Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
морфология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
228.01 Кб
Скачать

Келер шақ.

Кесімді келер шақ: бар-атын, жаз-ба-й-тын.

Болжалды келер шақ: бар-ар-мын, оқы-ма-с-пын.

Мақсатты келер шақ: жаз-бақ-пын.

Тілекті келер шақ: жаз-ар едім, жазайын

Сенімсіз төл шақ: жазса игі еді.

Осы шақ. Дағдылы осы шақ пен дәл осы шақ.

Дағдылы осы шақ: жазады, оқиды, білмейді:Сиыр мөңірейді – осы шақ;Ертең сиыр

Дәл осы шақтың тараулары:

а) Жалпы осы шақ – жазып жатырмын.

ә) Кәдімгі осы шақ – жазып жүрмін.

б) қазіргі осы шақ – жазып отырмын.

в) әзіргі осы шақ – жазып тұрмын.

Жалпы осы шақ- істің нақ осы кезде істеліп жатқан болуы да, немес, көптен бері созылып келе жатқан іс болып үздік-создық жүріп жатқан болуы да мүмкін, осыны жалпы түрде айтсақ, етістік жалпы осы шақта болады.

Кәдімгі осы шақ – ұзаққа созылған, үздік-создық істеліп келе жатқан істің жайын айту керек болса, кәдімгі осы шақпен айтамыз.

Қазіргі осы шақ – істеуші дәл осы кезде іс үстінде екендігін көрсету үшін қазіргі осы шақты қолданылады.

Әзіргі осы шақ – дәл осы кезде болып жатқан және өзі сол қалпын жоймаған істі көрсеткіміз келсе, әзіргі осы шақпен айтамыз.

С. Исаев «Қазақ тілі» бойынша: Етістіктің шақтары туралы түсінік

Етістіктің қимыл, іс-әрекетті білдіретіндігі белгілі, ал іс-әрекеттің, қимылдың орындалу, жүзеге асу мезгілі, уақыты болады. Қимылдың өту кезеңі сөйлеушінің хабарлау кезімен немесе сөйлеп тұрған сәтпен айқындалады. Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту мезгілін білдіру етістіктің шағы деп аталады.

Осы шақ – сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекеттерді білдіреді. Әрдайым қайталанып тұратын іс-әрекеттерді көрсетеді.

Осы шақ мағынасы мен түрлеріне қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып екі түрге бөлінеді.

Нақ осы шақ- қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте істеліп, болып жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң және күрделі болып бөлінеді.

Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жүр деген етістіктердің жіктелуі арқылы жасалады.

Нақ осы шақтың күрделі етістіктің –ып,-іп,-п және –а, -е, -й тұлғалы көсемше түрі мен отыр, тұр, жүр, жатыр деген қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесуінен жасалады.

Ауыспалы осы шақ

Ауыспалы осы шақ қимыл, іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Ауыспалы осы шақ –а,-е,-й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен кел-е-мін. Сен ойна-й-сың. Ол бар-а-ды.

Ауыспалы осы шақ тұлғасы сөйлемде екі түрлі мәнде қолданылады: бірде дағдылы қимылды білдіріп, осы шақ мағынасын берсе, енді бірде келер шақ мағынасын береді. Сондықтан оны ауыспалы осы шақ деп атайды.

Келер шақ – қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен, мезгілден кейін болатынын білдіреді. Мысалы: Ол мектепке ерте бармақ. Сендер үйге келерсіңдер.

Бұл сөйлемдегі бармақ, келесіңдер деген етістіктер бар, келу қимылдарының әлі болмағанын, бірақ келешекте болатынын білдіріп тұр.

Келер шақтың түрлері:

Болжалды келер шақ- қимылдың, іс-әрекеттің болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжай ғана айтылуын білдіреді.

Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің –ар,-ер,-р, болымсыз етістіктен кейін –с жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: Біз бар-ар-мыз. Сен оқы-р-сың. Сіздер кел-ме-с-сіздер.

Мақсатты келер шақ – қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді.

Мақсатты келер шақ етістіктің түбіріне –мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен ауылға бар-мақ-пын. Сіз ерте кет-пек-сіз.

Етістіктің –мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек жұрнағының үстіне –шы,-ші жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы да мақсатты келер шақ жасалады. Мысалы: Мен ауылға бар-мақ-шы-мын. Сен ерте кет-пек-ші-сің.

Ауыспалы келер шақ - ол ауыспалы осы шақ сияқты көсемшенің –а,-е,-й жұрнақтары жіктелуі арқылы жасалады. Сондықтан ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақ бір-бірінен сөйлемдегі мағынасы жағынан ажыратылады. Мысалы: Ол нағашысының қолында тұрады. Келемін тау ішінде түнделетіп... деген ссөйлемдердегі тұрады, келемін етістіктері ауыспалы осы шақ мағынасын білдіріп тұр. Ол ертең тұрады. Ауылға мен кешке келемін деген сөйлемдердегі тұрады, келемін етістіктері ауыспалы келер шақ мағынасын білдіріп тұр.

Ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақта 1 жақ жіктік жалғауы кейде ықшамдалып, -м түрінде жалғанады. Мысалы: айта-мын – айта-м, келе-мін- келе-м.

Өткен шақ – қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді. Мысалы: Ол оқуды бітірді. Мен бұл кітапты оқыдым. Өткен шақтың түрлері:

Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне –ды,-ді,-ты,-ті жұрнағы жалғануы арқылы жасалып, жіктеліп қолданылады. Мысалы: Асан домбыра тарт-ты. Мен өлең айт-ты-м. Сен үйге кел-ме-ді-ң.

3 жақтың жіктік жалғауы тек көсемешнің –ып,-іп,-п және –а,-е,-й жұрнағынан кейін ғана жалғанады: кел-іп-ті, қара-п-ты. Ал жедел өткен шақ жұрнағы етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне және етіс, болымсыз етістік тұлғаларына тікелей жалғанады: кел-ді, қара-ды, кел-тір-ді, қара-т-па-ды.

Бұрынғы өткен шақ – қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді. Мысалы: Сен мектепті бітіргенсің. Ол ауылға барыпты. Бұрынғы өткен шақ екі түрлі жолмен жасалады:

Бұрынғы өткен шақ –ған,-ген,-қан,-кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады: бар-ған-мын, кел-ген-сің.

Бұрынғы өткен шақ –ған,-ген,-қан,-кен тұлғалы есімшеге немесе көсемешнің –ып,-іп,-п тұлғасына е(еді) көмекші етістігі тіркелуі арқылы да жасалады: оқыған едім, оқып едім т.б.

Ауыспалы өткен шақ - есімшенің –атын,-етін-йтын,-йтін жұранқтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Сондықтан да оын ауыспалы өткен шақ деп атайды. Мысалы: Асан ауылға жиі баратын. Сен ктіапханаға қашан баратын едің? Бірінші сөйлемде бару қимылының болып кеткенін байқасақ, екінші сөйлемде бару қимылының әлі болмағанын, бірақ болуға тиісті екенін аңғарамыз.

Ауыспалы өткен шақ жіктеліп те, еді көмекші етістігімен тікесіп те жұмсалады. Мысалы: көр-етін-мін, қара-йтын-мын.

Н. Оралбай «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» бойынша: Етістіктің шақ категориясы

Өткен шақ: Жедел өткен шақ; Бұрынғы өткен шақ; Ауыспалы өткен шақ; Қатыстық өткен шақ – қимылды кейін еске түсіру мәнін білдіреді. Мысалы: Жұмыскерлер үйіп-төгіп алғыс айтатын еді. Ол өз қалтасына түсетінін әлдеқашан есептеп қойған еді.

Осы шақ: Нақ осы шақ;Ауыспалы осы шақ;

Келер шақ:Ауыспалы келер шақ;Болжалды келер шақ;Мақсатты келер шақ

38-Модаль сөздердің семантикалық сипаты

Сөйлеуші адамның сөйлем мазмұны жөніндегі пікірн білдіру үшін қолданылатын арнаулы модаль сөздер құрамы әр түрлі. Модал сөздер лексика-граммтикалық ерекшеліктеріне орайесім сөз таптарынан да, етістіктерден де, көмекші сөздерден де басқа да кейбір сөз топтарынан да бола береді. Мысалы, мүмкін, шамасы, рас, тәрізі, әлбетте деген сөздер синтаксистік қызметі жағынан және сөйлемдегі байланысы жағынан –қыстырма сөздер.

Модаль сөздер қазіргі қазақ тілінде сан жағынан онша көп емес. диалектілік сипаттағыларын, жеке тіркес түрінде келетіндерін дәне дыбыстық вариант түрлерін қоса есептегенде алпыстан сәл ғана асады. Бірақ бұларды соның өзінде де семантикалық сипаты жағынан мына төмендегідей бірнеше топқа бөліп қөарауға болады: болжал мәнді модаль сөздер, міндеттілік мағына беретінмодаль сөздер, біреудің сөзі не бір дерек негізінде айтылатын модаль сөздер, қостау(растау) мағынасында қолданылатын модаль сөздер, қалау(тілек) мәнді модаль сөздер және күмән(күдік) ұғымын білдіретін модаль сөздер.

1)Бұлардың ішінде сан жағынан ең көбі, басқарынан гөрі дымыңқырай түскен саласы-болжал мәнділер. Көпшілік модаль сөздердің денін осылар құрайды бұл топқа мысалы, сияқты, шамалы, сыңайлы, әлпеті, мүмкін, сынды, ықтимал, кәдік, болар, шығар, білем;

2) қазақ тілінде міндеттілк модальдық мағынаны негізінен керек, қажет, тиіс, лазым сөздерінің қатысуымен жасалатын –у керек, у-қажет,-у лазым, -мақ керек, -маққа керек, -уға тиіс, -уы,-уі тиіс сияқты аналитикалық форманттар білдіреді. –у модальдылық форманы кейде міндеттілкті, сондай-ақ болжалық мәнде де алып қарауға болады. Мысалы: Ендігі шара қатал сөгіс болуы керек.

3)Сөйлеушінің сөйлемде айтылған хабардың ақиқаттығына әбден көзі жеткендігі модальдық мағынаның тағы бір түрі болып табылады. Қазақ тілінде бұл модальдық мағынаны көбінесе көрінеді етістігі, «екен» формасы білдіреді. М/ы Сол елдегі хан әр жерден сұлу әйел іздеп сұрау салады екен.

4)Біреулердің сөзіне сүйену арқылы не бір нақты дерек негізінде білдірілетін модальдық мағына. Бұл одальдфық мағынаны, яғни сөйлеушінің сөйлемде айтылмыш хабар тарапты пікірін білдіруде негізге ұйытқы қызметін қазақ тілінде «де» формасы атқарады. Ол бұл ретте көбінесе дейді түрінде, ара тұра тіпті»деп айтады», «деп естиміз», «деп естиміз деген сөз бар» сияқты құрамда да қолданылады. м/ы Әсіресе жандарал кеңсесі ашулы дейді.

5)Қазақ тіліндегі модаль сөздердің келесі бір семантикалық қыры сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойды өз тарпаынан қостау (растау) түріндегі пікірнен көрінеді. Бұл модальдық мағынаны рас,.расында, шынында, анығыда, сөздері білдіреді. м/ы Арғысын бір-ақ Алла біледі, рас.

6)Жалпы модальдық мағынаның келесі бір сөйлеушінің сөйлемде айтылған ой жөніндегі нық сенімімен байланысты. Оны көпшілік түркі тілдеріндегі сияқты, қазақ тілінде де негізінен әрине және әлбетте сөздері білдіреді. Алайда бұл екі лексемаға қатысты көңіл аударатын бір нәрсе: бұл екі сөз ауыз әдебиеті үлгілерінің де, ақын-жырау шығармаларының да ешқайсынан кездеспейді. Мысалы. Тек Абайдан былай ғарай ғана ұшырасады: өзгелер басын изейді, әрине деп, мақұлдап;

7) тілек (қалау), ниет, пиғыл мәнді модалдық мағына. Модальдық мағынаны бұл түрі қазақ тілінде –са,-се екен, -са,-се дейім», «деймін» аналитикалық құрамасы арқылы білдіріледі. Мысалы: Мына жақта кедей Қамбар деген адам бар, сіз оны шақыртып алсаңыз екен.

8)Қазақ тілінде модальдық мағынаны сөйлеушінің сөйлемде айтылған хабар жөніндегі күдік күмәнімен байланысты да түрі бар. Тілімізде мұндай модальдық мағынаны әдетте –ар ма екен, -са неғылсын, кім біледі, сияқты аналитикалық конструкциялар білдіреді. м/ы Қазақтың жайын жақсырақ білеміз десек мақтанған болар ма екенбіз.

Қазақ тілінде кейде екі модаль сөз қатарласа қолданылады. Мысалы Абылай мүмкін білем осы болар: Жаңа келген қонақтың құрметіне ішу керек шығар. Алдыңғы сөйлемдегі білем мен мүмкін, келесі сөйлемдегі керек пен шығар сөздері сондай қатарлар. Бұл сияқты модальдық қатарлар әдетте көркем әдебиет стиліне сыйымды, сөйлем модальдылығы мұндайда қатардың соңғы бөлігіне ауысады.

Әдеби тіліміздегі дағдылы –ды білем, -а тын(-е –тін) шығар модальдық констукциялары түрікменстан қазақтарының тілінде - -ар, -ер білем , -а-м(-е-м) шығар формасында қолданылады: Мынаның келесі жаман, сірә, маған бірдеме жасар білем.

Қазақ әдеби тіліндегі сондай-ақ мүмкін, ықтимал, кәдік модаль сөздерінің орнына түркіменстан қазақтарының тілінде болжал мағынасында шек лексемасы қолданылады, мысалы : Соған қарағанда таныс досы болуы шек.

39-Адъективтену амалы.

Адъективтену –басқа сөз таптарының сын есімге ауысуын білдіретін конверсиялық процесс. Қазақ тілінде сын есімнің өз алдына дербес грамматикалық топ болып қалыптасуына адъективтену процесінің атқарған рөлі зор. Себебі, негізгі сын есімдердің барлығы о баста басқа сөз таптарынан ауысып атрибутивтік мәнде қалыптасқан сөздер болып табылады. Қазақ тіліндегі сын есімдер тобындағы ауру, жамау, жүдеу, кебу, тебеген, басқа, ұшқалақ,өзге сөздер есім мен етістік тобындағы сөздерден ауысып, сын есімдерге айналады. Қазіргі қазақ тілінде ақ, қара, көк,бай,жарық,тең сын есімдері атрибутивтік мәнде орнығуы осы синтаксистік қолданыс нәтижесі.Қызыл,жасыл,сары,ұзын,жүдеу,үлкен,кішісын есімге етістікке ауысқан.Сын есімдердің мағынасы мен грамматикалық ерекшелігіне қарай түпкілікті және уақытша адъективтенген болып бөлінеді. Алаңғасар, тас бауыр, көнетоз, төртпақ, ұр да жық с.е-дер деформаланған, идиомаланған. Құрамына қарай жалаң және күрделіболып бөлінеді.Жалаң – бір сөзден тұратын лексемалар. Қашаған, сүзеген, ақсақ, қызу.Күрделі – екі компонент немесе оданда көп сыңардан тұратын сын есімдер.Ұр да жық, желаяқ, жатыпішер.. Осымен байланысты күрделі адъективтер біріккен, күрделі, фразеологиялық тіркес болып келеді.Шығу тегіне қарай есім негізді, етістік негізді, немесе аралас түрдегі адъектив болып бөлінеді.Сөз таптарынің ішінде адъективтену процесіне зат есімдер мен етістік анағұрлым бейім. Етістік тұлғаларының адъективтенуі.Түбір етістіктерге қарағанда, оның тұлғалары адъективтену процесіне жиі ұшырайды. Адъективтенген қимыл есімдері: ұшқыр, тапқыр,білгір, үшкір. Есімдерінің формаларының адъективтенуі: қиылған(қас), қашаған, жаңғалақ, ұшқалақ, сасқалақ.

40-Модаль сөздер

Модаль сөздер тілдегі модальдылық және предикаттылық құбылыспен тығыз байланысты. Предикаттылық сөйлем мазмұнының ақиқат шындықпен жалпы ара қатынастылығын білдіреді. Ал сөйлемде айтылған хабардың ақиқат шындыққа қатынасы модальдық қатынас болып табылады. Предикаттылықтың қандай бір формасы болмасын, бәрі тікелей тілмен, ал модальдылықтың түрлі формалары сөйлеумен байланысты. Модальдылыққа әдетте сөйлемнің негізгі тұрақты белгілерінің ішінен ойдың тиянақтылығын белгілейті интонация, яғни хабардың айтылу ырғағы, сөйлеушінің тағы басқа модальдық қатынасы тиесілі. Предикаттылық келетін болсақ, ол сөйлесу единицаларының грамматикалық жақтан ұйымдасуын қамтамасыз етеді. Модальдылық дегеніміз айтылған сөз бен болмыс арасындағы қатынас түрлерін және хабарлардың әр түрлі қабылдауын көрсететін семантикалық теория. Модаль дегеніміз мөлшер, тәсіл, қосымша мән мағына. Сейілбек Исаев 80-90жж модаль сөздерді жеке сөз табы ретінде қарастырған. Ал Н.Оралбай модаль сөздерді жеке сөз табы ретінде қарастырмайды. Күшейітпелі үстеу бірге көмекші қатынаспен қосып олардың көмекші қызметін саралап модаль сөздерді «аналитикалық ф-ң құрамында модаль категориялық көрсеткіші болғандықтан» оларды сөз табы қатарына қоспайды. Алмагүл Алтайқызы модаль сөздерді көмекші етістік функциясы түрінде қарастырған. «Көмекші сөздердің семантикасы» деген еңбегінде.Сөйлемде айтылған ойға байланысты объективті және субъективті болып екіге бөлінеді. Объективті –сөйлемде айтылған хабардың ақиқат шындыққа ақиқат көрінісі, рай категориясымен берілген, тілдің сөз өзгертім форманттарына жақын.Ол жақта қыс ерте түседі.Субъективті –ол хабарға деген сөйлеушінің қатынасының көрісі, көмекші сөздер арқылы білдіреді. Ол жақта қыс ерте түсетін сияқты. Модаль сөздер түркі тілдерінің бірқатарында негізінен көмекші сөздер тобына кіреді. Модаль сөздер әдетте модальдылықты білдіретін фонологиялық(етістік райлары және олардың аналитикалық формалары), синтаксистік(әр түрлі сөйлем типтері)сияқты барлық амал тәсілдермен тығыз байланыста жұмсалады. Модаль сөздер, басқа барлық көмекші сөз таптары сияқты, ұзақ уақытқы лексика грамматикалық даму процесінде дербес сөз таптарына дараланып шықты. Бұған мысалы білем, кім біледі, әлпеті сияғы. Модаль сөздер сондай ақ заттық мәнін және диалогта предикаттық функциясын жоғалтқан бағыныңқы сөйлемнің баяндауышынан да пайда болады. Модаль сөз тіркестері де сол модаль сөздердің жасалу жолымен пайда болды. Көмекші сөздерді зерттеу өз алдына толық мағыналы дербес сөздердің грамматикалану проблемасымен тығыз байланысты.Олай деуіміздің мәнісі: флективті де, жалғамалы да тілдерде аналитизмнің дамуы мен синтаксистің жетіліп шындалуы көмекші сөздердің әр түрлі топтарын үнемі байытып отырады және біртіндеп даралай түседі. Тек өзінің заттық мәнінен ажырап барып модальдық семантикаға ие болған сөздер ғана грамматикалық мағына білдірудің арнайы лексикалық құралы бола алады. Модаль сөздер сөз табы ретінде міне осында сөздерден ғана құралады. Модаль сөздердің семантикасында номинативтік мағына және соншалықты бір көрінеу тұрған ап анық, яғни «сезімді лексикалылық» болмайды. Модаль сөздердің айрықша бір синтаксистік ерекшелігіолар диалогта келгенде жеке лексема күйінің өзінде сырт формасы және айтылу интонациясы жағынан өз алдына тұтас бір тиянақты сөйлем қызметін атқарып тұрады. Модальды сөздер, басқа көмекші сөз таптары сияқты, толық мағыналы дербес сөз таптарының ұзақ замандарғы лексика грамматикалық даму процесінде өзінің бастапқы мән мағынасынан оқшаулана, ақыры біржола ажырап, солардан келіп шыққан. Модаль сөздер лексика-семантикалық мағынасына қарай 8 топқа бөлінеді.1)болжал мәнді –сияқты, сыңайлы, қисыны, кәдік, болар,-қан (ген), білем, нэяты, ұқсайды(ұсайд), әлпетті . Мыс:Түрлері бұзық. Бірдеңе пәле іздеп келген әлпетті.2) міндеттілік–керек, қажет, тиіс,лазым, болу керек сөздердің қатысуымен жасалатын –у керек, -у қажет, -мақ керек. Мыс: Ендігі шара қатал сөгіс болу керек. 3)біреудің сөзі дерек негізінде айтылатын сөздер –көрінеді, екен. Мыс: Тайынан таңдап мінген Құбақанын Жаратып қойған екен үйдегілер.4) қостау,растау – рас, расында, шынында анығыда. Мыс: Арғысын бірақ Алла біледі рас. 5)қалау, тілек – -са,(се) екен, -са(се) дейім, деймін ана-қ фор-т. Мыс: Сорлы баланың ит салпақта жүргенін көрмей өлсем екен.6) Күдік, күман - -ра ма екен, -са неғылсын, кім біледі. Мыс:Қазақтың жайын жақсырақ білеміз десек,мақтанған боларма екенбіз.7) айтылған ақиқаттылқта нақтылайтын –«де» деп айтады, деп естиді.Мыс: Әсіресе жандарал кеңсесі ашулы дейді. 8)нық сенімділікті білдіретін –әрине, әлбетте, әлбеттемен. Мыс: Әрине мен ел кетті, қоқиланды, мақтанды.Қазақ тіліндегі модаль сөздердің қолданылуындағы басты бір ерекшелік: олардың көпшілігі бүгінде әр түрлі модальдық мағынада жұмсалғанымен, өздерінің әуелгі тура мәнінен әлі толық ажырамаған. Мысалы Сынды:Мерейі асқан өренім, Кебек сынды таққа бер. (Әуезов) Ләзім:Сіздің де естіп білуініз ләзім (Әуезов) Нәті: Кейбір нәті жұмсақ бастықтардың бір екі сағатқа босатыны да бар. Реуішті: Мынау адамның басы реуішті нәрсе екен.Синтаксистік сипатына байланысты 3 топқа бөлінеді: 1)Сөйлемде тек синтаксистік қыстырам мүше қызметінде қолданылатын м.с –әлпеті, тәрізі, зады, сиқы, бәлки, зайыры, сиқы,туасы әлбетте, бәлкім, туасы, шынында, шындығында, расы, жобасы.Мыс:Туасы, заманды құратын адам. 2)Баяндауыштың шылауында көмекші мүше қызметінде жұмсалатын м.сөздер - -у керек, -уы, (-уі) керек, -ар-ға керек, -са (-се) керек, дейді, деседі, -ған(-ген) білем, -ар(-ер) білем, -у-ға (-у-ге)тиіс. Мыс: Тек ауыз бірлік қылсақ деймин.3)Екі жағдайдада қолданылатын м.с - -уы (-уі) мүмкін. Мыс:Мүмкін,олар үйде жоқ.

41Келер шақ ,түрлері, жасалуы

С. М. Исаев: «Қазақ тілі» Алматы 1993ж. Келер шақ-қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен, мезгілден кейін болатынын білдіреді. Кедер шақ мағынасы мен жасалуына қарай болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ ж-е ауыспалы осы шақ болып 3-ке бөлінеді. Болжалды келер шақ- қимылдың, іс-әрекеттің болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжай ғана айтылуын білдіреді. Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің –ар, -ер, -р, болымсыз етісіктен кейін –с жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы жасалады. Мыс: Біз бар-ар-мыз. Сен оқы-р-сың.

Мақсатты келер шақ-қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. Мақсатты келер шақ етістіктің түбіріне –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы жасалады. Мыс: Мен ауылға бар-мақ-пын. Сіз ерте кет-пек-сіз.

Ауыспалы келер шақ ауыспалы осы шақ сияқты -а, -е, -й жұрнақты көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Сондықтан ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақ бір-бірінен сөйлемдегі мағынасы жағынан ажыратылады. Мыс: Ол нағашысының қолында тұрады.

А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» Алматы 1991ж Келер шақ категориясына амал-әрекеттің алдағы уақытта я сөйлеп отырған кезден кейін жүзеге асатыны-айпайтыны я асырылатыны – асырылмайтыны туралы түсінік беретін етістік формалары жатады. Келер шақ формалары мағыналары мен тұлғалық түрлеріне қарай, жалпы (анық) келер шақ, болжалды келер шақ және мақсатты келер шақ деп 3 топқа бөлінеді.

Жалпы (анық ) келер шақ- амалдың алдағы уақытта шүбәсіз, анық жүзеге асатынын білдіреді. Бұл шақ етістік негізіне көсемшенің осы шақ формасының жұрнағы (-а, -е, -й) қосылу арқылы жасалады.

Болжалды келер шақ- формасы алдағы уақытта істелетін амал-әрекетті атайды, бірақ ол амалдың жүзеге асу-аспауы күдікті, екі талай екені аңғарылады. Ал форманың өзі есімшенің келер шағының –ар (-ер, -р) жұрнағы арқылы етістіктің жалаң және күрделі негіздерінен жасала береді.

Мақсатты (арнаулы) келер шақ – формасы амал-әрекеттің алдағы уақытты шүбәсіз, күдіксізжүзеге асатынын көрсетеді.

Н. Оралбай «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» Алматы 2007ж. Келер шақ-сөйлеушінің хабаралауынан кейін болатын қимыл-әрекетті білдіреді. Осы келер шақта қолданылған етістіктер қимылдың жасалуын нақ білдірсе (келеді), басқалары қимылдың жасалуын дүдәмал білдірген. Бұл келер шақтағы етістіктердің мағынасында айырма болатынын байқатады. Осымен байланысты келер шақтың бірнеше түрі бар, олар: ауыспалы келер шақ, болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ.

Қазақ тіл білімінің кейбір мәселелері Ы. Маманов Алматы 2007ж. Келер шақ- сөйлеу кезінене кейін болатын істі, қимылды білдіретін етістік формасы. Қазіргі қазақ тілінде келер шақ формалары 3-ке бөлінеді. Ауыспалы келер шақ; болжалды келер шақ; Ниет келер шақ: Ниет келер шақ- етістік негіздеріне –мақ, - мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек, -мақшы, -мекші, -бақшы, -бекші, -пақшы, -пекші жұрнақтары, сонан соң жіктік жалғаулары арқылы жасалады. Мұнды есімше жұрнақтары ниет келер шақтың грамматикалық көрсеткіш қызметін атқарады.

Қазақ Грамматикасы Келер шақ- қимыл, іс-әрекеттің әлі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін іске асатынын білдіреді. Келер шақтың түрлері: мағыналық ерекшеліктеріне қарай келер шақ 3-ке бөлінеді: болжалдық келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ.

42 Үстеу, мағыналық топтары

Н. Оралбай «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» Алматы 2007ж. Үстеу - түрлі-түрлі мағынада қолданылатын сөз табы. Өйткені ол қимылды әр тұрғыда сипаттайды, оған қимылдың жасалған орны, жасалған мезгілі, қимылдың жасауының алуан түрлі сапасы, қимылдың жасалу мақсаты, себебі сияқты түрлі мағыналар кіреді. Сондықтан да үстеу көп мағыналы сөз табы болып саналады. Осымен байланысты үстеу сөздер мағынасына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Олар. Мезгіл, мекен, мөлшер, сын-бейне, мақсат, себеп-салдар, топтау, күшейту үстеулері.

Мезгіл үстеулері - қимыл атаулының шындық өмірде жасалуы белгілі бір мезгілге қатысты болады. Үстеудің қимылдың мезгілін білдіретін бір топ сөздері бар: кеше, бүгін, ертең, былтыр, биыл, түнімен, күнімен, түнде, енді, әуелі, жаңа т.б.

Мезгіл үстеулері қимылдың жасалу мезгілін дәлме-дәл де, шамамен де, белгілі уақыт арасында да, әр түрлі мезгілді де бере алады. Мыс: Раушанмен оқта-текте сырласпайлы, мұңдаспайды. Сонымен қимылдың, амалдың жалпы мезгілін, дәл мезгілін білдіретін үстеудің түрі мезгіл үстеуі деп аталады. Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері- бұл үстеу түрі қимылдың не әрекеттің орнын білдіреді: жоғары, төмен, жолшыбай, әрі, бері, ілгері, алда, артта т.б. Шындық өмірді қимыл белгілі бір орында, мекенде жасалуына байланысты сөйлеуші қимылдың орнын мекен үстеу арқылы береді. Ол қайда? Қайдан? Деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеулері – қимылдың мөлшерін білдіреді: әрең, жете, қирай, сонша, мұнша, онша, соншалық, мұншалық, осыншалық, қыруар, едәуір, осынша т.б.Ол, қанша? Қаншалық? Қаншама? Деген сұрақтарға жауап береді. Сын-бейне үстеулері- қимылдың қалай жасалғанын суреттеп көрсету: азар, дереу, осылай, ойша, бірден, бірге, жылдам, біртіндеп, ескерте, қазақша, ауызша, өзінше, әлінше, көзімше, біржола, қолма-қол, бетпе-бет, шалқасынан, етпетінен, қаннен қаперсіз т.б. Ол қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше? Неше? Деген сұрақтарға жауап береді.Мақсат үстеулері - қимылдың қандай мақсатпен жасалғанын білдіреді: әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана, жори. Қимылдың жасалу мақсатты түрлілігі сөйлемде анық байқалады. Ол, неге? Не үшін? Деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеулері - қимылдың себебін білдіреді: босқа, құр босқа, бекерге, амалсыздан, тектен-текке, аққұла, лажсыздан. Ол, неліктен? Не себептен? Деген сұрақтарға жауап береді. Топтау үстеулері - қимылды жасаушылардың топ-топ болып жасайтынын білдіреді: екеулеп, ондап, жүздеп, он-ондап, миллиондап т.б. ол нешеден? Қаншадан? Нешеуден? Қалай-қалай? Деген сұрақтарға жауап береді. Күшейту үстеулері - қимылды те күшейтіп я өте солғындатып көрсетеді, олар саны жағынан тым аз: мейлінше, әбден, ылғи, кілең, өңкей, сәл, мұншалық, барынша т.б. Қимылдың сапасын я өте күшейтіп, я өте шегіне жеткізе төмендетіп көрсететін үстеудің түрі күшейткіш үстеу деп аталады.

Қазақ Грамматикасы Үстеудің семантикалық топтары.Үстеудің сөз табы ретінде басты белгісі- оның семантикалық сипаты болып табылады. Соған сәйкес сөйлемде белгілі қызмет атқарады, ол-пысықтауыш және етістікпен тіркесіп жұмсалады, ал морфологиялық жағынан түрленбейді. Ол қимыл, іс-әрекетті әр түрлі мекендік, мөлшерлік, сындық сипаттары мен мақсат, себептерін білдіреді. Осындай мағыналық ерекшеліктерімен байланысты, олар мына семантикалық топтарға бөлінеді.: мезгіл, мекен, мөлшер, сын-қимыл (бейне), күшейтпелі, мақсат, сееп-салдар, топтау үстеулері деп бөлінеді.

44-Қимыл есімі.

(Н.Оралбай «Қазақ тілінің морфологиясы Етістіктің бұл түрі ғылымда әр түрлі аталып келді. Алғаш ол тұйық рай деп аталып, ол термин бірсыпыра уақыт қолданылды. Бірақ тұйық етістіктің рай көрсеткіштерімен түрленбейтіні ескеріліп, ол тұйық етістік аталатын болды. 1960 жылдарда етістіктің бұл түрін зерттеген Қ.Неталиева оны қимыл есімі деп атады. Ғалым бұл етістіктердің түрленуін негізге алған.

Қимыл атауы етістіктер қимылдың атын ғана білдіріп, қимылдың әрекеті, жасалуы туралы ешбір мәлімет білдірмейтіндіктен, оның рай, шақ, модальдық мағынаға қатысы жоқ. Сондықтан қимыл атауы рай, шақ, модальдық категориялардың көрсеткіштерін, жіктік жалғауын қабылдамайды, олармен түрленбейді. Сондай-ақ, қимыл атау есімше, көсемше, жұрнақтарын да қабылдамайды. Бұл қимыл атауларының етістіктің түрлену жүйесімен түрленбейтінін дәлелдейді.

Қимыл атауы етістіктері, зат есім сөздердің заттың атын білдіруі сияқты қимылдың атын білдіретін сөздер болғандықтан, олардың атау сөздер ретінде зат есімдерге ұқсастығы нәтижесінде қимыл атаулары зат есім парадигмалары бойынша түрленеді. Мысалы, Ол жылағанды, жаншылғанды ойлаумен өмір кешкен (М.Ә). Шегір көз, жұқалтаң сары доцент ағасының жүдеуі оны қатты ойландырды (М.Б). Бұл мысалдардағы ойлаумен, жүдеуі деген қимыл атаулары септік тәуелдік парадигмалары бойынша түрленген. Бұл етістікке тән құбылыс емес, ол – осы қимыл атауы етістіктерінің ерекшелігі.

Осы ерекшелігі арқылы қимыл атаулары етістіктің барлық түрінен, барлық категорияларынан өзгеше түрі болып саналады. Қимыл есімдерінің осы ерекшелігімен байланысты олардан зат есімге көшкен бірсыпыра сөздер де бар. Мысалы, жамау, бояу, көсеу, жабу, қабу.

А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі», Қимыл атауы істің я әрекеттің нақтылы процесін білдірмей, тек оның атауы ретінде қызмет ететіндіктен, онда шақтық ұғым болмайды. Қимыл атауы семантикасы жағынан да, түрленуі жағынан да етістіктен гөрі зат есімге жақын. Сол себептен қимыл атауына, қолданылу ыңғайына қарай, есімдерге тән көптік, тәуелдік, септік жалғаулары жалғана береді, бірақ оған еш уақытта жіктік жалғауының қосымшасы жалғанбайды. Мысалы: сендердің бүгін келулерің қажет, мына киноны көрулеріңізге болады.

Қимыл атауына –лы, -сыз, -лық, -шылық, -ыш, -дай тәрізді елгезек жұрнақтар қосылып, туынды есімдер жасала береді. Мысалы: жазушы, байлаулы, айтушы, естуші, жалғаулық, орауыш, айтудай-ақ айтты т.б.

Етістік негізінен –у жұрнағы арқылы туған кейбір формалар қимыл атауы ретінде жұмсауларымен қатар, субстантивтеніп, адьективтеніп зат я сын есімдер қатарына көшкен. Бұл құбылыс – қимыл атауының есімге жақындығының айғағы. Мысалы, бұрау, жамау, құрау, көсеу.. Қимыл атауы, сөйлеу талабына лайық тиісті жұрнақтар мен жалғаулар қосылып түрленуіне орй өзге де негізгі және көмекші сөздерментіркесуіне қарай, сөйлемде дербес мүше де бола алады, күрделі мүшенің құрамына да ене береді.

Тұйық етістік есім сөздерше түрленгенімен, ол өзінің етістік мағынасын сақтайды, яғни әртүрлі қимылдық қатыстарды білдіреді.

Тұйық етістік тұлғасындағы кейбір сөздер әрі етістік, әрі зат есім ұғымын білдіретін омоним сөздер болып қалыптасады.

Зат есімге айналған тұйық етістік тұлғалы сөздер сөздік мағынасы жағынан мынадай топтарға бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]