
1-есеп
Өткізу бөлімінің 10 жұмысшысына кесімді-үдемелі еңбекақының түрі бекітілді.Өткізілген 100 тауардың әрбір бірлігіне 1000 теңгеден және 100 тауар бірлігінен артық өндірген әрбір жұмысшыға әрбі артық өндірген тауары үшін 200 тг қосымша еңбекақы есептелді. Өткізу бөлімінің 5 жұмысшысы ағымдағы айда әрқайсысы 230 тауар бірлігін, 3 жұмысшының әрқайсысы 190 тауар бірлігін, 2 жұмысшының әрқайсысы 160 тауар бірлігін өткізді. Жалпы еңбекақы қорын есептеңіз және шоттар корреспонденциясын құрыңыз.
Жауабы:
S1=(1000+(230-100)*200)*5=27 000*5=135 000
S2=(1000+(190-100)*200)*3=19 000*3=57 000
S3=(1000+(160-100)*200)*2=13 000*2=26 000
S=S1+S2+S3=135 000+57 000+26 000=218 000
Дебет – әкімшілік шығын
Кредит – жеке тұлға.
2-есеп
Фотоательеде әрбір шығарылған фото үшін 25 теңге баға белгіленген. Бір айдағы орындалған жұмыс көлемі 1400 фотосуреттерді құрады. Жұмысшы жұмыс уақытын толық өтеді. Ескертулерсіз орындалған жұмысқа 70% мөлшерінде сыйақы тағайындалған. Жұмысшының еңбекақысын есептеп, жалақыдан ұсталынатын табыс салығы мен зейнетақы жарнасын ұстау керек. Алынуға тиіс соманы есептеңіз шоттар корреспонденциясымен құрыңыз.
Жауабы:
1) 1 400*25=35 000
2) 35 000+35 000*0,7=59 500
Зейін ақы қорына аудару
3) (59500*10)/100=5950
59 500-5950=53550
4) табыс салығы = (53550-17500)*0,1=3605
5) жалақысы =53550-3605=49945
Шоттар корреспонденциясы:
Дебет Кредит
Әкім шығын-7210 1251
3-есеп
3 адамнан тұратын бригада автокөліктерді жөндеумен айналысады. Кесімді жұмыс үшін жалақы көлемі 150000 тг құрайды, жұмысшы-слесарлердің автокөліктерді жөндеу бойынша кеткен уақыты: Ергалиев Д.Ж. – 160 сағат, Дагилев С.Т. – 210 сағат, Қалдыбаев Н.А. – 180 сағат. Бригада жұмысшыларының еңбекақы сомасын есептеңіз және шоттар корреспонденциясын құрыңыз.
Жауабы:
S1=150 000*160/550= 43 636
S2=150 000*210/550= 57 272
S3=150 000*180/550= 49 090
Sж.с = =S1+S2+S3=43 636+57 272+49 090= 149998
Шоттар корреспонденциясы:
Дебет Кредит
Әкім шығын-7210 1251
4-есеп
Ғимарат 10000, Шикізаттар мен материалдар 10000, Резервтік капитал 50000, Жер салығы бойынша қарыз 15000, Көлік құралдары 26000, 1с Бухгалтерия 10000, Жұмысшылардың аяқ киімдері 5000, Есеп айырысу шотындағы ақша қаржылары 5000, Жабдықтаушылардың қарызы 25000, Дивиденттерді төлеу 5000, Жабылмаған зиян 35000, Өндірістік үлгілер 30000, Жұмысшы Аслановтың қарызы 20000, Банк несиелері 70000, Жер 84000. Құрамы мен орналасуы бойынша; пайда болу көздері бойынша шаруашылық құралдарының шығын баптарын жіктеу қажет.
Жауабы:
Шаруаш. опер |
Сомасы |
Шаруаш. опер |
Сомасы |
Шикізат пен мат |
10 000 |
Капитал |
50 000 |
Жер салығы б/ша қарыз |
15 000 |
Жер |
84 000 |
1С бух |
10 000 |
Көлік құр |
26 000 |
Жұм аяқ киімдері |
5 000 |
ғимарат |
10 000 |
Е.а шот ақша |
5 000 |
Өндірістік үлгілер |
30 000 |
Жабд. қарызы |
25 000 |
|
200 000 |
Дивид төлеу |
5000 |
|
|
Жабылмаған зиян |
35 000 |
Капитал +жылжымайтын мүлік |
|
Жұмысшы қарызы |
20 000 |
|
|
Банк несиелері |
70 000 |
|
|
айналымдар 200 000 ақша қаражаттар
5-есеп
Жұмысшы 17 шілде 2012ж. жұмысшы жыл сайынғы еңбек демалысына кетеді. Күнтізбелік күндер ұзақтығы 24 күн. Есеп айырысу кезеңі-17 шілде 2011ж -17 шілде 2012ж –жұмыс уақыты толық орындалған. Осы кезеңде оған 350000 тг еңбекақы тағайындалған. Жұмысшының демалыс ақысын есептеңіз.