Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
морфология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
228.01 Кб
Скачать

2) «Қазақ грамматикасы»: Есімдік7 түрі бар: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, белгісіздік, болымсыздық.

Жіктеу есімддіктері әрқашан белгілі бір жақты көрсету үшін қолданылатын сөздер болып саналады. Сол себепті олар үнемі адаммен байланысты, яғни сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады. Жіктеу есімдіктері белгілі бір жақты көрсетуімен бірге әрқашан сөйлеушімен тығы байланыста қолданылады. Сондықтан олар өзгелерге (тыңдаушы мен бөгде кісіге) сөйлеушінің қатынасы қай дәрежеде болатынына сай жұмсалып, соған лайықты белгіленіп отырылады. Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз, біздер, сендер, сіздер, олар сөздері жатады.

Жіктеу есімдіктерінің бәрі де септік жалғауларын қабылдайды. Мен, сен, ол сөздерінің бірах өхіндік ерекшеліктерімен септелуінде ерекшліктер бар:

н дыбысының қазақ тіліндегі ілік, барыс, табыс, шығыс септік жалғауларында түсіп қалуы. Менен,сенен,онан; менің, сенің, оның. Негізгі нұсақалары түркі тілдерінде менден, сенден, ондан, мәндән, сәндән, ондан.

Барыс септігіндегі н дыбысының пайда болуы. Барыс септік жалғауының түрлері мен даму жүйесі жайлы көптеген пікірлер кездеседі. Бұл пікірлерді жүйелей келгенде, негізінде 3 салаға топтауға болады:

барыс септ жалғауы басында –ғару болған да, кейін –ғар формасынан түсіп, одан –ған түріне ауысады. Сонда ғару – ғар – ған болып қалыптасқан.

Барыс септік жалғауының соңғы н дыбысын ингредиент деп тану. Бұл негізінде оғар – оға – оған дегенге тура келеді.

Шалғай метотезис арқылы н және ғ дыбыстарының орын алмасуы, яғни онға – оған болып қалыптасқан.

3. Көмектес септігінде ы, і дыбыстарының пайда болуы. Бұл көмектес септігінің тұлғалық құрмаы ме-ні-мен деген сияқты жеке бөлшектерден тұрады. Сонда ме деген түбір морфема да, -ні деген бір кездерде дербес мағыналы сөз болған нәң дегеннен шыққан –нің морфемасының фонетикалық өзгеріске түсе ықшамдалу дәрежесінің бір көрінісі болып саналады. Ал, соңғы –мен тұлғасы көмектес септік жалғауы. Бұл тұлға – ертеде толық мағыналы шылау сөздерден мынан – менен//ман – мен деген сияқты жолдармен пайда болған қосымша.

Сілтеу есімдіктері әрқашан сөйлеушіге не сөйлемдегі субъектіге субстанциялар мен құбылыстардың әр алуан жақын не алыстық сияқты аралық қатынастарын білдіріп отырады. Сілтеу есімдіктері аралық қатынасты да білдіреді: ана жақта, сонау өлкеде. Бұл, сол есімдіктері көз алдыңдағы, жақындағы жолға нұсқағандықты білдіреді. Сілтеу есімдіктері есім сөздер орнына қолданылады.

Ы.Томанов: Барыс септік жалғауының қолданылу үлгісінде мен, сен, ол, бұл, сол, анау есімдіктерінің тұлғалануы мен тәуелдеулі есімдердің тұлғалануы мына тәрізді болады: маған, саған, оған, бұған, соған, анаған. Сөйтіп, бұл жерде барыс септіктің екі түрлі ерекше тұлғасы көрінеді: -ған. Бұл қосымшаны тарихи тұрғыдан қарастыру екі түрлі жайды ескеруді қажет етеді: біріншіден, басқа септік жалғауларында жіктеу есімдіктері өздерінің дыбыстық құрамын сақтайды, мыс: мені, сені, ал барыс септігінде түбірдің жіңішке дауыстысы жуан дауыстыға айналып кетеді: ма-ған, са-ған. –ған қосымшасының тарихи құрамын анықтауда мына фактілер ескерілуі керек: көне түркі тілінде, қазіргі кейбір түркі тілінде де барыс септіктің –ғар форманты бар. Кейбір ғалымдар осы қазақ тіліндегі –ған қосымшасы –ғар қосымшасының қазақша баламасы деп қарасытарады, ал Банг, Севортян пікірлері бойынша қосымшаны –ға-н деп бөліп те қарастырады да,–ға қосымшасын барыс септігі жалғауы деп, ал -н қосымшасы мүлдем басқа жалғау деп есептейді.

Мен, сен есімдіктерінің шығыс септікте мен-ен, сен-ен болып септелуі де ерекше жағдай. Негізгі нұсқасы мен-ден, сен-ден, себебі түркі тілдерінде менден, сенден болады. ал қазақ тілінде бізден, сізден, сендерден деп жазылады. Ал жекеше түрдегі жіктеу есімдіктерінің менен, сенен болуы құрамындағы д әрпінің түсіп қалуымен түсіндіріледі.

Жіктеу есімдіктерінің жекеше үш жағында да болған ілік, шығыс жалғауларының қабаттасуының ізі қазіргі қазақ тідінде де қалған: мен-і-мен, сен-і-мен, о-ны-мен. Бұлайша тұлғаланудағы –і, -ны бір кезгі ілік септік жалғауының ізі екені айқын.

33-билетКөмекші етістіктер түрлері ерекшелігі

Қазақ грамматикасы Көмекші етістіктер - грамматикалық дамудың нәтижесінде алғашқы лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық қызметке көшкен етістіктер. Көмекші етістіктер саны да аз емес, бірақ олардың тілдегі құрамы тұрақты. Қазақ тілінде 30 көмекші етістік бар. Олар:ал, бақ, бар, баста, бер, бол, біл, біт, жазда, жат, жөнел, жүр, жібер, де, еді, екен, емес, ет, кел, қор, қал, қой, қыл, отыр, от, сал, таста, тұр, түс, шық.

Көмекші етістіктер қимылдың қалай жасалғанын нақтылы сипаттап, дәл көрсетуде ерекше қызмет атқарады. М: құлап қала жаздап барып қалды дегенде құлау қимылының жасалуға жақындап, бірақ жасалмағаны айтылған. Оны дәл суреттеу қажет болмаса, ол құламады деген бір сөзбен айтылар еді.

Қимылдың жасалу тәсілін білдіруге қазақ тілінің грам-қ құрылысының бай мүмкіндігі бар. Оған көмекші етістіктер де, қосымшалар да қатысады : айта сал, айтып бақты, жазып ал, келе қалды, ойланып қалды т.б.

Көмекші етістіктер сөзжасамға да қатысады. М: адам қыл, жәрдем ет, еңбек ет, жақсы бол т.б.Осы келтірілген мысалдарда көмекші етістіктер есім сөзге тікелей тіркесіп, оған қимыл мағынасын қосып тұр. Көмекші етістіктердің басым көпшілігі лексикалық мағынасынан айрылғанымен, дыбыстық құрамын толық сақтап қалған. Олар: ал,бақ, бар, баста, бер, бал, біл, біт, жат, жөнел, жүр, жібер, де, кел, көр, қом, қай, қыл, отыр, өт, сал, таста, тұр, түс, шық.

Бол, ет, қыл, көмекші етістіктерінің қызметі. К.етістіктер тілде түрлі-түрлі қызмет атқарады. Сонымен бірге көмекші етістіктердің сөзжасамдық қызметі де бар, ол әдетте назардан тыс қалып, көбіне, ол туралы сөз қозғалмады. К.е. тобына бол, ет, қыл көмекшілері өздерінің сөзжасамдық қабілеті арқылы ерекшеленеді. Бұл көмекші етістіктер есім сөздерден етістік жасайды. М: Бәйбішенің қапысын таба алмай ыза болып отырған. Ғалымдар бұл жөнінде көп табысқа ие болды. Жақсы атының да болмағанын арман етеді. Осы мысалдардағы ыза болып дегенді ызаланып, ие болды дегенді иеленді арман етеді дегенді армандайды деген туынды түбір етістіктерімен әбден болады.

Бол көмекші етістігі арқылы жасалған құранды етістіктерде салт етістік мәні бары байқалады: сен адам бол, сен сері бол, сен азат бол сияқты құранды етістіктер субъектінің өзіне жасайтын қимылды білдіретіні анық.

Ал әбігер ет, әзір ет, әуре ет сияқты мысалдарда объектіге жасалатын қимыл екені байқалады. Біреуді әбігер ет, әуре ет, әзір ет деген мағына анық көрініп тұр.

Қыл көмекші етістігі арқылы жасалған құранды етістіктер де субъектіге де, объектігі де жасалатын қимылды білдіреді. М: маған жақсылық қыл, жәрдем қыл, оны адам қыл т.б.

Қазіргі тілімізде осы қызметте ең жиі қолданылатын көмекші етістік-ет. көне кезеңдерде қыл көмекші етістігінің қызметі белсенді болған.

Жазда көмекші етістігі.

жазда- тек қана көмекшілік қызметте қолданылатын етістік, оның толық , негізгі мағына қолданылуы тілде жоқ, яғни тұрақты көмекші етістік. Бұл етістіктің де көне кездерде лексикалық мағынасы болған. Жазда көмекші етістігі тілде қимылдың өз сипаты категориясының көрсеткішіне жататын- жазда аналитикалық форманты болып қалыптасқан. –й жазда аналитикалық форманты жетімсіз қимыл білдіреді. Жетімсіз қимыл деп қимылдың жасалуға жақындап барып,тіпті жартылай жасалып, аяғына жетпей тоқтауын, үзілуін білдіріп аталады. Құлай жваздады, жығыла жаздады, кете ұала жаздады т.б.

Маманов Қазақ тілінде көмекші етістіктер лексикалық мағынасына қарай екі топқа бөлінеді.Бірінші

топқа е, ет, жазда, де көмекші етістіктері жатады. Бұлар сөйлемде дербес қызмет атқара алмайды, лексикалық мағынасы жоқ, тек басқа толық мағыналы атауыш сөздермен тіркесіп, солардың шылауында қолданылады да, тіркескен сөздеріне грамматикалық мағына үстейді. Бұлардың әрқайсысының сөз тіркесінде атқаратын грамматикалық қызметі мен семантикасы әр басқа. Сонымен қатар кейбіреулерінің лексикалық мағынасы бүтіндей жоқ болса, кейбіреулерінікі жартылай. Сондықтан бұлар мәнсіз көмекші етістіктер деп аталады.

Е көмекші етістігінің сөздік мағынасы бүтіндей жоқ және ол жедел өткен шақ( едім, едің, еді) және өткен шақ есімше (екен) формаларымен ғана түрленеді де, етістіктің басқа формаларымен өзгермейді. М: Осы кезде бұлар Құнанбай пәтеріне де жетіп, қораның ішіне кіріп еді.

Ет көмекші етістігі істе, қыл етістіктерімен синонимдес, бірақ соңғы екеуі толық мағыналы атауыш сөздер де, ет сөзінің мағынасы жартылай және ол өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайды. Ет көмекші етістігі есім сөздер және еліктеуіш сөздермен тіркесіп, тіркесті түбір етістңктер жасайды. М: Кәрі әжей әшейінде Абайдың дегеніне көне берсе де, бұл тұста ырық бермей, қатты бұйрық еткен.

Де көмекші етістігі – айт, сөйле етістіктерінің синонимі, бірақ оның олардан айырмасы грамматикалық қызметте жұмсалуында. Яғни, де көмекші етістігі сөйлемде дербес қызмет атқара алмайды, басқа сөздермен тіркесіп айтылады. Сөйлеуші бөгде адамның сөзін, не ойын екінші біреуе айтқанда, осы де көмекші етістігін қолданады. М:Жұмабек ертең келемін,- деді.

Де көмекші етістігі өткен шақ көсемше (деп) формасында сөз бен сөзді, сөйлеммен мен сөйлемді байланыстыру үшін дәнекерлік қызмет атқарады. М: Мұндай масқараны естимін деп кім ойлаған.

Жазда көмекші етістігі келер шақ көсемше(-а,-е,-й) формасымен тіркесіп, күрделі етістік жасайды. М: жығыла жаздау, күле жаздау, өле жаздау т.б. М: Ащы даусы құлағымды жара жаздады.

Екінші топқа жататын көмекші етістіктер- өз алдына лексикалық толық мағына білдіретін, дербес сөйлем мүшесі қызметін атқаратын түбір етістік тұлғасындағы атауыш сөздер. Көмекші етістіктің бұл түрі мәнді көмекші етістіктер деп аталады. Мәнді көмекші етістіктер арқылы жасалған күрделі етістіктердің құрамындағы алдыңғы сыңары көсемше формаларында қолданылып, лексикалық мағынаға ие болады, соңғы сыңары – көмекші етістіктер етістіктің басқа формаларымен түрленетін констуктивтік элемент қызметін атқарады. Күрделі етістік құрамындағы мәнді көмекші етістіктеркейде сөздік мағынасын бүтіндей жойса, кейде жартылай сақтап қалады. М: кетіп қалу, келе жату, оқып шығу, оқи алмау, айта түсу т.б. Әжем қартайғандықтан, инені де сабақтай алмайды.

Оралбай Көмекші етістіктердің даму дәрежесі бірдей емес. Осымен байланысты көмекші етістіктер 2 топқа бөлінеді. Олар : толымды, толымсыз көмекші етістіктер. Толымды көмекші етістіктер деп дербес етістік кезіндегі дыбыстық құрамын сақтаған, бірақ лексмкалық мағынасынан айрылған, қазіргі тілде грамматикалық мағына білдіріп, түрлі категориялардың көрсеткіштері қызметінде қолданылатын көмекші етістіктер аталады. М: оқығысы келеді, өсіп барады, адам болды, қалып қойды т.б. Толымды көмекші етістіктер тілде 30 шақты. Олар: ал, бар, баста, бақ, бер, бол, бөл, біл, біт, жүр, жөнел, жібер, қал, қара, қой, көр, кет, кел, отыр, тұр, жат, таста, түс, сал, өт, шық.

Толымды көмекші етістіктер қимылдың жасалуының қай сатыда, қандай дәрежеде екенін білдіреді. М: сөйлей бастады, жаза бастады қимылдың бастапқы сатысын яғни басталуын білдірсе, жазып отыр, ұйықтап жатыр қимылдың жасалу үстінде екенін, бітіріп қалды, айтып қойды қимылдың соңғы сатыда екенін білдіреді.

Толымды көмекші етістіктербұйрық рай мағыналарын да білдіреді. М: беруші болма, айта көрме, келе көр сияқты қолданыста қалау мағынасы, бұйрық мағынасы, бұйрықтың тілек түрі сияқты мағыналар берілген.

Толымды көмекші етістіктершартты рай мағынасын да білдіреді. М: Әкең айтпай, өзің білген болсаң, батамды берейін. Ол келсе болды, жиналысты бастай береміз.

Толымды көмекші етістіктер нақ осы шақ жасайды. М: көріп отырмын, әндетіп жатырсың, келіп жүрсіз т.б.

Толымсыз көмекші етістіктер деп дербес сөз кезіндегі дыбыстық құрамын сақтамаған, етістіктің түрлі грамматикалық тұлғаларында қалыптасып, қазір сол тұлғада түбір сөз ретінде қолданылатын көмекші етістіктер аталады.Олар саны жағынан өте аз, атап айтқанда: еді, екен, емес, ет, жазда.

Еді толымсыз көмекші етістігі шақ, рай көрсеткіштерімен тіркесіп, олардан күрднелі аналитикалық форманы жасайды: -қан еді, -атын еді,- ар еді, -са игі еді, -п жатыр т.б.

Екен толымсыз көмекші етістігі есім сөзбен де, шақ, рай көрсеткіштерімен де тіркесіп, күрделі аналитикалық формант жасайды. М: мұғалім екен, бай екен, үлеһкен екен- еді екен, -ген екен, - атын екен, - а жатыр екен, кім екен?

Ет көмекші етістігі есім сөзден құранды етістік жасайды. М: жәрдем ет, көмек ет, арман ет, сәлем ет т.б.

Жазда толымсыз көмекші етістігі дербес етістіктерге көсемшенің –а,-е,-й жұрнағы арқылы ғана тіркесетін-а (-е, -й) жазда аналитикалық формант ретінде қолданылады. Жазда көмекші етістігінің бастапқыы төркіні жаз оған дәлел- жаздым, жаңылдым, жазығым не сияқты сөздер.

34- билет .Сан ес

Исаев Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп қанша? неше? нешеу? нешінші? тәрізді сұрақтаға жауап беретін сөз табын сан есім дейміз. М: Бұл Жамбыл жасап отыр тоқсан жасты деген сөйлемде тоқсан деген сан есім жас деен зат атаулының санын білдіріп тұр.

сан есімдер құрамына қарай дара сан есім және күрделі сан есім болып екіге бөлінеді. Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан есім деп аталады. М: он, үш, бес, мың, жүз т.б.

Екі я оданда көп түбірдің тіркесінен я қосарлануынан жасалған сан есімдер күрделі сан есім деп аталады. М: екі жүз, оннан бір, үштен екі, үш-төрт т.б.

• Сан есімнің түрлері

Сан есімдер мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді: есептік сан есімдер, реттік сан есімдер, жинақтық сан есім, бөлкештік сан есім, топтау сан есім, болжалды сан есім.

1)Есептік сан есім

Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. М: бес, он екі, жүз жиырма сегіз т.б. Есептік сан есімдер дара да, күрделі де болып, сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.

2)Реттік сан есім

Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге дауысты дыбысқа бітсе –ншы, -нші, дауыссызға аяқталса –ыншы, -інші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. М: бір-інші, тоғыз-ыншы, екі-нші, жүз отыз бес-інші т.б.

Реттік сан есімдер кейде цифрмен де беріледі.

1) Реттік сан есімдер араб цифрмен берілсе, ыншы, - інші,- нші, жұрнағының орнына дефис қойылады. М: Ол 6- қатардан орын алды. Біз 3- қабатта тұрамыз.

2) Реттік сан есімдер рим цифрмен берілсе, жұрнақтың орнына дефис қойылмайды. М: VI класс оқушылары жиналыста отыр

3) Жыл, ай аттарының алдынан келген сан есімдер араб цифрмен берілсе де, одан кейін дефис қойылмайды. М: 1961 жылы Ю. Гагарин космосқа ұшты.

3)Жинақтық сан есім

Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап береді. Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге –ау, -еу жұрнағы арқылы жасалады. М: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.

4)Болжалдық сан есім

Болжалдық сан есімдер заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетеді де, қанша? неше? қай шамалы? қаншадан? сияқты сұрақтарға жауап береді.

5)Топтау сан есім

Топтау сан есімдер заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы арқылы жасалады. М: екіден, жүзден, он-оннан т.б.

6)Бөлшектік сан есім

Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан есімдер жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады.

• Сан есімнің емлесі

1) Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады. М: жүз бір, жиырса бесінші т.б.

2) Цифрмен табылатын дара және күрделі сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис арқылы жазылады. М: Ол 25-ке толды, мен 6- дан 7- ге көштім.

3) Реттік сан есімдер араб цифрмен берілсе, -ыншы, - інші, -нші, -нші жұрнағының орнына дефис қойылмайды. М: 5- класс, 23- қатар, XX ғасырдағы әдебиет т.б.

4) Екі, алты, жеті деен сандарға болжалдық сан есімнің –ау, еу жұрнағыи жалғанғанда, түбірдің соңғы қысаң ы,і дыбыстары түсіп қалады. М: екі- екеу, алты алтау, жеті- жетеу

5) Болжалдық сан есімдер цифрмен азылғанда, оларға жалғанатын қосымшалар дефис арқылы жазылады. М: 100- деген, сағат 5- терде т.б.

6) Қосарланып айтылған топтау сан есімдері сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де дефис арқылы жазылады. М: он-оннан, 10-15 тен т.б.

• Сан есімнің сөйлемдегі қызметі

1) сан есім заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретіндіктен, әдетте, сөйлемде анықтауыш болады.

2) Сан есім жіктеліп келіп немесе көмеші етістіктермен тіркесіп келіп баяндауыш та болады.

3) Сан есім атау септікте тұрып бастауыш болады. М: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

4) Сан есімдер септік тұлғасында да, септелмей е етістіктің алдында келіп пысықтауыш та болады. М: кездесіп жетпіс үште іздегенім.

5) Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде келіп, толықтауыш қызметін де атқарады. М: Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

6) Сан есім зат есімнен я қатыстық сан есіммен тіркесіп келіп, сөйлемнің күрделі мүшесі қызметін де атқарады. М: Біз үш түрлі кедергіден өттік.

Оралбай Сан есімдер-сандық ұғымды білдіретін, есімдер тобына жататын сөз тобы. Сан есімдер заттың сандық белгісін білдіретін болғандықтан, ол белгіні білдіретін сөздер тобына жатады. Бұл тұрғыдан сан есім сын есімге жақын, өйткені сын есім де заттың белгісін білдіретін сөз табы. Бірақ сан есім заттың сандық белгісін білдірсе, сын есім сындық белгісін білдіреді.

Әр сөз табы белгілі бір жалпы мағынаны білдіретін сөз табы болғанымен, іштей мағыналық ерекшеліктері болады. Сан есімнің де сан атауын әр түрлі білдіруіне қарай бірнеше мағыналық топтары бар. Олар:

1) есептік сан есім

2) реттік сан есім

3) жинақтау сан есім

4) топтау сан есім

5) болжалдық сан есім

6) бөлшектік сан есім

А.Ысқақов. Сан есім – есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Өзінің мағынасы мен функциясы жағынан сан есім өзге сөз таптарына қарағанда, сын есімге біршама жақын. Бірақ сын есім заттың сапасын , сипатын, қасиетін, түр-түсін т.б. сыр- сипаттарын білдіретін сөз табы болса, сан есім- заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы.

6 түрі бар. Олар:

1) есептік сан есім

2) реттік сан есім

3) болжалдық сан есім

4) жинақтау сан есім

5) топтық сан есім

6) бөлшектік сан есім

35- Етіс категориясы дегеніміз – амалдың(іс-әрекеттің) субьекті мен обьектіге қатысын, сондай-ақ, керсінше, субьекті мен обьектінің амалға(іске) қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз.

Етістің түрлеріне байланысты ғалымдар арасында түрлі пікір қайшылығы бар.

Ғалымдар:

Етістің түрлері:

Ахмет Байтұрсынов етістің 10 түрін көрсетті:

1)сабақты етіс-еткен іске бір нәрсе сабақтаулы болса, мәселен, хат жаздым, шөп шаптым,қармақ салдым

2)салт етіс-өткен іске сабақталып, байланып тұрған еш нәрсе болмаса, мәселен, мен жүрмін, сен тұрсың, ол отыр.

3)ортақ етіс–іс жеке істелмесе, мәселен, бала жарысты, жау соғысты, балуан күресті.

4)өздік етіс – істеуші басқаға іскерлік ісін өзіне істесе, мәселен, мен жуындым, сен тарандың, ол мақтанды.

5)өзгелік етіс-біреудің ісіне себепкер болуды, мәселен, атты жүргізді, қойды өргізді, түйені тұрғызды

6)беделді етіс- істі біреу арқылы істеуді. Мәселен, хат жаздырды, өлең айттырды, үй салдырды, кітап алдырды.

7)ырықсыз етіс- істелі арқылы ырқы істеушіден басқада болған істі. Мәселен, ат жегілді, қоян қуылды, қозы сойылды дегендегі ат ырықсыз жегіліп тұр, қоян ырықсыз қуылып тұр.

8)шығыс етіс- ортақ істі істеуге себепкер болуды. Мәселен балаларды күрестірдім, елді табыстырдым.

9)дүркінді етіс- қайта-қайта істелетін істі, мәселен хат жазғыладым, қолынан жұлқыладым.

10)өсіңкі етіс күшейген істі білд. Мәселен ат жүріңкіреді, су тасыңқырады, бала ұйықтаңқырады.

Ахмеди Ысқақ 5 түрін көрсетті:

1)негізгі етіс-өзге етіс формаларына таяныш-негіз болатын, солардың түрлерін,мағыналарын,қызметтерін салыстырып айқындайтын форманы айтамыз.. Оның арнаулы көрсеткіші болмайды.( бар,кел, сөйле, ақта, арала т.б)

2)ортақ етіс- амалды(істі) кемі 2 я одан да аса субьекті қатысып жүзеге асыратындықты білдіреді.

-ыс,-іс,-с жұрнағы арқылы жасалады. Мысалы( таныс, көріс, апарыс т.б) Ескерту: лас(-лес,-дас,-дес,-тас,-тес) біріккен құранды жұрнақтарда ортақ етістің семантикасын білдіереді.

3)өзгелік етіс- амалдың(істің) басқа бір бөгде адам арқылы істелуін білдіреді

-т, -тыр, (-тір, -дыр,-дір), -қыз, -кіз,-ғыз,-гіз жұрнақтары арқылы жасалады.

-ыр,-ір қосымшасы өзгелік етіс деп есептелініп жүр. Негізгі бастапқы толық түры –тыр,-тір. Мысалы Адам баласын заман өсіреді.

4)Ырықсыз етіс–амалдың ырықсыз істелетіндеймән жамайды, бірақ ол формадан амалды кім істегені, яғни субьектісі көрінбейді, көбінесе логикалық обьекті есебінде қызмет етеді. Мысалы қой қамалды, кір жуылды, қар күрелді.

-ыл,-іл,-л жұрнақтары және етістік негізінде л дыбысы болса –ын,-ін.-н арқылы жасалады

Ескерту: -лын,-лін, -ныл, -ніл формалары ырықсыз етіс мағынасын береді. Мысалы ізделінді, байланылды, желінді т.б

5)өздік етіс- амалдың шарпуы я нәтижесі оны жасаушы субьектінің өзіне тиетінін білдіретіндей мән жамайды. Мысалы таран, жкын, оран, киін.

-ын,-ін,-н жұрнақтары арқылы жасалады.

Ескерту: -лан, -лен, -дан, -ден, -тан, -тен жұрнақтары өздік етіс мағынасында жұм-ы.

Мысалы. мейір+лен, әуре+лен т.б

-ырқан, -іркен, -сын, -сін құранды жұрнақтары да өздік етіс мағынасында жұмсалады. (ашыр+қан, аз+сын, көп+сін, жүрек+сін, шім+іркен:

Сейілбек Исаев және Ыбырай Маманов етістің 4 түрін көрсетті:

1)өздік етіс

2)өзгелік етіс

3)ортақ етіс

4)ырықсыз етіс

Нұржамал Оралбай

Етісті салт, сабақты етістік жасау қызметіне қарай алдымен екіге бөледі:

1)салт етіс жасайтын етістер:

А)өздік етіс

В)ырықсыз етіс

2)сабақты етіс жасайтын етістер:

А)өзгелік етіс тілдегі бір ғана өзгелік етіс жасайтын ең өнімді, ең жиі қолданылптын тәсіл.

Ортақ етісті бұл топтарға қоспайды, себебі ол қимылдық бірнеше субьектіге қатысын білдіріп. Салт, сабақтылық қасиеттін өзгертпейді.

Ғалым Н.Оралбаева А.Ысқақов пен А.Қалыбаеваның етіс түрлеріне қосқан негізгі етісті етістің құрамында қарастырмайды. Негізгі етістің көрсеткіші жоқ, өзіндік мағынасы да жоқ., ол түбір етістік қана, сол себепті оны етістің бір түрі санау дұрыс емес, себебі әр етістің өз мағынасы, өз көрсеткіші бар, ал бұл белгі негізгі етістікте жоқ дейді.

Қ.Жұбанов етістің 7 түрін көрсетеді.

Етістіктің түп негізі мен болымсыздық түрлеуішінің арасына сыйыса алатын үстеулер- етіс үстеулері. Оның 7 түрі бар:

Түп негіздің етістері: салт етіс, сабақты етіс

Туынды негіздің үстеулері:өздік етіс, ырықсыз етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс.

Ғалым өсіңкі етіс дегенді өосады. Ол

-ыңқыра, -іңкіре арқылы жасалады. Мағынасы жағынан етіс болмаса да, құрылысы жағынан етіске ұқсас болғандықтан оны етістің жетінші түріне қосады.

«Қазіргі қазақ грамматикасында»: етістің негізгі төрт түрі көрсетілген. Бұл еңбекте ырықсыз етіс қосымшалары сабақты етістікке жалғанып оны салт етістікке айналдырады деп көрсетілген. Мысалы кітап оқылды, үй тазаланды дегенде ырықсыз етістің жұрнақтары жалғану арқылы сабақты етістік салт етістікке айналған. Өздік етіс пен ырықсыз етіс жұрнақтарының ұқсастығы:

1)қосымшаларының бірдей болып келетіні, тек контекст арқылы ажыратамыз.

2)екеуі де сабақты етістікті салт етістікке айналдырады.

Айырмашылығы: Өздік етісте логикалық субьект(іс иесі) субьект-грамматикалық субьект(бастауыш) болады да, ал ырықсыз етісте грамматикалық бастауыш логикалық обьект болады.

Етісті грамматикалық категория ретінді санай ма?

Негізінен етістің түрлерінің болуы оны категоря санауға негіз болған. Н.Оралбай түбір етістіктің салт, сабақтылығы қандай лексикалық мағыналы болса,салт,сабақты етістіктерді жасайтын етіс жұрнақтары сондай лексикалық мағына жасайды, яғни олар сөзжасамдық жұрнақтар десе, етіс жұрнақтарының қабаттаса қолданылуының өзі оның категория емес, сөзжасамға жататын болғандықтан дейді.

А.Қалыбаева етісті категория деп атап, оның жұрнақтарын сөзжасамдық жұрнақтар қатарына қосады.

А.Ысқақов та етіс жұрнағын сөзжасамдық жұрнақдеп санаса, С.Исаев етісті лексика грамматикалық категория деп танып, оның жұрнақтары грамматикалық форма тудырады деп айтады.

«Қазақ грамматикасында»: етіс тұлғаларының тіліміздегі етістік атаулының бәәріне я белгілібір тобына жалғана алуы, яғни әмбебап қасиеті, сөйтіп барып грамматикалық абстракция жасай алуы , өнімділік және өнімсіздік, құнарлық жіне құнарсыздық сипатының болмауы, соның арқасында қосымшалары жалғанған жердің бәрінде жаңа сөз тудыру қатарын құрай алмауы етіс қосымшаларын сөзжасам қатарына қосуға болмайтындығын көрсетеді. Ал кейін етістіктің құрамында келіп, жаңа туынды түбір, демек, негізгі түбірден өзгеше жаңа лексикалық мағына білдіретін қыл айттыру, таң асыру, біліс, таныс, үйдіжылытты, асудан асыру, жахудан жазылу тәрізді жеке дексема болып, сөздік құрамынан бөлек бөлек орын орын алуы тек қана етіс қосымшаларының жалғану нәтижесі емес, одан гөрі семантикалық, процестің басым болуы, ондай процестер тілімізде аз емес.

Етіс тұлғасының тағы бір ерекшелігі:

Етіс қосымшалары етістік түбірге жалғанып, түбірдің грамматикалық сипатын өзгертпейді, яғни етіс тұлғалы түбір етістіктер (негізгі, туынды)етістіктерше: 1)сырттай бұйрық райдың 2-жақ жекеше ,анайы түрімен сәйкес келеді. 2)тікелей жіктелмейді, тек шақ,рай тұлғаларын үстеп барып жіктеледі және сол тұлғалар жалғануға негіз болады. 3)сондықтанда сөйлемде сол тек етіс тұлғасында қолданылмайды. Осы сияқты қасиеттердің негізінде Маманов жалпы етістік атаулыны негізгі етістіктер және функциялық етістіктер деп топқа бөліп, негізгі етістіктер оның грамматикалық категорияларын жасауға негіз болады дей келіп, оның өзін екі түрге бөліп, бірін түбір етістіктер, екіншісін модификациялы етістіктер деп, модификациялы етістіктердің қатарына етіс, болымсыө етістің, күшейтпелі етістік және күрделі етістікті ерекше бөліп жатқызады. Сөйтіп етіс тұлғалары сөзжасамдық қосымшалар емес, етістіктің лексика грамматикалық категориясы болып табылады. Негізгі етісті етістің түріне қоспайды, ол тек сол категоря түрлеріне негіз болады деген қорытынды жасалады.

36-Шырай категориясы,түрлері,зерттелуі

Шырай категориясы – заттың бір түрлі сындық белгісінің түрлі дәрежеде болуын білдіретін грамматикалық категория. Шырай категориясы сын есімге, оның ішінде сапалық сын есімге тән. Бұл сапалық сын есімді қатыстық сын есімнен ажыратудың басты белгісі. Шырай – жалпы сын есімге емес, сапа сынына қатысты категория. Сапа сындары ғана шырай формаларында қолданылады. Қатыстық сындардың ішінен сапа мәніне ие болған сөздер ғана шырай формасында қолданыла алады. Мысалы, өте ақылды, сенен ақылдырақ, көріктілеу, аса көрікті, тым манызды, маныздырақ, әсерлірек, өте әсерлі сияқты қолданыс бар. Бірақ таулырақ, ең таулы, сусызырақ, өте сусыз сияқты қолданыс тілде жоқ.

Қазақ тіл білімінде шырай түрлерінің санына байланысты түрліше пікірлер қалыптасқан. Ғалым Ахмет Байтұрсынов сыр сынының 3 шырайы бар деп көрсетеді:

1)Жай шырай артық-кем демей нәрсенің сиқын жай көрсетеді. Мысалы: жақсы атан, ттентек бала, жуас бала т.б

2)талғаулы шырай- нәрсенің сиқының бірінен-бірі артық-кемдігін көрсетеді: ол –рақ,-рек деген талғау қосымшалары арқылы жасалады. Жаксы-жақсырақ, алыс-алысырақ

3)таңдаулы шырай-нәрсенің сиқы өте артық екенін көрсетеді. Ең,нақ, тап, тым, бек, қас деген сөздер арқылы жасалады. Мысалы ең жақсы, нақ шешен, тым қорқақ.

Қ.Жұбанов шырайдың бірнеші түрін көрсетеді:

1)Жай шырай

2)Кесімді араластырмалы шырай –бірде тура күйде, бірде шығыс жалғаулы күйде болады.

3)Салыстырмалы шағын шырай (-рақ, рек, леу)арқылы

4)Жалаң шағын шырай- қызғылт, қаралтым, көтеріңкі, соөылыңқы

5)Таңдаулы шырай

6)Дәйек қосылыңқы шырай- өте қысқа

7)Қосақты- қып қысқа

8)Үстеулі- ұзын ақ

9)Орта шырай-бір жөн, бір қос, бірсыпыра, едәуір, бірқатар.

Ахмеди Ысқақ шырай формаларын «заттың белгісі я сипаты (түсі, түрі, сапасы, көлемі, аумағы, салмағы, сыры т.б.) біркелкі болмай, рең жағынан әр түрлі дәрежеде болатынын, демек, сипатының я белгінің бір затта артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім формалары» деп сипаттай келіп, шырай категориясының 4 түрін көрсетеді:

1)жай шырай

2)салыстырмалы шырай (-рақ,-рек, ырақ,-ірек, -лау,-леу,-дау,-деу) - өнімді формалар

-ғылт,-ғыл,-қылт,-ғылт,-тым,-шыл,-шіл,-қай,-аң - өнімсіз жұрнақтар (дымқыл,бозғыл,сұрғылт)

3)күшейтпелі шырай заттың бастапқы сындық қасиетін күшейте түседі.)жап-жаңа, тап-таза)

4)асырмалы шырай заттың сындық қасиетін я тіпті асыра көтереді, я тым асыра төмендетеді.(аса,өте,тым,тіпті,тіптен,шымқай,нағыз,нақ,ең,ал) мысалы, ал қызыл,өте үлкен, тым қиын.

Шырай жұрнақтары бірінің үстіне бірі үстеліп жұмсалады.

Н.Оралбай сындық белгінің 3 дәрежесі болады деп көрсетеді: негізгі дәрежесі, төменгі дәрежесі, жоғарғы дәрежесі. Сапа сындары сөйлемде осы 3 дәреженің бірінде қолданылады. Шырайдың осы үш түрлі мағынасына қарай ғалым шырайдың 3 түрін көрсетеді:

1)жай шырай –сапаның негізгі дәрежесін білдіреді. Ғылымда мағына бар жерде оның көрсеткіші бар деп, ал оны білдіретін көрсеткіш болмаса, ол нөлдік жұрнақ деп саналады. Мысалы, жақсы адам, әсем ән жай шырайда салыстыру мәні жоқ деп саналады, бірақ кейде жай шырай салыстыру мәнәнде қолданылады. Ол контекстке қатысты. Мысалы, Бірақ бәрінен осынікі жақсы. Бәрінен деген сөздерденшығыс септіктегі сөзден екінші заттағы спаның артықтығы білінеді. Жай шырай салыстыратын заттардың теңдігін білдіреді. Бұл ғылымда экватив деп аталады. Мысалы, Асан сен ақылдысың, Асқар да сондай ақылды.

2)салыстырмалы шырай(-рақ,-рек, ырақ,-ірек, -лау,-леу,-дау,-деу) жұрнақтары арқылы жасалады.

-ғылт,-ғыл,-қылт,-ғылт,,-шыл,-шіл,-ақ жұрнақтарын ғалым шырай жұрнақтарына жатқызбайды. Олар-сөзжасамдық жұрнақ деп көрсетеді. Кейбір жағдайда шығыс септіктегі сөзге гөрі,да,де демеулік шылаулары тіркесіп салыстыру мәнін айқындай түседі. Салыстырмалы шырай тұлғасындағы сөздер сөйлемде анықтауыш, баяндауыш, пысықтауыш қызметін атқарады.

3)күшейтпелі шырай

1)күшейткіш буынды сапа сыны қос сөзге жатпайды.

2)Күшейткіш көмекші деп сапа сынының мағынасын күшейтіп,сапаның жоғарғы дәрежесін білдіреді. Оған аса, өте, ең,тңптң, тңптен, тым,орасан, керемет көмекшілері жатады. Бұл күшейткіш көмекшілерді үстеуге жатқызуға болмайды. Себебі үстеу лексикалық мағыналы сөздер, ал күшейткіш көмекшілер грамматикалық мағынаны білдіреді.

3)Ал, шымқай сөздері шырай жасамайды, күрделі сын есім жасайды.

«Қазіргі қазақ грамматикасында» сын есімнің семантикалық түрі сапалық сын есімнің шырай жұрнақтарын қабылдауы бұл сын есімнің сөз табы ретінде түрленуі емес, бір ғана мағыналық тобының семантикалық сипатын сипатын көрсететін лексика-грамматикалық тұлғалану көрсеткіші болып табылады деп көрсетілген.

Шырай категориясының (-рақ,-рек,, -лау,-леу,-дау,-деу) жұрнақтары сапалық сын есімдерге түгелдей жалғанады. Ал –ғыш,-гіш,-ғылт,-шыл қосымшалары бірді-екілі сөздердің құрамында ғана кездеседі. Бұл еңбекте жай шырайды шырай қатарына қоспайды. Себебі жай шырай өзге шырай түрлеріне мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынанда оппозициялық қатар құра алмайды, басқа түрлерімен парадигмалық жүйе жасай алмайды. Мұндай жағдай етіс категориясындағы негізгі етіс тәрізді. Жай шырайдың шырай түрлерінің қатарына кіре алмауының бір себеі оның сапалық сын есім ұғымымен барабар келуі, екі ұғымның да сыр-сипаты бір болғандықтан бір ұғымды екі түрлі атау дұрыс болмас деген ой айтылады. Шырайдың өзге түрлері жайлы күшейтпелі және асырмалы шырайды біріктіріп қарастырып, сын есімнің лексика-грамматикалық категориясы ретінде екі-ақ түрін көрсетеді:

1)салыстырмалы шырай

2)күшейтпелі шырай – күшейткіш буын арқылы жасалады.(жап-жасыл), күшейьткіш үстеулер арқылы жасалады(өте,тым алыс, аса)

Сәрсен Аманжолов шырайдың 4 түрін көрсетеді:

1)жай шырай 2)шағын шырай 3)салыстырмалы шырай 4)таңдаулы шырай

Ғалым Ғ.Мұсабаев шырайдың 5 түрін көрсетеді:

салыстырмалы шырай( (-рақ, -рек)

Бәсең шырай (-дау,-деу,-лау, -лек, -тау, -теу)

Шағын шырай (-шыл, -шіл, -ғыл, -ғылт, -ғыш, -ілдір)

Күшейтпелі шырай-күшейту буыны арқылы жасалады. (қып-қызы, сап-сары)

Үдетпелі шырай – күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. (өте биік,тым жақсы)

Ғалым үдетпелі шырай қызметін атқаратын бірнеше сөздерді көрсетеді: қырмызы,мақпал, әсіре, ал, орасан)

Шырай грамматикалық категорияға жата ма, жоқ па ?

Әр грамматикалық категория танылғанда, оған қойылатын шарттар бар. Алдымен әр категорияның білдіретін өзіндік мағынасы болу керек, ол мағынасының ішкі құрамы, өзіндік көрсеткіштер (бірліктер) болу керек. Өйткені шырай сапа сынының әр заттағы дәрежесін білдіреді. Анығырақ айтқанда, шырай бір сапаның әртүрлі заттағы түрлі ерекшелігін, сапаның бірінде артық, бірінде кем я сапаның ең жоғарғы дәрежесінде екенін білдіреді. Бұл – шырай категориясының жалпы грамматикалық мағынасы. Сонымен бірге, грамматикалық мағынаның ішкі құрылымы бар, олар: сапаның сәл бәсеңдігі, не сәл басымдығы, немесе сапаның өте күштілігі, не өте төмен дәрежесі т.б. Демек, шырай сапаның әртүрлі дәрежесін білдіреді. Бұл грамматикалық мағыналар басқа ешбір сөз тобында жоқ. Олай болса, бұл – шырай категориясының өзіндік грамматикалық мағынасы.

Грамматикалық категорияда оның мағынасын білдіретін көрсеткіштері, яғни морфемалары болуы керек және ол біреу емес, ең кемі екеу болуы керек. Шырай бұл шартқа да сай келеді. Өйткені шырайдың грамматикалық мағынасын білдіретін көрсеткіштері бар, олар: =рақ, =рек, =лау, =леу күшейткіш көмекшілер мен күшейткіш буындар. Осы көрсеткіштер тек шырай мағынасын білдіру үшін қолданылады, яғни шырайдың морфологиялық бірліктері.

Сын есімнің шырай категориясын қазақ тіл білімінде көпшілік ғалымдар– грамматикалық категория деп таныған. Олар: А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, К.Аханов, Ғ.Әбуханов, М.Б.Балақаев (бастауыш мектептің оқулығында), Ғ.Беғалиев, С.Жиенбаев, Б.Катембаева, Н.Оралбаева, Н.Мадина, А.Әбілқаев, Ж.Шакенов, Ы.Маманов, А.Ысқақов, Ә.Төлеуов. Тек С.Исаев ғана сын есімнің шырайларын лексика-грамматикалық категория деп таныған.

Шырай жұрнақтары форма тудырушы ма әлде сөз тудырушы ма?

«Қазіргі қазақ грамматикасында»: Жалпы тіл білімінің қағидасы бойынша бір категорияға жататын граммтикалық формалары бірінің үстіне бірі жалғанбайды. Бір септік жалғауының үстіне екінші септік жалғауы, бір есімше формасының үстіне екінші есімше қосымшасы жалғанбайды. Олай болса, сын есімге жалғанатын –ғыш,шыл, -ғылт қосымшалары шырай формасының грамматикалық көрсеткіші емес сөз тудырушы қосымшалар.

37 сұрақ-Етістіктің шақ категориясы. Шақ түрлері

Қ.Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» бойынша:Етістіктің шақтары:

Өткен шақ (сөйлеп тұрған кезден болған іс).

Айғақ өңді өткен шақ (істің болғанына айтушы куә айғақ бола сөйлейді):Жазы-п-ты, оқы-мап-сың, біл-ме-п-піз.

Аулақ өңді (істің болғанын айта тұрып, өзі басы-қасында болмағанын қоса білдіреді): Жаз-ған, оқы-ған соң, көр-ген-біз.

Мойындау өңді өткен шақ (істің болған-болмағанын мойындай сөйлейді):Жаз-ған, оқы-ған соң, көр-ген-біз.Күмән өңді – жазған шығар.

Айғақ баяғылық (ертеде істің болғанына, не болмағанына айғақ бола сөйлейді):Жазып еді.

Аулақ баяғылық (ертеде өткен істің болғанынан, не болмағанынан аулақ болғанын қоса білдіреді). Жаз-ған екен.

Әдетше баяғылық (ертде өткен істің әлденеше рет болып, әдет болғанын айтады): бар-у-шы едім.

Опылық баяғылық (ертеде өткен іске опына хабарлайды): бар-атын едім.

Арман баяғылық: бармас па едім;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]