Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
морфология.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
228 Кб
Скачать
☆

1.Жедел өткен шақ. 2.Бұрынғы өткен шақ. 2.Ауыспалы өткен шақ. 4.Қатыстық өткен шақ

Жедел өткен шақ.қимылдың тез арада жасалып өткенін сенімді түрде білдіреді.Мыс. ол кеше келдіМен бүгін келдім. Сіз қазір келдіңіз. Ж.Ө.Ш етістіктің түбіріне ды,ді,ты,ті жұрнағы тікелей жалғанып одан кейін жіктік жалғауының қысқа түр жалғану арқылы жасалады. Ж.Ө.Ш.тың болымсыз түрі ма,ме,ба,бе,па,пе жұрнағы арқылы жасалады да, ма,е жұрнағы желедөткен шак жұрнағынан бұрын түбір етістіккке жалғанады. Мыс: көрмеді, айтпадым, келмедің....

Бұрынғы өткен шақ. Өте ерте. Сөйлеуші хабарлағаннан кейін бірспыра бұрын болып өткен қимылды білдіреді.Мыс.Баяғыда бір бай болыпты, Ол университетті Москвада бітірген.

Жасалуы:Етістіктің түбіріне бұрынғы өткен шақтың ып,іп,п жұрнағы жалғану арқылы жасалады.Мыс:Суретін де беріп үлшеріпті. Қазір Базаралы жол жүрптіндей киініп алыпты.ған,ген,қан,кен жұрнақтары арқылы жасалады. Мыс. Келген екен, айтқан екен. Мұнда қимылдың жасалғанын біреу арқылы анықтағандай реңк бар. Бұрынғы өткен шақтың бұл түрі бірнші жақта субектнің қимылды жасағанын ұмытып, кейін, еске түсіретіндей реңкті білдіреді. Мыс. Көрген екенмін, айтқан екенмін. Бұрынғы өткен шақтың болымсыз түрлері екі түрлі жолмен жасалады. Ма,ме,ба,бе,па,пе жұрнағы .Мыс: келмепті, бармапты, көрмеген, қашпа.

Емес,жоқ бұрынғы өткен шақтың болымсыз түрі. Бірақ олар бұрынғы өткен шақтың барлық түрнен емес, тек ған,ген,қан,кен тұрінен ғана болмсыздық мағ жасайды.Мыс: Жиренше, басқа да бірдеңелер сөйлеспек еді, ол қалған да, үрдеген де жоқ.

Ауыспалы өткен шақ. Атын,етін,йтынғ,йтін жұрнағының түбір етістікке жалғагуы арқлы жасалынып, сөйлеуші хабарлағанға дейін болған, болып тұрған қимылды білдіреді.Мыс: ілулі тұратын, жол іздейтінбіз.А.Ө.Ш болымсыз үрі ма,ме,ба,бе,па,пе жұрағы арқ жасалады. Мс:келмейтінсің, барматнсың, кездеспейтінсіз.

Қатыстық өткен шақ.Қимылды кейін түсіру мәнін қатыстық өткен шақ білдіреді.Мыс: Жұмыскерлер үйіп төгіп алғыс айтатын еді. Сандыбай да әлі оснда жүр еді.Қатысты өткен шақ ,жедел өткен шақ, ауыспалы өткен шақ тұлғаларының бәріне еді көмекші етістігі тіркесіп олардан қатыстық өткен шақтың аналитикалық формасын жасайды.п,еді,ған еді, іп отыр еді, п тұр еді, п жүр еді, п жатыр еді, мақ еді, уш еді, уде еді. Өткен шақта болған қимылды ескерту үшін п еді, ған еді, атын еді аналитикалқ форманттар қолданылады.Мыс. оқу басталып ед, түсінген еді, болатын еді. Осы шақта болған ұимылды кейін еске түсіруді п отыр еді, п тұр еді, п жүр еді, п жатып еді, уде еді форманттар білдіреді. Мыс: ойлап отыр едім, біліп жүр еді. Келер шақтағы қимылдың жасалуына бір кедергі барын мақ еді, мақшы еді, ар еді, тын еді форманттар білдіреді. Мыс. Жайларын сұрамақшы еді.

№8-Жалғау,түрлері.

Н.Оралбай «Қазіргі қазақ тілі»Жалғаулар сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мғына үстейтін морфологиялық формалар. Жалғауларда мағыналқ дербестік те, тұлғалық дербестік те болмайды. Өйткені жалғаулар, Іден:жеке дара қолданылмайды,ІІден. Жеке дара тұрғанда ешқандай мағынасы да болмайды. Жалғаулар тұлға жағынан байыпсыз болады. Бірақ олар жалғанатын сөздердегі дауысты дбыстардың әуеніне қарай не жуан, не жіңішке болып сәйкесетні сияқты, дауыссыз дыбыстардың да орайна қарай қатаңдап, ұяңдап, сонарланып, екі үштвариантты болп түрленгені ғана болмаса шексіз өзгере бермейді.Жалғаулар сөйлемдегі сөздердің аралықтарындағы әр қилы аса жалпы өатынастарды білдіреді де, сол қатынастардың түр түрінің көрсеткіші есебінде қызмет етеді.

Көптік жалғау. Тілімізде көптік категориясы, көптік жалғау категориясы да бар. Осы екеуі бірдей, бірдей де емес. Көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі: лексикалық,морфологиялық, синтаксистік тәсіл арқылы. Сөзатаулының қай қайсысы да болса да жалпыланған, жинақталған ұғмды біілдіреді. Мы:ағаш,шөп,жылқы, ет т.б. деген әрбір сөз саралауға болатын біртектес көптеген заттарды жинақтай атап, жалпылама ұғымның білдіретін сөздердің өздері де біркелкі емес. Олардың ішінде формаларсыз-ақ тұрып, тікелей көптік ұғымды білдіретін сөздер де бар. Мұндай сөздерге жеке даралап санауға келмейтін заттардың (су,сүт,сорпа,ұн,жүн және т.б.), қоғамдық әлеуметтегі ұғымдардың аттары (социализм, капитализм, мәдениет, ботаника, дін), адамның ішкі құб.ның, дүниедегі сын сипаттардың, іс әрекеттің, күй жайлардың аты (алданыш, ақыл,достық, түс,жүріс т.б.). Сөздердің осылайша тікелей өз лексикалық мағынасы арқлы білдіру лексикалық тәсіл деп.а.

Сан есімдер (реттік пен болжалдқ сандардан басқа), сондай ақ көп,аз,әлденеше,бірнеше, бірталай, қыруар трізді сөздер зат есімдерден бұрын анықтаыш тұрып, ещқандай да қосымша формасыз-ақ көптік ұғымды білдіре береді. Мыс: бес кісі, отыз қой, ондаған студен, қыруар мал, .Міне, көптік есімдердің осылайша сөз тіркестері арқылы берлу жолы синтаксистік тәсіл деп.а. Сөздердің қосарлануы арқылы да жинақтау, топтау, жалпылау, ұғымдарды айтылатны мәлім. Мыс:бала-шаға, кәрі-жас, ас-ауқат, туған-туыстық, қазан-ошақ т.б. Қос сөздерсинтаксистік тәсіл арқылы туған күрделі сөздер болғандықтан, олардың көптік ұғымды білдіруін лексика-синтаксистік тәсіл деп атауға да болады. Көптік ұғымдардың сөздерге тиісті қосымшалар қосылу арқылы берілу жолын морфологиялық тәсіл деп.а.\

Қазақ тілінде көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын үш түрлі морфологиялық форма бар. Олардың бірі ыз,із,з ормасы, екінші қ (к) формасы, үшінші лар,лер, дар, дер, тар, тер формасы. 1)Ыз,із,з формас әуелде көптік жалғау емес, жұп,егіз, екеу болып келетін заттардың аттарына жалғанатын қосымша болған. 2)етістітің ашық райының жедел өткен шағының (мыс.біз бардық,біз келдік), бұйрық райының (біз барайық, біз келсек), шартты райының көпше түрінің (біз барсақ, біз келсек) бірнші жағына қосылатын жіктеу жалғау әрқашан қ (к)болып келеді. Бұл форма да –к,-қерте кездегі көптк мағ білдіретін морфологиялық формалардң бірі болғанына ұқсайды. 3) лар,лер,дар,дер,тар,тер формасы сөздің соңғы буыны мен соңғы дыбсының әуеніне қарай өзгеріп жұмсалады. Лар,лер қосымшасы зат есімдерге, есімдіктерге, субстантивтенетін өзге де өз тптарына және етістіктің жіктелетін формаларының екінші жақтарына қосылып, көптік мағынаны білді,ді. Көптік жалғау лар бір сөйлемде біріне бірі қатысты бірнеше сөзге жалғана береді. Ондайда көптік жалғау. Бір жағынан, сөздерді бір бірімен қиыстыру үшін қолданылса, екінші жағнан, олард сараландырып,айқын,ашық етәп айту үшін қолданылады. Мыс: бастары жалаңбас,ауыздарын қалың мұрт, беттерін ұзын,тығыз сары саөал басқан үлкендер балаларға әлі де аса сауық түсті көрінеді. Мұндағы үлкендерді бастауышқа тікелей қатсы жоқ, бірақ баяндауышқа қатысы бар, балаларға деген толықтауышты балаға деп, жекеше формаға қойып өзгертпек. Көптік жалғау ларқажетін қарайғсөздің маынасын анықтап, айқындап қолданған жағдайда түбір мен жұрнақтың немесе түбір мен көнеленген форманың араларында да жұмсалады. Мыс: Абай ұрыларша шапаан,бөркін айналдырып киіпті.

Тәуелдік жалғау:Әдетте, иеленуші үш жақтың біріне белгілі біір заттың меншікті екенін біілдіретн граммматикалық категория тәуелдену категориясы деп аталды. Қазақ тілінде тәуелдену категориясы үш түрлі тәсіл арқылы жасалады:Морфологиялық, синтаксистік, аралас.

Синтаксистік пен аралас тәсілдің ерекщеліктері қысқашаа мынадай. Синтаксистік тәсіл біз,сіз есімдіктеріне ілік.с қосымшасые жалғап (біздің,сіздің) оған анықталатын заттың атын білдіретін сөзді еш қосымшасыз тіркестіру арқылы жасалады. Мыс: біздің үй, біздің шелек...тб.Сөйтіп, тәуелдік ұғымды коипоненттерінің бірі анықтауышы, бірі анышталушы мүшелеер ретінде құрылу арқылы ғана білдретіндіктен бұл тіркестер синтаксистік тәсілге жатқызылады. Аралас тәсіл бұрынғы компонентінің есімдіктер ғана емес, басқа есімдерден де бола беретіндігі жағынан және соңғы компонентінің үнемі тәуелдік жалғаулы сөз болатндығыы жағфнан (Мыс:біздің үйіміз, оладың балаларығ колхоздың есепшісі).

Морфологиялық тәсіл арқылы туатын тәуелдену категориясы мынадай екі түрлі қосымша арқылы жасалады: 1) нікі, дікі,тікі 2) тәуелдік жалғаулары арқылы

Тәуелдену ұғымын тудыратын нікі, дікі,тікіжұрнақтары тарихи жағынан алғанда, ілік.септіктің ның, нің, дың,дің, тың,тің жалғауына және кі,қыы,ғы,гі жұрнағынан бірігіп пайда болғаны мәлім. Бұл форма рақылы туатын меншіктілік меншіктелуш заттан жеке де айтыла береді:Мыс: менікі, сенікі, сіздікі....т.б.

Тәуелдік жалғау бір заттың басқа бір заатқа тәуелді екенін білдіретіндіктен, негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да зат есім қызметін атқаратын демек, субстантивтенетін сөздердің барлығына да жалғана береді. Мыс: әкем , дәптерім, Тәуелдеулі сөзден бұрын айтылатын ілік септік формасындағы І,ІІ жақ жіктеу есімдіктері түсіріліп те, түсірілмей де айтылатын сияқты. Тәуелдік жалғау септік жалғауынан да, жіктік жалғауына да бұрын жалғанады. Мыс: әкемнің, әкемнен. Студентіңмін, студентіңізбін т.б. Бірақ тәуелдік жалғау түбір мен кейбір жұрнақтың және түбір мен кейбір көнеленген формалардың арасна да тұсе береді. Мыс:өзімше, өзіңше, әкемше, әкесінше .т.б.Тәуелдік жалғаулар қосымша эмоциялық экспрессивтік райды я мәнді білдірерліктей де міндет атқарады. Мыс.кһкем, айым, күінм, жаным, қалқам, сәулешім т. б.

Септік жалғаулары арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де өзді өздері де жалғасып әр алуан қарым қатынасқа түседі.олар сөздердің лексикалық мағынасын өзгертпейғ ол сөздер мағына жағынан қызметтерін ғана өзгертетіндіктен, ол сөздер мағына жағынан бір бірінен алыстап та кетпей, біреулері етістік арқылы айтылған қисылдың тікелей обектісін (еңбекті), біреуілері қимлдығ шығуын (еңбектен) , біреулері қисылдың болған орнын (еңбекте), біреулері қимылдың бағытын (еңбекпен) білдірі тұрады. Бұл қосымшалар сөйлемдегі сөздерді бір біірімен жалғастырып, септестріп тұрады. Жай септеу септк қосымшаларының тікелей зат есімдердің және басқа есім қызметін атқаратын сөздердің тура түрлеріне жалғануы. Тәуелді септелу септік жалғауларының зат есім немесе зат есім қызметін атқаратн басқа сөздердің тәуелді түрлеріне жалғануын айтамыз.

Атау септік. Ол тек белгілі бір заттыы атау үшін ғана емес, онан әлдеқайда кең грамматикалық қызмет атқаратындықтан, арнайы талдайтын негізгі форма ретінде ұаралады. Осыған орай ол негізгі септік деп аталады. Атау формадағы сөз кім?кімдер?не?нелер? деген сұрауларға жауап береді де, жекеше,көпше және тәуелід түрлрде де қолданла береді.

Ілік септік.бұл септік меңгеру я меңгерілу жаңынан тікелей етістікке қатыспайды, әрқвшвн соңғы тәуелдеулі есңм сөзбен субстантивтенген сөзбен байланысты болады. Ескерту: лексикаланған кейбр тірестерде ілік септік жалғаудың соңғы ңдыбысы түсіп қалып біріккен сөзге айналуға бейімделу бағыты да бар. Мыс: қысты күні (қыстың күні), жызды күні. Т.б.

Барыс септік. Бұл септіктегі сөз әрқашан етістік мүшемен тікелей де,жанай да байланысып негізінде қисылдың бағытын,мақсатын білдіреді.Мыс.москваға жүреді, кітапханаға барады ...т.б.Табыс септік: Бұл септіктегі сөз етістікпен байланысып, сөйлемде тура толықтауыш болып өызмет атқрады. Мыс:түзетпек едім заманды, темірді мысқа, т.б.

Жатыс септік. Бұл септіктегі сөздер негізінде көлемдік, мекндік, мезгілдік мағына береді.осыған сәйкес, сөйлемде беретін мағынасына қарай жанама толықтауыш та, кейде орнына қарай баяндауыш та болады. Шығыс септік. Іс амал, қимыл әрекеттердің шыққан орнын, себебін, мезглін,мөлшерін және басқа әр қилы мағыналарды білдіреді. Осы мағыналарына қарай шығыс септіктегі сөз сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыш та,кейде баяндауыш та болады. Көмектес септік.іс қимылдың,амалдың құралы мен тәсілін, мекенін,мезгілін,ортақтасу,бірлесуғастауғ ұштасу, сияқты жай күй қатынастарын және басқа сәйкес әр алуан мағыналарды білдіреді. Осы мағ.на сәйкес көмектес септіктегі сөз сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыг та бола береді.

Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқрады. Өйткені жіктік жалғаулы сөз сөйлемде әрдайым баяндауыш қана болады. Жіктік жалғау баяндауышқа ғана тән жалғау.

Қазақ тіліндегі сөздер төмендегідей төрт топқа бөлініп, төрт түрлі үлгі бойынша жіктеледі.

І топқа отыр,тұр,жатыр.жүр етістіктері, есімщелер, зат есімдер, сан есімдр,есімдіктер, үстеулер жтады.

ІІ топқа а,е,й формалы және ып,іп,п формалы көсемшелер жатады.

ІІІ топқа етістіктің жедел өткен шақ формасы мен шартты рай формасы жатады.

Төртінші топқа етістіктің бұйрық рай формасы жатады .

№9-Грам.қ форма, түрі, грам.қ мағ.мен арақатынасы.

А.Ысқақов"қаз.қаз т": Сөздің нақтылы лек.қ мағынасымен жарыса отырып, сол лек.қ мағынаны айқындай,саралай түсетін я сойлемдегі басқа сөздермен қарым қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасын грам.қ мағына дейміз.Грам.қ мағына сөздің түрленуі арқ. да,сөйлемдегі басқа сөздермен қарым қатынастары арқ.да айтылады.М:Қонақ бір күн қонса құт,екі күн қонса жұт, деген сойлемде қонақ және қонса сөздері өзара түбірлес олардың тұлғаларында ұқсастық та айырм.қ та бар. Себебі гр.қ мағ.да да,гр.қ формаларында да ерешеліктер бар. Гр.қ мағ.ды білд. гр.қ амал тәсілдер гр.қ формалар деп аталады.Қандай грам.қ мағына болса да, оның өзіне тән гр.қ формасы болады, керісінше қандай бір гр.қ форма болса да, оның өзіне тән гр.қ мағынасы болады.Гр.қ мағынасы жоқ гр.қ форма болмайды,гр.қ формасы жоқ.грам.қ мағына болмайды.

Оралбаева"каз.қазак т морф": Сөздің гр.қ формасы деп сөздің сөйлемде категориялардың көрсеткіштерімен қолданылып,гр.қ мағынада қолданылған түрі аталады. Яғни: 1Сөзтұлға сөйлемде ғана қолданылады, сөйлемнен тыс қолданылмайды. 2Сөйлемде сөздер түрлі тұлғада қолданылуы қай сөз табының сөзі болуына байланысты,өйткені барлық сөз табына ортақ сөзтұлға жоқ.Әр сөз табының сөз ұлғалары әр түрлі. 3Сөзтұлға грам.қ категорияларға байл. 4Гр.қ формалар сөз табына қатысты болғ.,сөзтұл.р да сөз табына қат.5Гр.қ сөзтұлға екі түрлі болады:синтетикалық және аналитикалық.Синт.қ сөзтұлға деп, грам.қ категор.ң қосымшалары арқ. түрленген сөздер аталады.Мыс:мектепке,кеткен,барса.Аналитикалық сөзтұлға деп, грам.қ мағ.ң көмекшілері,яғни ана.қ форманттар арқ. түрленетін сөздер аталады.М:өте жақсы, ең қымбат,үп үлкен. Сөздің сыртқы формасына берілетін мағына грам.қ мағына.

№11-Жалғаулардың сөздегі орын тәртібі

А.Ысқақов бойынша:Жалғаулар сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып есептеледі. Жалғауларда мағыналық дербестік те, тұлғалық дербестік те болмайды. Өйткені жалғаулар, біріншіден, жеке-дара қолданылмайды, екіншіден, жеке-дара тұрғанда ешқандай мағынасы да болмайды. Ал мағыналы сөздерге қосылғанда, олардың атқаратын қызметтері де зор және ол сөздерге тиісті грамматикалық мағыналар да жамайды.

Қазіргі қазақ тілінде жалғаулардың 4 түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулар. Осы төрт жалғаудың өзіне тән грамматикалық мағыналары, сол мағыналарына орай, арнаулы гр-қ формалары және сол гр-қ мағыналары мен формаларына сай, олардың өзді-өздеріне тән ерекше қызметтері бар. Түбір сөзге алдымен көптік жалғауы, одан кейін тәуелдік, септік жалғаулары жалғанады. Мысалы: адам+дар, адам+дар+дың, адам+дар+ым+ды.

№12-Өздік және ырықсыз етістер

Етіс категориясы дегеніміз – амалдың субьекті мен обьектіге қатысын, сондай-ақ, керсінше, субьекті мен обьектінің амалға қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз. Оның 4 түрі бар: өзік етіс, ырықсыз етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс.

Өздік етіс. Қимыл, іс-әркеттің орындаушысына, субьектіге қарай бағытталып, сабақты етістікке –ын,-ін,-н қосымшасы қосылып жасалады: ки-ін-ді, көр—ін-ді т.б Осы мысалдан көретінімздей, біріншіден, қимыл, іс-әркет иесі субьектіге қарай бағытталады, сөйтіп, субьекті әрі тура обьекті мәнінде қызмет атқарады. Ол өзіне-өзі субьекті әрі тура обьекті мәнінде қызмет атқарады. Ол өзін-өзі киіндіреді, өзі көрсетеді т.б. Бұл ьжерде түбірдегі сабақты етістіктердің обьектісі субьектінің дене мүшесіне, өзіне т.б қарасты сөздер, ал өздік етісте ол обьекті түгел субьектінің өзіне көшеді. Екіншіден, өздік етіс жұрнағы негізінен сабақты етістіктерден өздік етіс жасала бермейді, яғни барлық сабақты етістік түбірге өздік етіс қосымшасы жалғана бермейді, тек қимыл, іс-әрекет субьектінің өзіне қарай бағытталатын сабақты етістіктерден ғана өздік етіс жасалады. Және онда өздік етіс қосымшасы сабақты етістікті салт етістікке айналдыру қызметін атқарады. Мысалы, айт, оқы, бер, ағыт, ат т.б сияқты сабақты етістіктерден өздік етіс жасалмайды, өйткені бұл сияқты сабақты етістіктердің тура обьектілері(өлнеңді,әңгіме айту, кітап оқу) іс иесі субьектіге тура қаратыла алмайды. Кейде жыр мәтіндерде өздік етіс сөйлемде тура обьекті де бөлек беріліп, қимылдың субьектіге байланысты нақты қай жеріне бағытталғанын білдіреді: Енді белін түйді, Асыл киім киді. Бұл әдеттегі қолданыстан стильдік мақсаттағы нормадан ауытқу болып табылады. Құранды қосымшалдар -лан, -лен, -дан, -ден, -тан, -тен жұрнақтары өздік етіс мағынасында жұмсалады. (ойлан, намыстан)

Ырықсыз етіс деп қимылдың, іс-әркеттің өздігінен мән үстеп, қимыл, іс-әркеттің тура обьектісі оның грамматикалық бастауышы болу қызметін атқарып, тек сабақты етістіктерден –ыл,-іл,-л қосымшасы, түбір құрамында л дыбысы болса, -ын,-ін,-н қосымшасы арқылы жасалатын етістің түрін айтамыз. Ырықсыз етіс қосымшалары сабақты етістікке жалғанып оны салт етістікке айналдырады деп көрсетілген. Мысалы кітап оқылды, үй тазаланды дегенде ырықсыз етістің жұрнақтары жалғану арқылы сабақты етістік салт етістікке айналған. Өздік етіс пен ырықсыз етіс жұрнақтарының ұқсастығы:

1)қосымшаларының бірдей болып келетіні, тек контекст арқылы ажыратамыз.

2)екеуі де сабақты етістікті салт етістікке айналдырады.

Айырмашылығы: Өздік етісте логикалық субьект(іс иесі) субьект-грамматикалық субьект(бастауыш) болады да, ал ырықсыз етісте грамматикалық бастауыш логикалық обьект болады.

35-билетпен байланыстыру айту қажет!!!

№13-Зат есім, лексика-грамматикалық сипаты.

А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі». Зат есімдердің қай-қайсысы болсын заттық ұғымды білдіретіндіктен, олар, негізінен алғанда, біркелкі болғандарымен іштей нақтылық және абстрактілік, жалпылық және жалқылық, даралық және жинақтылық, жекелік және топтық сияқты семантикалық категорияларды да қамтиды. Мысалы: ағаш, су,шөп,темір тәрізді сөздер, әдетте көзбен көріп, қолмен ұстап тануға боларлықтай нақтылы, деректі ұғымдармен байланысты ұғымдарды білдірсе, ақыл,сана, ой,ықпал секілді сөздер ойлау, топшылау қабілеттері арқылы танылатын абстрактілі заттармен байланысты ұғымдарды білдіреді.

Зат есімдердің ішінде даралау және жинақтау ұғымын білдіру қабілеті де жоқ емес. Мысалы: құрт, құмырсқа, апа, қарындас, төсек,орын тәрізді дара сөздер белгілі заттардың аты болса, құрт-құмырсқа, апа-қарындас, төсек-орын сияқты қос сөздер белгілі бір ұғымдарды жинақтап, олардың топ-тобының атын білдіреді. Керісінше, мая-мая, қора-қора, жал-жал, тау-тау, төбе-төбе сияқты қос сөздер бөлу я даралау ұғымын білдіреді. Зат есімдерді іштей семантикасының өзара орайлас астас болуларына қарай, әлденеше топқа бөлуге болады. Мысалы: семантикалық ерекшеліктеріне қарай, зат есімдерді іштей мал атаулары, өсімдік атаулары, құрт-құмырсқа атаулары, үй мүліктерінің атаулары, қоғамдық тұрмыстың, саяси-әлеуметтік саласында қолданылатын атаулар деген сияқты неше алуан топқа жіктеуге әбден болады. Дегенмен, зат есімнің ішінде өздеріне тән семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар кейбір топтар да жоқ емес. Ондай семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар топтарға: адамзат (кімдік) және ғаламзат (нелік) есімдерін, жалқы есімдерді, көптік мәнді есімдерді, эмоциялы-экспрессивтік зат есімдерді, көмекші есімдерді жатқызуға болады.

(Қазақ грамматикасы,2002ж.)Лексикалық-семантикалық өрісі аса кең сөз таптарының бірі осы – зат есімдер. Мұны аңғару үшін осы орайда оның құрамына енетін сөздердің мына секілді топтарын ішінара санамалап атап өтудің өзі-ақ жеткілікті. Олар: күнделікті тұрмысымызда жиі айтылып, жиі қолданылатын түрлі бұйымдар мен нәрселердің аттары (ыдыс-аяқ, киім-кешек, табақ, қалам, қағаз); тағамдардың аттары (сорпа, қазы-қарта, жент, тұз); жан-жауарлар атаулары (жылқы, түйе, ақбөкен, киік); өсімдік атаулары (қайын, баялыш, тобылғы, бидайық); табиғат денелері мен құбылыстардың аттары (жауын-шашын, ай, жұлдыз, боран, аяз); адамның кәсібін,тегін, мамандығын, қабілетін, қоныс-тұрағын білдіретін сөздер (мұғалім, тілші, диқан, қаламгер, алыпсатар, қызметкер, саятшы,керей, найман, қазақ,орыс); тұрмыс-салтқа, әдет ғұрыпқа байланысты айтылатын сөздер (көкпар, шілдехана, жар-жар).

Адамзат және ғаламзат; Жалпы және жалқы есімдер; Көптік мәнді есімдер; Реңдік және үстеулік мәнді есімдер; Эмоция-экспрессия реңі бар есімдер; Көмекші есімдер;

Өзге сөздермен сөйлем ішінде грамматикалық қатынасқа, байланысқа түсуіне орай зат есімге тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары жалғанады, сондай-ақ олар сөйлемде не жекеше, не көпше тұлғада айтылады. Осыған сәйкес оның түрлену жүйесін зат есімнің тәуелденуі, септелуі, жіктелуі, көпше түрде қолданылуы деп аталатын ірі-ірі грамматикалық категорияларға бөліп көрсетуге болады.

Проф. А.Ысқақов зат есімдерді семантикалық жағынан іштей нақтылық және абстрактілік, жаппылық және жалқылық, даралық және жинақтылық, жекелік және топтық деген түрлерге бөлсе , С.Омарбекұлы "Табиғат пен қоғамдық тіршіліктің қыр-сыры қаншалық алуан түрлі болса, олардың бас-басына дерлік атауыш ретінде жұмсалатын тілдегі сөздер де соншалық алуантүрлі. Зат есімдер тікелей сезім арқылы тануға болатын дүниедегі нақтылы нәрселерден (су, жылқы, тағам, жел, дауыл, жейде, тал, терек, у-шу, айқай, қойын, қоныш) бастап, адамның тек ақыл-ой қабілетінің жәрдемі нәтижесінде ғана түсінілетін түрлі абстракт ұғымдардың (наным, шама- шарық, ынсап, нарық, мінез-құлық, кәде-жора, ырым, пікір) аттарын да білдіре алады « ,-дейді.Сонымен қатар ғалым зат есімнің жалқы, жалпы, жиынтық мәнді, адамзат, ғаламзат есімдер деген түрлерін де атаған. Зат есімдерді семантикалық топтарға бөлуде Ә.Төлеуов нақтылы және абстрактілі, жалқы және жалпы (жинақты, жіктемелі) деген топтармен шектеледі.Осылайша, ғалымдардың зат есімдерді лексика-грамматикалық жағынан бірнеше топтарға бөліп көрсетулері ол топтардағы зат есімдердің өзіндік ерекшеліктері бар екенін байқатады. Сонымен зат есімдер адамзат және ғаламзат есімдері, жалпы және жалқы есімдер, көптік мәнді есімдер, эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер, көмекші есімдер деген ірі топтарға жіктеледі. Қазақ тілінде зат есімдер кім? не? сұрақтарына жауап беруіне байланысты үлкен екі топқа бөлінеді. Зат есімдердің осылай екі топқа бөлінуі басқа тілдердің зат есімдерінен өзіндік ерекшелігі болып табылады. Осымен байланысты А.Ысқақовперсондық және бейперсондық деген атаулар енгізді, яғни персондық зат есімдерге кім? деген грамматикалық сұраққа жауап беретін сөздер, ал бейперсондық зат есімдерге не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді жатқызды. Ғалым бұл терминдерді "Қазіргі қазақ тілі» оқулығының 1974 жылғы басылымында адамзат есімдері мен ғаламзат есімдері деп өзгертті. Сондай- ақ кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерді өз ішінде тағы да бірнеше мағыналық топтарға бөліп көрсетті: а) адамға тән атаулар: бөпе, бала, ұл, қыз т.б. ә) туыс атаулары: аға, іні, нағашы, жиен т.б. б) іс-әрекетпен кәсіп-мамандық иелерінің атаулары: студент, оқытушы, дәрігер, заңгер т.б. в) әр алуан қызмет баптары мен лауазым атаулары: ректор, әкім,директор т.б. г) кісі атаулары: Арман, Дәурен, Әлия, Раушан т.б.

Проф. А.Ысқақов не? деген грамматикалық сұрау, әдетте адамнан өзге барлық жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады дей келіп, оларды-деректі я дерексіз заттар мен заттық ұғымдардың атаулары, өсімдік атаулары, ас пен ішімдік атаулары, хайуанаттардың, аң мен құстың атаулары, балық аттары, құрт-кұмырсқа, бақа-шаян аттары, мекен, қопсы, құрал-жабдық атаулары секілді бірнеше түрлерге бөлген.Ғалымның бұл пікірлерімен келісе отырып, ғаламзат есімдерін өз ішінен жанды заттар атаулары және жансыз заттар атаулары деп, екі мағыналық топқа бөлуге болады. Сонда жанды зат атауларына адамнан басқа кеуд-сінде жаны бар тіршілік атаулары жатады да, жансыз зат атауларына өлі табиғат денелері мен өсімдіктер дүниесіне қатысты есімдер жатады.Бірақ тілімізде бұл қағидалардан ауытқитын да жайттар кездеседі. Мысалы, егер адам есімдері жер-су, мекен атауына ауысса, соңғы атауға не? деген сұрау қойылады: Алтай- екінші курс студенті. Алтай-кенге бай өлке. Бірінші Алтай сөзіне кім?, екіншісіне не? деген сұрақ қойылады. Ал керісінше, не? деген сұрауға жауап беретін жай ғана жалпы есім кісі аты ретінде қолданылғанда, кім? деген сұрауға жауап береді . Мысалы: бақыт, қуаныш-БақытХасенқызы, Қуаныш Үсенұлы,

Ә.Төлеуов бұдан басқа кім? не? сұрауларының ауысып жұмсалатын мынадай орындарын көрсеткен: «Өзіміз кісі туралы сөйлей тұрсақ та, сөйлемнің мағынасына қарай ауызекі тілімізде, ертегілерде не күлдіргі әңгімелерде ретіне қарай кім? не? сұраулар бірінің орнына бірі ауысып жұмсала береді. Мысал үшін, мен енді кім болдым? деудің орнына, мен енді не болдым? деп, ренжіп айта береді. Бұл жерде әңгіме кісі туралы екенін сөйлемдегі сөздің контекстегі мағынасынан байқаймыз. Мұндай жағдайда не? деп сұрау коя тұрсақта, контекстегі мағынасына қарай, әңгіме кісі туралы екенін аңғарамыз «, - дейді.Қазақ тіл білімінде зат есімдерді жалпы есім және жалқы есім деп екі топқа бөлу А.Байтұрсынов оқулығынан басталады. Ғалымның өз сөзімен айтқанда, «зат есім екі түрлі болады: біреулері-нәрсенің дербес өз басына ғана қойылған: жалқы есім. Екіншілері-нәрсенің біріне емес, барлық табына қойылған: жалпы есім»,-дей келіп, жалқы есімдерге- Ахмет, Ашымтай, Ағытай, Қызылжар жалпы есімдерге: кісі, еркек, қапа, дала, ел, жұрт, ұлт, өлке секілді мысалдар келтірген .Зат есімдерді семантикалық және грамматикалық жағынан осылайша жалпы және жалқы есімдер деп бөлу кейінгі оқулықтар мен зерттеулерде жалғасып келеді. Мысалы, проф. А.Ысқақов жеке я дара заттарға берілген зат есімдерді жалқы есім деп, тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдерді жалпы есімдер деп атаса, Ә.Төлеуов "Кейбір зат есімдер тобы жеке нәрсенің өзіне арнай қойылған атын көрсетсе, кейбіреуі жинақты, жалпылама нәрсенің атын көрсетеді. Мәселен, тау, ағаш, жусан, сексеуіл деген сөздер бірыңғай көптеген заттардың жалпылама аттарын көрсетсе, Асан, Алатау деген сөздер- көптеген заттардың ішінен бөліп алынған жеке нәрсенің арнаулы аты. Осындай мағыналық ерекшеліктеріне қарай зат есімдер жалқы есім, жалпы есім болып екіге бөлінеді „ -деп сипаттаған. Осы пікірмен үндестікті 2002 жылы шыққанакадемиялық грамматикадан да кездестіреміз. "Жеке адамдарға, дүниедегі жеке заттар мен құбылыстарға атауыш болып келетін сөздер жалқы есімдер, ал бір-біріне ұқсас нәрселер мен құбылыстардың, жан-жануарлардың жалпылама атауышы, ортақ атауы ретінде жұмсалатын сөздерді жалқы есім " деп аталған.

Зат есімдердің семантикалық топтарының бірі-көптік мәнді есімдер. Тілімізде өзі арқылы аталатын заттың біреу емес, жиынын топтап я қамтып атайтын зат есімдер бар екендігі белгілі жайт. Мысалы, шұбат, адыраспан, өрік, күміс, қуаныш секілді зат есімдер көптік ұғымды білдіреді. Сондықтан, ғылымда "затты жеке-даралап атамай, оның жиынын жобамен атайтын зат есімдер көптік мәнді есімдер ,, деп аталады. Олай болса, көптік мән деген ұғым заттың санымен байланысты екенін көруге болады. Бірақ көптік мәнді есімдер заттың санын дәл атамайды, сол заттың саны көп екендігін байқатады, яғни бұндай есімдердің лексикалық мағынасының өзінде көптік мән бар, тек қана тұлғасы жекеге ұқсайды. Мысалы, шаш, дән, кітап деген зат есімдер арнайы грамматикалық көрсеткіші болмаса да, көптік мәнді білдіреді.Проф. А.Ысқақов көптік мәнді есімдерді мынадай түрлерге бөледі:

1. Сұйық заттардың атаулары: айран, боза, шай т.б.

2. Газ тектес заттардың атаулары: азон, бу, түтін т.б.

3. Уақ, ұнтақ заттардың, ұйысқан заттар мен бытыранды, таранды, үгітінді заттардың атаулары: ұн, шаң, тозаң, бетегет.б.

4. Дерексіз ұғымдарды білдіретін заттардың атаулары: айла, алғыс, ақыл, дау т.б.

5. Өздігінен табиғи бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары: алтын, қола, құрыш т.б.

б.Жаратылыс құбылыстарының атаулары: боран, жаңбыр, қарт.б.

№14-Сөз және оның морфологиялық құрылымы, оған кіретін морфемалар жүйесі.

А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі». Әрбір сөздің өзіне тән тұлға-тұрпаты болады. Сол тұлға-тұрпаттың арқасында әрбір сөз бір бүтін единица ретінде қызмет етеді. Ал, сөздің құрылымы оның лексикалық және грамматикалық сипаттарымен байланысты. Осы себептен сөздер морфологиялық құрылысы жағынан әр қилы болып келеді. Ал, сол әр қилылық, әрине, сөздердің құрамдарының әр түрлі болуына байланысты да, сөздің құрамының түрлі-түрлі болуы оның бөлшектеріне байланысты.

Сөздің лексикалық я грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектері морфемалар деп аталады. Морфеманың өзіне тән мағынасы (мазмұны) және өзіне тән сыртқы дыбыстық жамылышы (формасы) болады. Ендеше, морфема деп сөздің өзіне ғана тән мағынасы бар ең ұсақ бөлшегін айтамыз. Сөздің морфологиялық құрамындағы морфемалардың мағыналары мен қызметтері, әрине, бірдей емес. Морфемаларды ең алдымен түбір морфема және қосымша морфема деп негізгі екі салаға (түрге) бөлуге болады.

Түбір морфема-сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі. Түбір морфема дара түрде де, қосымша морфеманы қосып алып та жеке сөз ретінде қолданылатыны сияқты, қайталанып та (тау-тау, қора-қора), басқа түбір морфемамен қосарланып та (тау-тас, қора-қопсы), бірігіп те (белбеу, басқұр), тіркесіп те (он екі, қара сұр) жеке сөз ретінде жұмсала береді.

Қосымша морфемалар деп түбірге қосылып, оған қосымша мағыналар үстейтін морфемаларды айтамыз. Қосымша морфемалар өз ішінде жұрнақтар, жалғаулар және қосалқы сөздер деген үш топқа бөлінеді. Бұл қосымшалардың жұрнақтар деп аталатын түрі жалаң сөздерді жасау үшін қолданылады да, қосалқы деп аталатын түрі сөз тіркестері мен құранды сөздерді жасау үшін қолданылады. Қосымша морфемаларда мағыналық дербестік те, тұлғалық дербестік те болмайды.

Мағыналары мен қызметтеріне қарай, сөзден сөз тудыратын және сөзден жаңа форма тудыратын қосымшалар жұрнақтар деп, ал сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшалар жалғаулар деп аталады. Сөз тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөздерінен жаңа туынды сөз жасайтын болғандықтан лексика-грамматикалық категория қатарына жатады, форма тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөзінің белгілі бір сөз табына тән грамматикалық қызметін анықтау үшін қолданылатын болғандықтан, функционалды-грамматикалық категория қатарына жатады.

Н. Оралбай «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы Сөздің морфологиялық құрылымы – морфологияның маңызды мәселелерінің бірі,өйткені қазақ тілінде сөздер сөйлемде әр түрлі құрамда қолданылады, кейде сөздердің өте күрделі құрамда қолданылуы да кездесе береді. Сөйлемде сөздің бір тұтас бірліктен тұруы өте сирек кездеседі. Сөздің морфологиялық құрылымы морфемалардан құралады. Морфема деп сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналы бөлшегі аталады. Морфемалар екіге бөлінеді: 1) негізгі морфемалар; 2) көмекші морфемалар.

Негізі морфемалар деп әрі қарай бөлшектеуге келмейтін лексикалық мағынасы бар морфема аталады. Мысалы: ат, ақ, бөл, бар, кел, жас, өс т.б.

Көмекші морфемалар деп өздігінен жеке қолданылмайтын, сөйлемде сөздің құрамында ғана қолданылып, оған түрлі грамматикалық мағына үстейтін морфемалар аталады. Көмекші морфемалар әр түрлі: 1) қосымшалар; 2) көмекші сөздер.

Көмекші морфеманың қосымша түрі сөздің дыбыстық құрамына кіріп, яғни сөзбен бірге жазылып, оған түрлі мағына қосады. Осымен байланысты көмекші морфеманың қосымша түрі екіге бөлінеді: 1) грамматикалық мағыналы қосымшалар; 2) сөзжасамдық қосымшалар. Грамматикалық мағыналы қосымшалар деп грамматикалық категориялардың мағынасын білдіретін, грамматикалық категориялардың көрсеткіші саналатын қосымшалар аталады. Грамматикалық мағыналы қосымшалар іштей 2-ге бөлінеді: 1) жалғаулар; 2) грамматикалық жұрнақтар.

Көмекші морфеманың екінші түрі – көмекші сөздер. Көмекші сөздердің грамматикалық қызмет атқаратын бірнеше түрі бары жоғарыда айтылады. Олар – септік категориясының аналитикалық формасын жасайтын көмекші есім және септеулік шылаулар.

Ы. Маманов «Қ.т.б.-нің мәселелері Белгілі лингвист ғалымдардың «морфема тілде дербес қолданылмайтын, тек сөз құрамында қолданылатын сөз бөлігі» дейтін анықтаманың флективті тілдерге бірдей ортақ қағида екендігіне назар аударады. Орыс тілі – флектив (жүйелі) тіл, ал қазақ тілі – аглютинативтік (жалғамалы) тіл. Орыс тілінің сөздік құрамына енетін атауыш сөздер лексика-грамматикалық формалар (словоформа), яғни орыс тіліндегі сөздер түбір сөз және сөздің грамматикалық формалары деп екі топқа бөлінбейді. Ы.Е.Мамановтың көрсетуінше, қазақ тіліндегі негізгі түбір сөздерді, орыс тілінің үлгісімен механикалық түрде, морфемаға жатқызу дұрыс емес. Орыс тілінде түбір сөз (корень) дербес сөз емес, ол – «сөз мұқылы» ғана. Орыс тілінде сөз бөлшектеріне бөлінбейтін мужской род формасындағы зат есімдер ғана. Олар грамматикалық формалармен түрленгенде, қазақ тіліндегі түбір сөздер тәрізді өзінің бастапқы қалпын сақтайды. Бірақ бұлар зат есімнің мужской родын білдіретін грамматикалық форма болып саналады. Ал, қазақ тіліндегі түбір сөздер грамматикалық форма емес, олар сөз таптарының форма тудырушы қосымшаларымен түрленгенде ғана грамматикалық формаға енеді . Грамматикалық құбылыстар жөнінде пікір алалығы түркі тілдерін зерттеушілер арасында жиі кездеседі. Осымен байланысты форма тудырушы қосымшалар мен жалғауларға берілген түсініктемелер әлі де жеткіліксіз бе деген ойға саяды. Сөйтіп, қазақ тіліндегі қосымшаларды тілдік материалға сәйкес, тілдің аглютинативті табиғатына сүйенген ғалым Ы.Е.Маманов сөз тудырушы және форма тудырушы деп екі топқа бөліп қарау арқылы ғана сөздің морфологиялық құрылымын лингвистикалық тұрғыдан дұрыс тануға болады деп есептейді.

№ 15-Зат есімнің септік категориясы, септеу түрлері

Қазақ тілі грамматикасының негізін қалыптастырған ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл тағлымы» еңбегінде сөздерді атауыш және шылау сөздер деп бөліп, зат есімді атауыш сөздердің ішінде қарастырады.Сөздердің кейбіреуі нәрсенің өзін атайды. Кім? Не? Деген сұраққа жауап береді десе, ғалым Қ.Жұбанов «Есім-(мағынаша) заттың өзін не тұрғылықты белгісін көрсетеді,морфологияда көптеледі, септеледі, тәуелденеді, жіктеледі; синтаксисте сөйлем мүшелерінің қайсысы да бола алады» дейді. Ал ғалым Н.Оралбай з.е-жалпы грамматикалық мағынасы бойынша заттық ұғымды білдіретін сөздерден тұратын, олардың сандылық, тәуелдік, септік категориялары бар, баяндауыш қызметінде жақ категориясының көрсеткіштерімен түрленетін сөз табы дейді. Ғалым қазақ тілінде септік категориясының екі түрін көрсетеді: 1) синтетикалық септік 2)аналитикалықсептік. Олардың жасалу жолы мен мағынасында өзгешелік бар. Септік категориясы-зат есім сөздерді сөйлемдегі басқа сөздермен байланыстыру қызметін атқаратын категория. Септік категориясының қызметі синтаксиспен байланысты саналады. Олай болса септік к. Сөйлемдегі сөздерді байланыстыру қызметін атқаратын, зат пен заттың, зат пен қимыл-әрекеттің қарым –қатынасын білдіретін, синтаксиске қызмет ететін кат-я.7септіктен тұрады..Сөздің септік кат-ң жалғаулары арқылы түрленуін синтетикалық парадигмасы дейді. Түбір сөздің септелуін –жай септелу, тәуелденген сөздің септелуі-тәуелді септелу деп аталады.Септіктердің әрқайсысының өзіндік мағынасы бар, ол мағынаны білдіретін көрсеткіштері бар. С.к. көп мағыналық құрамнан тұрады, кейде бір септіктің өзі бірнеше мағынаны білдіруі жиі кездесетін құбылыс.

1)субъектілік мағына-септік қимылды кім жасағанын білдіреді :самолет ұшады

2)нысан(объект) мағынасы-септік қимылға түскен затты, қимылдың қай затқа бағытталғанын білдіреді: жемісті жина, кітапты оқы

3)пысықтауыштық мағына-қимылдың жасалатын орнын, мезгілін, себебін, қалай жасалатынын білд-ді: бөлмеде отыр, көшеден өтті

С.к. мағынасының тек септік жалғаулары арқылы берілуі синтетикалық септік деп аталады.

Атау с. Бұл септіктің жалғауы жоқ.А.септіктегі сөз нөлдік формада болады, сөйлемнің бастауышы қызметін атқарады. Ілік с. Грамматикалық белгісі-меншікті заттың иесін білдіру.(Сәкеннің үйі,Абайдың өлеңі). Септіктің бұл түрі тәуелдік категориясымен тығыз байл. Ол тәу-к жалғаулы сөзбен әрдайым синтаксистік бірлікте айтылады.З.е ілік жалғауында келгенде тәуелдік жалғаулы сөзбен тіркессе тиянақтылықты білдіреді және ылғи 3-жақта тұрады. І.с нөлдік тұлғада да қолданылады: ауыл баласы, мәдениет үйі. Барыс с. Заттың, қимылдың кімге, неге бағытталғанын, яғни қимылын, қимылдың аяқталар жерін, мекенін, мақсатын, мезгілін, сандық белгінің қатысты затын білд-ді. Барыс с.нөлдік формада қолд,өте сирек. Табыс с. Қимылға түсетін затты,яғни қимылдың нысанын білд.Мыс:өлеңді айт, биді биле. Осы мағынасына сәйкес ол сабақты етістікпен тіркеседі,сөйлемнің тура толықтауышы болады. Жатыс с. Істің қимылдың жасалу орнын, мезгілін, мекенін, көлемін білд.Сөйлемнің мекен, мезгіл толықтауыш қызм атқарады. Шығыс с. Қимылдың қайдан басталғанын,яғни шыққан орнын, себебін, мезгілін,мөлшерін білд.Нөлдік формада сирек қолданылады,бірыңғай мүшеге қатысты болады. Көмектес с. Тілде кеш қалыптасқан септік,мағыналық құрамы күрделі.Көптен аталып жүрген мағынасы-құралын білдіру.Сонымен қатар: қимылдың тәсілін; ортақтық мағынаны; қимылдың мекенін; мезгілін де білдіреді. Бірыңғай мүшелерде нөлдік формада қолд. К. С жалғауы мезгіл мағыналы сөзге жалғанғанда ол сөздер үстеулік мәнге ие болады. Есім сөздерден тыс етістіктің есімше тұлғасына жалғанып, қарсылық мәнін білдіреді: Ол сені көргенмен, мені көрген жоқ.

Аналитикалық септікте әр септіктің негізгі мағынасы сақталады да, ол мағынаның үстіне қосымша мағына үстеледі. Көмекші есім мен септеулік шылау көрсеткіштері септік категориясының мағынасын кеңейтіп, нақтылай түседі.

№16 - Адамзат және ғаламзат есімдер, жіктелуі

Тілдердің өзге жүйесінен, айталық, славян текті орыс тілінен түркі жүйелі тілдерді, соның ішінде қазақ тілін ерекшелеп, даралап көрсетіп тұратын белгілердің бірі-адамзат есімдері мен ғаламзат есімдеріне тән қасиеттер мен белгілер. Лексикалық мағынасы тек адамды, кісіні білд зат есімдер ғана жіктеу есімдіктерінің барлық түрімен предикаттық қатынаста айтыла алады,ал зат есімнің басқа түрлері болса, олар еш уақыт жіктеу есімдіктерінің бірінші, екінші жағымен предикаттық қатынасқа түсе алмайды. Солай болғандықтан да мағынасы жағынан «адам» деген жалпы ұғымның ішіне кіретін з.е үш жақта бірдей жіктеп айтуға болғанымен, з.е қалған тобы бірінші, екінші жақта жіктелмей айтылады.Мысалға әйел, ұшқыш жіктеледі де, өзен, сай жіктелмейді.Мұндай з.е бірден бірі өзінің тура мағынасында жұмсалғанда жіктік жалғауының бірінші, екінші жағын қабылдамайды, бұлай болуы жіктеу есімдіктерінің тек адамға, кісіге байланысты қолд.сөздер екендігінен. Мінекей, осы сияқты қасиеттері тұрғысынан алғанда үш жақта бірдей жіктелу қабілеті бар адамға байланысты зат есімдерді шартты түрде жақты з.е, үш жақта бірдей жіктелу қабілеті жоқтарды жақсыз з.е деп атаймыз.Нәрселер мен құбылыстардың жан жануардың аты болып келетін з.е адамға тән әр алуан қасиетті бейнелі түрде көрсету үшін кейде көркем әдебиетте, көбінесе поэзияла, жоғарыда аталған адам ұғымындағы з.е орнына жүретін кездер болады.Мысалы: Хан емессің қасқырсың,...Қара шұбар жылансың.

Орыс тілінде кім?дегенді барша кеудесінде жаны бар мақұлыққа, не? Дегенді өлі табиғатқа қатысты қолданатыны белгілі.

№17-Сабақтылық және салттылық категориясы

«Қазақ грамматикасы» бойынша: Етістіктің салттылық, сабақтылық мәні оның біріншіден семантикалық сипаты, екіншіден тумысына тән ерекшелігі екенін баса көрсеткен жөн. Мысалы,негізгі түбір деп танылып жүрген оқу, жазу, көру, туынды түбір деп танылып жүрген ойлау (ой-ла), шегелеу (шеге-ле),ескеру (ес-кер). Күрделі түбір деп танылып жүрген жек көру, келемеж ету, оқып отыру, әңгіме құру етістіктер сабақты және әртүрлі тұлға түрлері де, оқыған,оқыдым,оқыпсың,жазыпты, жазады, көргісі келді сабақты етістік болып табылады. Өйткені бұлардың барлығы да тура объектіні тікелей талап етеді. Бұған кімді, нені деген сұрақ қойылады да, онымен тіркесетін табыс септікті зат көрініп тұрады: кітапты нені деген сұраққа жауап береді, оқу, оқып, отыру, отырған, баласын кімді немесе артық сөзді нені, жек көр, жек көретінсіз, жек көргісі келді. Сол сияқты түбір тұлғасы келу, жүру, тұру, күлу туынды түбір ойнау (ойна), бозару (бозар) күрделі түбір таң қалу, тарс ету, бармақ еті, келе жату етістіктер салт болып, бұлардан басқа да әр түрлері, мысалы, келгенмін, келсе, келіп отыру,сабақты емес салт етістік боып табылады. Өйткені бұлардың барлығы тура обьектіні қажет етпейді, табыс септікті зат есіммен тіркеспейді. Сондықтан да кімді, нені келді, ойнады, бозарған, таң қалды деп айтуға болмайды. Әрине бұдан салт етсітікті де, сабақты етістікті де тудыратын грамматикалық тұлға топ бүтіндей жоқ екен деуге болмайды.

Ахмет Байтұрсынов «Тіл құрал» бойынша: Сабақты етіс еткен іске бірнесе сабақтаулы болса, мәселен хат жаздым, шөп шаптым, қармақ салдым дегенде: жаздым, шаптым, салдым істер хат жаздым дегенде, жазу ісіне хат сабақталып тұр. Шөп шаптым дегенде шабу ісіне шөп сабақталып тұр. Қармақ салдым дегенде салу ісіне қармақ сабақталып тұр. Жаздым, шаптым,салдым деген сияқты нәрсе сабақталатын істі көрсететін сөздерді сабақты етістік дейміз.

Салт етіс өткен іске сабақталып, байланып тұрған ешнәрсе болмаса, мәселен: мен жүрмін, сен тұрсың, ол отыр. Менің жүргеніме, сенің тұрғаныңа, оның отырағанына сабақталып тұрған һешнәрсе жоқ. Бірман жүгірді. Ержан күлгеніне. Нұржамалдың жылағына сабақталып тұрған ешнәрсе жоқ. Жүрмін, тұрсың, отыр, күлді, жылады, жүгірді деген сияқты сабақсыз істі көрсететін сөздерді салт етіс дейміз.

Ахмеди Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» бойынша: Етістіктердің ішінде кімді, нені деген сұрауларға жауап күтпейтін, табыс септіктегі сөзге сабақталмай ақ жұмсалатын етістіктер көп. Мысалы: ау, бар, жат, жет, жүр, кел, көн, қал, қаш т.б. мұндай табыс септіктіктег» сөзге тура толықтауышқа сабақталмайтын етістіктер әдетте салт етістіктер деп аталады.

Аш, айт, бақ, бер, жаз, жай, тер, үз, шеш, ыс, сыз, тап, тер, айда, апар, етістіктерін алсақ бұлардың бәрі де кімді нені деген сұрақтарға жауаап беретін табыс септікті сөзге сабақталады. Әдетте сөйлеу тілінде табыс септіктегі сөзді демек тура толықтауышты қажет ететін семантикасы бар осындай етістіктер сабақты етістіктер деп аталады.

Етістіктердің бәрі де салт сабақты бола бермейді. Олардың ішінде әрі салт, әрі сабақты болатындары да бар. Мұндай қасиеттер не омоним етістіктерде, не поисемиялы (көпмағыналы) етістіктерде болады. Мысалы, арт, жүр, тара...етістіктерін қолдана қалсақ, олардың әрқайсысының жүкті арттық, және ақылы арттық, «сен жетілік қарғаны жүр» және «үйді үйлеріңе тараңдар» деген сөйлемдер құрауға болады. Ал ондағы етістіктің әрқайсысы әрі салт, әрі сабақты болып қызмет атқарады.

Н.Оралбай «Қазіргі қазақ тілі» бойынша: Салт етістіктер тобын құрайтын етістер: өздік етіс пен ырықсыз етіс.

Салт етістік жасайтын өздік етістік жұрнақтары:

-Ын,ін, н. Мысалы: сен жуын, таран, ора;

-Ыл,іл,л жұрнағы өздік мәнін білдіріп, салт етістік жасайды. Мысалы: бұрыл, жазыл, керіл, басыл.

Ырықсыз етіс жұрнақтары:

-Ыл,іл,л. Мысалы: үй тазартылды,жіп есілді, үй жиналды, қора сыпырылды.

-Ын,ін, н: майлан,байлан, жалдан, қора тазаланды.

-Лын,лін,ныл,ніл құранды жұрнақтары өнімсіз. Мысалы: ас желінді, ұрыс үделенді.

Сабақты етсітік жасайтын етіс өзгелік етіс жұрнақтары:

-Т өнімді жұрнақтардың бірі. Мысалы: санат, қанат, сұрат, тыңдат, сөйлет.

-Дыр,дір,тыр,тір. Мысалы: қондыр, қойдыр, жаздыр.

-Қыз,ғыз,кіз,гіз өнімді жұрнақ. Мысалы: айтқыз, жатқыз, өткіз, алғыз.

-Ыр,ір, дар өнімсіз жұрнақтар. Мысалы: асыр, кетір, өшір, түсір, өсір, пісір.

-Т жұрнағы салт етістіктен сабақты етістік жасайды. Мысалы:

Шырқатып, шығындатып, шалықтатып,

Шапшытып, шүмектетіп, нөсерлетіп.

Орғытып, орағытып, бас өрлетіп,

Самғатып, саңқылдатып, сар желгізіп (І.Жансүгіров)

Осы мысалдағы шырқатып, шығындатып, шалықтатып, шапшытып, шүмектетіп, нөсерлетіп, орғытып, орағытып, өрлетіп, самғатып, саңқылдатып, желгізіп.

- Дыр, дір, тыр, тір салт етістіктен сабақты етістік жасайтын өзгелік етістіктің өте өнімді жұрнағы. Мысалы: екі пәуескені осында қалдырды. Өзгесін үлкен отауларға таратып берді. Осы мысалдағы қалдыр сабақты етістігі салт етістіктерден қал өзгелік етістің дыр жұрнағы арқылы жасалған сабақты етісітіктер.

-Ыр,ір,дар жұрнақтары салт етістіктен сабақты етістік жасайтын өнімсіз жұрнақ. Мысалы: өшір үніңді, жауыз. Осы мысалдағы өшір деген сабақты етістіктер, өш салт етістіктерінен өзгелік етістіктің ір жұрнағы арқылы жасалып тұр.

№18- Одағай сөздер, сөз табы ретіндегі ерекшелігі, мағыналық топтары

Ахмет Байтұрсынов «Тіл құрал» бойынша: Одағай сөздерді шылау сөздерге жатқызған.

Одағай одағайланып, оңаша айтылатын сөздер. О.сөздер қазақ тілінде көп. Барша шапшаң болған істі көрсету үшін айтылатын барша шабыттау үшін айталатын, барша жек көру, ақыру, тыю, қайыру, тоқтату, басу, жұбату үшін айталатын, барша қуаныш, қорыққанда, шошығанда, таңдандағанда, тамсанғанда айтылатын сөздер һәм шығатын дыбыстар бәрі одағай болады. Солай болған соң одайғай бірнеше топқа бөлінеді.

Ілездік одағай: лап,шап,жұлт,жалт,сып, тік, күмп, күрс, мырс, қалт, пырт.

Еліктеу одағайы: шыр- шыр, пыр- пыр, сықыр- сықыр, сылдыр -сылдыр, күлдір- күлдір.

Шақырыс одағайы адамды шақырғанда әй! «аттан!» һәм ұран сөздер, һәр жүздің, һәр рудың шақыратын өз ұрандары болғандықтан қазақ ұран сөздері басқа басқа бәріне бірдей жалпы ұраны «Алаш!».

Малды шақырғанда, түйеге күс- күс, жылқыға қырау -қырау, сиырға ау- қау.

А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» бойынша: Одағайлар өз алдында ерекшеліктері бар сөздер. Ал ол мына ерекшеліктер:

Одағай сөздердің мағыналары адамның әртүрлі сезіміне байланысты шығатын дыбыстық ишараттар. Мысалы: Япырмау, қайда сол күндер! Дегендегі япырмау өкінгендікті арманды білдіреді.

Адамның көңіл күйі құбылмалы болғандықтан, одағай сөздердің көпшілігінің мағыналары құбылмалы ауыспалы, көпмағыналы болып келеді. Мысалы: уай, жараңдар, мен бір ақыл айтайын ба? Деген сөйлемдегі айтылған ойдың мағынасына аңғар сарынына қарай одағай сөздер дауыс ырғағы арқылы сөйлеуші адамның көңіл күйін қабаттастыра білідіріп тұр.

Одағай сөздер сөйлемнің басқа мүшелерімен грамматикалық жағынан байланыспайды. Олай болса, өзі жарыса айтылған сөйлемнің мүшесі болмайды. Дауыс ырғағы арқылы оқшауланып, бөліп тұратын сөздер. Мысалы: Қап, барлық еңбектері далаға кетті ау! Дегендегі қап одағайы сөйлемдермен жарыса айтылып, тоылқытар түсіп тұр.

Одағайлардың түрлері

Одағайлар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.Негізгі одағайлар: ау, па, ей, әй, уау, уай, я, пай, охо, әй, аха.

Туынды одағайлар: массаған, бәрекелді, әттеген ай, о тоба, астапырала, япырмай, ойпырмай, о дариға сияқты одағайлар жатады.

Адамға арнайы айтылатын одағайлар бар. Мысалы: кәне, міне, әні, мә, жә,әйдй, тек, тәйт. Бұлардың мағыналары жоғарыдағы одағайлардан гөрі басқаша. Демек олардың кейбіреулері көрсету, я нұсқау кәні, міне, әні кейбіреулері ұзын мә, әйдә мағыналарын береді. Бұларды ишарат одағайлары деген дұрыс.

Қ.Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» бойынша:Одағай.Таптасқан сөздер: Мен бүгін келдім..Таптаспаған сөздер: Әй, е, бәсе; заттың өзі, ісі, сипаты айрылмай, түйдек күйінде жүреді.

Таптасқан сөздер –атау сөздер. Бұлар заттың өзін, сипатын, ісін айырып, атау үшін қажет; таптасқан сөздер жеке тұрып хабар беру үшін емес, бірнешеуі қосылп барып, хабар беру үшін жасалған.

Таптаспаған сөздер – заттың өзін, сипатын, түйдегін жазбай атау үшін қажет. Ол хабарлаушы сөздер, жеке тұрып ақ хабар беру үшін жасалған. Бұлар құрылысы жағынан жеке сөз, атқаратын қызметі жағынан сөйлем не сөйлемдер жинағы. Таптасқан сөзді сөйлемдерде бұлар одағайланып тұрады. Оның түрлері:

Шаруашылық одағай тілге тән сөз емес, өйткені ол адамдар арасында қолданылмайды. Адамнан басқа жан жануарларға қолданылады. Мысалы: жылқыға айтылатын одағайлар құрау құрау, (шақырғанда), құр құр, лық лық, (асауды тоқтатқанда )кіш-кіш (суарғанда )

Көңіл одағайлар. Тілде көіл райын қоса білдіретін амалдар өте көп. Өйткені көңілдің әр түрлі райынын өзіне тән әр тұрлі райы бар. Айтушының көңіл райын сөйлемнің әніне қарай танимыз. Көіл райын білдіру үшін қосымша, қосалқылар да қолданылады. Таптасқан сөздерден құралған сөйлемдер арқылы да көіл райы білдіреді. Мәселен ақындар өз өлеңдерінде суреттеу арқылы көңіл райын танытады.

Қатынас одағайлары. Сәлемдесу, жөн сұрау қоштасу формулаларынан құралған қатынас одағайлары бар. Мысалы: әй, ау, о, мә, деген одағайлар тындаушының көңілін өзіне аудару үшін айтылады.

«Қазақ грамматикасы» бойынша:Одағай. Одағайдың түрлері.Тілімізде одағай сөздері үш топқа бөлінеді:

Көңіл күй одағайы: жағымды көңіл күйді білдіретін одағайлар. Мысалы: алақай, охо, жолдас болатын болдым;

Жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайлар. Мысалы: әттең ай, қап, Уай, қайдасындар? Түге бар болғырлар.

Әрі жағымды, әрі жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайлар. Мысалы: а) пай- пай, қандай жарасады, ә!

ренжу, наразылық мағынасында: пай- пай, осы бір емізіп тартаның ай!

Императивті ишара одағайлары:

адамға бағышталып айтылатын одағайлар бұған адамның адресіне бұйыру, жекіру, тиым салу мақсатымен қолданылады. Мысалы: Тек, танымай сөйле! Былғама Нұрғанымды.

Мал, үй хаиуанаттарына бағышталып айтлатын одағайлар. Мысалы: әукім әукім, ақ бұзау ертерек өс! Құтты бол, сиыр бол да, сүтті бол!

Тұрмыс салт одағайлары бұған адамдармен амандасу, қоштасу т.б. сыйластық белгісі ретінде қолданылады. Мысалы: Құп деді де, қоштасып жүріп кетті агороном.

Одағайдың мағыналық ерекшеліктерін екі үлкен топқа бөлуге болады:

Бір мағыналы одағайлар. Бұл топқа одағайлар қай ситуация болмасын, қай контекске түспесін, қандай интонациямен айтылмасын үнемі бір ақ мәнде жұмсалады. Алақай, ура сөздері тек шаттану, қуану сезімін білдіру үшін жұмсалса, қап, әаттең, әттеген ай сөздері әр уақытта өкіну мағынасында жұмсалады. Мысалы: Әттеген ай, неғып біз былай болып қалдық деген ой әрқайсысымызды қинады.

Көпмәнді одағайлар. Бұл топқа екі үш, не одан да көп мәнде жұмсалатын сөздер жатады. Пәлі, бәлі одағайы үш түрлі мәнде қолданылады.

Одағайлардың интонациялық ерекшеліктері:

Қазақ тілінде барлық дыбыстар бәрі бірдей одағай мағынасында жұмсала бермейді. А,ә,о дыбыстары ғана одағай мәнде жұмсалады. Ұ,ү,у,ө,і дыбыстары одағай жасай алмайды. Ал ы дыбысы одағай қызметінде сирек кезедседі.

Одағайлардың грамматикалық ерекшеліктері:

Одағайлар негізінен түрленбейтін сөздер одағайлардың өзіне ғана тән жұрнақтар жоқ. Олар субстантивтенгенде ғана болмаса, жалғауда да көп қабылданбайтын сөздер. Кейбір одағайларға ла, ле, шыл, шіл жұрнақтары жалғанады: ойбайлау, тәйір айшыл.

№19 - Қосымша морфема, түрлері, қызметі.

Ахмет Байтұрсынов « тіл құралы». Қосымшалар - сөз емес сөзге жалғанатын буындар. Бұларда өз алдында мағына жоқ. Басқа сөзге жалғанбай бөлек айтылмайды. Сондықтан бұлар қосымшалар деп аталады. Қосымшалар екі түрлі: біреулер жалғанған сөздің тұлғасын ғана өзгертіп, мағынасын өзгертпейді. Екіншілері жалғанған сөзінің тұлғасын да мағынасын да өзгертеді. Сондықтан бастапқы қосымшшалар тысқарғы жалғаулар не тікелей жалғау деп аталады. Екінші қосымшалар ішкергі жалғаулар, не тікелей жұрнақтар деп аталады. Мысалы : жылқы деген сөздің шы ның деген қосымшаларды. Жылқы деген сөзге шы қосымшасы да ның қосымшасын да қосып байқайық.қайсысы жұрнақ болып шығар екен. Жылқы жылқышы, жылқы жылқыны. Жылқышы деген сөздің бастапқы мағынасы тұлғасы да өзгереді. Жылқышы деген сөз енді мал табының есімін көрсетпейді, адам табының есімін көрсетеді. Жылқының дегенде сөздің тұлғасы өзгерілді мағынасы өзгерген жоқ: жылқының деген сөз бәрі бір тобының есімін көрсетіп тұр. Айтылғаннан шы қосымша жұонақ екені, ның қосымша жалғау екені.

«Қазақ гарамматикасы» Қосымша морфемалар өз алдында жеке тұрып ешбір мағына бере алмайтын, тек түбір морфемаларға қосылып оған әр түрлі қосымша мағына үстейтін морфемалар. Мағыналары мен қызметтеріне қарай сөзден сөз тудыратын қосымшалар жұрнақтар деп, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшалар жалғаулар деп аталады.мағынасы мен қызметіне қарай жұрнақтар сөз тудыратын және форма тудыратын болып екіге бөлінеді. қосымшалар кейде сөз тудыратын морфемалар, сөз түрлендіретін морфемалар және сөз жалғастыратын морфемалар болып бөлініп соған лайық сөз тудырушы, сөз түрлендіруші, сөз жалғастырушы морфемалар болып бөлінеді. екіншіден қосымшалар жаңа мағыналы сөз тудыру немесе форма тудыру олардың қызметі емес мәні болып табылады. Үшіншіден қосымша морфеманың басты семантикалық грамматикалық белгісі мағыналық және тұлғалық дербестігі жоқ болуы . сөйтіп қосымшалардың білдіретін және беретін мағынасы оның ең бірінші қасиеті. Оның ең бірінші басты қасиеті атқаратын қызметі сол мән мағынасы арқылы жүзеге асатын негізгі қасиет. Қосымшаларды мағыналарына қарай сөз тудырушы және форма тудырушы, сөз түрлендірушу болып бөлінеді.

Мағыналары мен қызметіне қарай қосымшалар жұрнақ және жалғау болп бөлінеді. демек морфемалық құрамы жағынан түбір қосымша жалғау, жұрнақ сөз деген ұғымдар мен бөлшектер болады. Сондай-қ мағыналық жағынан қосымша морфемалардың, қосымшалардың өз ішінде омонимдік, синонимдік, антонимдік,моносемиялық,полесемиялық сипаттары құрамы жағынан жалаң және күрделі, құрама, шығу жағынан төл және кірме қосымшалар.

Сондай-қ қосымшалар құрамы жағынан жалаң және құранды болып бөлінеді. жалаң қосымшалар тұлғалық жағынан да семантикалық жағынан да, қанша дыбыстан тұрса да бөлінбейтін біртұтас морфема болып саналатын одан да көп қосымшалардан құралып мағына жағынан тұтасып кеткен қолданылуы мен көне тілде жұмсалуы арқылы болатын қосымшалар құранды қосымшалар деп аталады.

Жалаң қосымшалар бір немесе бірнеше дыбыстан құрала береді м, ым,ім салым, білім,балам. Ал құранды қосымшалар бірнеше дыбыстан құралады себебі оның құрамында кем дегенде екі қосымшаның элементі бар.

Н. Оралбай қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.Қазақ тілінде грамматикалық мағынаны білдіретін қосымшалар мыналар: жалғау, нөлдік қосымша, грамматикалық жұрнақ.

Жалғаудың төрт түрін берген: көптік, септік, тәуелдік,жіктік.

Нөлдік форма тілдегі сөзді түрлендіру парадигмаларының ішінде грамматикалық мағынасы бар,бірақ көрсеткіші жоқ яғни парадигманың дыбыстық құрамынан тұратын көрсеткіші жоқ бар.

Ысқақов «қазіргі қазақ тілі» Қосымша морфемалар -деп түбірге қосылған, оған қосымша мағына үстейтін морфемаларды айтамыз. Қосымша морфемалар өз ішінде: жұрнақтар, жалғаулар және қосалқы сөздер деген үш топқа бөлінеді. бұл қосымшалардың жұрнақтар деп аталатын түрі жалаң сөздерді жасау үшін қолданылады да, ал қосалқы деп аталатын түрі сөз тіркестері мен құранды сөздерді жасау үшін қолданылады. Ал, жалғаулар деп аталатын түрі жұрнақтар мен қосалқы сөздер арқылы жасалған жалаң және күрделі сөздерді бір бірімен байланыстыру үшін қолданылады.Қосымша морфемалар мағыналық дербестік тұлғалық дербестік те болмайды. Өйткені қосымша морфемада жеке тұрғанда өзіне тән арнаулы дербес мағына болмайтындықтан, ол қосымша түбірдің қатысынсыз жеке дара қолданылмайды. Сондай ақ қосымша морфема жеке дара қолданылмай, тек түбір сөзге тіркесіп қана жұмсалатын болғандықтан, тұлғасы жалғанатын түбір морфеманың әуеніне еріп өзгеріп, түрленіп отырады. Осы себептен бір морфеманың дыбыстық бірнеше түрі варианты болуы мүмкін . мысалы: атты кісі, сүтті сиыр, малды шаруа, білімді адам, саууылы інген, елеулі мәселе дегендегі -ты,- т, -лы, -ды, -ді бөлшектері бір морфеманың әр алуан түрлері.

Жолы бірді жолдас дейді. Ауыр асу қиын кундер бар алдымызда. Жолдаспыз сол жолда деген сөйлемдердегі жолы, жолдаспыз, жолда, жолдас сөздерін алайық. Түпкі морфемасы жол , қосымша морфемалары -ы (жолы), -дас (жолдас), - пыз (жолдаспыз) -да (жолда) .

Осы жол деген түпкі морфемаға қосылып тұрған қосымша морфемаларды ауыл, ел, жер, қалам,майдан сияқты есім сөздерге жапа тармағай жалғай,беруге болатыны тәрізді, ас деген сөзге қосылып тұрған қосымша морфемаларды тос, бас, қос, жаз, соқ тәрізді етістік сөздерге керегінше жалғап, қолдана беруге болады. Бірақ алдыңғы топқа жалғанатын қосымша морфемалар соңғы топтағы сөздерге тікелей жалғанбайтыны сияқты, соңғы топқа жалғанатын қосымша морфемалар бұрынғы топтағы сөздерге тікелей жалғанбайды.

Жалпы морфема атаулыға олардың түрлеріне тән сыр сипаттар шығады. Ол сыр сипаттар мыналар:

Түбір морфемалар мен қосымша морфемалар бір біріне парықсыз емес: олардың қарым қатынастары белгілі бір заңдарға сүйенеді, олар өзара бір бірімен талғап тіркеседі. Қосымша морфемалар түбір морфемалардың граматикалық қасиеттері жағынан бірыңғай, біркелкі болып келуін қалайды да, олардың белгілі бір тобына ғана жалғанады. Мысалы: -па, -саң (жақпа жақсаң) морфемаларын тек етістіктергк ғана жатпа, айтпа, жақсаң, айтсаң тікелей жалғасақ, -м , -да, -дан, (жолы жолда, жолдан) морфемаларын тек есім сөздерге ғана тікелей жалғай аламыз,керісінше жалғай алмаймыз.

Қай қосымша қосылса да және қанша қосымша қосылса да, түбір морфема тұлға жағынан өзгермейді, үнемі бір қалыпты сақталып отырады. Ал қосымша морфемалар тұлға жағынан тұрақсыз демек түбір морфеманың ерекшеліктеріне қарай орайласып өзгеріп отырады. мысалы: айтылады, айтылар, айтылғандықтан, айтылмақшы, айтыңдар, айтысыңдар,

Сөйтіп түбір морфема мен қосымша морфема мағыналарының ең негізгі айырмашылығы мынау:түбір морфеманың мағынасында біріншіден әрі нақтылы,әрі дербестік тән болса. Қосымша мағынанын мағынасына біріншіден әрі тым жалпылық, әрі дербестігі жоқтық тән болса екіншіден сол жалпы мағынаны тек сөздің құрамында ғана тиянақты болып анықталады. Осыған сәйкес түбір морфема тілдің өзіне тән мағынасы бас тұлғасы ретінде жеке дара тұрып қызмет етсе, қосымша морфема тілдің мағыналы тұлға есебінде жеке дара жұмсалмайды , тек сөздің құрамында ғана қолданылады.

Қызметтеріне қарай , сөзден сөз тудыратын және сөзден жаңа форма тудыратын қосымшалар морфемалар жұрнақтар деп, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшалар морфемалар жалғаулар деп аталады. Сөз тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөздерінен жаңа туынды сөз жасайтын болғандықтан лексико граматикалық категория қатарына жатады,форма тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөзінің белгілі бір сөз табына тән грамматикалық қызметін анықтау үшін қолданылатын болғандықтан, функционалды грамматикалық категория қатарына жатады. Мағынасы мен қызметіне қарай жұрнақтар сөз тудыратын және форма тудыратын жұрнақтар болып бөлінеді.

Түбірге сөз тудыратын жұрнақ жалғанғаннан кейінгі форма туынды негізгі туынды түбір деп аталатын жұрнақтар сол негізге де сол негізден туған жаңа негізге де қажетіне қарай жалғана береді. Мысалы:егіншілік деген сөз ек деген етістік түбірге әуелі - ін,одан кейін -ші одан кейін -лік жұрнақтары қосылудан туған. Жұрнақ арқылы туған егіншілік сөзі туынды сөздер деп аталады. Форма тудыратын жұрнақтар да өзі жалғанған сөзге я түбірге сәл де болса жаңа мағына үстейді.бірақ ол жаңа мағына сол сөздің барлық формасына өзек болатын негізгі лексикалық мағынасын өзгертпейді, оған нұсқан келтірмиді. Мысалы: кел, келме,келер, келмес дегендегі бәрі де бір түбірдің негізгі лексикалық мағынасын бұзбай және сол мағынадан алшақтап та кетпи оны берік сақтапбір сөздің әр түрлі грамматикалық формалары ретінде қызмет етеді.

Құрылымы мен құрамы жығынан жұрнақтар: жалаң және құранды болып бөлінеді.

Жалаң жұрнақ - мағына жағынан да форма жағынан да бөлшектенбейтін бір бүтін жұрнақтарды айтамыз. Мысалы: білім, кеспе, малшы,ұшқыш, үйшік, әкелік дегендердегі -ім, -пе,,-шы,-қыш,шік,-лік әрқайсысының мағына жағынан да тұлға жағынан да біртұтас жұрнақ.

Құранды жұрнақ -мағына жағынан бір бүтін бола тұрса да құрамы жағынан кемі екі я онан да көп жалаң жұрнақтардан құралып жасалған жұрнақтар. Мысалы: жайшылық, басыңқы, тұрғылықты, құранды, дегендердегі -шылық, -ыңқы, -ғылықты,- ынды жұрнақтарының әрқайсысы мағына жағынан бір бүтін форма болғанымен құрамы жағынан әуелгі екі я үш жалаң жұрнақтардан бірігіп жасалған күрделе жұрнақтар.

1.Тілдің өз төл материалынан я басқа тілден енген материалдан шықандығына қарай олар: төл жұрнақтар, кірме жұрнақтар болып бөлінеді.

2.Ерте я кеш қалыптасуларына қарай көне және жаңа жұрнақтар болып бөлінеді.

3. Сөз тудыру қабілеттерінің бар я жоғына қарай тірі және өлі жұрнақтар болып бөлінеді. 4. Құрамындағы морфемалардың дара я күрделі болуына қарай олар жалаң және құранды болып бөлінеді

5. Мағыналық жағынан бір я бірнеше мағынаны білдіретініне қарағанда олар дара мағыналы (моносемия), көп мағыналы (полисемиялық) болып бөлінеді.

6. Формасы айтылуы жазылуы басқа бола тұра мағыналары бір біріне жақын я мағыналас синоним, омоним жұрнақтар болып бөлінеді.

7. Сөз тудыру жағынан өнімді өнімсіз болуына қарай олар құнарлы,құнарсыз болып салаласады.

Жалғаулар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулар болып бөлінеді.

Көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын үш түрлі морфологиялық форма бар. Олар: -ыз,-із,-з, (біз,сіз егіз,бардыңыздар,келдіңіздер). -қ,-к, (біз бардық, біз келдік). -лар,- лер, -дар, -дер, -тар, -тер (балалар,үйлер,кітаптар).

№20-Сөз таптары және сөздерді таптастыру қағидаттары

«Қазақ граматикасы», Н Оралбай, Ысқақов, кітаптарынан алынған.

Сөз табы - жалпы лексика грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобын айтамыз. Сөз табының мазмұны осындағы лексика грамматикалық деген қос сөз арқылы айтылған екі компоненттің бірлігінен құралады. Тілдегі сөздерді топтастыру мәселесі тіл білімі ғылымында алғашқы граматикадан басталған. Аристотельдің сөздерді есім және етістік деп бөлгені белгілі. Содан бері ғылым дамып әр тілдің грамматикаларында сөздердің топтарын нақтылап барған сайын анықталып келеді. 1914 жылы баспадан шыққан А байтұрсыновтың Тіл құрал атты оқулығында атауыш сөздер, шылау сөздер деп екі топқа бөлген. Атауыш сөздерге: зат есім, сын есім, сан есімдік деген бес сөз табын жатқызған. Ал шылау сөздерге: үстеу, демеу, жалғаулық,одағай сөздерді жатқызған. Ал 1915ж басылымында сөз таптары туралы пікіріне біраз өзгерістер енгізген.сөздерді бұрынғыдай екі үлкен топқа бөлмеген. Сөздерді 9 топқа бөлген: зат есім, сан есім, сын есім,есімдік, етістік,үстеу, демеу, жалғаулықтар,одағай. Қ.Жұбанов тілдегі сөздерді басқаша таптастырып. Ғалым сөз атаулыны мүшелі, мүшесіз деп екі топқа бөліп, мүшелі сөздерді түбір және шылау деп бөледі,мүшесіз сөздерге одағайды жатқызады. Ал түбір сөздерді зат есім, сын есім, сан есім,мезгіл мекен есім қазіргі үстеу, орынбасар қазіргі есімдік, етістік. Демек бұл алты сөз табына шылау мен одағайды қосқанда ғалым 8 сөз табын таныған. Мұнда төмендегі ерекшелікті санамағанда кейін грамматикалардан орын алған жаңалық шылаудын әр түріне жеке сөз табы деп санамай, олардын басын қосып бір сөз табы деп санап оны шылау деп атауы. Бұл пікір ғылымда орын алып әбден қалыптасты. Бірақ Қ. Жұбанов қолданған мезгіл мекен, орынбасар есім деген үстеу, есімдік терминдері мағынасындағы терминдер ғылымнан орын ала алмады.

Сонымен бұл кезеңдерден соң мына сөз таптары танылды: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік,үстеу, шылау,одағай.

Бұл сөз таптарын А Байтұрсынов белгілеген, тек Байтұрсынов екі сөз табы деген жалғаулық пен демеулікті Қ Жұбанов қосып, шылау атағына ғылымда әбден орнықты. Бұл сегіз сөз табы қазақ тілі грамматикаларында 1952ж дейін өзгеріссіз қолданылып келді. 1952ж А Ысқақов оған еліктеуіш сөзді қосты. 2002жылға дейін 9 сөз табы танылып келді. Олар: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік,үстеу, еліктеуіш, шылау,одағай. Қазақ тілінде барлық сөздер семантикалық және морфологиялық жағынан үш топқа бөлінеді: атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер.

Атауыш сөздер - лексикалық мағынасы бар сөздер. Олар сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді, сөйлем мүшесі болады,олардың көбінің түрлену жүйесі грамматикалық категориялары бар сөйлемде категорияларының көрсеткіштерін қабылдап, белгілі грамматикалық тұлғаларды қолданады.атауыш сөздер ішінде грамматикалық категориялары жоқтары да кездеседі, бірақ олардың бәрі лексикалық мағынасы бар сөздер.атауыш сөздердің белгілері мынадай:

1. Атауыш сөздердің бәрі лексикалық мағыналы сөздер; зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік,үстеу, еліктеуіш сөздер. 2. Атауыш сөздер лексикалық мағыналы сөздер болғандықтан олар сөйлемдегі ойды білдіру үшін сөйлемді құрауға қатысады. 3. атауыш сөздер сөйлемді құраушы негізгі сөздер болғандықтан олар сөйлем мүшесі болады. 4. Атауыш сөздерсіз ойды жеткізу мүкін емес 5. Бұл топтағы сөздердің мағыналарының бәрі шындық өмірді суреттеуге қатысты. Оны әр сөз табының мағынасынан көруге болады. 6. Атауыш сөздер сөйлемнен тыс та қолданылады мәселен түрлі сөздіктерде қолданылады, атауыш сөздерді жеке атағанда да мағынасы түсінікті болады.

Міне бұл белгілер атауыш сөздерге жататын жеті сөз табының бәріне қатысты. Бұл осы сөз таптарының ұқсастық белгілері бәрінің бір топ болуына негіз болуына негіз болған белгілер.қалған сөздердіңтобында бұл белгілер жоқ.

Көмекші сөздер- грамматикалық дамуы нәтижесінде лексикалық мағынасынан айрылып, грамматикалық қызметке көшкен. Олар сөйлем мүшесі қызметін атқармайды. Дербес сөзден бөлек жазылғанмен, көмекші сөздер лексикалық мағынасы болмағандықтан, сөйлем мүшесі қызметін атқармайды. Көмекші сөздер толық мағыналы сөздерге тіркесіп, оларға түрлі мағына қосады. Грамматикалық қызметі жағынан көмекші сөздер дербес сөздің құрамына кіріп, ондағы басқа грамматикалық көрсеткіштермен бірге,сөзге түрлі грамматикалық тұлғаларға көшіреді, кейде туынды сөз жасайды. Мысалы: карабанов кенет мырс етіп, столдың астына қарады да, балалардың қатты күліп отырғанын көрді. Осы сөйлемде үш сөз бар. Олар үш түрлі көмекші сөздер үшеуі үш түрлі қызмет атқарады. Олардың біріншісі ет көмекші етістігі. Ол мырс деген еліктеуіш сөзге тіркесіп оған қимыл мағнасын қосып сөзжасамды қызметін атқарған. Бұл сөйлемде мырс етіп бір сөз сөйлем мүшесі оның мағнасын мырсылдады деген туынды түбір етістікпен салыстыруға болады бірақ ол сөздің жасалуы осы сөйлемге қатысты деуге болмайды ол сөйлемге дайын түрінде кірген дербес сөз.

Қазақ тілінде көмекші сөздердін мынадай түрлері бар: көмекші есім, көмекші етістік, септеулік шылау, күшейткіш көмекшілер,күшейткіш буындар. Бұл көмекшілер сөз табына қатысына қарай екіге бөлінеді: біріншісі белгілі сөз табына қастысты көмекшілер, екіншісі сөз табына қатысы жоқ көмекшілер. Белгілі сөз табына қатысты көмекшілер мыналар: көмекші есімдер, көмекші етістіктер, септетулік шылаулар, күшейткіш көмекшілер мен күшейткіш буын көмекшілер. Сөз табына тікелей қатысы жоқ көмекшілерге: жалғаулық, демеулік, шылаулар жатады. Беалгілі сөз табына қатысты көмекшілер деп белгілі сөз табының құрамына кіретін сол сөз табтарының граматикалық категорияларының бірінің көрсеткіші саналатын көмекшіл. Мысалы: ол үйдің сыртында отыр деген сөйлемдегі үйдің сыртына сөзі қайда деген сұраққа жауап беріп сөйлемнің бір мүшесі қызметін яғни бір сөз қызметін атқарады.

Ал көмекші етістіктердің сөз табын сақтағаны ғылымда белгілі ол еш уақытта дау туғызған емес. Ол етістіктің шақ мадальдық рай категорияларының қимылдың өту сипаты категориясының мағыналарын білдіретін көрсеткіштер қызметін атқарып сөйлемде етістіктерді ол категориялардың аналитикалық тұлғаларына түсіретіні ғылымда белгілі.

Көмекші сөздердің келесі түрі күшейткіш көмекшілер мен күшейткіш буын көмекшілер бұрын оқулықтарда көмекшілер тобында аталмай келді . бірақ сын есімнің шырай категориясының түрлерін жасайтын көрсеткіштер ретінде олар әбден танылған. Сын есімнің асырмалы шырайы өте тіпті ең тіптен орасан керемет сияқты күшейткіш үстеулері арқылы жасалады.

Күшейткіш буын көмекшілер де сын есімге ғана қатысты. Олар сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын грамматикалық көрсеткіштер қызметін атқарады.тек сын есіммен қолданылуына байланысты сын есімге қатысты көмекшілер саналады.

Жеке сөз табы құрамына байлаулы емес әр түрлі сөз табына тіркесе беретін көмекшілер жалғаулық, демеулік,шылаулар . Олардың қайсысы болмасын сөйлемде дербес сөзге тіркесіп қана өз қызметін атқарады жеке қолданылмайды.сондықтан олар көмекшілер қатарына жатады.

Одағайлар сөздердің ешбір тобына ұқсамайтын ерекше сөздер.одағай сөздер сөйлем мүшесі қызметін атқармайды. Сөйлемде айтылатын ойды білдіруге қатыспайды грамматикалық категориялар көрсеткіштерін қабылдамайды, грамматикалық мағына білдіруге де қатыспайды, сөйлем мүшесі бола алмайды. Одағайлар адамның көңіл күйін әр түрлі сезіміне байланысты дыбыстық ишараттарды білдіреді де сөйлемнен тыс тұрады. Мысалы: қап жеңіліп қалды –ау.

Ғылымда сөздерді сөз таптарына таптастыруда тірек негізгі болатын үш ұстаным қалыптасқан. Олар: сөз табының ортақ семантикалық мағынасы, сөздердің морфологиялық, грамматикалық белгілері, сөздердің синтаксистік қызметі.

Семантикалық ұстаным барлық сөз табына қатысты. Мысалы: зат есім сөз табының ортақ жалпы мағынасы бүкіл осы бір сөз табына жататын сөздердің бәрінен абстракцияланып алған жалпы грамматикалык мағына,сын есім сөздердің семантикалық ұстанымы сындық белгіні білдіру, сондықтан сындық белгіні білдіретін сөздер ғана жатады. Сан есім сөздердің семантмкалық ұстанымы сандық ұғым, етістік сөз табының семантикалық ұстанымы қимыл ұғымы, үстеудің семантикалық ұстанымы қимылдың белгісін білдіру, есімдіктің семантикалық ұстанымы олардың басқа сөздердің орнына қолданылу қабілеті. сөз таптарына таптастыруда семантикалық ұстанымы негізгі қызмет атқарады.

Сөздердің морфологиялық грамматикалық белгілері де негізгі ұстанымдардың бірі. Морфология тілдегі сөздердің түлену жүйесін зерртейтін ғылым.ал сөздер сөйлемде тілде қалыптасып қалған заңдылықтар бойынша түрленеді. Мысалы: тарап кеткен балаларынды баурыңа, ақ қолыңмен тарта аларсың сен тілім. Осы өлең жолдарында түрленіп қолданылған сөздер тарап кеткен, тарта аларсың, және балаларыңды, баурыңа, қолыңмен, тілім деген екі топтан тұрады. Бірінші топтағы түрленіп тұрған қосымшалар: -п, -кен-,а,-ар, -сың. Екінші топтағы түрленіп тұрған қосымшалар:- ың, -ды, -ың,-а, -ың-, мен,-ім

сөздерді таптастыруда сөздердің тобының түрленуіне көңіл бөлінеді. сөздерді таптастыруда әр топтағы сөздердің өзіне тән грамматикалық ерекшелігі грамматикалық құбылысы, грамматикалық сипаты есепке алынады. Сөздерді таптастыруда сөз таптарының грамматикалық сипаты негізгі қызмет атқаратын ұстанымдардың бірі.

Сөздерді таптастыруда сөз таптарының негізгі синтаксистік қызметі ескеріледі. Мәселен: зат есім сөздердің бастауыш,толықтауыш, қызметін атқаруы, сын есім, сан есім, сөздердің анықтауыш, үстеудің пысықтауыш, етістіктің баяндауыш қызметін атқаруы сөздерді таптастырғанда есепке алынады. Алайда тілде әр түрлі синтаксистік қызмет атқаратын да сөз табы бар, ол есімдік. Есімдік табиғатында әр түрлі сөз табының әр түрлі сөздердің орнына қолданылатын сөз табы. Есімдік қай сөз табың сөзінің орнына қолданса сол сөздің синтаксистік қызметін атқарады. Мысалы: асан ауылы бұл ауыл, жақсы адам осы адам қандай адам.т.б

Осы көрсетілген принцптер негізінде қазіргі кезде 2002 ж шыққан Қазақ грамматикасы кітабында бұрыннан танылып келе жатқан 9 сөз табына модель сөздер қосылып 10 сөз табы берілген. зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік,үстеу, еліктеу сөздер, шылау,одағай, модаль сөздер. Атауыш сөздерден басқа көмекші сөздердің бір түрі шылау, одағай, модаль сөздер жеке жеке сөз табы болып қаралады., өйткені олардың жеке лексикалық мағыналары болмаса да өзі қатысты сөзге я сөйлемге қосымша грамматикалық мән үстейді немесе мәнер үстейді.

№21-Морфология,зерттеу нысаны, зерттелуі

Морфология көне грек тілінің morphe форма және logos ілім деген сөзінен шыққан.Морфология деп тілдің морфологиялық құрылысын зерттейтін ғылым яғни сөздің грамматикалық түрлену сипатын зерттейтін ғылым аталады.А.Ысқақов морфологияны сөз және оның формалары туралы ілім деп атаған. Орыс тіл білімінде В.В.Виноградовтан кейін морфологияны грамматикалық сөз туралы ілім деп атау да жиі кездеседі.Сөйлем, сөз тіркестері бір бірімен байланысты сөздерден құралады. Сөздерді бір бірімен байланыстыратын заңдылықтарды грамматиканың морфология саласы зерттейді.Морфология нені зерттейді деген салаға келсек, сөз атаулы байланысты ойды білдіру үшін сөйлемде қолданылғанда, сөз сөздіктегі қалпымен бірге, түрлі –түрлі тұлғада қолданылады.

Сөздердің сөйлемде қандай тұлғада қолданылатынын, сөз тұлғасын түрлендіру заңдылықтарын морфология зерттейді.

Тілдегі сөздердің түрлену заңдылықтарын сөйлемде, мәтінде түрлі тұлғалардың қандай мақсатпен түрленетінін, қолданылатынын зерттейтін ғылым- морфология.Демек, грамматика деп сөйлемнің, сөз тіркесінің,сөздің түрленуінің қандай заңдылықтар бойынша жүзеге асатынын зерттейтін ғылым

Грамматиканың екі бөлімі бар, олар Морфология мен синтаксис.Грамматиканың бұл екі саласы бір бірімен тығыз байланысты.Морфология сөздің грамматикалық сипатын зерттегенде, оның жеке сөзге қатысын емес, сөздердің белгілі топттарына қатысын зерттеп,ол грамматикалық сипаттың байланысты ойды білдіруде сөйлемде қандай қызмет атқаратынын анықтайды.

Морфологияның зерттеу нысаны- сөздің түрлену заңдылықтары,синтаксистің зерттеу нысаны- сөз тіркесі, сөйлем.

Негізгі сөз таптары бір бірінен грамматикалық категориялары арқылы және сол категориялардың көрсеткіштері арқылы ажыратылады.Демек, грамматикалық категориялар, олардың көрсеткіштері мен мағыналарын морфология зерттейді.

№22-Грамматикалық категория,түрлері, сөз таптарына қатысы

Тілдегі негізгі грамматикалық ұғымның бірі- грамматикалық категория. грамматикалық категория деген ұғым, бір жағынан, әрі грамматикалық мағынамен байланысты, әрі екінші жағынан, олардың жалпы жиынтығынан күрделі де жүйелі болып келеді. Грамматикалық категорияғ,ең алдымен, грамматикалық мағынамен және грамматикалық формамен тікелей байланысты.Грамматикалық мағына немесе грамматикалық форма болмаған жерде грамматикалық категорияның болуы мүмкін емес.Екіншіден грамматикалық категорияның болуы грамматикалық мағына мен граматикалық форманың өзара бірлігімен, тұтастығымен, сәйкестігімен,яғни олар арасындағы диалектикалық сәйкестікпен, ондағы жүйелілікпен байланысты.яғни кез келген грамматикалық мағына немесе қайсібір грамматикалық форма нрамматикалық категория құрай бермейді.Белгілі бір грамматикалық мағыналар бірлігі, белгілі грамматикалық топ құрайтын сөздерге тән болып, солардың парадигмалық түрлену жүйесі болу арқылы грамматикалық категория құрайды. Үшіншіден, грамматикалық категория сипатына жету үшін грамматикалық мағыналар жинтығы, бір жағынан, өзара бір тектес біріңғай сипаттағы, екінші жағынан, бір біріне қарама қайшы мәндегі мағыналар болу керек,Яғни, Грамматикалық категория-- өз ішінде бір біріне қарама қайшы қасиетте бола алатын бірнеше тектес, мәндес грамматикалық мағынаның жиынтығы,бірлігі.Сол бірлік пен өз ішіндегі қарама қайшылық арқылы және соның әрқайсысын білдіретін әр түрлі тәсілдер арқылы немесе соған тән арнайы грамматикалық формалар жүйесі я түрлену парадигмасы арқылы грамматикалық категорияның мәні,сипаты, шегі байқалып, айқындалады.

Грамматикалық категория деген ұғымға грамматикалық мағыналар жиынтығының белгілі грамматикалық формалар жүйесі сияқты арнайы грамматикалық тәсілдер арқылы берілуі жатады.Демек, грамматикалық категория ұғымы негізінен алғанда кез келген грамматикалық мағынамен емес, оның категориялық грамматикалық мағыына түрімен байланысты.

Грамматикалық категория болудың алғы шарттары: 1) бірнеше, кемінде екі грамматикалық мағына болу керек. 2) Ол мағыналар бір бірімен тектес, ыңғайлас, мәндес болу керек, әр тектес мағыналар грамматикалық мағына құрай алмайды. 3) Ол грамматикалық мағыналар қашанда тектес, ыңғайлас болсада,мысалы, тәуелдік мағына,екінші жағынан, бір біріне қарама қайшы болып,мысалы,сол тәуелділіктегі жақ сияқты,яғни 1- жақ2-жаққа,я 3-жаққа қайшы, 2- жақ 1- жаққа,я 3- жаққа қайшы келуі 4) сөйтіп барып, әрі тектес,әрі ыңғайлас, әрі бір біріне қарама қайшы мағыналардың бірлігі, тұтастығы болуы.5) сол тектес мағына да қайшы мағынада бөлек бөлек белгілі грамматикалық формалар арқылы берілуі 6) олардың белгілі парадигмалық жүйе құрауы арқылы мағыналық тұлғалық сәйкестік бір жиынтық болуы, осындай талаптар мен шарттарға сәйкес келетін тілдік құбылыс өана грамматикалық категория болып таныла алады.

Түрлері: Грамматикалық категориялар белгілі грамматикалық топтағы сөздердің тұлғалану, түрлену жүйесімен, соған лайық олардың грамматикалық мәнімен, сөйлеу процесінде ол сөздердің атқаратын қызметімен, басқа сөздермен қарым қатынысымен байланысты болғандықтан да, грамматикалық категорияларды тілдік деңгейге қатысты шартты түрде морфологиялық категория және синтаксистік категория деп бөлуге де болады.Сондай ақ морфологиялық категорияларды сөз түрлендіру мәнді м.к және топтау,жіктеу мәнді м.к.

Грамматикалық немесе морфологиялық категориялар сөз таптарына қарай топталып жіктеледі.Бұның өзі грамматикалық (морфологиялық) категория сол сөз табының грамматикалық ерекшелігі, түрлену жүйесінің сипаты екендігін көрсетеді.Тіліміздегі сөз таптарының барлығында бірдей грамматикалық категория бола бермейді.Кейбір сөз табында мысалы, сан есім, есімдік, үстеу т.б. грамматикалық категория атымен болмауы мүмкін, өйткені бұлар белгілі парадигмалық, тұлғалық түрлері жоқ сөздер болып келеді.Ал грамматикалық категориялары бар сөз таптары- зат есім,сын есім,етістік.Олар зат есімнің сан мөлшер категориясы,, тәуелдік категориясы,сапалық сын есімнің шырай категориясы,етістіктің салт сабақтық категориясы,етіс категориясы, болымсыз ет.категориясы, рай,шақ категориясы,жіктік категориясы.

Морфологиялық сипаты жағынан грамматикалық категориялардың бір тобын түбір семантикасына қандай да болсын әсер ететін түрлерін лексика- грамматикалық категория деп атап, екінші тобын, яғни түбір семантикасына ешбір әсер етпей,өзгертпей,тек оған қосымша мән үстейтін түрлерін таза грамматикалық категория деп бөліп көрсетудің негізі бар.

Н.Оралбай: грамматикадағы негізгі мәселеге грамматикалық категория жатады. Грамматикалық категория деп біртектес жүйелі грамматикалық мағыналардан тұратын және оларды білдіретін арнайы грамматикалық көрсеткіштері бар тілдік құбылыс аталады.

Грамматикалық категориялар морфология және синтаксис деп бөлінеді. Морф.қ категория грамматикалық мағына мен грамматикалық мағынаны білдіретін тілдік бірліктерден, көрсеткіштерден құралып, сөйлемдегі сөздерді бір бірірмен байланыстырады. Грамматикалық категорияның мағыналары бір бірімен байланыста талданады. Және ол мағыналары білдіртін көрсеткіштер де бір бірімен салыстырлы талданады, зерттеледі, оқытылады. Өйткені грамматикалық категория- біртектес грамматикалық мағыналардың және олардың көрсеткіштеріның жиынтығы. Грамматикалық категория екі жақты тілдік құбылыс саналады. Олар: мағына және тілдік көрсеткіш. Мағына жағынан алғанда әр категория біртектес бірнеше грамматикалық мағынаны білдіреді. Грамматикалық категория біртектес бір бірімен байланысты бірнеше мағынаны қамтиды. Мыс: қимылдың өту сипаты категориясы қимылдың жасалу сипатын білдіреді.

Грамматикалық категориялардың мағыналық құрамы әртүрлі. Ең мағыналық құрамы аз категориялар екі мағыналық құрамынан тұрады.Оларға зат есімнің сандық категориясы мен етістіктің болымддылық,болымсыздық категориясы жатады.

А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі»Грамматикалық категория тікелей сөйлемдегі сөздерге және сөз тіркестеріне тән жалпы грамматикалық мағынамен байланысты болады. Жалпы грам.қ категориялар ішінара морф.қ категориялар және синтаксистік кат.р болып бөлінеді. Морф.қ категориялар деп жеке сөздердің өзгерілуі арқылы туатын жалпы грам.қ мағыналарды айтамыз. Мыс: Құлпыртып ән алайық түрден түрге.

Сөйлемдегі сөздер өзара бір бірімен қарым қатынасқа түсудің нәтижесінде әртүрлі морф.қ өзгерістерге ұшырап та оған ұшарамай ақ әрт.рлі синтаксистік тілдер арқылы да байланысады. Грамм.қ категория сөздің негізгі мағынасына тек жанамалай ілесіп қана я жарып қана отырмайды. Ол екеуі бірмен бірі іштей ұласып, өзара бір біріне ықпалдарын тигізіп тығыз қарым қатынасқа түседі. Сол себептен де бір сөздің бойынан брнеше категориялар табуға болады.

№23-Грамматикалық мағына, берілу жолдары мен тәсілдері, түрлері.

(Н.Оралбаева). Грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасымен бірге оған қосыла жүріп, байланысты ойды білдіруде қызмет атқарады. Сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасының айырмашылықтары бар. Сөздің лексикалық мағынасы түбір сөздер арқылы беріледі. Мысалы, қағаз, күн, ай, көзде, жүзік, он бес, т.б. Мысалы, қағаз+дар сөзіндегі көптік мағына көптік жалғау арқылы берілген. (Жарық) күнді (көрдім) дегенде көру қимылының нысаны мағынасын табыс септік жалғауы білдірген. Айға ұшты десек, бағыт мағынасын барыс септік жалғауы білдірген. Бұл мысалдардан шығатын қорытынды: грамматикалық мағына сөйлемде лексикалық мағынаның үстіне қосылады, грамматикалық мағына лексикалық мағынасыз өздігінен жеке тұрып қолданылмайды, лексикалық мағына нақты, шындық өмірге қатысты, ал грамматикалық мағына абстракты, дерексіз. Жалпы грамматикалық мағына- сөйлемдегі сөз атаулының құрамында үнемі болатын, басқа грамматикалық мағыналармен бірге жарыса, қабаттаса жүретін, қолданылу аясы кең мағына. Грамматикалық мағынаның берілу жолдары:

І. Қосымша арқылы грамматикалық мағынаның берілуі;

ІІ. Көмекші бірліктер арқылы грамматикалық мағынаның берілуі;

І. Грамматикалық мағынаның қосымша арқылы берілуі. Қазақ тілінде грамматикалық мағынаны білдіретін қосымшалар мыналар: 1) жалғау; 2) нөлдік қосымша; 3) грамматикалық жұрнақ;

1.Жалғаулар 4 түрлі: 1) көптік жалғау (кітаптар, адамдар, мектептер, т.б.);

2) тәуелдік жалғаулар (менің, сенің, біздің,т.б.);

3) септік жалғау (халықтың, елмен, адамды, т.б.);

4) жіктік жалғау (мен, сен, ол, біз, т.б.);

2. Нөлдік қосымша арқылы берілуі. Тілдегі сөзді түрлендіру парадигмаларының ішінде грамматикалық мағынасы бар, бірақ көрсеткіші жоқ яғни парадигманың дыбыстық құрамнан тұратын көрсеткіші жоқ мүшелері бар. Мысалы, атау септіктің, жіктік жалғау парадигмасының 3 жағы, сондай-ақ бұйрық райдың жіктік жалғауының 2-жақ жекеше түрінің нақты қосымшалары жоқ. Бірақ қосымшалары жоқ болса да, сол қосымшаның жоқтығы олардың атау септік, 3-жақ, 2-жақ екенін білдіреді. Олар ешқашан шатастырылмайды. Жалпы тіл білімінде мағына бар жерде оны білдіретін көрсеткіш бар деп саналады да, жоғарыдағыдай жағдайда мағынаны көрсеткіштің жоқтығын байқататын нөлдік жалғау білдіреді деп санайды. Мысалы, Хакім сөз таба алмай қалды. Бөлме іші тар. Бейімбет екеуміз Аманкелдінің туған еліне, Торғай, Батпанқыраға жүріп кеттік. Осы мысалдардағы сөз табыс септіктің нөлдік жалғауымен, бөлме ілік септіктің нөлдік жалғауымен қолданылған. Соңғы сөйлемдегі Торғай сөзі барыс септіктің нөлдік жалғауымен қолданылған. Демек, нөлдік жалғауы- грамматикалық жүйеден кең орын алатын, әр түрлі грамматикалық мағынаны білдіретін тілдік бірлік.

3. Жұрнақтар арқылы берілуі. Тілде грамматикалық мағынаны білдіретін грамматикалық жұрнақтар бар. Ол жұрнақтар сөз таптары тұрғысынан келгенде, етістіктерге қатысты. Етістіктің болымсыздық мағынасын білдіретін –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, осы шақ мағынасы –а,-е,-й, -ды, -ді, -ты, -ті, -ған, -ген, -қан, -кен, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек, -ар, -ер, -р, -у, т.б. жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады.

ІІ. Көмекшілер арқылы грамматикалық мағынаның берілуі. Көмекшілер- тілдің дамуында лексикалық мағынасынан айрылып, грамматикалық мағынаға көшкен тілдік бірліктер. Олар алуан түрлі грамматикалық мағынаны білдіретін болып қалыптасқан. Оларға:

1)шылау ( және, да, дейін, -ақ);

2) көмекші есімдер (іші, сырты, асты, үсті);

3) көмекші етістіктер (еді, екен);

4) модаль сөздер (мүмкін, бәлкім, келсе деймін, кетеді білем);

5) күшейткіш көмекшілер (өте қалың, тым биік, ең жеңіл);

6) күшейткіш буындар (ұп-ұзын, қап-қара); (Н.Оралбаева)

(Қазақ грамматикасы) Тілдегі әрбір сөздің нақты лексикалық мағынасымен бірге жалпы грамматикалық мағынасы да болады. Сөздің лексикалық мағынасы- нақты, ұғымдық мағына, яғни бір сөзден екінші сөзді айыратын реестрлік сөздік мағынасы болса, грамматикалық мағынасы- сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің лексикалық мағынасының жалпылануы немесе оған әр түрлі тұлғалар үстелу арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздерді бір-бірінен бөлмей, керісінше, белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналар болып табылады. Грамматикалық мағына сайып келгенде, сөздің лексикалық мағынасымен тікелей байланысты болады. Бірақ грамматикалық мағыналардың өзі біркелкі емес. Тікелей лексикалық мағынадан туатын да, сөздің түрлену жүйесі негізінде тұлғалануынан да пайда болатын мағыналар бар. Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең (Абай) деген сөйлемді талдап көрейік. Сөйлемде қолданылған әрбір сөз бір-бір лексикалық мағынасы және бірнешеден грамматикалық мағынаны білдіріп тұр: 1. туғанда лексикалық мағынасы- нақты туу қимылы; грамматикалық мағыналары- 1)жалпы қимылды білдіруі; 2)салттылық мән; 3) өткен шақтық мән; 4)бір қимылдың мезгілін білдіруі; 2.дүние, лексикалық мағынасы- әлем мағынасындағы дерексіз зат; грамматикалық мағыналары: 1)жалпы абстракт зат атауы; 2) қатыстық-меншіктілік мән; 3.есігін, лексикалық мағынасы- үйдің бір бөлігі болып табылатын есік нақты заттың ауыспалы мағынада қолданылуы; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы; 2)екінші бір затқа тәуелді, соның бөлшегі болуы; 3)ол тәуелділік 3-жаққа да қатысты; 4) тура обьектіні білдіру; 4. Ашады, лексикалық мағынасы- ауыс мағынадағы ашу қимылы; грамматикалық мағыналары: 1)жалпы қимылды білдіру; 2) ол қимылдың сабақты болуы; 3) ауыспалы осы шақ мәнін білдіру; 4) 3-жақтағы субъектінің қимылы; 5.өлең, лексикалық мағынасы- нақты өлең деген зат атауы; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы; 2) ашу қимылының грамматикалық субъектісі болуы;

Грамматикалық мағына атаулыны жасалу тәсіліне, сөздің грамматикалық сипатын айқындаудағы мәніне қарай жалпы грамматикалық мағына, категориялық грамматикалық мағына және қатыстық грамматикалық мағына деп бөлуге болады. Грамматикалық мағына, ең алдымен, сөйлеу процесінде лексикалық мағынадан туындайтын, яғни лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы сөздік ұғымның жалпылық абстрактылық сипатқа ие болуы арқылы грамматикалық мағына пайда болады. Жалпы сөйлеу процесінен тыс грамматикалық мағына болмайды. Одан әрмен сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсуі арқылы да, түрлі грамматикалық формалар үстелуі арқылы да, дауыс ырғағы, орын тәртібі, ішкі флексия, т.б. арқылы да грамматикалық мағына үстеле береді. Грамматикалық мағынаның түрлері оның берілу жолдарына байланысты және соған сай олардың грамматикалық немесе лексика-грамматикалық, қызметтік, т.б. сипаттары айқындалады.

Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын грамматикалық мағынаны жалпы грамматикалық мағына деп бөлуге болады. Жалпы граматикалық мағына грамматикалық формасыз-ақ ішкі семантиканың абстракциялануы, жалпылана түсуі арқылы қалыптасады да, сол арқылы 1)сөздердің семантикалық жақындығы; 2) ортақтығы пайда болып, 3)грамматикалық топтар құралады. Жалпы грамматикалық мағынаның әрі қарай шектеле, ұсақтай түсуі нәтижесінде үлкен грамматикалық топтарынан өз ішінде кіші топтар да бөлініп шығып отырады. Жалпы грамматикалық мағына сөз таптарының семантикалық сипаты болып табылады. Сөздерді топтастырудың семантикалық деп аталатын принципі сөздердің осы жалпы грамматикалық мағынасына негізделеді. Тіліміздегі грамматикалық формаларға сөзге үстелетін қосымшалар, сондай-ақ префикстер мен жүйелі түрдегі ішкі флексия, суплетивтік тәсіл жатады. Қазақ тілінде грамматикалық форма арқылы берілетін мағынаны категориялық грамматикалық мағына деп атау қажет.Категориялық грамматикалық мағына, ең алдымен, белгілі грамматикалық формалар арқылы беріледі де, екіншіден, сол арқылы белгілі грамматикалық топтағы сөздердің түрлену жүйесі болып табылады, үшіншіден, соның нәтижесінде сол топтағы сөздердің грамматикалық немесе лексика-грамматикалық категориясын құрауға негіз болады. Мысалы, тәуелділік немесе белгілі шақ тұлғалары (есімше, көсемше, қалып етістіктері,т.б.)арқылы беріліп, зат есімнің немесе етістіктің тәуелдік немесе шақ категориясын жасауға негіз болады. Сөйтіп, категориялық грамматикалық мағына белгілі грамматикалық сөздер тобының түрлену жүйесін, парадигмалық сипатын, соның нәтижесінде ол топтардың грамматикалық, лексика-грамматикалық категориялар шеңберін, мәнін айқындайды да, сөздерді таптастырудың морфологиялық принципіне негіз болады.

Грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен тіркесіп, байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы, орын тәртібі, интонация, т.б. аналитикалық, қатыстық тәсілдер арқылы да беріле береді. Оны қатыстық грамматикалық мағына деп атау қажет. ҚГМ сөздердің сөйлемде атқаратын қызметтерімен байланысты және көбіне контекстік болып келеді де, сөздерді таптастыруда сөздердің синтаксистік қызметі принципіне негіз болады. Сонымен бірге грамматикалық мағынаның бұл үш түрі, бір жағынан, грамматикалық мағынаның грамматикалық форма деген ұғыммен байланыстылығын және грамматикалық категория деген ұғымының мәнін, шеңберін айқындауға негіз болатынын категориялық мағына көрсетсе, екінші жағынан, кейде тек ол морфология саласымен шектеліп қоймай, синтаксиске де еніп кететінін қатыстық грамматикалық мағына көрсетіп, морфология мен синтаксистің арасын жымдастыра түсуге себін тигізеді. Үшінші жағынан, жалпы грамматикалық мағына жекелеген сөз топтарының семантикалық сипатын айқындайды.

Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері. Грамматикалық мағынаны білдірудің ең бірінші тәсілі- семантикалық тәсіл. Ол- сөздің лексикалық мағынасының абстракцияланып, жалпылануы арқылы іске асады. Сөйтіп, жалпы грамматикалық мағына пайда болады. Екінші- синтетикалық тәсіл. Синтетикалық тәсіл арқылы берілуінің бірнеше жолы бар: қосымша қосылу жолы, яғни грамматикалық тұлғалардың үстелуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі; префикс қосылу жолы, яғни сөзге префикс қосылу арқылы грамматикалық мағынаның берілуі; ішкі флексия жолы, яғни сөздің ішкі кейбір дыбыстарының өзгеруі, алмасуы, қосылуы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі немесе бір тұлға арқылы бірнеше грамматикалық мағынаның берілуі;екпін арқылы, яғни екпіннің өзгеруі мен грамматикалық мағынаның берілуі; супплетивті жол, яғни грамматикалық мағынаның жеке-жеке сөздер арқылы берілуі. Үшінші- аналитикалық тәсіл. Аналитикалық тәсілдің бірнеше түрі, жолы бар. Олар: негізгі сөздердің тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі (мысалы, алтын сағат, темір күрек, ағаш үй, шәкірт бала сияқты тіркестерде алғашқы зат атауы алтын, темір, ағаш, шәкірт екінші зат атауын білдіретін сөздермен тіркесу арқылы заттық мағынада емес, қатыстық-сындық мәнде қолданылған), негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің қосарлануы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің орын тәртібі арқылы, дауыс ырғағы, интонация арқылы грамматикалық мағынаның берілуі.

№24-Амалдың өту сипаты категориясы

(Қазақ грамматикасы). Әдетте амал-әрекет ешқашан біркелкі орындалмайды. Қимыл-әрекеттің шапшаң не баяу, шұғыл не созылыңқы, тыңғылықты не босаң, біркелкі немесе үздік-создық, т.б.түрлері кездеседі. Сондықтан тіліміздегі етістіктер өзінен-өзі тұрып мұндай мән-мағынаны бере алмайды. Ондай әрекет қозғалысты етістіктің грамматикалық формалары ғана аңғарта алады. Негізінен бұған аналитикалық формалар қызмет етеді. Себебі аналитикалық формалардың бойында амалдың жүзеге асуын сипаттайтын грамматикалық мағыналар болады. Мысалы, айт етістігі айта бастады, айта жөнелді, айта қойды, айта тұр, айта бер, айта қал дегенде түрлі форманттар жалғанып, айту амалының сан түрлі өту сипатын байқатып тұр.

(Н.Оралбаева). Өмірде қимыл түрлі тәсілмен жасалады, тілде қимылдың түрліше жасалуы түрлі тәсілдер арқылы білдіріледі. Мысалы, Жалт қарап еді, есінен тана жаздады. Дегенмен, Нүрке шыдап бақты. Хадиша бұл сезімді мақұл көріп, жабыса кетті. Осы мысалдардағы етістіктердегі қимылдардың жасалуы біріне-бірі ұқсамайды, әрқайсысы әр түрлі жасалған. Мәселен, есінен тана жаздады дегенде, қимылдың жасалуға барып жасалмай қалғанын білдіреді, шыдап бақты дегенде қимылды жасауға бар ынтасын салғанын, өте тырысқанын білдірген, жабыса кетті дегенде қимылдың оңай, тез жасалғанын білдірген.

Қимылдың жасалуындағы осындай алуан түрлі ерекшеліктерді дәлме-дәл көрсететін қазақ тілінің грамматикалық құрылысындағы арнайы категория қимылдың,яғни амалдың өту сипаты категориясы деп аталады. Оның қалыптасқан көрсеткіштері бар. Қимылдың өту сипаты категориясы- көп мағыналы категория. Өйткені, қимылдың жасалу тәсілі әр түрлі, қимылдың жасалу тәсілі осы категорияның мазмұны болғандықтан, категория- көп мағыналы. Бір етістікпен категорияның бірнеше көрсеткішінің қолданылуы осы категорияның ерекшелігіне жатады.

Қимылдың өту сипаты категориясы көп мағыналы болғандықтан, оның көрсеткіштері де көп, олар: 1) қосымшалар, яғни грамматикалық жұрнақтар; 2) аналитикалық форманттар;

І. Қимылдың өту сипаты категориясын жасайтын жұрнақтар:

1) –ла, -ле, -да, де, -та, -те жұрнағы түбір етістікке жалғанып, оған қайталану мәнін қосады. Мысалы, бүркеле, сипала, үйкеле, т.б.

2) –қыла, -кіле, (-ғыла, -гіле) жұрнағы қимылдың қайталануын білдіреді. Мысалы: шапқыла, тепкіле, түрткіле,т.б.

3) –мала, -меле жұрнағы да қимылдың қайталана созылуын білдіреді.: қазбала, бастырмала, итермеле, т.б.

4) –ғышта, -гіште: барғышта, бөлгіште, келгіште.

5) –ыңқыра, -іңкіре жұрнағы қимылдың жалғаса түсуін білдіреді: алыңқыра, сұраңқыра, созыңқыра,т.б.

6) –ымсыра, -імсіре жұрнағы қимылдың жетімсіз, әлсіз екенін білдіреді: жыламсыра, күлімсіре, өлімсіре,т.б.

7) –сы, -сі жұрнағы жасалынған қимылды жасалған боп көрінуді білдіреді: білгенсі, жазғансы, ұялғансып отыр,т.б.

ІІ. Бұл категорияның ең көп көрсеткіші- аналитикалық форманттар. Қимылдың өту сипаты категориясы негізінен аналитикалық форманттар арқылы жасалады. Мысалы, Сөйтіп жүрген күндердің бірінде Имақ Тоқпанов келе қалды. Мәкеш қолдарын қағып жіберді деген мысалдарда –а қал, -п жібер форманттары тез жасалған қимылды білдіреді.

Қимылдың өту сипаты категориясының мағынасы үлкен екі топқа бөлінеді: 1) қимылдың жасалу тәсілі; 2) қимылдың жасалу сатысы мағыналары.

Қимылдың өту сипаты категориясының негізгі мағыналарының бірі- қимылдың қалай жасалғанын сипаттау. Қимылдың жасалу тәсілі 8 түрлі:

Қимылдың тездік тәсілі (-а кет, -п кет, -п қоя берді, -п кеп түсті);

Созылыңқы қимыл тәсілі (-ла, -ле, -мала, -меле, -қыла, -кіле);

Жасандылық тәсілі (-ған бол- ұялған бол,білген бол);

Жетімсіз қимыл тәсілі (-а жазда, -а жаздап барып);

Қимылдың бағыт-мақсат тәсілі (айтып берді, көшіп алдым);

Қимылдың ынта тәсілі (шыдап бақты, тілеп бақты);

Қимылдың немқұрайды тәсілі (айта сал, бере сал, көре сал);

Қимылдың бейімділік тәсілі (ұйықтайын деп жатыр, ашылайын деп тұр);

Қимылдың даму сатысы деп оның басталуынан аяқталуына дейінгі қалып болып саналады. Үш сатысы бар. 1-сатысы –а баста, -а жөнел, -п сала бер, -п жүре бер, -п қоя бер аналитикалық форманттары арқылы жасалады. 2-сатысы –п келе жат, -п бара жат, -п келе, -п жат, -п тұр, -п жүр, -п отыр аналитикалық форманттары арқылы жасалады. 3-сатысы аяқталу кезеңін білдіреді: -п бол, -п шық, -й қой, -п қал аналитикалық форманттары арқылы жасалады.

№ 25-Шартты рай

1) А.Байтұрсынов:Шартты рай дейміз – істің істелуіне шарт көрсететін сөздің түрін. Мыс: Берсең аларсың, ексең орарсың. Алуға – беру шарттығын, оруға – егу шарттығын «берсең, ексең» сөздері көрсетіп тұр. Жіктеу: І. Күрессем; ІІ. Күрессең; ІІІ. Күрессе.

2) «Қазақ грамматикасы» бойынша:Шартты рай қимыл, іс-әрекеттің болу-болмау, орындау мүмкіндігін, шартын білдіріп, етістік түбіріне, лексика-гр/қ категориялар тұлғаларына –са,-се қосымшасы жалғану арқылы жасалады. Шартты райы етістік ықшамдалған тұлғада жедел өткен шақ тұлғасы сияқты жіктеледі, сөйлемде негізінен алғанда тиянақсыз тұлғ болып қолданылады, сондықтан көбіне-көп шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалады. Мыс: айтсам, айтсаң, айтса.

Қазақ тілінде шартты рай тұлғасындағы етістік әр уақытта шарттылық мәнде қолданыла бермейді. Кейде ол шартты рай тұлғалы етістік мезгіл бағыныңқы сөйлемнің немесе да,де шылауымен тіркесіп қарсылықты бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде де жұмсалады. Мыс: көзімді ашып қарасам, екі адам қарауытып тұр екен.

Сондай-ақ шартты райлы етістік тілек, армен, мақсат сияқты модальдылық мәнді білдіріп, тиянақты мәнәнде сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мыс: шіркін, биыл оқуға түссем!

Бұнымен бірге шартты райлы етістік жіктеліп келіп, ғой, еді, екен, етті, ма, ме сұраулық шылау сияқты көмекші сөздермен тіркесіп, сөйлемді аяқтап тұрады да, сөйлеушінің тілек-арманын, өтінішін, өкінішін, болжам, ниетін т.б. білдіреді: бар-са-м екен, жолық-са еді.

Сондай-ақ –са,-се тұлғасына –шы,-ші қосымшасы үстеліп, 3-жақта жіктеліп, тиянақты тұлға ретінде қолданылады, 2-жақта кейде –ң жіктік жалғауының орнына –й тұлғасы айтылады. Мен бар-са-м-шы. Сіздер бар-са-ңыздаршы. Мұндайда етістік таза шарттылық мәннен гөрі ниет, тілек шартты мәнді көрсетеді.

Шартты райлы ет-к игі еді сөздерімен тіркесіп, қалау рай да жасайды: бар-са игі еді. Болжамды мәнді керек сөзімен тіркесіп білдіреді: айт-са керек.

3) А.Ысқақов бойынша:Шартты рай формасы етістіктің жалаң (түбір, туынды), күрделі негіздерніе -са,-се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Шартты райдың бұл формасы мағына жағынан басқа бір амалдың я істің жүзеге асу-аспау шартын білдіреді. Осы мағынасына орай, шартты рай формалы етістік дәйім құрмалас сөйлемнің шартты бағыныңқысының баяндауышы болады да, басыңқы сөйленің баяндауышының істелу-істелмеу шартын көрсетеді. Мыс: олар келсе, бәріміз киноға барамыз.

Шартты рай формасы үнемі жіктеліп жұмсалады. Мыс: мен бар-са-м, сен бар-са-ң, ол бар-са. Шартты рай формасының дәйім жіктеліп жұмсалатынына 2 себеп бар:

1) «еді» көмекшісімен тіркестіріліп қолданылғанда да, шартты форма жақ қосымшасында тұрып жіктеледі. Мыс: барсам еді, айтсаң едің.

2) сабақтас құрмаластардың бағыныңқы сөйлемдерінің баяндауыш формаларының ішіндегі үнемі жіктеліп жұмсалатыны – тек осы шартты форма, өзге формалар жітелмейді.

Шартты рай формасының жіктелуі түріне –шы,-ші дәнекері тіркесіп жұмсала береді, бірақ бұл шартты форма шарт мәнінен айырылып, қапы қалу, опық жеу, өкіну тәрізді мәнді білдіреді: сен барсаңшы.

№26-Демеулік шылау

1) А.Байтұрсынов бойынша:Демеу дейміз – сөздің я сөйлемдердің арасын үйлестіруге демеу болатын сөздерді. Қазақ тілінде түбір демеу сөздер, тіпті жоқтың қасы. Мәселен, сұрау демеу: ма, ме, ба, бе, да. Жай демеу: ғой, ақ, әше, бәсе, әлде, та, тағы, бәлкім. Көбінесе демеу орнына басқа сөздер жүреді. Басқа сөздер дегенде демеу орнына есімдік пен етістік екеуінің біте қайнаған сияқты қосылған түрлері әсіресе көп жүреді. Мыс: үйткені (олай еткені дегеннен қысқарған), сүйтіп (солай етіп). Бұлар толық күйінде де қолданылады: олай болса, неге десем. Демеу орнына «мен» (бен) жалғаулық та жүреді.

2) «Қазақ грамматикасы» бойынша:Тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, тек сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып, немесе белгілі бір сөздердің жетегінде қолданылып, оған әр түрлі гр-қ мағына үстеу үшін қолданылатын сөздер бар. Мұндай көмекші сөздер шылау деп аталады. Шылау сөздердің толық мағынасы болмағанмен, атқаратын қызметіне тән гр-қ мағынасы болады. осымен байланысты шылаудың өзіндік ерекшеліктері бар:

Шылау сөздердің толық лексикалық мағынасы болмайды.

Контексте толық мағыналы сөздердің жетегінде қолданылып, оған қосымша әр түрлі гр-қ мағына, рең үстейді.

Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді сабақтастыра не салаластыра байланыстырады.

Сөйлем ішінде синтаксиситік қызметіне қарай жеке сөйлем мүшесі бола алмайды.

Түрленбейді, басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалмайды. Олар лексикалық мағынасынан айрылу негізінде қалыптасқан көмекші сөздер.

Оның 3 түрі бар: жалғаулық, септеулік, демеулік.

Демеуліктер – өзі шылауында тұрған сөздерге әр түрлі гр-қ мағына, реңк үстейтін сөздер. Олар модальдық-экспрессивтік сипаты зор, семантикалық мүмкіндігі мол сөдер.

Демеуліктердің білдіретін мағынасы сан алуан. Олар өзі қатысты сөздерге я сөйлемге сұраулық, шектік, нақтылық, күшейту, тежеу, болжалдық, күмән сияқты гр-қ мағыналар үстейді. Демеуліктер негізгі сөзге үтейтін мағынасына қарай 7 топқа бөлінеді:

Сұраулық демеуліктер көбіне баяндауыш құрамныда келіп, сұраулық мағына береді: ма/ме, ба/бе, па/пе, ше.

Күшейткіш демеуліктері сөйлемге, айтылған ойға күшейту мәнін қосу үшін қолданылады: -ақ, -ау, -ай, әсіресе, да/де, та/те;

Шектеу (тежеу) демеуліктері тіркескен сөздеріне шек қойып тежеу мағынасын үстеу үшін қолданылады: ғана/қана, тек, ақ.

Болжалдық демеуліктер: -мыс, -міс, -ау. Сөйлеушінің айтылған ойға күмәндануын, сенімсіздікті білдіреді. Сөйлемнің эомционалдық-экспрессивтік мәнін арттырады.

Болымсыздық, салыстыру және қарсы мәнді демеуліктерге түгіл, тұрсын, тұрмақ, ғұрлым сөздері жатады. Түгіл, тұрсын, тұрмақ болжалдық, қарсы қою мәнін білдіреді. Олар етістік, үстеу, есім сөздермен тіркеседі. Ал ғұрлым салыстыру мәнін білдіру үшін қолданылады.

Нақтылау мәнді демеуліктер: қой/ғой, ды/ді, ты/ті. Тіркескен сөздерге нақтылау мәнін үстейді.

Қомсыну мәнді демеулік: екеш. Бұл шылау тіркескен сөзіне қомсыну, менсінбеу мағынасын үстейді. Екеш шылауы негізінен есім сөздердерге тіркеседі: Түйе екеш түйе де егінді таптап беріп қойса керек.

3) А.Ысқақов бойынша:Демеуліктер деп өздері тіркескен сөздерге әр қилы қосымша реңктер (мағына) жамайтын сөздерді айтамыз. Лексика-грамматикалық жағынан 7 топқа бөлінеді: Сұраулық, Күшейткіш, нақтылық, шектік, болжалдық, болымсыздық, қомсыну.

4) Н.Оралбай бойынша:Демеулік шылаулар деп тіркескен сөзіне әр түрлі гр-қ мағына қостаын шылаудық түрі аталады. Демеулік шылау ерекшелігі:

Демеуліктердің дыбыстіқ құрамы өте шағын, көбі бір буынды, екі буынды дем-р өте аз.

Демеулік-ң қосымшаларының дыбыстық вариантары бар: да, де, та, те, қана, ғана.

Дефис арқылы жазылатын дем-р де бар: -ды, -ді, -ты, -ті, мыс, -міс.

Басқа шылауларға қарағанда демеу-р қолданыста мағыналық түрленіске бейім. Күшейткіш мәнді –ау демеулігі қолданыста таңдануды да білдіреді: ғажап-ау, ...

Демеу-ң дербес лексикалық сөзге тіркесуінде де өзіндік ерекшелігі бар. Олар негізінен түрлі сөз таптарына сөзтұлғасын таңдамай тіркесе береді: оқытушы да, сен де, жақсы да, бүгін ше, т.б.

Одағайлармен көп тіркеспейді: ойбай-ай, япырым-ау.

Түрлі сөйлем мүшесімен тіркесе береді. Демеуліктердің 8 мағыналық тобы бар:

Күшейткіш Сұраулық Шектеу: ғана/қана, -ақ.

Тежеу: тек шылауы ғана жаады. Мұнда тежеу мәні өте анаық және күшті.

Болжалдық Нақтылау Қомсыну Болымсыздық

№27-Зат есімнің тәуелдік категориясы

1) «Қазақ грамматикасы» бойынша:Сөздің тәуелденуі деп нақтылы бір заттың кімнің меншігі екенін білдіретін грамматикалық белгіні айтады. Тәуелденіп тұрған зат есімнен әрі біреудің иелігіне жататын сол заттың өзі. Әрі оны иемденуші адам – мұны екеуі де қоса ұғынылады. Тәуелділік категориясы – өзге жүйедегі тілдерден (мәселен, орыс тілінен) түркі тілдерді типологиялық жағынан оқшаулап тұратын басты бір грамматикалық ен-таңбаның бірі. Көп тілдерде тәуелдік мағына түркі тілдеріндегі сияқты сөз ішінде болатын морфологиялық құбылу арқылы емес, ол сөзге бөгде сөздердің тіркесуі пайда болады. Демек, ондай тілдерде тәуелдік мағына тудыру үшін, әлбетте, екі сөз керек. Ал түркі тілдерінде белгілі қосымшалардан негізгі, яки туынды түбірге жалғаудың өзі-ақ мұндай мағынаны беру үшін жеткілікті. Мәселен, көйлек дегеннің өзімізбен бірге сөйлесіп отырған адамға тән бұйым екенін көрсетпек болсақ, оның атауышы зат есім көйлек сөзіне көйлегің деп –ің қосымшасын жалғаймыз. Сонда ешбір сырт сөздің жәрдемінсіз-ақ бұл сөздің бір өзінен көйлек дегеннің тыңдаушы жаққа меншікті нәрсе екені аңғарылатын болады. Мұның былай болуы түркі тілдеріндегі тәуелденіп тұрған сөз біреудің меншігі болып табылатын затты білдіреді де, оған жалғанатын тәуелдік жалғауы меншік иесін білдіреді. Тәуелденіп отырған көйлегің деген сөзде мағыналық тұрғыдан да, сол секілді құрылымдық тұрғыдан да бір-бірінен бөліп көрсетуге келетін екі элемент бар. Оның бірі – көйлек деген сөз арқылы көрініп тұрған меншіктелетін зат та, екіншісі –ің деген қосымша арылы көрінетін сол заттың иесі. Асылында, тәуелдік категориясын түзетін тіліміздегі басты белгінің өзі де осы сияқты екі бірдей мағынаның бір ғана сөздің бойына сыйысуы. Бұл категорияға зат пен оны иеленушінің арасындағы қарым-қатынасты көрсететін категория деп анықтама беру себебі де осы қасиетінен.

Сөзге тәуелдік мағына беретін арнаулы қосымшалар тәуелдік жалғауы деп аталады. Тәуелдік жалғауының әрқайсысы жіктеу есімдіктерімен мағыналық іліктестікте айтылып, грамматикалық үш жаққа тән болып келеді. Тіліміздегі тәуелдік жалғауларын фонетикалық жағынан екі топқа ажыратуға болады. Оның бірі – тәуелдіктің дауыссыз дыбыстан басталатаын нұсқасы да, екіншісі – дауысты дыбыстан басталатын нұсқасы. Мұның алғашқы тобы дауыстыға біткен сөздерге, соңғы тобы – аяғы дауыссыз дыбысқа біткен сөздерге жалғанады. Тәуелдік жалғаулар:

Дауыссыздан басталатын тобы:

1-жақ: -м, -мыз, -міз (балам, баламыз)

2-жақ: -ң, -ңыз, -ңіз (балаң, балаңыз)

3-жақ: -сы, -сі (баласы)

Дауысты дыбыстан басталатын тобы:

1-жақ: -ым, -ім, -ымыз, -іміз (үйім)

2-жақ: -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз (үйің, үйіңіз)

3-жақ: -ы, -і (үйі)

Тәуелдік жалғаулы сөз жекеше мағынада да, көпше мағынада да қолданыла береді. Бірақ тәуелдеулі сөздің жекешелік, көпшелік мәнінде болатын мына секілді ерекшелікті ескеру керек. Әдетте меншіктелетін заттың жекеше, көпше мағынаға ие болуы бар да, меншік иесінің жекеше, көпше мағынаға ие болуы бар. Мұның меншік иесінің көптігін білдіретін түрін ортақ тәуелдеу деп, меншік иесінің жалғыз екенін білдірітен түрін оңаша тәуелдеу деп атайды. Өйткені ортақ тәуелдеуде меншіктелетін зат әр уақыт бірнеше субъектінің ортақ меншігі ретінде ұғцнылады да, оңаша тәуелдеуде бір ғана субъектінің тек өзіне тән, дербес меншік ретінде ұғынылады. Мәселен, үйім деген сөздегі оңаша тәуелдеу жалғауының мағынасынан объектінің тек сөйлеуші адамның өзіне тән меншікті нәрсе екенін білсек, үйіміз дегендегі ортақ тәуелденуден осы объектіге сөйлеушімен қоса басқа адамдардың да иелік ететіні білінеді.

Көптік жалғауы тәуелдіктің оңаша түріне де, ортақ түріне де жалғана береді. Егер тәуелдеулі сөздің құрамындағы көптік жалғауынан меншік иесінің көптігі ұғынылмай, меншіктелетін заттың көптігі ұғынылатын болса, мұнымыз оңаша тәуелдеу болады. Ал, керісінше, бұл жердегі көптік жалғауы, меншіктелетін зат мейлі біреу, мейлі одан көп болсын, әйтеуір, меншік иесінің көп екендігін білдіретін болса, мұнымыз ортақ тәуелдеу болады. Бұл арасы қанша түсінікті болғанымен, дәл осындағы көптік мағынаның тәуелдеулі сөздің қай элементіне қатысты екенін ажыратудың өзіндік қиындығы да бар. Мыс: балалары жігіт болды ма? Деген сұрауды бірнеше бала туралы бір адамға да, бірнеше адамға да қоюға болады. Сол тәрізді балалары жігіт болып па? Дегендегі көптік мағынаның балаға қаысты екені, яғни оның ата-анасына қатысты екені тосыннан тыңдап тұрған адам үшін айқын емес. Біз оның балалары, олпардың балалары деп те айта ламыз, ендеше тәуелденудің қай түрі екенін анықтау үшін контекстке назар аударуымыз керек.

2) А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» бойынша:Әдетте, иеленуші үш жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін грамматикалық категория тәуелдеу каегориясы деп аталады.Тәуелдік жалғау – негізінен зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді дегендеге үлкені сөзі – субстантивтеніп, әрі тәуелденіп тұр.

Тәуелдік жалғау көптік жалғауынан кейін жалғанады: кітаптарым, үтіктері.

Тәу-к жалғау септік, жіктік жалғауларынан бұрын жалғанады: әкемнің, әкемнен.

Тәу-к жалғау қосымша эмоциялық-экспрессивтік райды я мәнді білдірерліктей де міндет атқарады. Мыс: айым, жаным, құлыным, сәулем. Бұл көбіне 3-жаққа тән. Ал 1-,2-жақтағы тәу-к жалғаулар қолданылу ерекшелігіне қарай үлкен тұтып құрметтеу не мысқалдау, қомсыну мәнінде де жұмсалады. Мыс: жаман ағаң, қыдырымпаз апаң.

Тәу-к жалғ-ң ең көп қолданылатыны – 3-жақ тұлғасы, себебі оның сөзінің орнына кез келген сөзді қойып, айтуымызға болады. Мыс: Арманның кітабы, қаланың көшелері.

3) Н.Оралбай бойынша: Зат есімнің тәуелдік категориясы – түркі тілдерінің, оныі ішінде қазақ тілі грамматикалық құрылысының өзіндік ерекшелігі. Меншіктілік, тәуелділік мағына барлық тілдерде бар болғанымен, ол мағынаның грамматикалық категория, оның грамматикалық көрсеткіші арқылы берілуі тілдердің бәріне қатысты емес, славян, орыс тілдерінде бұл категория жоқ. Қазақ тілінде меншіктілік, тәуелділік мағынаны білдіретін гр-қ категория бар. Ол – тәуелділік категориясы. Тәуелділік категория деп бір я көп заттың екінші бір затқа меншікті екенін білдіретін катеогрия аталады. Мыс: менің үйім. Бұл гр-қ сөзтұлға тәу-к категориясының гр-қ көрсеткіштері арқылы жасалған. Өйткені тәу-к категориясының меншіктілік мағынасын осы категорияның тәуелдік жалғаулары, меншікті заттың иесін ілік септік білдіреді. Иелік мәнді білдіретін іліс септік жалғ сөз тіркесінің 1-ші сыңарына жалғанады (менің, сенің, оның), ал меншіктілік мәнді білідіретін тәу-к жалғ сөз тіркесінің 2-ші мүшесіне жалғанады (ыдысым, көлігім). Мұнда ілік септік, тәу-к жалғ нөлдік тұлғада да қолданылады. Мыс. Біздің ауыл, өмір кемесі.

Тәу-к жалғ-ң барлығы меншіктілік мағынаны білдірмейді, мысалы: көздің жасы, ағаштың жапырағы, өмір кемесі, қазақ мектебі сияқты қолданыстарда тәу-к жалғауы меншіктілік мағынаны білдіреді деп айтуға келмейді. Мұнда ілік және тәу-к жалғ-ы бар, меншіктілік мағынаға да келеді, бірақ олай емес. Яғни, тәу-к жалғ-ң қолданыста өз мағынасынан алыстап, қатыстық мағынаға да ие болғаны анықталады. Бұл – әрине, кейін қалыптасқан мағына.

Тіл дамуы тілдік көрсеткіштрге әр түрлі мағына қосып, кейде гр-қ көрсеткіштер өз қызметінен толық айырылып қалуы да тілде бар құбылыс. Мысалы, шырағым, қалқам, айым, жаным, дұрысы, тәйірі сияқты сөздердің құрамындағы тәу-к жалғаулары өз мағынасынан айырылып, түбірдің құрамына кірігіп, біртұтас сөзге көшкен. Оларды атауыш сөз деп атап жүр. Бұл сөздер ілік септік жалғаулы сөзбен тіркеспейді. Тіл дамуы барысында бұл сөздердің құрасындағы тәу-к жалғаулары өз мағынасынан, қызметінен айырылған.

Тәу-к мағынаның келесі берілу жолы, меншіктілік мағына –нікі, -дікі, -тікі жұрнағы арқылы беріледі. Мыс: Көз жасымды көретін, көз болса бір – сенікі. Мұнда: көз сенікі.

Меншіктілік мағынаның берілу жолдары 1) жалғау арқылы; 2) жұрнақ арқылы берілуі арасында үлкен айырмашылық бар.

Меншіктілік мағына тәу-к жалғау арқылы берілгенде, жалғау жалғанған сөз заттың кімге меншікті екенін және меншікті заттың не екенін білдіреді. Түркологтар тәк-к жалғауы арқылы берліген меншіліктілікті деректі меншіліктілік деп атайды.

Тәу-к мағынаның жұрнақ арқылы берілуінде жұрнақ жалғанған сөз меншікті заттың иесін ғана білдіреді. Мысалы, менікі, әкемдікі дегенде 1-жаққа, Сәулеге, әкеме бірдеңенің меншікті екенін, олардағы иелік мән білдіріледі, бірақ не меншікті екені белгісіз қалады. Ал, бұл сөздерді меншікті затпен тіркесте алғанда ғана мағына нақтыланады: көйлек Сәуленікі, бөрік әкемдікі. Меншіктілік мағына жұрнақ арқылы беріліп, ал меншіктілік мағынаға қатысты сөздер сөз тіркестерінде қолданылғанда ғана, меншіктілік мән нақтылы көрінеді. Осымен байланысты түркологтар меншіктілік мағынаның жұрнақпен берілуін дерексіз меншіктілік деп атайды.

Қазіргі әдеби тілде меншіктілік мағына екі жолмен беріліп, екеуі де белсенді қолданылады. Ал сөйлеу тілінде мменшіктілік мағынаның тәу-к жалғау арқылы берілуі белсенді қызмет атқарады, ал жұрнақ арқылы берілуі бәсең екенін көреміз.

Оңаша тәуелдену дегеніміз – бір не көп заттың бір адамға меншіктілігін білдіреді. Мыс: менің кітабым, кітаптарым. Ал ортақ тәуелденуде бір я бірнеше зат бірнеше затқа я

адамға меншіктілігі білдіріледі. Мыс: біздің баламыз (балаларымыз).

4) А.Байтұрсынов бойынша: Зат есімде екі қалып бар: 1) жай қалып нәрсенің битарап күйіндегі есімнің түрі, мәселен, жекеше: ата, дене, белбеу, үй. Көпше: аталар, денелер, үйлер.

2) тәуелді қалып – бір нәрсені екінші нәрсе меншіктеуін көрсеткендегі сөздің түрі. Тәуелдік 2 түрлі: оңаша және ортақ.

Оңаша тәуелдік бір нәрсені екінші нәрсе оңаша меншіктеуін көрсетеді. Ортақ тәу-к бір нәрсені басқа нәрселер ортақ меншіктеуін көрсетеді. Тәуелді қалыпта 3 жақ бар: 1-мендік, 2-сендік, 3-бөгделік. Мыс: мендік үйім, сендік үйің, бөгделік үйі. Ал ортақ тәу-кте біздік атамыз, сіздік атаңыз, бөгделік атасы.

№28-Бұйрық рай (мағынасы, жасалуы, жіктелуі).

1) А.Байтұрсынов бойынша: Етістікте 14 рай бар:

-тұйық рай - билік рай -ашық рай -шартты рай

-ереуіл рай - реніш рай -қалау рай -сенімді рай

-сенімсіз рай - мұң рай -көніс рай -қайрау рай

-азалы рай -теріс рай

А.Б. топтастырыуында бұйрық рай жоқ. Қазіргі қазақ тіліндегі бұйрық рай формасына мына рай түрлерін ұқсастырып қарауға болады:

Билік рай дейміз – істі істеуге-істемеуге кесіп айтқандағы сөз үрін. Әр етістіктен түбірі мен тұқылын алып, билік рай түрінде жіктеп айтып көрейік. Мыс:

1-жақ: Жазайын, жазбайық

2-жақ: жазба, жазбаңдар

3-жақ:жазсын, жазбасын.

Қайрау рай дейміз – істі істеуге я істемеуге қайрай сөйлегендегі сөз түрін. Мыс: барайыншы, бармайыншы, баршы, барсыншы.

Азалы рай дейміз – қайрау райдың азамен айтлатын түрі. Мыс: жүрсейші, қалсайшы, барсайшы.

Реніш рай – істеген-істемеген істерге реніш еткенде айтылатын сөз түрін. Мәселен: 1-жақ: жазсамшы, жыласамшы; 2-жақ: жазсаңшы, 3-жақ: жазсайшы.

2) «Қазақ грамматикасы» бойынша: Сөйлеушінің қимыл, іс-әекетке көзқарасын, қимылдың, іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктің гр-қ категориясы рай категориясы деп аталады. Етістік райының 4 түрі бар: ашық, бұйрық, шартты, қалау.

Бұйрық рай сөйлеушінің тыңдаушыға немесе тыңдаушы арқылы бөгде біреуге (3-жаққа) қаратылып, бұйрық, сұрай айтылатын, өзіне (1-жаққа) байланысты қимылға, іс-әрекетке қозғау салу, ниет мәнін білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы берілетін рай түрі болып табылады. Бұйрық райдың басты мәні – бұйрықтық мағына. Бұйрықтық мағына негізінен алғанда 2-жаққа байланысты болып отырады: Тыңда, дала, Жамбылды. Ғылым таппай мақтанба. Енді сен жүре бер.

Ал 3-жақта бұйрықтық мағына солғындап, тілек (бұйрық пен тілек), өтініш (бұйрық пен өтініш) мәні байқалып отырады. Мыс: бұлбұл құс әнге салсын. Алма өссін, бұршақ жарсын.

1-жақта бұйрықтық мағынадан гөрі ниет, тілек мәні басым болады, өйткені сөйлеуші өзіне өзі бұйырмайды, бұйрық бермейді. Соған қарап 1-жақты, кейде тіпті 3-жақты да, бұйрық рай шеңберінен шығару керек деген де пікір жоқ емес. Мыс: Сөйле десең, сөйлейін, сөз келгенде... Алдымда толған мақсат, алайын, мынасын ба, анасын ба?

Сөз жоқ, бұйрықтық мағынаны білдіруде 2-жақ пен 1- және 3-жақтардың арасында айырмашылық бар екені көрінеді.

Бұйрық райдың құрамында бұйрықтық мағынадан гөрі ниет, тілек мәнді білдіретін бірінші және үшінші жақ пен олардың көрсеткіштері болуы бұйрық райдың түрлену парадигмасына, тұлғалық жүйесіне байланысты. Мағыналарында бұйрықты білдіруде өзгешелік болса да, бұйрық райдың жіктелу жүйесі, яғни 1-2-3-жақта және жекеше-көпше түрлену бір парадигмалық жүйенің көрсеткіші болып табылады. Жіктелу үлгісі:

І. Мен бар-айын, кел-ейін, сөйле-йін. Біз бар-айық, кел-ейік.

ІІ. Сен бар, кел. Сендер бар-ыңдар, кел-іңдер.

ІІ. Сіз бар-ыңыз, кел-іңіз. Сіздер бар-ыңыздар, кел-іңіздер.

ІІІ.Ол бар-сын, кел-сін. Олар бар-сын, кел-сін.

Жіктелу үлгісінен көрінетіндей, бұйрық райдың 1-жағында жекеше –айын, -ейін, -йын, -йін, көпше –айық, -ейік, -йық, -йік жалғауы жалғанса, 2-жақ жекеше анайы түрінде арнайы қосымша жоқ, бірақ бұл етістіктің тұлғасы емес, нольдік форма, өйткені түбір болса, сол сөз табының түрленуіне негіз болатын бастапқы тұлғасы да, бұйрық райдың 2-жағы жекеше, анайы түрі – гр-қ тұлға, сол түбірге жалғанатын тұлға, демек, бұйрық райдың 2-жағы жекеше, анайы түрі мен түбір тұлға омоформа болып табылады. Бұйрық рай формасының екінші жақ жекеше түрінде ертеде –ың, -ің, -ң қосымшасы жалғанып айтылатын болған. Мұны бұйрық райдың 2-жақ сыпайы түріндегі және 2-жақ көпше түрінің құрамындағы –ың, -ің, -ң қосымшасы (ал-ың-дар, ал-ың-ыз) дәлелдей алады. Сондай-ақ бұйрық рай формасының үш жағына да –шы,-ші жұрнағы жалғанып, сөйлеушінің бір істі

орындау туралы өзіне, тыңдаушыға және бөгде адамға не затқа қаратып, сыпайы тілек түрінде айтуын білдіреді: айтайын-шы, айт-шы, айтыңыз-шы, айтсын-шы. Сөздердің мағынасы айтылу сазына, интонацияға да байланысты.

3) А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» бойынша: Сөйлеуші лебізінің я сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі тиісті фонетикалық, лексикалық, гр-қ тәсілдер және олар арқылы берілу жүйесі модальдік (рай) категория деп аталады. Бұл қатынас ақиқатқа орай, оған сай келетін нағыз шындықты да (жүзеге асуға боларлықтай, орындаларлықтай), реальді құбылысты да білдіре алады. Модальділік категориясының етістік формалары арқылы берілетін амал-тәсілдердің жүйесі етістіктің райы деп аталады. Райдың 4 түрі бар.

Етістіктің бұйрық рай (императив) деп аталып жүрген түрінің модальдық мағыналары – семантика жағынан да қарымы кең формалар. Бұл рай іске қосу, түрткі болу, ұсыныс жасау, кеңес беру, тілек айту, өтініш ету, жалыну, бұйыру тәрізді қыруар көп модальдік мағыналарды білдіреді. Демек, бұл рай сөйлеушінің белгелі бір істі жасау, жүргізу, тындыру туралы көңіл қошынан туған талабын, тілегін білдіреді. Қозғпу салу, іске қосу мағынасы бір тыңдаушыға да, көп тыңдаушыға да, үш жақтың бәріне де арналады және етістіктің жалаң я күрделі түрлері арқылы да айтыла береді. Мыс: мен барайын, сен бар, ол бара салсын.

Модальдік мағыналарды білдіруге лексикалық тәсіл де, гр-қ тәсіл де, интонация да қатысады. Бұйрық райға телініп, оның формасы ретінде қаралып жүрген гр-қ тәсіл және оның көрсеткіштері, әдетте, сөйлеушінің тыңдаушыға белгілі бір амалды, істі істеу я жүзеге асыру қажет екенін меңзеген шешім білдіретіндіктен, осы ұйғарымның модальдік мағыналары, жоғарыда айтылғандай, әр түрлі болады. Ол модальдік мағыналардың біреулері әрқашан амалды істеу үшін біреуге ықпал жасау ниетін аңғартады да, ол субъектіні іске иемдеп, көндіру үшін қолданылады. Бұлар әрине бұйрық ретінде айтылады. Кей мағыналар тілек ретінде айтылады. Интонация арқылы бұйрық, өтініш мағынасын ажыратамыз.

1-жақтағы мен бар-айын, біз бар-айық, баралық формаларында бұйырудан гөрі істі өз мойнына алғаны, істі атқаруға өз ынтасы бары аңғарылады. 2-жақ формалары нағыз бұйыру мәнімен қатар, тілек, өтініш, кеңес, ұсыныс тәрізді модальдік мағыналарды да білдіреді. Бірақ бұл мағыналардың да қилы-қилы реңктері контекске, интонацияға қарай анықталып, эмоциямен, экспрессиямен ұштасып жатады.Ал –сын/-сін формасы (3-жақ қосымшасы) бұйрық мәнін білдіріп, амалды жүззеге асыруға қозғау салу реңкін білдіреді. Бірақ бұл форма арқылы білдірілетін бұйрық 3-жаққа қаратылғандықтан, ол оптатив (тілек, өтініш) мәнінде жұмсалады.

Бұйрық формасына –шы/-ші модальдік шылауы тіркессе, ол форма бұйрық мәнінен айырылып, сұрану (1-жақ), жалыну (2-жақ), өтіну (3-жақ) мағынасын білдіреді. Мыс: мен барайыншы, сен барсаңшы, ол барсыншы.

Түбір етістік пен бұйрық рай 2-жаққа қаратылған формасы екеуі бірдей деген пікірлер бар, алайда бұл қате. Себебі етістік қимылдың мағынасын білдіреді, ал бұйрық рай формасындағы етістік бұйрық мағынасын білдіреді. Мысалы: оқы – етістік, қимыл мағынасы. Сен оқы – бұйыру мағынасы. Етістік қимылдың тек өзін білдіреді, қимыл мағынасын береді: жаз, сал, бар. Ал қимыл процесінің атаулары – жазу, салу, бару.

Н.Оралбай: «Бұйрық мағына түбір етістіктің өзінде берілген. Сондықтан бұйрықтың қай жаққа қатысын білдіру үшін етістікке бұйрық рай формалары жалғану керек», - десе, Ә.Төлеуов: «Етістіктің түбірі 2-жақтың бұйрық райы болады да, оның басқа түрлері осы формасына қосымша қосылу арқылы жасалады, яғни етістіктің морфологиялық категориясы бұйрық райдан бөлініп жатады», - дейді. Етістік түбірі мен бұйрық рай ұғымдарын деп қарастыруыдң еш реті жоқ. Бұл тұрғыда С.Исаев:

1) Екеуін бір түрде атау керек, егер бір категория болса;

2) бұйрықтық, жақтық мағына болса, онда ол тұлға етістіктің белгілі бір гр-қ категориясының (рай) бірі бола алмас еді;

3) етістіктің түбірін білдіретін мағына барлық етістік тұлғаларында сақталады, ал бұйрық мағыналы етістіктің белгілі бір сөздермен гр-қ байланысы нәтижесінде көрінеді.

Бұдан шығатын қорытынды: етістік түбірі мен бұйрық рай әр түрлі. Етістік барлық гр-қ тұлғалармен түрленіп, өз формасын сақтайды (кел-ді, кел-ме, кел-е-ді, кел-мек, кел-етін), ал бұйрық рай арнайы гр-қ формалар арқылы өз формасын сақтайды (кел-ейін, кел-іңіз, кел-сін).

№29 - Өзгелік және ортақ етіс жасалуы.

Қазақ грамматикасы Өзгелік етіс қимыл, іс-әрекетітің тікелей субектінің өзі арқылы емес, екінші бір субекті белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын етіс категориясының түрі болып табылады. Демек, өзгілік етісте қимылды әрекетті іске асырушы субекті бір емес екеу болады: бірі – іс- әрекетті қимылды орындатушы иесі сөйлемде ол грамматилкалық бастауыш қызметінде болады яғни бұл логикалық субекті болады ,екіншісі, іс –әрекетті қимылды орындаушы субекті. Ол сөйлемде берілмеуі де мүмкін, берілсе, барыс септік т ұлғасында тұрып, өз сөз сөйлемде жанама толықтауыш қызметін атқарады. Бұл –бір. Екіншіден, өзгелік етіс тек сабақты етістіктен жасалады, сабақты етістіктен жасалады, сабақты етістікке өзгелік етіс қосымшасы үстелгенде, ол баяндауыш болып тұрған сөйлемде тек іс –әрекет, қимылды тікелей атқарушы барыс септіктегі екінші субект қана пайда болады, баяндауыш сабақты етістікті сөйлемде іс –әрекеттерді орындатушы субект пен обект өзгелік етіс қосымшасы қосылмай тұрғанның өзінде бар болатын. Мысалы:өнер білім бар жұрттар тастан сарай салғызды.(Алтынсарин) деген сөйлемде сал деген сабақты етістіктен -ғыз қосымшасы арқылы өзгелік етіс жасалған. Салу сабақты етістігінің тура обектісі, сарай(ды) және салу әрекетінің иесі, іске асырушы субектісі ( өнер- білім бар жұрттар). Салт етістіктің субектісі қызметіндегі жанды заттар мәніндегі сөздер, салт етістікке өзгелік етіс жұрнағы жалғанғаннан, тура обектіге айналумен бірге екінші субекті –агенс мәнін де жұмсалатын сиякты көрінеді. Мысалы, ол баланы ойнатты (бала ойнады), жолаушы атын отатты (аты оттады) деген тәрізді мысалдар ойнату оттату қимылын іске асырудың бұл сөйлемдердегі тура обектісі, ал салт етістік мәнінді (өзгілік етіс қосымшасы) қолданылған түріндегі субектіні ( бала, ат) екінші субекті- агенс мәнін де білдіретін сияқты, яғни ойнайтын - бала, оттайтын – ат қой.

Өзгілік етіс қосымшалары : 1. – ғыз, - гіз, - қыз, -кіз, 2. –дыр, дір, - тыр, - тір; кей жағдайда қосымшаның алдыңғы д, т дыбыстары түсіп қалып , -ыр, - ір, -р тұлғалары да кездеседі: ас-ыр-у- ас –тыр-у, өс-ір-у-өс-тір-ту, Абайда: Адам баласын заман өсіреді; піс-ір-у-піс-тір-ту;

жоғары да көрсетілгендей , өзгелік етіс қосымшасы бір түбірге бірінің үстіне бірі жалғана береді: айту – айтқызу, келу- келтіру- келтірткізіу т.б.

ортақ етіс - қимыл , іс- әректінің бір емес, бірнеше субекті арқылы іске асатынын білдіріп, - ыс, -іс, - с қосымшасы арқылы жасалады. Біріншеден, ортақ етісті қимыл, іс – әрекетттің субектілері қимылға ортақтығы бірдей де, бірдей емес те болуы мүмкін (субект көптік тұлғадығы бір зат атауы, немесе бірыңғай бастауыштар, немесе біреуі грамматикалық жанама обекті болуы мүмкін т.б. екіншіден, о-ты, ол бізге ортақ етіс қосымшалары салт етістікке де, сабақты етіскке де, сабақты етістікке де жалғанып, ортақ етіс жасай береді: олар хат жаз-ыс- ып тұрады, қонақтар жайғасып отыр-ыс- ты, ол бізге үй салысты т.б. сөйтіп, ортақ етіс мағынасы мен қосымшасы етістің басқа түрлерінен сабақтылық – салттылық сипатқа бейтарап болуы негізінде де ерекшеленді. Ортақ етістоің тағы бір ерекшелігі – қимыл атауын білдіруге бейім тұрадв да, кейбіреулері сол арқылы заттық ұғымның пайда болуымен зат есім болып кеткен: соғыс, айтыс, жүріс, байланыс т.б. ортақ етіс пен өзгелік етістің семантикасында мынандай бір ұқсастық бар: екеуі де қимылдың, іс – әрекеттің бір субекті арқылы орындалатынын білдіреді, бірақ өзгелік еіс тек сабақты етістіктен жасалып, онда екінші субект – агенс міндетті түрде болады да, ол – қимыл, іс – әрекетті тікелей орындаушы, ал ортақ етісте бұлар жоқ.

Сондай- ақ етіс қосымшалары бірінің үстінде екіншісі де жалғана береді. Оның тәртібі: 1. Өздік етіс + өзгелік етіс: жу-ын- дыр, ки – ін – дір т.б.

(Н.Оралбай) Тілдегі сабақты етістікті бір ғана өзгелік етіс жасайды, бірақ сабақты етістікті жасау – ең өнімді, ең жиі қолданатын тәсіл. Оған тілімізде өзгелік етіс жасайтын жұрнақтардың молдыға да әсер етеді. Өзгелік етіс қимыл іс- әрекетті сөйлеуші, бөгде біреуге жасату арқылы басқа біреудің қимыл әрекетін білдіретін сабақты етістік жасайды. Мысалы, оны келтір, жұмысты жасат, үйді салдыр, қымызды ішкіз, баланы қуант, шайды қайнат т.б. өзгелік етіс мына жұрнақтар арқылы жасалады:

–т өнімді жұрнақтардың бірі. Мысалы, санат, сұрат,қуант,ойлат,сайрат т.б.

–дыр , -дір, -тыр, -тір өте өнімді жиі қолданылатын жұрнақ. Мысалы қондыр, жаздыр, кептір,сендір т.б.

–қыз, -гіз, -кіз, - гіз өнімді жұрнақ. Мысалы, айқыз,жатқыз,алғыз, жазғыз т.б.

–ыр, -ір, - дар –өнімсіз жұрнақтар. Мысалы асыр, кетір, өшір, түсір, пісір, қашыр, аудар.

Ортақ етіс қимыл іс- әрекетінің бірнеше субектіге ортақ екенін блдіреді. Ортақ етіс жасайтын жұрнақтар: 1. –ыс, -іс, -с. Онымен айтыс, күрес, сынас, матас, егес, жұғыс аударыс ,салт т.б. ортақ етіс салт, сабақты етістерден жасала береді, бірақ салт, сабақтылық мәнді өзгертпейді.

(А.Ысқақов) Ортақ етіс – с ( -ыс, -іс ) жұрнағы арқылы негізі етіс формасының етістік негізнен жасалады. Бұл жұрнақ негізі етістікке амалды кемі екі де я онан да аса субекті қатысып жүзеге асыратындықты білдіретін мән үстейді, демек, бірнеше субектінің қатысы арқылы жүзеге асатын амалды білдіреді. Мысалы: айтыс, әкеліс, апарыс, артыс, көріс, келіс, қарас, таныс, көмек көрсетіс, іздеу салыс, ат салыс т.б.

Өзгелік етіс – т; - тыр, - тір, дыр, - дір; - қыз т.б. жұрнақтары арқылы және сол жұрнақтардың қабаттаса жалғануы арқылы негізі етіс формасынан жасалады. Бұл жұрнақтар етістік негізінің мағынасы амалды басқа бір бөгде адам арқылы істелуін білдіретіндей мән үстейді. Әр жұрнақтың жалғану нұсқалары мынадай:

– т жұрнағы көбінесе дауысты я сонор дыбысқа біткен етістік негіздерінде жалғанады. Мысалы: ал- дыр, біл- дір, айт- тыр, кел- тір, кеп- тір, жап- тыр, көн-дір, жақ-тыр, қыз-дыр, без-дір.

– тыр тір, - дыр, - дір жұрнағы көбінесе қатаң я сонор дыбысқа біткен етістік негіздеріне жалғанады. Мысалы: ал- дыр, біл- дір, айт- тыр, кел-тір, көн- дір,жақ- тыр т.б.

–т, - тыр, -ғыз жұрнақтарының бірінен соң бірі қабаттасып келеді де, әрқайсысы өзінше тиісті үстеме мағына жамайды. Мысалы: қал-ғыз, бер- гіз, аш- қыз,іш-кіз, жап- қыз, сеп- кіз, біл- гіз т.б.

– қыз, - кіз, - ғыз, гіз жұрнағы дауыссыз дыбысқа біткен етістік негіздеріне жлғанады. Мысалы: іш-кіз, біл –гіз, сеп- кіз, қой- ғыз т.б.

А.Байтұрсынов.Өзгелік етіс- біреудің ісіне себепкер болуды, мәселен : атты жүрдгізді, қойды жүргізді, түйені тұрғызды, дегенде аттың жүруіне, қойдың өруіне, түйенінің тұруына себепкер болғанды көрсетеді. Олар өздігінен істесе ат жүрді, қой көрді, түйе тұрды болар еді. Ортақ етіс- іс жеке ңстелмесе, мәселен: бала жарысты, жау соғысты, балуан күресті. Бала

жалғыз жарысуға болмайды, біреумен жарысады; жау өзімен өзісоғыспайды, біпеумен соғысады. Осындай жеке істелмейтін, екі жақтап істейтін істерді көрсететін сөздері Ортақ етіс дейміз.

№30 Жалғаулық шылаулар

(Қазақ грамматикасы) Қазіргі қазақ тіліндегі жалғаулықтар –лексикалық мағынасы жоқ, сөзбен сөзді, сөйлем мен сөйлемді р түрлі ыңғайда мағыналық қатынаста салластыра байланыстыратын сөздер. Мысалы : наданның түсінгені көп пен дүрмек. Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй. Әй , ол жеңер сені, себебі келешек онікі ғой.

1 .ыңғайластық жалғаулықтар: мен, бен, пен, да ,де, та, те, әрі, және.

2 .қарсылықты жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенменен, сонда да, әйткенмен.

3. талғаулықты жалғаулықтар:әлде, біресе, не, немесе, болмаса, яки, кейде

4. себептік жалғаулықтар: себебі, өйткені, неге десең

5. себеп- салдарлық жалғаулықтар:сондықтан ,сол себепті, себебі, өйткені.

6. шарттық жалғаулықтар : егер, егерде, онда.

Ынғайластық жалғаулықтар

Жалғаулықтың бұл тобына мен, бен, пен, және, да, де, та, те, әрі шылаудары жатады. Ынғайласытқ жалғаулықтар бірыңғай салаласа байланысатын сөйлем мен тең дәрежедегі сөздер, сөз тіркестерін байланыстырып, ыңғайластық қатынастында блдіреді.

Қарсылықты жалғаулықтар

Қарсылық мәнді жалғаулықтарға бірақ, алайда, әйтсе де, әйткенмен, сөйтсе де, дегенмен шылаулары жатады. Қарсылықты жалғаулықтар салаласа байланысатын сөйлемдер арасындағы қарсылық мәнді білдіру үшін қолданылады.

Қарсылықты мағынаны білдіретін алайда, әйтседе, онда да, шылаулары тілде бірақ шылауынан сирегірек кездеседі. Бұлар тек құрмалас сөйлем құрамында ғана қолданылады, олардың да өзіндік сипаты бар.

Талғау мәнді жалғаулықтар

Жалғаулықтың талғау мәнді білдіретін түрлеріне мына шылаулар жатады: біресе, болмаса, әлде, не, немесе, я, яки, мейлі, бір. Біресе, бір жалғаулықтары іс –әрекетінің кезекпен бірінен соң бірі қайталанып отыратын білдіру үшін қолданылады. Мысалы: біресе Ақжелкеге, біресе тілмашқа кезек- кезек, жалтақ –жалтақ қарайды.

Бір шылауы етістіктердің тікелей алдында келіп қолданылады. Мысалы: қосқа бір кірдім, бір шықтым.

Себеп мәнді жалғаулықтар.Себептік қатынасты білдіретін жалғаулықтарға өйткені, себебі шылаулары жатады. Бұл шылаулар салалас құрмаластың жай сөйлемдерін байланыстырып, соңғы сөйлем алдыңғы сөйлемдегі іс- әрекеттін себеін білдіреді. Мысалы: Ешкім үндемейді, өйткені бұндағы кісілердің бәрі де қарт әйелдің даусын білетін. Бұл мысалдағы өйткені шылауы алдыңғы сөйлемдегі болған іс- әрекет ,жай – күйдің болу себебін көрсету үшін қолданылып тұр.

Салдар мәнді жалғаулықтар. Салдар мәндә жалғаулықтар сондықтан, сол себепті жалғаулықтары жатады. Олар құрмаластың жай сөйлемдердің арасында қолданылып, соғғы сөйлем құрамына енеді. Бұлар болған іс- әрекеттің нәтежиесін, салдарын білдіру үшін қолданылады. Оңай алдаймын дейтін, сондықтан оңай алданатын анайы мінезедрі жоқ емес.

Шартты мәнді жалғаулықтар.Сөйлемде арасында шарттық қатынасты білдіруге егер, онда шылаулары қызмет етеді. Шарттық жалғаулық егер құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарынын басында қолданылады да, онда басыңқы сыңардың бас позициясында тұрады. Сонау бақша ішінен табылармын , егер мені іздесең көңіліне алып. Сонымен бірге егер, онда шылаулары болмаса да, баяндауышты –са, -се шартты рай жұрнағы арқылы жасалған сөйлемде шарттық қатынасы бұзылмайды.

( Н.Оралбай ) Жалғаулық шылаулар:

1 ыңғайластық 2 талғаулы 3 қарсылық 4себептік 5 салдарлық 6 шартты деп бөледі.

Жалғаулық шылаулар- бірыңғай мүшелердің немесе құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердің араларын байланыстыру үшін қолданылатын шылаулар.

( А.Ысқақов) Жеке сөздер мен сөйлемдерді байланыстыру қабілеті жағынан, олар : салаластырғыш, сабақтастырғыш деп екіге бөледі. Салаластырғыш жалғаулықтарға:

1 ыңғайластық 2 талғаулы

Сабақтастырғыш жалғаулықтарға:

1 қарсылықты 2 себептік 3 салдарлық 4шарттық 5. айқындағыш – яғни, демек шылаулары жатады. Олар я жеке сөздерді, я жеке сөйлемдерді бір- бірімен жалғастырады да , алдыңғы сөз арқылы айтылатын ойды кейінгі сөз я сөз тіркесі я сөйлем арқылы баяндауға болады.мысалы: диссертацияны ұнатқан екенбіз, демек, біз де бірдеңе ойлаған болармыз

6. ұштастырғыш- ал ендеше, олай болса шылаулары жатады. Мұндай жалғаулықтар мағына жағынан біріне –бірі орай қолданылатын екі жай сөйлемді ұшастырып байланыстыру үшін жұмсалады да, бірінші сөйлемнен кейін іле екенінші сөйлемде айтылатын ойды бастау үшін дәнекер ретінде қызмет етеді. Мысалы:Ендеше бәрімізде әжемнің төрелігіне тоқтайық

(А.Байтұрсынов) Жалғаулықтар – жалғау орнына жүріп, жалғау сияқты басқа сөздерінің шылауында тұрмаса, өз алдына мағына шықпайтын сөздерді. Жалғаулық сөздер өзара тілінде аз. Болғаны мынау-ақ : менен ,бенен, мен, ұшін, шейін, дейін, таман, сайын, арқылы, туралы.

Көбінесе жалғаулықтар орнына басқа сөздер жүреді. Мәселен : әрі, бері, соң, бойы, бойын, бөтен, басқа, қасына, жанына, маңайына, т.б.

№31- Жіктеу, сілтеу есімдіктері, септелу ерекшеліктері

1) А.Байтұрсынов: Есімдік дегеніміз есімдердің яғни, зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің орнына жүретін сөздер. Есімдік 5-ке бөлінеді: жіктеу, сілтеу, сұрау, жалпылау, танықтық.

Жіктеу есімдігі дегеніміз сөйлеген кезде сөйлеушінің, тыңдаушының һәм бөгдедегілердің жігін ашатын сөздер. Сондықтан жіктеу есімдігі 3 жақты болады: 1) сөйлеуші үшін «мен» дейді, бұл бірінші жақ. 2.Тыңдаушыға сөйлеуші «сен» дейді,бұл екінші жақ. 3.Сөйлеуші өзі мен тыңдаушыдан басқаны «ол» дейді,бұл үшінші жақ.

Сыпайылап сөйлегенде сөйлеуші өзін «мен» деудің орнына «біз» дейді,бөгде кісіні «ол» деудің орнына «о кісі» (ол кісі) дейді.Сондықтан «біз» бірінші жақ болады, «сіз» екінші жақ болады, «о кісі» үшінші жақ болады.

Жіктеу есімдігінің жалғыз ғана жалғаулары емес,өзі де азырақ өзгеріңкірейді.

Жіктеу есімдігі*(негізі жалпылау есімдігі деп түсінген жөн) дегеніміз –нәрсенің жігін айта сөйлегенде айтылатын сөздер. Мәселен, бәрі, барша. «Һәр» деген сөз өзі жіктеу һәм басқа сөздерге де қосылып, жіктеу есімдігінің орнына жүреді. Мәселен, һәр кім, һәр қайсысы, һәр бір. Жіктеу есімдігі нәрсенің жігін бөлетін себебінен тәуелдік қосымшаларымен айтылады. Мысалы: өз сөзінің септелуі: Өзім, Өзімнің, Өзімде, Өзімді, Өзімде, өзімнен.

Сілтеу есімдігі дегенімізол нәрсені көрсеткенде айтылатын сөздер.Мәселен,жақын нәрсені көрсеткенде: осы,бұл,мынау дейміз,алыс нәрсені көрсеткенде:сол,анау дейміз.Осы,бұл,мынау,сол,анау деген сөздер сілтеу есімдігі болады.Сілтеу есімдігінің де жалғыз жалғаулары ғана өзгеріліп қоймайды,өздері де өзгеріңкірейді.

Септелу ерекшеліктері:(жіктеу есімдігінің)

«Мен» деген сөз: Сен Ол

Атау кім? Мен ,біз сен,сендер ол,олар

Ілік кімнің? Менің,біздің сенің,сендердің оның,олардың

Барыс кімге? Маған,бізге саған,сендерге оған,оларға

Табыс кімді? Мені,бізді сені,сендерді оны,оларды

Жатыс кімде? Менде,бізде сенде,сендерде онда,оларда

Шығыс кімнен? Менен,бізден сенен,сендерден онан,олардан

Септелу ерекшеліктері:(сілтеу есімдігінің)

Осы бұл мынау

Атау осы,осылар бұл,бұлар мынау,мыналар

Ілік осының,осылардың бұның,бұлардың мынаның,мыналардың

Барыс осыған,осыларға бұған,бұларға мынаған,мыналарға

Табыс осыны,осыларды бұны,бұларды мынаны,мыналарды

Жатыс осында,осыларда мұнда,бұларда мынада,мыналарда

Шығыс осынан,осылардан бұнан,бұлардан мынадан,мыналардан

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]