Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologiya_shpor_09_11-bet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
100.21 Кб
Скачать

14.Популяция туралы түсінік және популяция құрылымдары.

Популяция-тіршілік циклдары,морфологиялық белгілері ұқсас,генефондары ортақ особьтар жиынтығы.Популяция ұғымы латынша populus-халық деген мағынаны білдіреді.Бұл терминді алғаш рет дат генетигі И.Л.Иогансен қолданды.Популяцияда түраралық қарым-қатынастардың барлық формалары кездеседі.Алайда популяцияда көбіне бәсекелестік және мутуалистік байланыстар қатты байқалады.Популяциядағы өзіндік түріші қарым-қатынастары-бұл ұрпақ әкелуге қатысты байланыстар;әртүрлі жынысқа жататын особьтар арасындағы және ата-аналары мен ұрпақтары арасындағы байланыстар.Популяциялар құрылымы –бір жағынан түрдің биологиялық қасиеттеріне негізделіп,екінші жағынан-ортаның абиотикалық факторлары мен басқа түрлердің популяциялары әсерінен қалыптасып құрылады.Популяцияның кеңістіктегі құрылымы-популяция особьтарының кеңістікте орналасу ерекшеліктері.Ол тіршілік ортасының және түрдің биологиялық ерекшелігіне байланысты.Жылдың маусымы,популяцияның сандық мөлшері уақыт бойынша өзгеруі мүмкін.Сондықтан популяция кеңістікте бірқалыпты,кездейсоқ,топтанып орналасады.Популяцияның жыныстық құрылымы-особьтардың жыныстары бойынша ара қатынасы.Популяциядағы жыныстардың ара қатынасы генетикалық заңдар бойынша анықталады және оларға орта әсер етеді.Популяцияның генетикалық құрылымы-особьтардың әртүрлі дәрежедегі генетикалық әр түрлілігімен сипатталады.Популяция особьтарындағы гендердің жиынтығын генефонд деп,ал бір организмнің хромосомасындағы бүкіл гендердің жиынтығы генотип деп атайды.Генетика тұрғысынан,популяция-генотиптер жиынтығы.Популяцияның жастық құрылымы-особьтардың барлық жас топтарын,оның ішінде организмнің барлық даму стадиялары мен фазаларын қамтиды.Жануарлар популяциясында 3 экологиялық жасты бөледі:репродуктив алды,репродуктивті және репродуктив соңы.Өсімдіктердің тіршілік циклын 4 кезеңге біріккен 11 жастық күйге бөледі.Особьтың жастық күйі-ортамен белгілі бір қарым-қатынаста болатын онтогенездегі этаптары.

15.Популяцияның этологиялық құрылымы.

Жануарлар мінез-құлқы ерекшеліктерін этология ғылымы зерттейді,яғни,бір популяциядағы особьтардың бір-бірімен қарым-қатынасын популяцияның этологиялық немесе мінез-құлық құрылымы деп атайды.Популяциядағы мінез-құлық түрдің қалай:жеке тіршілік ете ме,әлде топтанып тіршілік ете ме-соған байланысты.Жеке тіршілік ету көптеген түрлерде,бірақ тіршілік циклының кейбір стадияларында ғана кездеседі.”Жеке тіршілік ету көптеген түрлерге тән.Мысалы:сегізаяқ,қант қыз.Түрдің өмір бойы жеке тіршілік етуі табиғатта кездеспейді.Семьялық тіршілік етуде ата-аналары мен ұрпақтары арасындағы байланыстар күшті болады.Жануарлардың мұнан да үлкен бірлесіп тіршілік етуі-колониялар,үйірлер,табындар.Олардың негізінде популяциядағы байланыстардың күрделене түсуі жатыр.Колония-жануарлардың бір жерде топтасып тіршілік етуі.Үйір-жануардың уақытша бірігіп тіршілігін жеңілдетуі.Қимыл қозғалыстарын үйлестіру бойынша үйірлер екі топқа бөлінеді:1.Эквипотенциалды,яғни,үйір мүшелерінде айқын доминаттар болмайды.2.Көсемдер бар үйірлер.Табын-үйірлерге қарағанда бір шама ұзақ,тұрақты тіршілік етеді.Топ эффекті-бірге тіршілік ету барысында особьтардың физиологиялық процестердің қалыпты жүріп,өміршеңдігінің артуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]