Ысқақаов «қазіргі қазақ тілі». Сөз – дегеніміз қыр сыры мол күрделі тілдік категория.сөздің мағыналық дыбыстық шығу төркіні даму тарихы қолданылу ерекшелігі жасалу жолы өзгерілу жүйесі және басқа алуан жақтары бар.

Тіл ғылымыынң әр саласы сөзді әр тұрғыдан қарап тексерді. Мысалы сөзжің дыбыстық жағынанбелгілі бір дыбыстық комплекс арқылы айтылатынынан сол дыбыстық комплекс арқылы құлаққа естілетінінен байыптаймыз. Сөздің осындай дыбыстық жақтарымен байланысты мәселелерін зерттеу фонетика тарауынын міндеті.

Белгілі бір ұғымнын атауынретінде қолданылатын дыбыстық комплексті сөз деп атаймыз.

Әрбір сөздің бір бірімен тығыз байланысты екі жағы бар: сөздің сыртқы дыбыстық жағы,сыртқы дыбыстық жамылғыш. Екіншісі сол дыбыстық жамылғыш арқылы айтылатын не ұғынылатын ішкі мазмұны мағына жағы. Сөздің сыртқы дыбыстық құрамы мен ішкі мағынасы үнемі бірлікте болады.

Сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналары.

Әрбір сөздің өзге сөздермен қарым қатынасқа түспей, жеке дара тұрғандағы нақтылы я негізгі мағынасы әдетте лексикалық я тура мағына деп аталады.мысалы: тас,ағаштопырақ деген сөздерді алсақолардың әрқайсысы әрі нақтылы әрі жалпы атау.өйткені ағаш деп көз алдымыздағы белгілі бір нақты ағашты да сондай ақ жалпы ағаш атаулыны да атай береміз.

Тілдегі сөздерді олардың жүйесін даму жолдарын, жеке сөздердің лексикалық мағыналарын, сөздердің шығу тарихы мен мағыналарының дамуы қолдану өзгешеліктерін лексикалогия ғылымы тексереді.

Лексикалық мағыналары басқа басқа сөздерді әрі қарай топшылай түсіп, топ топқа бөліп, олардың әр тобына тән жалпы және жалқы сипаттарын анықтауға болады. Мысалға: тас, ағаш, топырақ сөздерін бір ғана топқа жатқызып зат есімдер деп грамматикалық жағынан топшылауымызға болады.

Екінші сөзбен айтқанда сөздерді грамматикалық топтарға бөлу рәсімі оларға грамматикалық тұрғыдан қарап мағыналарын ашып соған сәйкес категориялық сыр сипаттарын анықтаудан туған.мысалы: кен асылы жерде сөз асылы еледе деген сөздердің лексмкалық мағыналырында айырмашылық бола тұрса да , бұл сөздерде грамматикалық мағыналарында өзара іштей әлдеқандай жалпылық бар. Мысалға жалпылық барлығын аңғру қиын емес жерде елде сөздерінің бәріне тән жалпы грамматикалық мағына жатыс септік жалғауы арқылы байланысқан.

Сөздің лексикалық мағынасына тікелей байланысатын, осындай жалпы грамматикалық мағыналарын білдіретін формаларды граматика ғылымы зерттейді.

Лексикалық мағына да грамматикалық мағына да бір сөздің бойында жарыса өмір сүре береді. Мысалы: Көршіні көрші шақырады дегендегі үш сөйлемді алсақ, алғашқы екі сөздің лексикалық мағынасы бір де, соңғы сөздің лексикалық мағынасы басқа. Алғашқы екі сөздің лексикалық мағыналары бір болған мен грамматикалық мағыналарында өзгешелік те бар.бұл екеуінің грамматикалық мағыналарындағы жалпы ұқсастық мыналар:екеуі де зат есім екеуі де жекеше мағына білдіреді. Ол екеуінің грамматикалық мағыналарындағы өзгешелік сол екі сөздің сыртқы түрлеріндегі айырмашылыққа байланысты. Әрине көрші деген сөзден көршінің деген сөздің бөлшегі артық. Осы артық бөлшек екінші сөздің сыртқы түріне ғана емес грамматикалықт мағынасына да өзгешелік енгізіп тұр. Демек көршіні деген сөзде грамматикалық мағынасынан басқа табыс септігінін мағынасы да бар. Екі сөздің сөйлем мүшелік қызметі қызметі жағынан құралатын грамматикалық жағы да ажырап , біреуі сөйлемнің бастауыш көрші, екіншісі сөйлемнің толықтауышы көршіні болып тұр. Соңғы шақырды деген сөздің де бірнеше грамматикалық мағынасы бар. Бұл сөз етістік, ол әрі өткен шақтын мағынасы, әрі үшінші жақтын мағынасы.

Осы талдаудан мынадай қағидалар туады. Сөз мағынасы жағынан ғана емес, құрамы жағынан да аса күрделі категория. Сөз қолданғанда әәр алуан тұлғалық өзгеріске ұшырап түрленіп отырады. ондай өзгеріс әсіресе сөздің морфологиялық құрамында болып олтырады. Осындай тұлғалық өзгеріске орай, сөздің бірде лексикалық мағынасы өзгерсе бірде семантикасы ьасқа реңкке көшеді. Сонымен қатар осындай өзгерістерге байланысты сөздің грамматикалық мағынасы да түрленеді.

Сөздің әрбір грамматикалық бөлшегінің өзіне тән көрсеткіші болады. Грамматика сөзді тексергенде фонетикаға да лексикаға да сүйенеді олармен тығыз байланыста отырып сөдің сырын ашады.

Н Оралбай. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» Грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасымен бірге, оған қосыла жүріп байланысты ойды білдіру қызмет атқарады. Сөздің лекс икалық мағынасы мен грамматикалық мағынасының мынандай ерекшеліктері бар.

Сөздің лексикалық мағынасы түбір сөздер арқылы беріледі. Мысалы: қағаз, күн, ай,көз, жүзік т.б. ал грамматикалық мағына түрлері грамматикалық көрсеткіштер арқылы түбір сөзге үстеледі. Мысалы: қағаздар бұл сөздегі көптік мағына көптік жалғау арқылы берілген. Жалпы грамматикалық мағына сөйлемдегі сөз атаулының құрамында үнемі болатын басқа грамматикалық мағыналармен бірге жарыса, қабаттаса жүретін , қолданылу аясы кең мағына.

Жеке грамматикалық мағына сөйлемдегі сөздердің басқа сөздермен қандай грамматикалық қатынасқа түсуіне байланысты бір сөйлемде қолданылсы, екінші сөйлемде кездеспеуі мүмкін. Демек жеке нрамматикалық яғни категориялық грамматикалық мағынаның қолданылу аясы жалпы грамматикалық мағынадан әлдеқайда тар.

«Қазақ граматикасы» Сөз ұғымды білдіріп соның тілдік көрсеткіші. Сөз алдымен лексикалогияның тікелей және басты обектісі бар. Өйткені тілдегі сөздік құрам оның баюы дамуы, сияқты сөздің тікелей басындағы қасиеттері лексикалогия саласында қаралып шешімін табады. Сондай ақ сөз сөзжасам саласының да тікелей обектісі .

Ал, грамматика гректің оқи алу, әріп жазу білу деген сөзінен қалыптасқан болса. Сөздердің бір бірімен тіркеске түсіп сөйлем құрау сияқты қасиеттері қарастырылады. Грамматиканың бір саласы морфология сөздердің грамматикалық сипатын зерттейді. Ал синтаксис сөздің грамматикалық мағыналарын олардың берілу жолдарын түрлену жүйесі мен ерекшеліктерін қарастырады.

Сөздің бар сипаты оның қолданысында сөйлем ішінде айқындалатын сияқты дыбыстардың да бар қасиеті сөз құрамында қолданылуы арқылы айқындалады. Сондықтан да сөз фонетикаға да қатысты. Міне осы қасиеттері негізінде сөзді өте күрделі тілдік еденица, өйткені ол тілдің мәнді, мағыналы бөлшегі және сөйлем құрауға негіз болатын тілдік еденица.

Қ. Жұбанов. Сөзді екі мағынада қолданамыз:

Жазылған сөйленген сөздің бәрін сөз дейміз. Мысалы: Қатесі көп болғансын, жазғанның сөз болмай шығыпты.

Нәрсенің атының бірі өзін ғана сөз дейміз. Мысалы: жер жүзінің пролетарлары, бірігіңдер.дегенде төрт сөз бар.

Грамматикада сөз дегенді көбінесе осы соңғы мағынада қолданамыз. Айырып айтқымыз келсе бұл соңғы мағынасындағы сөзді жеке сөз дейміз.

Жеке сөз заттың бір белгісінің аты. Мысалы: балла тас үй, деген сөздердің әрқайсысы бір бір заттың аты.

Сөйлегенде жеке заттың немесе заттың белгілерінің өзді өзіне ғана айтқымыз келсе үй, тас, бала.деп айырым сөздер деп айтамыз. Әрбір сөз осыла й айырым айырым айтуға келеді.

Сөз деген зат біткеннің бәрінің аты емес әр елдің өзінің білген затының білген құбылысының ғана аты. Білінген нәрселерге қойылған атты сөз дейміз.

57 - Аналитикалық форманттар, көмекші етістіктермен арақатынасы.

(Н.Оралбаева). Грамматикалық категориялардың мағынасын білдіретін көрсеткіштердің бір түрі- аналитикалық форманттар. Аналитикалық форманттар тілдің грамматикалық құрылысынан бірсыпыра орын алады. Аналитикалық формант деп қосымша мен көмекші сөзден құралып, бір грамматикалық мағына беретін тілдік бірлік аталады. Мысалы, Айттым боз қасқа,- деп кәрі әкесі еңіреп жіберді. Аспанға атылған аңғал асау енді тісін қаршылдатып, болат ауыздықты шайнап тұр. Сен әртіс бола аласың. Осы мысалдардағы шайнап тұр, еңіреп жіберді, бола аласың деген етістіктердің құрамында –п жіберді, -п тұр, -а ал аналитикалық форманттар қолданылған. Олардың әрқайсысы әр түрлі грамматикалық мағына білдіретін, әр түрлі грамматикалық категорияның көрсеткіштері: -п жіберді- қимылдың тез, бірден болғанын білдіретін формант, ол- қимылдың қалай жасалғанын білдіретін қимылдың өту сипаты категориясының форманты, -п тұр- форманты- нақ осы шақтың форманты, -а ал- мүмкіндік модальдығының форманты, ол қимылды жасау субьектінің қолынан келетін, яғни қимылды жасауға субьектінің мүмкіндігі барын білдіреді. Бұл мысалдар әр аналитикалық форманттың өзіндік мағынасы барын, ол мағынаның әр түрлі категорияға қатысты болатынын дәлелдеді. Аналитикалық форманттың құрамы қанша күрделі болса да, ол қолданыста бір ғана мағына береді, яғни аналитикалық формант тұтас бір мағынаны білдіреді.

Аналитикалық етістікті жасауда көмекші етістіктің қызметі ерекше. Көмекші етістік болмаса, аналитикалық етістік те жасалмайды. Сол себепті аналитикалық етістіктің негізгі белгілері болып танылатын аналитикалық форманттар көмекші етістікпен тікелей байланысты.

Жалпы, көмекші етістіктердің қызметтерін тани білу, олардың ерекшеліктерін, сипаттарын ажырата білу- қазақ грамматикасының аса бір қызық та, қиын да, маңызды мәселесі.

Көмекші етістіктердің саны аз болғанымен, тілімізде атқаратын қызметі орасан зор. Олардың қызметі арқасында, мағыналары қаншалықты олқы бола тұрса да, мағынасы толық дербес арқылы сөз білдіре алмайтын неше алуан өте нәзік семантикалық, грамматикалық абстрактілі мағыналар жасалып я беріліп отырады. Мысалы: шөлдеп кеттім және шөлдеп қалдым, серпіп жіберді және серпіп тастады, бере салдым және бере қойдым, жығылып кете жаздадым және жығылып қала жаздадым...деген етістіктердің бір-бірінен ерекшеленетін нәзік реңктерін тек көмекші етістіктердің жетекші етістіктерге үстейтін мағыналарынан ғана ажыратуға болады.

(А.Ысқақов). Көмекші етістіктердің қолданылу шеңбері де, жетекші етістіктерге қосатын семантикалық үлестерде, түрлену жүйесі және басқа сипаттары да бәрінде бірдей емес. Солай болғандарымен де, ортақ сипаттарын ескере отырып, оларды ең әуелі толымды көмекшілер және толымсыз көмекшілер деп екі салаға бөліп қарауға болады.

Толымды көмекші етістіктерге бір жағынан, негізгі лексикалық мағынасын толық сақтап, дербес грамматикалық функцияларын түгелдей атқарып, етістік атаулыға тән парадигмалық формалардың бәрін қабылдап, жазба тілде де, сөйлеу тілінде де дербес сөз мүше ретінде қолданыла беретін, солай бола тұра, екінші жағынан, аналитикалық етістік құрамында тиісті жетекші етістікке белгілі дәнекер арқылы тіркесіп, оған қосымша абстракты мағына үстейтін бір алуан етістіктер жатады. Олар: ал, бар, бер, баста, бақ, бол, біт, жатыр, жүр, жөнел, жібер, кел, кет, көр, қал, қара, қой, сал, таста, тұр, отыр, өт, шық, де, қыл, ет.

Толымсыз көмекші етістіктерге еді, екен, емес сөздері жатады. Еді көмекшінің дәнекерлігі арқылы арқасында тілімізде өткен шақ мағыналарын білдіретін мынадай аналитикалық форманттар қалыптасқан: -ып еді (айтып еді), -қан еді (айтқан еді), -атын еді (айтатын еді), -ар еді (айтар еді), -са еді (айтса еді), -са игі еді (айтса игі еді), -а,-е,-й (бара жатыр, келе жатыр), т.б.

Екен көмекшінің қатынасымен күрделі өткен шақ категориясын жасайтын мынадай аналитикалық форманттар қалыптасқан: -ған екен (барған екен), -атын екен (баратын екен), -ады екен (барады екен), -са екен (барса екен), -ар ма екен? (барар ма екен?), - ып па екен? (барып па екен?), т.б.

Бұл көмекші етістіктерде семантикалық реңкті ажырату жағынан ғана болмаса, тіркесу жүйесі, жұмсалу реті және қызметі жақтарынан өзге аналитикалық форманттардан ерекшеленетіндей айырмашылық табылмайды.

(Қазақ грамматикасы). Көмекші етістіктер грамматикалық дамудың нәтижесінде грамматикалық қызметке көшіп, грамматикалық көрсеткішке айналғандықтан, олар сөйлемде толық мағыналы етістікке көсемше, есімше жұрнақтары арқылы тіркесіп, оған грамматикалық мағыналар үстейді. Мысалы: Бір түйе жас көзімнен ыршып кетті. Аш есікті, сен ол қызды жасырып алмайсың. Осы мысалдардағы грамматикалық мағыналы көзімнен, ыршып кетті, есікті, қызды, жасыра алмайсың деген түрлі формадағы сөздерді алып қарайық. Көзімнен дегенде жастың шыққан жерін –нен шығыс септік жалғауы білдіріп тұр, онда грамматикалық мағына қосымша арқылы берілген; ыршып кетті дегенде ыршу қимылының тез жасалуын –ып көсемшесі арқылы тіркескен кет көмекші етістігі білдіреді; есікті, қызды дегенде қимылдың обьектісі мағынасын табыс септік жалғауы білдіреді; жасыра алмайсың дегенде қимылды жасау мүмкіндігінің жоқ екені етістікке –а жұрнағы арқылы тіркескен алма көмекші етістігі арқылы білдірілген.

Қазақ тілінде аналитикалық формалы сөздің құрамы негізінен төмендегідей:

Дербес сөз+қосымша+көмекші сөз (өсіп кетті);

Дербес сөз+көмекші сөз (жүр еді);

Көмекші сөз+дербес сөз (өте жақсы);

Аналитикалық формалы сөз сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болады. Мысалы, Ол оқып жүр дегенде жүр- сөйлемнің баяндауыш мүшесі. Сол сияқты аналитикалық формалы сөз тіркесінің де бір сыңары, бір мүшесі болады. Мысалы, Ол үйде оқып отыр дегенде үйде оқып отыр бір сөз тіркесін жасайды. Осы сөз тіркесінің бір сыңары- үйде, екінші сыңары- оқып отыр.

Сөздің аналитикалық формасы төмендегідей белгілер арқылы танылады:

1.Сөздің аналитикалық формасы белгілі бір грамматикалық категорияның жүйесіне, тарамына ену керек.

2.Әрбір аналитикалық формалы сөз лексикалық мағынаға қоса грамматикалық мағына береді.

3.Сөздің аналитикалық формасын категориялардың тұрақты аналитикалық форманттары жасайды.

4.Сөздің аналитикалық формасы белгілі топтағы сөздің басым көпшілігінен жасала береді.

58 - Сан есім және сандық ұғымды білдіретін сөздер.

1) А.Байтұрсынов бойынша:Кей сөздер нәрсенің санын атайды, мәселен: бір, екі, үш, төрт, бес. Нәрсенің санын сұрағанда неше? Қанша? Деп сұраймыз. Нәрсенің дәл санын білуге сұрағанда неше? Деп сұраймыз. Ал нәрсенің дәл санын білуге емес, шамасын ғана білуге сұрағанда қанша? Деп сұраймыз.

2)«Қазақ грамматикасы» бойынша:Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты

Қазіргі қазақ тілінде сан есімдер – заттың немесе заттық ұғымдар мен құбылыстардың санын, мөлшерін, бөлшегін, ретін білдіретін сөз табы. Қазақ тілінде барлық сан есімдер жиырма шақты сөздер арқылы жасалады. Оларды бірлік (бір, бес), ондық (он, жиырма), жүздік (бір жүз, үш жүз), мыңдық (бір мың) сандар деп бөлінеді.

Морфологиялық құрамы жағынан дара және күрделі деп 2-ге бөлінеді.

Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан есімдер деп аталады. Мыс.: бір, алтау, екінші. Дара сан есімдер іштей негізгі және туынды болып бөлінеді. Негізгі сан ес-ге морфемалық бөлшектерге бөлінбейтін сөздер жатады. Мыс: екі, бес.

Күрделі сан есімдер дара сан еісмдердің тіркесуі және қосарлануы арқылы жасалады. Мыс: бір-екі, он төрт.

Сан ес-ң ерекшелігі – басқа сөз таптарынан жасалмауы. Барлық сан ес-р есептік сан есімдердің өзара тіркесу, қосарлану, әр түрлі жұрнақтардың жалғануы негізінде қалыптасқан.

Қазіргі қазақ тілінде семантикалық жағынан сан ес-ге жақын біраз сөз табы бар. Олар:

Салмақ өлшемдерін білдіретін сөздер: пұт, келі, батпан;

Көлем өлшемін білд-н сөздер: бір уыс, бір шым-шым, бір құшақ;

Қалыңдық өлшемі: шынашақ, бармақ, екі елі;

Қашықтық өлшемі: адым, таяқ тастам, шақырым;

Ұзындық өлшемі: тұтам, сынық сүйем, кере қарыс;

Сан есімдердің тура мағынасындағы сөздер:

Жарты мағынасын білд-н сөздер: жарты, жарым;

Бір мағынасын білд-н сөздер: жеке, Дара, Жалғыз, жалқы;

Екі мағынасын білд-н сөздер: егіз, қос, пар;

Төрттен бір мағынасында: ширек сөзі.

Уақыт мөлшерін білд-н сөздер: сүт пісірім уақыт, шай қайнатым уақыт.

Бұл сөздер мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай басқа сөз таптарына жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]