Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ООП теория(1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
607.2 Кб
Скачать

34. Database Daesktop көмегімен деректер қорын құрастыру. Кестенің қасиеттерін сипаттау.

БҚ, кестесі C++ Builder құрамына енгізілген Database Desktop (Берілгендер қоры жұмыс столы) қосымша програмасы арқылы құралады. Ол мына амалдар арқылы жасалады:

    1. Tool - DatabaseDesktop(Сервис-БҚ жұмыс столы / қабықшасы) командасын беру. Қабықша программасы көрінеді.

    2. Терезеден File — New - Table(Файл — Жаңа - Кесте) командасын беру. CreateTable(Кесте құру) сұхбаттық терезесі шығады. Онда ашылатын тізімнен қажетті кесте форматында таңдалып (Paradox). Алғашқы рет Paradox_7 форматы іске қосылып, терезе өрісінде осы атау көрінеді.

  1. Paradox_7 форматымен таңдап, Okтүймесін шерту (онда пайдалануға болатынын өріс типтерін жеткілікті). Бірінші бағанында автоматты түрде өрістің нөмірі жазылып қойылған кесте өрісі атауын сипаттау терезесі көрінеді.

  1. Екінші бағаннан бастап ретімен өріске берілетін атауды (FieldName), өріс типін (Type), өлшемін (Size) енгізу (өлшем өріс симвоолдық типті болса ғана енгізіледі). Өрісіті кілттік ету қажет болса, оны бесінші бағанды (Key) көрсетілуі тиіс. Ол "*" символы арқылы белгіленеді (жалпы, кілт Delphi-де және MSAccessсияқты арнайы БҚБЖ-лерінде кеңінен пайдаланылады).

Validity Checks – кестенің мәндерінің дұрыстығына жауап береді.

Table Lookup – кестені көреміз. Бұл бөлім арқылы қандайда бір өрістерді бір бірімен байланыстыруға болады.

Secondary Indexes – екінші индекс. Бұл бөлім жұмыс барысына қажетті екінші индекс құруға мүмкіндік береді.Ол сортировка үшін қажет. Мысалы:

Index options (радиокнопка панелі)

Индекс аты

Өріс

сипаттамасы

Fio

Nam, Fam, Par

Алфпвит бойынша реттейді

Depfio

Dep, Fam, Nam, Par

Мағынасы бойынша реттейді

Year

Year_b

Жылы бойынша реттейді

Unique - егер адамдардың аты жөндері бірдей сәйкес келетін болса, таңдауға мүмкіндік бермейді, индекс қойылмайды.

Descending – кему ретімен шыгарып береді.

Case Sensitive – енгізілген символдар регисторда ескеріледі.

Maintained – әрбір өзгерістер енгізілгенде, ол жаңарып отырады.

Password Security – кіру паролі. Кестену жасаганда құпия сөз жасырамыз. Paradox программасы кестенің өзіне және кестенің ішіндегі өрістерге пароль қоюға мүмкіндік береді. Ішкі өрісіндегі және кестедегі парроль бір бірімен байланысты емес.

Referential Integrity – ссылка деңгейіндегі бірігейлік. Бұл әдіс әр түрлі кестелер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

35. Database Daesktop көмегімен кестені толтыру және құрылымын өзгерту. Database Daesktop-да құрылған деректер қорының псевдонимдерін құрастыру және көру.

Псевдонимді қарау , құрастыру және редактілеу үшін 3 түрлі программаның көмегімен 3 альтернативтік жолы бар. Database Desktop BDE Administrator және Database Explorer.Соның ішіндегі Database Desktop-тағы түрін қарастырайық.

Жаңа псевдоним құрастырудың алдында,BDF-де автоматты түрде құрылатын 2 псевдонимді еске түсірейік. Бұл псевдонимдер екі катологке жатады; жұмыстық және жеке.

Жұмыстық католог барлық қолданушылардың бірге жұмыс атқаруы үшін пайдаланылады.

Database Desktop оны орнатылған кезде мына жол арқылы өзінің жұмыстық катологінде құрастырады.

…/Program Files / Common Files / Borland Shared/ Database Desktop/ Workdir. Ол Work деген псевдонимге ие. Жұмыстық каталог осы Database Desktop көмегімен өзгертуге болады, ол үшін мына командаларды орындау керек. File/ Working Directory. Екіншісі (Private) жеке мына жол арқылы құртады. File/ Private Directory. Енді деректори қорының жаңа псевдонимін құрылуын қарастырайық. Псевдонимнің екі түрі құрыла алады.Ашық кез келген каталогдың жұмысында қол жетімді болады және проекттің псевдонимі, нақты жұмыстық каталогте жұмыс кезінде ғана қолжетімді болады. Ашық псевдонимдер мына каталогте сақталады. …/ Borland/ Borland Shared/ BDE IPAPI32.CFG файлында. Олар кез келген жұмыс каталогінде қолжетімді болады. Псевдонимдерді Database Desktop-та қарауға және құруға болады. Ол үшін мына командаларды орындау қажет. Tools/ Alias Manager.Терезенің жоғарға бөлігінде Public Alias индикаторы псевдонимнің қандай түрі құрылатынын көрсетеді. Төменгі жағдайда орналасқан Database Alias онда сіз кез келген алдын ала дайындаған псевдонимді таңдай аласыз. Егер Shaw Public Aliases only батырмасын таңдайсыз, онда тізімде тек ашық псевдонимдер көрінеді, ал егер Shaw Project Aliases only батырмасын таңдасаңыз, онда тек жоба псевдонимі көрінеді. Shaw All Aliases батырмасы екуінде көрсетеді.