
- •1.Есімшенің есімдерге жақындығы мен өзгешеліктері:
- •2. Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •1.Жедел өткен шақ. 2.Бұрынғы өткен шақ. 2.Ауыспалы өткен шақ. 4.Қатыстық өткен шақ
- •2) «Қазақ грамматикасы»: Есімдік7 түрі бар: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, белгісіздік, болымсыздық.
- •Келер шақ.
- •(Ы.Маманов «Қазақ тіл білімінің мәселелері»
- •3) А.Ысқақов бойынша: Сан есімнің мағыналық топтары: Есептік сан есім заттың нақтылы санын және абстрактылы сандық ұғымды білдіріп, қанша?неше? деген сұрақтарға жауап береді.
№1 сұрақ-Септеулік шылаулар
Септеулік ш. тілдің даму эволюциясында біртіндеп барып, бастапқы лексикалық мағынасынан айырылып, қосымшалар жалғану арқылы сіңісу процесі негізінде біріктіріліп, абстрактылы грамматикалық мағынаны иеленген жаңа сөздер құрайды. Қ.Ертаев кейбір түркі тілдерінде септеуліктер жеке сөз табы болатындығын және В.Радловтың еңбегінде қырықтан астам септеуліктер барын сөз етеді. Жалпы тіл білімінде септеулік шылаулар жайлы аффикс және дербес сөз мағынасындағы екі негіздің барын байқаймыз. Септеуліктер атауыш сөздердің арнаулы грамматикалық формада тұруын қалап, меңгеріп барып тіркеседі. Септеулік шылаулар белгілі септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған қосымша (мезгілдік, мекендік, шектік, себептік, мақсаттық т. б.) мән үстеп тұрады да, оны екінші сөзбен сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады. Бұл тұрғыдан келгенде септеулік шылаулар септік жалғауларының білдіретін мағынасы мен атқаратын қызметіне ұқсайды. Септеулік шылаулар мьналар: үшін, сайын, туралы, арқылы, жайлы, тәрізді, дейін, шейін, қарай, таман, бері, бұрын, бірге, соң, кейін т. б.
«Қазақ грамматикасы» бойынша: Септеулік шылаулар сөйлемде екі түрлі- қызмет атқарады. Біріншісі — түбір я белгілі септік тұлғадағы зат есім, есімдік я заттанған сөздермен (сын есім есімше, тұйық етістік т. б.) тіркесіп келіп, оларды екінші сөзге сабақтастыра байланыстырады. Сөйтіп барып, мезгілдік, мекендік амалдық, себептік, мақсаттық қатынастағы сөз тіркесін тудыруға дәнекер болады. мысалы: Мейрам әлдекімге телефон арқылы әмір етті (Ғ. М.). Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап (А). Мысалдагы арқылы септеулік шылауы телефон сөзін әмір етті дегенмен амалдық қатынаста, үшін септеулігі мал сөзін тұрман зарлап дегенмен мақсаттық қатынаста байланыстырып, сөз тіркестерін құрап тұр. Екіншісі — септеулік шылаудың біразы бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы құрамында келеді де, сабақтас құрмаластың бағыныңқы сыңары мен басыңқы сөйлемді мезгілдік, мақсаттық, себептік қатынаста байланыстырып тұрады. Мысалы: Жел қатайған сайын, лебі мұздаған сайын, зымыраған поезд көрдей қараңғы түнге сүңгіген сайын, вагон үстіндегілер бір-біріне жабыса түсті. (С. М.) Мысалдағы сайын септеуліктері мезгіл бағыныңқы сөйлемді басыңқымен байланыстырып тұр. Септеуліктер орыс тіліндегі «предлогтар» деп аталатын көмекші сөздерге жақын. Сөйтіп, септеуліктер өзі шылауында жұмсалып тұрған сөзге косымша мән үстейді әрі оны екінші бір сөзбен сабақтастыра байланыстырып, сөз тіркесін құрайды немесе екі сөйлемді сабақтастыра байланыстырады. Септеуліктер мынадай тұлғадағы сөздердін шылауында айтылады. 1. Түбір (кейде көптік, тәуелдік) тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік, есімшемен тіркесетін септеуліктер; арқылы, жайында, үшін, туралы, сайын, тәрізді, сияқты т. б.2. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: дейін, шейін, таман, қарай, салым, жуық, тарта т. б.3. Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: кейін, соң, гөрі, бері, бұрын, әрі т. б. 4. Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: қатар, қабат, бірге. Қазіргі қазақ тілінде түбір, я негіз сөзбен тіркесетін септеуліктер, негізінен, есім сөзден соң қолданылады. Үшін септеулігі түбір тұлғалы зат есіммен тіркесіп келіп оларға себептік, мақсаттық мағына үстейді. Балалары айран-шалап үшін әлді ағайынға жалшы кетіпті (Әуезов).Бұл мысалдағы үшін шылауы түбір тұлғадағы есім сөз айран-шалап сөзінен соң, қолданылып мақсаттық мағына үстеп тұр. Сайын септеулігі зат есіммен және –ған/-ген тұлғалы өткен шақ есімшемен тіркесіп келіп, оларға даралау мағынасын үстейді. Көтеріп көптің көңілін күнде шауып, Жүлде алар жұма сайын туды күнім (Жансүгіров). Бұл сөйлемде сайын шылауы жұма сөзін даралау мағынасында қолданылып тұр.Сияқты, секілді, тәрізді септеуліктері зат есім, есімдікпен, есімшемен тіркесіп, ұқсату, теңеу мағынасын білдіреді. Рақымбай сияқты жағымтал, Жорға болыстың тағы бір екеуіне көзі түсіп еді, олар да алға түсетін, бой көрсететін сияқты емес (Әуезов). Сияқты шылауы кейде сөз тудырушы жұрнақтарын қабылдап, сияқтанбай, сияқтанады тұлғасында да қолданылады. Туралы, турасында, жайлы, жайында, жөнінде септеуліктер зат есіммен, есімдікпен, заттанған сөздермен тіркесіп, белгілі бір іс-әрекет, оқиға жөнінде айтылғанын білдіреді. Брилев бәрімізді жинап, сап алдында сынаудың қорытындысы жайлы қысқаша талдау жасады. Арқылы септеулігі зат есім, қимыл атаумен тіркесіп, істің, қимылдың амалын, не арқылы іске асқанын білдіреді. Үлкен істі елдің салмақты үлкендері арқылы болмаса, өз беттерімен істеп кете алмайтын (Әуезов).
Бойы, бойымен, бойынша септеуліктері зат есіммен, есімдіктермен және -ған/- ген тұлғалы өткен шақ есімшемен тіркесіп келіп, іс-әрекеттің амал, тәсілін білдіреді. Ежелгі салт, машық бойынша бұл өңірдегі ағайын Зере отырған үйді жатсынған жоқ.Шамалы, қаралы, шақты септеуліктері сан есіммен тіркесіп, болжалдық мағына береді. Інісі Тектіғұл болса, қайшылықпен он шақты жыл қыршын жас күнін кешіріп еді (Сонда).Барыс септікті сөзбен тіркесетін септеуліктер Дейін, шейін септеуліктері зат есімдерге, сан есімдерге, есімшелерге тіркеседі. Рақымбайға шейін, күн шартылдап жай түскеннің артындағыдай құп-қу болып, есеңгіреп қалған сияқты (Әуезов). Қарай, таман септеуліктері зат есімдерге, есімдіктерге, үстеу сөздеге тіркесіп, мекендік, мезгілдік қатынасты білдіреді. Назыкеш ұзай берген соңғы бір көшке қарай шауып кетті (Мүсірепов). Салым, тарта, жуық, таяу септеуліктері зат есімдер мен сан есімдерге тіркесіп, мезгілдік қатынас білдіреді. Мың жарым екі мыңға тарта жылқысы бар (Әуезов). Шығыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеуліктер Гөрі септеулігі зат есім, есімдікпен, заттанған сөздермен, -ған/-ген тұлғалы өткен шақ есімшемен тіркесіп, талғау, таңдау мағынасында қодлданылады. Жас жігіт бұдан гөрі де қаталырақ кетуге Игіліктен бата алмады (Мүсірепов). Бері шылауы сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышының құрамында келіп мезгілдік қатынасты білдіреді. Мына хабар шыққаннан бері, өзінен шоши бастады (Майлин). Кейін, соң септеуліктері зат есім, есімдіктерге, қимыл атауы мен есімшеге тіркесіп, оқиғаның соңынан болатын мекендік, мезгілдік мағынаны білдіреді. Әбден орнығып отырғаннан кейін ғана Зылиха сөз бастаған (Оразалин). Бұрын септеулігі шығыс септігінде тұрған сөздермен тіркесіп, оқиғаның алдын ала болуын білдіру үшін қолданылады. Бұрын осы көлдің басында үй саны онға толмайтын еді (Майлин). Кейін, соң, бұрын септеуліктері де атрибуттық мағынада қолданылатын –ғы/-гі формалы жұрнақтарды қабылдап, морфологиялық өзгерістерге ұшырайды. Ендігі бұдан соңғы бірк кезең ұлықтың айтқанына көнбедік (Әуезов). Бетер септеулігі іс-әрекеттің болып кеткен амалдан анағұрлым күшті болғанын білдіру үшін жұмсалады. Жел одан бетер соққан сайын, айнала шаңғытып ешнәрсе көрінбей кетті (Мұқанов). Көмектес септікті сөзбен тіркесетін қатар, бірге септеуліктері іс-әрекеттің, негізінен, бірнеше субъектінің бірігіп жасағанын білдіру үшін қолданылады. 1936 жылы Қиры Шығысқа менімен бірге бір қазақ жігіті барды (Момышұлы).
№2 сұрақ-Етістіктің болымды-болымсыздық категориясы. Жасалу жолдары
«Қазақ грамматикасы» бойынша: Етістік білдіретін қимыл, іс-әрекеттің қарама-қайшы мәні, ол мағынаның болмауы етістік түбірлеріне –ма,-ме, -ба, -бе, -па, -пе, -на, -не қосымшасы қосылу арқылы жасалады да, тек етістіктің болымсыздық түрін жасап қоймайды, болымдылық мәнге қарама-қайшы етістіктің болымсыздық категориясын да жасайды. Болымсыздық категориясының бірден бір тұлғалық көрсеткіші –ма,-ме, -ба, -бе, -па, -пе, -на, -не болымсыздық тұлғасы. Әрине, етістіктің болымсыздық мәнін беретін басқа да аналитикалық жолдары бар. Атап айтқанда, есімшенің –ған,-ген,-қан,-кен тұлғасы етістікке жоқ модаль сөзі, есімшенің –ған,-ген,-қан,кен, -атын,-йтын,-йтін,-ар,-ер,-р,-мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек тұлғалы негізгі етістіктерге емес (кейде емен) көмекші етістігі тіркесіп жасалады. Бірақ бұлар болымсыздық категориясына жатпайды, оның грамматикалық сипаты сәйкес емес. Болымсыздық категориясы етістіктің лексика-грамматикалық категориясы болып табылады. Себебі, біріншіден, бұл категорияның қосымшасы етістік түбірге жалғанғанда, түбір семанткиасына аздап болса да әсер етіп, өзгеріс енгізеді, яғни түбір беретін мағынаның болмайтынын білдіреді, екіншіден, етіс категориясы сияқты түбірдің грамматикалық сипатын сақтап қалады: 1) бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы тұлғасымен сәйкес келіп, оынмен омоформа жасайды; 2) тікелей жіктелмейді;3) сол күйінде қолданылмайды, етістіктің таза грамматикалық категорияларын жасауға негіз болады. Күрделі етістікке болымсыз форма бірде негізгі етістікке жалғанса, бірде көмекші етістікке жалғанады: айт-па-й жүр, сөй-ле-ме-й қалды, бер-ме-п еді және айтып жүр- ме, сөйлеп қой-ма т.б. Егер болымсыздық форма екі етістікке де жалғанса , онда ол болымдылық мән білдіреді, онда да әдеттегі болымыдылқтан өзгеше ерекше стилдік бояу болады: айт-па-й қой-ма-ды, жаз-ба-й отыр-ма-ды т.б.
№3-Есімшелер (А.Ысқақов) Бір алуан жұрнақтар етістік негізінде жалғанып, олардың етістік қасиеті де, есім, қасиеті де бар есімше деп аталатын жаңа категория тудырады. Есімге де, етістікке де телі бұл категорияға тән формалар (есімшелер) қолдану ыңғайына қарай көптік, тәуелдік, септік, жіктік, жалғауларына жұмсалып, сөйлемнің барлық мүшелері де бола алады. Бастапқы қимыл атауына тән формалар есім қабілетін бойына сақтап, әрі етістіктің семантикасы мен шақты білдіру қасиетін иеленіп, өз алдына дербес есімше категориясы болып қалыптасқан. Көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларда түрленіп, сөйлемде барлық мүше бола алатын морфологиялық және синтаксистік сипаттары бар, амал-әрекеттің атауы болу, семантикасы мен шақтық ұғымды білдіру қабілеттері де бар формалар есімшелер категориясы деп аталады. Есімше формалары өткен шақ есімше, осы шақ есімше, келер шақ есімше болып үш салаға бөлінеді: 1)Есімшенің өткен шақ түрі етістік негізіне –ған, (-ген, -қан, -кен) жұрнағы мен –атын, -етін жұрнағы жалғану арқылы жасалады; 2)Есімшенің осы шақ түрі, контекске қарай, -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнағы арқылы жасалады. 3)Есімшенің келер шақ түрі етістік негізіне –ар, -ер, -р жұрнағы мен –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағы жалғануы арқылы жасалады.
(А.Байтұрсынов.) Есімше - есім сияқты айтылатын етістіктің түрін мәселен, айтушы адам, шабатын ат, жазған хат дегенде «айтушы», «шабатын», «жазған» деген сөздер есімше болады. Есімше үш түрлі: 1) осы шақтық; 2) өткен шақтық; 3) ұйғарынды; Есімшеге есімдер сияқты жалғаулар да, етістіктер сияқты жіктеулер де жалғанады. Жіктегенде де есімдерше жіктеледі.
(Қазақ грамматикасы). Есімше мағынасы жағынан етістіктерше болымды және болымсыз, салт-сабақты болып бөлініп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартады. Бірақ түрленгенде есімдерше көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Осы ерекшелігіне байланысты сөйлемде атрибуттық және предикаттық мағынаға ие болады да, әрі етістік, әрі сын есім орнына жүреді. Есімшенің –ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р, -атын, -етін, -йтын, -йтін, -ушы, -уші, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының негізгі және туынды түбір етістікке, етістіктің болымды және болымсыз формаларына, етіс категориясының барлық түрлеріне жалғану арқылы жасалады. Ал қалау рай, бұйрық рай, шартты рай формаларына есімше жұрнақтары жалғанбайды. Есімше жұрнақтарының қызметі- өзі жалғанған етістіктің аңғартатын мағынасын өзгертпей, заттың қимыл-әрекет арқылы білдіретін белгісін жасау. Мысалы- бар- қимыл-әрекетті білдіретін етістік, ал барған, барар, баратын, барушы- заттың қимыл нәтижесімен аңғарылатын белгісі.
Есімше жіктеледі, бірақ етістіктерше емес, есімдерше жіктеліп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Есімше формасының әрі сын есім, әрі етістік ретінде қолданылуына қарай күмәнді пікірдің пайда болуы анық.
1.Есімшенің есімдерге жақындығы мен өзгешеліктері:
а) Есімше формалары сын есім сияқты заттың белгісін аңғартып, сөйлемде қандай? Деген сұраққа жауап береді, анықтауыш қызметін атқарады. Бұл жағынан есімшенің сын есімнен айырмашылығы байқалмайды. Бірақ сын есім мен есімшенің заттың белгісін білдіруі анықтап аңғарған кісіге бірдей емес. Мысалы,
көк шөп көгерген шөп
ақ шаш ағарған шаш
қызыл орамал қызарған орамал
деген мысалдардағы бірінші бағандағы көк, ақ, қызыл сын есімдермен екінші бағандағы көгерген, ағарған, қызарған есімшелерінің мағынасындағы айырмашылыққа назар аударайық. Сын есімдер заттың тұрақты белгісін білдірсе, есімшелер қимыл-әрекет нәтижесінде пайда болған өзгерісті аңғартып тұр.
ә) Есімшелер сын есім сияқты көптеліп, тәуелденіп, септеліп заттанады. Сөйлемде бастауыш, толықтауыш қызметін атқарады. Жіктеліп баяндауыш қызметін атқарады. Мәселен, Көрмес- түйені де көрмес дегенде бірінші көрмес атау септігінде тұрып бастауыш, екінші көрмес сөзі жіктеліп, 3-жақ нөлдік формада қолданылып, баяндауыш қызметін атқарып тұр.
б) Етістіктің болымсыз формасына есімше жұрнағы жалғанғанда да есімшенің болымсыз мағынасы аңғарылады. Бірақ есім сөздер сияқты есімшелер де, жоқ, емес сөздері арқылы болымсыз форма жасайды. Мысалы, бармаған- барған жоқ, барған емес. Демек, есімшелер болымсыздық форманы етістіктерше синтетикалық жолмен де, есімдерше аналитикалық формамен де жасайды екен.
2. Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
а) Есімшенің етістіктің бір түрі болып есептелуіне оның септік жалғауларындағы сөзді салт және сабақты етістік ретінде меңгерілуі себеп болады. Мысалы, кітапты алған, қаламды берер, хатты жазатын, жүкті тасушы, үйді көрмекші, дегенде табыс септіктегі сөздерді сабақты етістік ретінде меңгеріп тұр. Ал балаға қараған, үйге жеткен, үйде отырған, даладан кірген, бізбен келген дегенде салт етістік ретінде барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздерді меңгеріп тұр.
б) Есімшенің етістікке тән басты белгісі- қимыл-қозғалысқа байланысты мағынадан алыстамайды. Сондықтан да есімше етістіктерше болымды, болымсыз, салт және сабақты болып бөлінеді.
Қазіргі қазақ тілінде есімше түрлері жұрнақтарының мағыналарына сәйкес шақ категориясымен бөлінеді.
1.Бұрынғы өткен шақ есімше. Есімшенің бұл түрі –ған, -ген, -қан, -кен жұрнағымен жүзеге асады. Бұл жұрнақ арқылы жасалған есімше формалары мейлі атрибуттық, мейлі предикаттық қолданысты болсын өте жиі әрі кеңінен қолданылады.
2.Дағдылы өткен шақ есімше. Бұл түрі –атын, -етін, -йтын,-йтін жұрнағы арқылы жасалады. Есімшенің бұл түрі сөйлемде жіктеліп, бұрын болған әрекеттің бірнеше қайталанып, дағдылы қалыпта орындалып тұрғанын білдіреді.
3.Болжалды келер шақ есімше. Есімшенің бұл түрі –ар, -ер, -р, -с жұрнақтары арқылы жасалады. –ар, -ер, -р жұрнағы болымды етістіктерге, -с жұрнағы болымсыз етістіктерге жалғанады: барар-бармас.
4. Мақсат мәнді келер шақ есімше. Есімшенің бұл түрі –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Бірақ –мақ, -мек жұрнағы жалғанған сөздің барлығынан мақсат мәнді келер шақ есімше жасала бермейді. Мысалы: Кел демек бар, кет демек жоқ дегенде мақсат мәні жоқ, қимыл есімін жасап тұр (қара:қимыл есімі). Есімшенің бұл түрі басқаларынан ерекше. Мәселен, атрибуттық мағынада қолданылмайды. Тек жіктеліп баяндауыш қызметін атқарады. Бір ерекшелігі- бұл форманың есімшеге қатысын да жоққа шығаратын сияқты, -мақ формалы есімшеге қолданыс барысында –шы, -ші қосымша қосылып та айтылады. Бірақ бұл қосымша морфема емес, өйткені есімшеге жалғанғанмен не лексикалық, не грамматикалық мағына үстемейді. Сондықтан –мақ формалы есімше мен –мақшы формалы есімше бір мағынада жарыса қолданыла береді.
(Н.Оралбаева). Есімше қимыл, әрекет түрінде қолданылып, заттың сапасы, қасиеті, белгісі ретінде ұғынылады. Мысалы, оқыған адам, білген кісі, тозбайтын тон, жарқыраған күн, келетін кісі, айтар сөз, шығар күн, т.б. сияқты заттың түрлі белгісі ретінде қолданылу- есімшенің негізгі қызметі.
Сонымен бірге, есімше етістіктің салт, сабақтылық мағынасын да толық сақтайды. Мысалы, Көрген кісі- нені көрген кісі? Естіген адам- нені естіген адам? Келген кісі- не естіген кісі? Жүгірген бала- не істеген бала? сияқты есімшенің қолданысына қойылған сұрақтар есімшелердің салт, сабақты екенін анықтап тұр.
Етістіктің сөйлемде қимыл иесінің, яғни субъектінің қимыл-әрекетін білдіріп, баяндауыш қызметінде қолданылатыны белгілі. Есімшенің бұл ретте өзіндік ерекшелігі бар, ол сөйлемдегі негізгі қимылды білдірмей, жеке затқа қатысты жанама қимылды білдіреді. Сондықтан есімше анықтауыш қызметін, яғни аттрибутивтік қызметті атқарады. Мысалы, Айтылған сөз- атылған оқ. Оған сұрақ қандай сөз? қандай оқ? Түрінде қойылады. Есімшенің сөйлемдегі негізгі қимылды білдірмей, жанама қимылды білдіріп, анықтауыш қызметінде қолданылуы оның заттық белгісін білдіретін сөз табына, қызметі жағынан сын есімге ұқсататынын туғызған. Осы ерекшелік есімшенің сын есім сияқты заттанып қолданылуына негіз болған. Сондықтан есімшенің заттанып қолданылуы- тілдегі жиі кездесетін құбылыстардың бірі. Осымен байланысты есімше заттанғанда септік, көптік, тәуелдік жалғауларымен қолданыла береді. Мысалы, Алғанды ұнатасың, бергенде де солай қара. Көргендердіңді түгел айт. Білмегеніңді сұрауға ұялма. Ұялмаған бұйырмағанды алады. Осы мысалдардағы алғанды, білмегеніңді, бұйырмағанды деген есімшелер табыс септік жалғауында, бергенге- барыс септік жалғауында, ұялмаған- атау септігінде қолданылған. Бұл мысалдардағы көргендердіңді есімшесі көптік жалғауымен, көргендеріңді, білмегеніңді есімшелері тәуелдік жалғауларымен келген. Есімше түбір етістіктен төмендегі грамматикалық жұрнақтар арқылы жасалады:
1)-ған, -ген, -қан, -кен;
2)-атын, -етін, -йтын, -йтін;
3)-ар, -ер, -р;
4)-мақ, -мек, -бақ, -бек;
№4-Еліктеу сөздер.
(Н.Оралбаева «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»). Еліктеуіш сөздер- сөз табы ретінде кейінірек танылған сөз табы. Еліктеуіш сөздерді дербес сөз табы деп дәлелдеген- ғалым А.Ысқақов. 1950 жылдарға дейін еліктеуіш сөздер одағайға жатқызылып келген болатын. 1948 жылы А.Ысқақов «Еліктеу сөздер туралы» деген мақаласында еліктеуіш сөздерді жеке сөз табы деп кіргізді. 1954 жылы еліктеуіш сөздер алғаш ғылыми грамматикаға кірді.
Еліктеуіш сөздер деп өмірдегі заттардың бір-біріне соқтығысуынан шыққан, әр түрлі дыбыстарға еліктеуден немесе заттардың әр түрлі әрекеттерінің әр қилы көріністерінен пайда болатын сөздер аталады. Мысалы, гүрс, тарс, дүрс, сарт, сырт, кірт, тық-тық сияқты еліктеу сөздер заттардың бір-біріне соқтығуынан шыққан әр түрлі дыбыстарды білдіреді. Ал арс-арс, маңқ-маңқ, қарқ-қарқ, бырт-бырт адам, жан-жануарлар шығаратын дыбыстарға еліктеуден туған. Сондай-ақ жалт-жалт, қалт-құлт, одыраң-одыраң, қисаң-қисаң, көлбең-көлбең секілді еліктеу сөздері өмірдегі заттардың, құбылыстардың, адамдардың сыртқы көзге көрінетін әр түрлі бейнелерін суреттеп білдірген. Бұдан еліктеуіш сөздердің мағынасы басқа ешбір сөз табына ұқсамайтыны анықталды. Еліктеуіш сөздер затты, заттың сынын, санын, қимылын, қимылдың сынын білдіретін сөз таптарының ешқайсысына ұқсамайды, ол тек дыбысқа, бейнеге еліктеуден пайда болған сөздер. Бұл- еліктеуіш сөз табын таңдауда қызмет еткен мағыналық ұстаным.
Еліктеуіш сөздер- белгілі дыбыстық құрамнан тұратын, буын, дыбыс саны да белгілі сөздер. Атап айтқанда, еліктеуіш сөздер екі, үш, төрт дыбыстан, не бітеу бір буыннан тұратын сөздер: гу, ду, гүр, тыр, дір, тарс, сарт, қаңқ, саңқ, жылт, көлбең, жалбаң, дода, жалмаң, мылжа,т.б. Еліктеу сөздер ішкі мағыналық ерекшеліктеріне байланысты екі үлкен топқа бөлінеді: 1)еліктеу сөздер; 2)бейнелеуіш сөздер;
(Қазақ грамматикасы). Тілімізде семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматикалық сыр-сипаты жағынан да, фонетика-морфологиялық құрылымы жағынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұратын, соған сәйкес, өз алдына дербес сөз табы ретінде қаралатын бір алуан сөздер еліктеуіш сөздер (мимема) деп аталады.
Еліктеуіш сөздер семантикалық жағынан алғанда, әр түрлі әрекет қимылдарынан туатын, әрқилы дыбыстарға еліктеуден пайда болған түсініктерді білдірсе, екіншіден, сол табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың және неше түрлі жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаты мен қимыл-әрекеттерінің де қилы-қилы көріністерінен пайда болатын түсініктерді білдіреді. Еліктеу сөздердің бір тобы семантикалық мағыналары жағынан табиғатта ұшырасатын әр алуан дыбыстармен байланысты болса, екінші тобының семантикалық мағыналары сол табиғаттағы әрқилы табиғи көріністердің бейнелерімен байланысты. Осы себептен бұл сөздер іштей екі салаға бөлінеді: еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер.
Бұл сөздер семантикалық жағынан ғана емес, фонетика-грамматикалық сыр-сипаттары жақтарынан да (мысалы, буын құрылымы, морфологиялық тұлғалары, синтаксистік қызметтері) бір-бірімен ұқсас, орайлас болып келеді. Еліктеу сөздердің өзді-өздеріне тән жалқы ерекшеліктері тән жалқы ерекшеліктері мен барлығына да тән жалпы қасиеттері бар.
Еліктеуіш сөздер- өзіне тән лексика-семантикалық мағынасы, морфологиялық тұлға-тұрпаты бар, дара түрлеріне де, қосарланған түрлеріне де көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары тікелей жалғанбайтын, сөйлемде әрқашан сын-қимыл пысықтауыш болатын және бастапқы түбірлерінен жұрнақтар арқылы туынды есімдер және етістіктер жасалатын сөздер.
Бейнелеуіш сөздер табиғатта кездесетін белгілі елес, құбылыстарды көзбен көру қабілеті арқылы туатын түсініктердің аттарын білдіреді. Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктері. Еліктеу сөздердің дыбыстық ерекшелігін сөз еткенде, үш түрлі мәселе ескерілуі керек: 1)дыбыстық құрамы; 2)буын жігі; 3)айтылу ырғағы. Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамында, демек, олардың дыбыстарының тіркесуінде белгілі бір ізге түсіп қалыптасқан әрі орнықты, әрі жүйелі заң бар деуге болады. Еліктеуіш сөздер сыртқы морфологиялық құрылысына қарай, жалаң да, күрделі де болады. Жалаң еліктеу сөздер негізгі және туынды болып екі салаға бөлінеді. Негізгі еліктеуі сөздер деп айналадағы табиғат құбылыстарын құлақпен есту арқылы қабылданған дыбыстардан және көзбен көру арқылы қабылданған елес-көріністердің бейнелерінен пайда болған түсініктердің атаулары, демек, сол дыбыстар мен бейнелердің атаулары есебінде қызмет ететін түбір сөздерді атаймыз. Туынды еліктеу сөздер деп негізгі еліктеу сөздерден және басқа атауыш сөздерден де тиісті жұрнақтар арқылы жасалған еліктеу сөздерді атаймыз. Туынды еліктеуіш сөздержасайтын жұрнақтар:
1.-ың,-ің, -ң, -аң, -ең жұрнағы. Бұл жұрнақ арқылы туынды еліктеу сөздер жасауға мынадай формалар негіз болады:
а)Негізгі еліктеу сөздер (арсаң, ырсың, жалтаң, бортаң,т.б.);
ә)Кейбір атауыш сөздер (алаң, ағараң,былғаң,жыртың,т.б.);
б)Кейбір жеке-дара қолданылмайтын формалар (арбаң (арбай), қорбаң (қорби),ажыраң (ажырай), кірбең (кірби));
2.-лаң, -лең,-алаң,-елең жұрнақтары кейбір етістіктерге жалғанып, туынды еліктеу сөздер жасайды. Мысалы, бұр-алаң, иір-елең, соз-алаң,т.б.
Күрделі еліктеу сөздер деп жалаң еліктеу сөздердің я негізгі, я туынды формаларының не қайталануы, не қосарлануы арқылы жасалған түрлерін айтамыз.
Күрделі еліктеу сөздер компоненттерінің формаларына қарай оларды мынадай негізгі төрт топқа бөлуге болады:
1)арс-арс,борт-борт, быж-быж, жалт-жалт, лап-лап, тарп-тарп, күмп-күмп ,т.б.
2)арс-ұрс, баж-бұж, жарқ-жұрқ, шап-шұп;
3)арбаң-арбаң, алшаң-алшаң, бүрсең-бүрсең, жалтаң-жалтаң,т.б.
4) арбаң-ербең, арбаң-тарбаң, адыраң-едірең,т.б.
№5 билет-Осы шақ, түрлері, жасалуы
1.Етістік амал тәсілдерді білдіреді, ал амал-әрекеттердің жасалуы мезгілмен байланысты, өйткені амал әрекеттер белгілі бір мерзімде жасалады. Ал шақ категориясы қимылдың жасалу мезгілін білдіреді. Грамматикалық шақ үштік парадигмадан тұрады.
Осы шақ Өткен шақ Келер шақ
Осы шақ деп сөйлеуші хабарлап тұрған мезгілге жасалуы сай келетін етістік аталады. Мысалы: Ол қалада тұрады.Мен жазып отырмын. Ол бізге күнде келеді деген сөйлемдердің етістік баяндауыштары сөйлемдегі қимыл әрекеттің сөйлеуші хабарлап тұрған мезгілге қатысы бар қимыл әрекетті білдірген. Бірақ олар білдіретін қимыл әрекеттің сөйлеушінің хабарлап мезгіліне қатысында айырма бар,осымен байланысты осы шақтың екі түрі бар:
Нақ осы шақ
Ауыспалы осы шақ
Нақ осы шақ қимылдың сөйлеуші хабарлап жатқанда болып ,жасалып жатқанын білдіреді.Мысалы: Міне,біз екі шатқалдың арасында тұрмыз. Бүгінгі сөзіңізге таң қалып отырмын. Нақ осы шақ хабарлайтын қимыл сөйлеуші хабарлаған кезге қатысты болғанмен, оның ішінде ұзаққа созылатын қимыл да болады, сондықтан ол басқа кезеңге де қатысты бола алады. партизандар ішінде жүр,оқып жатыр деген нақ осы шақтағы етістіктер мен екі шатқалдың арасында тұрмыз деген нақ осы шақтағы етістіктердің арасында айырмашылық бар. Алғашқы 2 етістік қимылдың ұзаққа созылғанын білдіреді, сонд.ол сөйлеуші сөйлеп тұрған уақыттан басқа уақытты да қамтиды. Ал үшінші мысалдағы қимыл сөйлеуші хабарлған кезге ғана қатысты.Бұл нақ осы шақтың мағыналық ерекшеліктері.
Нақ осы шақтың жасалуы:
Н.О.С. аналитикалық форманттар арқылы жасалады:
1. - ып отыр: оқып отыр,көріп отыр, тыңдап отыр
2. –ып тұр: көріп тұр, оқып тұр,айтып тұр
3. –п жүр: келіп жүр, сынап жүр, біліп жүр
4. –п жатыр: оқып жатыр, өсіріп жатыр, қайтарып жатыр
. Жіктік жалғауы бұл 4 формантқа тікелей жалғануы міндетті, нақ осы шақта жіктік жалғаудың толық түрі келеді.
Отыр,тұр,жүр етістіктерінің түбірінде нақ осы шақ мағынасы болғандықтан , олар сен тұрсың, мен отырмын деген сияқты қолданыста осы шақ мағынасын береді.
Тілдің кейінгі даму сатынсында Отыр,тұр,жүр жатыр нақ осы шақтың көрсеткішіне айналып, -п отыр,-п тұр,-п жүр,-п жатыр аналитикалық форманттары қалыптасқан.
Бұл форманттар қимылдың нақ осы шақта даму үстінде екенін білдіретін -п бара жатыр,-п келе жатыр деген күрделенген аналитикалық орманттар қосылған. п отыр,-п тұр,-п жүр,-п жатыр форманттарының нақ осы шақ мағынасында айырма жоқ, бірақ мағыасында іштей реңк бар. Бұл форманттар нақ осы шақ мағынасаһымен бірге қимылды субъектінің қандай қалыпта жасағанын білдіреді. Демек нақ осы шақ тың форманттарныың мағынасы күрделі деп тану керек.
Нақ осы шақтың болымсыз мағынасының жасалуы:
–ма,-ме болымсыз жұрнағы арқылы
Жоқ көмекші сөзінің тіркесуі арқылы
Дара нақ осы шақтың отыр, тұр,жатыр,жүр етістіктеріне –ған,-ген,қан,-кен жұрнағы жалғанып, оған жоқ көмекшісі тіркесіп, жіктік жалғауы жоқ көмекшісіне жалғану арқылы жасалады. Тек жатыр етістігі жат түбіріне -қан жұрнағын қабылдап, жоқ көмекшісімен тіркесед
Ауыспалы осы шақтың мағынасы кең, ол сөйлеуші хабарлаған кездегі қимылды да,үнемі істелетін қимылды да, адамзатқа, ғаламзатқа тән табиғи қимыл әрекетті де білдіреді.
АОШ жасалу жолы : түбір етістікке –а,-е,-й жұрнағы жалғанып, одан соң жіктік жалғауы жалғануы арқылы жасалады. Күнде кел/е/сің.Күн жылынып кел/е/ді.Адам ойла/й/ды.
АОШ етістік болымды-болымсыз түрде қолданылады.Болымсыз мағынасы нөлдік жұрнақ арқылы жасалады. Мысалы Күн күркіре/й/ді.
АОШ-тың болымсыз түрі –ма,ме, -ба,-бе –па,-пе жұрнағы арқылы жасалады.Болымсыздық жұрнақ ауыспалы осы шақта түбір етістікке жалғанып, шақ жұрнағының алдында тұрады.Мысалы.Ит күл/ме/й/ді, ағаш сөйле/ме/й/ді.
АОШ-тың жақ мағынасы жіктік жалғаудың толық түрі арұылы беріледі, онда жалғау барлық жақта бар.
Жекеше түр
Мен жазамын, күлемін,сөйлеймін.
Сен жазасың,күлесің,сөйлейсің.
Сіз жазасыз, күлесіз, сөйлейсіз
Ол жазады күледі,сөйлейді.
Ал ғалым Ахмеди Ысқақов осы шақ категориясын жалпы осы шақ, нақ осы шақ және неғайбыл осы шақ деп үшке бөледі.
Ол жалпы осы шақты ауыспалы осы шақ формасы деп атап, Н.Оралбай бөлінісіндегі ауыспалы осы шақтың жасалу жолымен сәйкестендіреді.
Ал нақ осы шақты жалпы осы шақтан айырмашылығы ғалым мынада деп көрсетеді: мен келемін деген келу процесі тек жалпы аталғаны аңғарылс, мен келіп тұрмын дегенде ситуация нақтыланып аталып тұр дейді. Күй жай етістіктерінің қатысатын тіркестердің бірі нақ осы шақ қызметін атқара бермейді сондықтан жатыр, жүр, отыр,тұр етістіктері басқа дәнекерлерсіз тек жіктеліп тұрғанда ғана нақ осы шақ мағынасын береді .
Неғайбыл осы шақ.
Бұл түрі 2 түрлі аналитикалық формант арқылы жасалады.
–ғалы, -гелі+ жатыр, жүр, отыр, тұр етістіктері тіркеседі+жіктік жалғауы.Мысалы: Барғалы жатырмын, келгелі жатыр
–йын деп+ жатыр, жүр, отыр, тұр+жіктік жалғауы тікелей қосылады
Мысалы: барайын деп отырмын, жүрейін деп жатырмын
№6-Сын есім ,мағыналық топтары
Қазақ тілін зерттеуші ғалымдар А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбановтан бастап, тіл білімімен айналысқан ғалымдардың бәрі дерлік әр түрлі дәрежеде сын есімдердің мағынасын, басқа сөз табына жасалуы, сапалық және қатыстық сыны туралы сөз қозғаған.
Қ.Жұбановтың 1936 ж жарыққа шыққан «Қазақ тілінің грамматикасы» морфологияға арналған, онда сөздің жалпы құрылысы әңгіме болады. Сөз тұлға, түп мүше, жамау мүше, түбір, туынды негіз қосымша терминдеріне ғылыми негіздейді. «-қы, -кі, -ғы, -гі» үстеуін ертетін күн, жаз, жыл, мезгіл – мекен есімдеріне жалғанса, сын есімденеді. Автор сөздің сыртқы мен ішкі мазмұнына терең мән беріп, сыртқы тұлғасының өзгеруі ішкі мағынасының да өзгеруіне әкелетінін түсіндіреді.
Профессор С.Аманжолов сын есімді мағынасына қарай екіге бөледі: белгі сыны (көк, күрең, жаман, кіші) және қатыстық сын (кешегі, блалы). Қатыстық сыны жұрнақтар арқылы басқа сөз таптарынан жасалады. Зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар: -лы, -лі, -ды, -ді, -сыз, -сіз, -шыл, -шіл. Сын есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар: -шыл, -шіл (ақшыл, көкшіл).
Профессор Н.Сауранбаев сын есімді өнер сыны, сыр сыны, қатыстық сыны, салыстырмалы сыны деп төрке бөлген. Сыр сыныа түбір сөздерді жатқызады, қатыстық снына заттың текін, мекендік – мезгілдік белгісін, өзгешелік, ерекшелік қасиетін білдіретін туынды сын есімді, ал өнер сынына –ғыш, -шыл, -паз жұрнақтары арқылы жасалған сындарды салыстырмалы сынына –дай, -дей, -тай, тей қосымшаларфы арқылы жасалған туынды сын есімдерді топтастырады
А.Ысқақов Сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық сын және қатыстықсын деп бөлінеді.
Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, сұр т. б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.
Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз.
Осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Балалы үй базар, баласыз үй мазар(мақал); Өткір пышақ қол кесер (мақал); Бұл - жазғы жайлы қоныс
Олардың нақтылы мағынасы олардың жасалуына негіз болған сөздің мағынасына байланысты. Н.Оралбай да сын есімдерді семантикасына қарай сапалық және қатыстық деп екі түрін атап көрсетеді.
Сапалық сындар тілдің қазіргі даму сатысы бойынша танылған сөздер. Олардың құрамында туынды сын есімдер де бар,мысалы: ұзын-ұза, қызыл-қызғылт, ары-арық, үлкен-үлкей тб.
Сапалық сын есімдер антонимдік қатар құрай алады. Мысалы: жеңіл-ауыр,жақсы-жаман, биік-аласа, ақ-қара т.б.
Сапалық сын есімдерге синонимдік қасиет тән.Мысалы: жақсы-тәуір-оңды-керім,аласа-тапал-қысқа-тәпелтек т.б.
Сапалық сындар бір морфемалы негізгі түбір болғандықтан, олардың туынды түбір жасау қабілеті күшті.Сапалық сындардың уәждемелік қызметі арқылы олардан көбіне туынды зат есім, туынды етістіктер жасалады. Жақсы-жақсылық, жылдам-жылдамдық, ақ-ақта, көк-көкте т.б.
Қатыстық сындар тек туынды сын есім сөздерден тұрады. Қатыстық сын есімдер басқа сөз таптарын сындық белгіні білдіруге қатыстырады деп саналып, оларды қатыстық сын деп атаған,Сапа жағынан қатыстық сын есімдер сапалық есімдерден әлдеқайда көп, өйткені олар тілге әр кезде жиі қосылып, тілдің сөздік қорын белсенді толықтыру нәтижесінде өсіп отырған.
Қатыстық сындар барлық сын есімдер сияқты зат есімің алдынан ешбір қосымшасыз тіркесіп, зат есіммен орын арқылы байланысып, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады.Қатыстық сын есімнің мағынасы оның уәждемесіне байланысты,олардың ең басты мағыналары:
Белгінің кімге қатысын білдіру: әкелік ақыл, аналық сезім
Белгінің жан жануарға қатысы: жылқылы бай, қойлы ауыл
Белгінің жансыз затқа қатысы: өзенді жер,нулы орман
Деретің ұғымға қатысын білдіру:ғылыми еңбек, тарихи уақыға, философиялық ой
Белгінің мезгілге қатысы: жазғыкүн, күзгі суық
Белгінің мекенге қатысы: қалалық адам, ауылдық жігіт
Белгінің қимылға қатысын білдіру: білгіш адам, дайындық жұмыс, өлермен адам т.б.
№7-Өткен шақ,түрлері,жасалуы.
А.Ысқақ. «Қазақ тілінің морфологиясы» Өткен шақ деп сөйлеу кезінен бұрын болған қимыл аталады. Мыс: Ол кеше келдң.Ахмет бұрын күнде кедетін. Сен бұрын келген едің.
Осы мысалдардағы етістіктердің бәрі де сқйлеуші хабарлаған кезден бұрын болған қимылды білдіреді. Бірақы олардың мағыналарының арасында айырма бар анқталып тұрады. Түрлері: