- •1.Экология ғылымының даму тарихы.
- •2.Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология.
- •3.Экология пәнінің мазмұны және міндеті.
- •4. Экологиялық факторлардың түрлері.
- •5.Экологиялық факторлардың әсер етушнің кейбір заңдылықтары(оптиум ережесі,Шелфорд ережесі,Либих заңы)
- •6)Организмдердің толеранттылыққа байланысты топтары.
- •7)Организмдердің қоректенуі бойынша экологиялық классификациясы.
- •8)Тіршілік ортасы,түрлері және фотопериодизм.
- •9)Организмдердің жарыққа байланысты экологиялық топтары.
- •10)Организмдердің температураға байланысты экологиялық топтары және анабиоз.
- •11.Организмдердің ылғалға байланысты экологиялық топтары.
- •12.Топырақ қабаттары және топырақ организмдері.
- •13.Оргонизмдердің биологиялық ырғақтары.
- •14.Популяция туралы түсінік және популяция құрылымдары.
- •15.Популяцияның этологиялық құрылымы.
- •16)Популяцияның динамикалық көрсеткіштері және гомеостазы.
- •17)Синэкология және оның құрамдас бөліктері.
- •19)Биоценоздағы организмдердің қарым қатынастары(в.Н.Беклемишев бойынша).
- •20)Биотикалық қарым қатынастар типтері.
- •21.Биоценоздағы бір-біріне пайдалы қатынастар түрлері.
- •24.Экологиялық қуыс.Гаузе принципі.
- •25.Экологиялық сукцессия,түрлері.
- •26.Биогеоценоз және биотоп(экотоп) ұғымдары.
- •27.Экожүйе,биогеоценоз және экожүйе типтері.
- •28.Экологиялық пирамида.(Элтон пирамидасы)
- •29.В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі,биосфера компоненттері.
- •30.Биосфера эволюциясы.
- •31.Биологиялық және геологиялық айналымдар.
- •40)Табиғи ресурстар және олардың түрлері.
- •42)Ластану және ластаушылар түрлері.
- •43)Ксенобиотиктер,поллютанттар.Пестицидтер және олардың түрлері.
- •45. Өнеркәсіптік ластану.
- •46. Топырақ ластаушылары және топырақ ластануын болдырмау шаралары.
- •47. Ғаламдық экологиялық проблемалар және олардың түлері.
- •48. 1992 Жылғы Рио де Жанейро қаласындағы «Қоршаған орта және дамуы» конференцясы.
- •50. Озон қабаты және парникті эффект.
- •51. Әлемдік мұхит проблемалары және ормандардың азаюы.
- •52. Су тапшылығы және биоалуантүрліліктің азаюы проблемасы.
- •53. Қазақстандағы (Ұлттық) экологиялық проблемалар.
- •54.Қоршаған ортаның өнеркәсіптік және тұрмыстық ластануы
- •56. Қала экологиясы. Aвтокөліктен бөлінетін заттар.
- •57 Қазақстанның ерекше қорғауға алынған аумақтары.
- •58 Қызыл кітап және оның биоалуантүрлілікті сақтаудағы маңызы.
- •59.Экологиялық қүқық нормалары және жауапкершілік
- •1.Экология ғылымының даму тарихы.
12.Топырақ қабаттары және топырақ организмдері.
Топырақ-литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі.Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден тұрады.Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған.Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады.Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ.Мұның құрамында көптеген өлі органикалық заттар бар.Бұл қарашірікті аккумулятивті А қабаты.Тереңірек,өте тығыз иллювиалды өтпелі В қабаты жатыр.Оның астында топырақ түзуші-С қабаты орналасқан.Барлық топырақтар бір-бірінен осы генетикалық қабаттарымен ажыратылады.Әр түрлі топырақтың генетикалық қабаттары қалыңдығымен,түстерімен,құрылымымен,морфологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді.Топырақтың қалыңдығы санмен көрсетіледі.Топырақта тіршілік ететін организмдер эдафобионттар немесе педобионттар деп аталады.Эдафобионттардың көптеген экологиялық топтарының классификациялары бар.Тіршілік ортасымен байланысы бойынша топырақ жануарлары негізгі үш топқа бөлінеді.Геобионттар-үнемі топырақта тіршілік ететін организмдер.олардың бүкіл даму циклы топырақта жүреді(жауын құрттары).Геофилдер-тіршілік циклының жоқ дегенде бір фазасы міндетті түрде топырақта өтетін организмдер(шегірткелер,кейбір қоңыздар).Геоксендер-топырақты кейде уақытша немесе қорғаныс ретіндепайдаланатын организмдер(тарақандар,кемірушілер).Сондай-ақ топырақ организмдерін дене мөлшері мен қимылына байланысты да экологиялық топтарға бөледі.Микрофауна-детриттік қоректік тізбектің негізін құрайтын топырақ микроорганизмдері.Бұларға жасыл,көк-жасыл балдырлар,бактериялар,саңырауқұлақтар және қарапайымдар жатады.Мезофауна-қозғалғыш,майда жануарлар тобы.Бұларға топырақ нематодтары,жәндіктердің майда личинкалары,кенелер және басқалар жатады.Макрофауна-топырақтағы ірі жәндіктер.Мегафауна-топырақта тіршілік ететін сүтқоректілер(көртышқандар,жертесерлер).
13.Оргонизмдердің биологиялық ырғақтары.
Биологиялық процестер мен құбылыстардың сипаты мен белсенділігінің мезгілді тербелісін биологиялық ырғақ деп,ал оны зерттейтін ғылымды хронобиология деп атайды.Тәуліктік ырғақтар бір клеткалы организмдерден бастап адамға дейінгі барлық организмдерге тән.Тәулігінде адамда болатын 100-ден аса физиологиялық қызметтер:ұйықтау және ояу жүру,дене температурасының өзгеруі,жүрек соғуының ырғағы,тыныс алудың тереңдігі мен жиілігі,несептің химиялық құрамы мен мөлшері т.б бар екендігі белгілі.Жануарлардың ұйықтап және ояу жүруіне байланысты күндізгі және түнгі жануарлар деп екіге бөлінеді.Күндіз белсенді тіршілік ететін жануарларға үй құстары,көптегенторғайлар,инеліктер,құмырсқалар т.б жатады.Ал түнгі жануарларға-кірпі,жарқанат,жапалақ,тарақандар т.б жатады.Кейбір түрлер күндіз де,түнде де бірқалыпты белсенді тіршілік жасайды.Олардағы мұндай ырғақты полифазалы деп атайды.Тәуліктік цикл түрдің туыла бітетін генетикалық қасиетіне ауысады.Мұндай эндогенді ырғақтарды циркадты деп атайды.Циркадты және тәуліктік ырғақтар уақытты сезінетін организмнің қабілеттілігінің негізінде жатыр.Организмдердің мұндай қабілетін биологиялық сағат деп атайды.Су деңгейінің көтерілу және судың қайтымы ырғақтары.Теңіздің жағасында тіршілік ететін түрлер қоршаған ортаның өте күрделі жағдайында өмір сүреді.Өйткені олардың тіршілігіне жарықтың 24 сағат бойындағы өзгеруіне басқа су деңгейінің көтерілуі мен судың қайтымы қосыла әсер етеді.Айына екі рет(жаңа ай туған және ай толған кезде) су деңгейінің көтерілуі ең жоғарғы дәрежеде болады.Жылдық ырғақ-табиғаттағы ерекше құбылыстардың бірі.Жыл бойындағы физикалық жағдайлардың заңдылықты түрде өзгеріп отыруына көптеген түрлер эволюциялық бейімделген.Олардың маңыздылары-көбеюге,миграцияға және жылдың қолайсыз кездерін өткізуіне байланысты.көптеген түрлердің жылдық ырғақтары эндогенді.Мұндай ырғақтарды цирканды деп атайды.Әсіресе бұл көбею циклында байқалады.Ортаның ұдайы және дәл өзгеріп тұратын факторларының бірі күннің ұзақтығы,тәуліктің жарық және қараңғы кезеңдері алмасуының ырғағы.Жыл уақытын бағдарлауда көптегенорганизмдер үшін осы фактор шешуші болып есептеледі.Организмнің күн ұзақтығының маусымдық өзгеруіне реакциясын фотопериодизм деп атайды.Түн және күн ырғағы организмге қатты әсері бар климаттық өзгерістердің болатыны туралы белгі береді.
