- •1.Экология ғылымының даму тарихы.
- •2.Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология.
- •3.Экология пәнінің мазмұны және міндеті.
- •4. Экологиялық факторлардың түрлері.
- •5.Экологиялық факторлардың әсер етушнің кейбір заңдылықтары(оптиум ережесі,Шелфорд ережесі,Либих заңы)
- •6)Организмдердің толеранттылыққа байланысты топтары.
- •7)Организмдердің қоректенуі бойынша экологиялық классификациясы.
- •8)Тіршілік ортасы,түрлері және фотопериодизм.
- •9)Организмдердің жарыққа байланысты экологиялық топтары.
- •10)Организмдердің температураға байланысты экологиялық топтары және анабиоз.
- •11.Организмдердің ылғалға байланысты экологиялық топтары.
- •12.Топырақ қабаттары және топырақ организмдері.
- •13.Оргонизмдердің биологиялық ырғақтары.
- •14.Популяция туралы түсінік және популяция құрылымдары.
- •15.Популяцияның этологиялық құрылымы.
- •16)Популяцияның динамикалық көрсеткіштері және гомеостазы.
- •17)Синэкология және оның құрамдас бөліктері.
- •19)Биоценоздағы организмдердің қарым қатынастары(в.Н.Беклемишев бойынша).
- •20)Биотикалық қарым қатынастар типтері.
- •21.Биоценоздағы бір-біріне пайдалы қатынастар түрлері.
- •24.Экологиялық қуыс.Гаузе принципі.
- •25.Экологиялық сукцессия,түрлері.
- •26.Биогеоценоз және биотоп(экотоп) ұғымдары.
- •27.Экожүйе,биогеоценоз және экожүйе типтері.
- •28.Экологиялық пирамида.(Элтон пирамидасы)
- •29.В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі,биосфера компоненттері.
- •30.Биосфера эволюциясы.
- •31.Биологиялық және геологиялық айналымдар.
- •40)Табиғи ресурстар және олардың түрлері.
- •42)Ластану және ластаушылар түрлері.
- •43)Ксенобиотиктер,поллютанттар.Пестицидтер және олардың түрлері.
- •45. Өнеркәсіптік ластану.
- •46. Топырақ ластаушылары және топырақ ластануын болдырмау шаралары.
- •47. Ғаламдық экологиялық проблемалар және олардың түлері.
- •48. 1992 Жылғы Рио де Жанейро қаласындағы «Қоршаған орта және дамуы» конференцясы.
- •50. Озон қабаты және парникті эффект.
- •51. Әлемдік мұхит проблемалары және ормандардың азаюы.
- •52. Су тапшылығы және биоалуантүрліліктің азаюы проблемасы.
- •53. Қазақстандағы (Ұлттық) экологиялық проблемалар.
- •54.Қоршаған ортаның өнеркәсіптік және тұрмыстық ластануы
- •56. Қала экологиясы. Aвтокөліктен бөлінетін заттар.
- •57 Қазақстанның ерекше қорғауға алынған аумақтары.
- •58 Қызыл кітап және оның биоалуантүрлілікті сақтаудағы маңызы.
- •59.Экологиялық қүқық нормалары және жауапкершілік
- •1.Экология ғылымының даму тарихы.
16)Популяцияның динамикалық көрсеткіштері және гомеостазы.
Популяция динамикасы популяциядағы особьтардың сандық мөлшерін және оларды реттеудің механизмдерін зерттейтін популяциялық экологияның бөлігі.Популяция динамикасының негізгі белгілеріне жататындар: популяцияның сандық мөлшері белгілі бір аумақтағы немесе көлемдегі особьтардың жалпы саны; популяция тығыздығы белгілі бір жер аумағындағы немесе көлемдегі особьтардың орташа саны;популяциядағы туылу саны белгілі бір уақыт ішінде көбею нәтижесінде популяцияда пайда болған жаңа особьтар саны;популяциядағы өлу саны белгілі бір кезеңдегі популяциядағы өлген особьтар саны;популяция өсімі популяциядағы особьтардың туылуы мен өлуі арасындағы сандық айырмашылық; өсу қарқыны белгілі бір уақыт ішіндегі популяциядағы орташа өсм.Популяцияның сандық мөлшері мен тығыздығы популяцияның сандық сипаттамасын көрсететін негізгі көрсеткіштер.Әрбір популяциға биотикалық потенциал тән,яғни, белгілі бір уақыт аралығында популяциядағы особьтардың сандық мөлшерінің көбеюіне қабілеттілігі.Популяциялардың ішкі тұрақтылығын өз механизмдері арқылы реттеуін гомеостаз деп атайды.әрбір жүйенің тіршілік етуі оның құрамы мен құрылымы,ішкі байланыстары және уақыт пен кеңістіктегі өзгерісі өзін өзі реттеу арқылы жүзеге асып отырады.өзін өзі реттеу организмдердің үнемі өзгеріп отыратын орта жағдайларында тіршіліктерін сақтап қалу үшін бейімделуі ,ыңғайлануы.популяцияның өзін өзі реттеуі табиғатта тең екі күш арқылы жүзеге асып отырады.Бір жағынан,бұл популяция санының өсуіне алып келетінбарлық факторлардың жиынтығын құрайтын биотикалық потенциал,ал екінші жағынан популяция санын азайтатын факторлар жиынтығы.гомеостаздың түраралық механизміне жыртқыш жемтік,иесі паразит,бәсекелестік қарым қатынастары жатады.
17)Синэкология және оның құрамдас бөліктері.
Табиғатта әр түрге жататын популяциялар бірігіп,қауымдастық немесе биоценоз түзеді.Биоценоз(грекше bios өмір,koinos жалпы,ортақ) бірдей орта жағдайларында бірге тіршілік ететін өсімдіктер,жануарлар және микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы.Биоценоз ұғымын қолдануды 1877жылы неміс зоологы Карлс Мебиус ұсынды.Биоценоз тірі организмдердің жай жиынтығы емес,ретті,бір бірімен байланысқан фитоценоздан(өсімдіктер жиынтығы),зооценоздан(жануарлар жиынтығы),микоценоздан(саңырауқұлақтар жиынтығы) және микробоценоздан(микроорганизмдер жиынтығы) тұратын жүйе.ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз не одан тыс өздігінен дами алмайды.Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өзара қалыптасқан,тірі және өлі бөіктерінің жиынтығынан тұратын кешендер түзіледі.біртекті жағдайлармен сипатталатын,организмдердің белгілі бір бірлестіктерімен қоныстанған кеңістік биотоп деп аталады.егер биотопты биоценоз тіршілік ететін орын ретінде қарастырсақ,онда биоценозды белгілі бір нақты биотопқа тән,тарихи қалыптасқан организмдер кешені деп қарауға болады.Биоценоз құрылымы көпқырлы,соған байланысты оны зерттеу кезінде әртүрлі аспектілерін бөліп қарайды.
18)Биоценоздың кеңістіктегі құрылымы.Доминант және эдификатор түрлер.
Биоценоздың кеңістіктегі құрылымы ондағы өсімдіктер жамылғысымен өсімдіктердің жер асты және жер үсті мүшелері салмақтарының бөлінуі бойынша анықталады.Биоценоздарға организмдер алғаш қоныстанғаннан бастап көптеген экологиялық факторларға байланысты орналасады.Организмдер жердің рельефіне қарай горизонтальды немесе вертикальды бағытта орналасуы мүмкін.ол үшін әрбір жеке түр бір біріне кедергі келтірмеуі тиіс.соның биоценоздағы бір көрінісі ярустылық.Ярустылық биоценоздардың биіктігі бойынша жіктелуі.саны жағынан көп түрлер доминантты болып есептеледі.мысалы,біздің шыршалы ормандарда шырша доминант,сол сияқты шөптесін өсімдіктер жамылғысының өз доминант түрлері,құстар мен кемірушілер арасында да өз доминанттары болады.қауымдастықта доминанттар «түрлік негізін» құрайды.алайда барлық доминант түрлербиоценозға әсер ете бермейді.осы түрлердің ішінде тіршілігі барысында қауымдастыұ үшін негізінен орта құрайтын,ол болмаса басқа түрлердің тіршілік етуі қиын болатын түрлер болады.Мұндай түрлерді эдификатор деп атайды.Биоценоздан эдификатор түр алынса ортаның физикалық өзгеруіне,бірінші кезекте биотоптың микроклиматына әсер етіледі.Құрлықтағы биоценоздардың негізгі эдификаторлары болып:шыршалы ормандарда шырша,қарағайлы ормандарда қарағай болып табылады.кей жағдайларда жануарлар да эдификаторлар болуы мүмкін.
