Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologiya_shpor_09_11-bet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
100.21 Кб
Скачать

10)Организмдердің температураға байланысты экологиялық топтары және анабиоз.

Температура күннің ұзын толқынды инфрақызыл сәулелерінен бөлінетін және организмдер үшін аса қажетті,тіршілік иелері үшін маңызды экологиялық фактор.Салқын жерде тіршілік ететін организмдерді криофилдер тобына жатқызады.Оптимум аймағы жоғары температурада орналасқан түрлерді термофилдер деп атайды.Организмдегі барлық тіршілік процестерінің уақытша тоқтауын анабиоз деп атайды.Жоғары температураға бейімделуге байланысты организмдерді мынадай топтарға бөледі:ыстыққа төзімсіз түрлер +30С...+40С температурада зақымданатын организмдер(кейбір балдырлар,суда өсетін гүлді өсімдіктер);ыстыққа төзімді эукариоттар құрғақшылық аймақта өсетін(дала,шөл,саванна) өсімдіктер.Жарты сағат +50С...+60С температураға шыдайды;ыстыққа төзімді прокариоттар термофилді бактериялар мен көк жасыл балдырлардың кейбір түрлері.Ыстық су көздерінде +85С...+90С... температурада тіршілік ете алады.Сондай ақ организмдер денесінің температурасын бірқалыпты ұстап тұруына байланысты пойкилотермді және гомойотермді болып бөлінеді. Пойкилотермді(грекше poikilos әртүрлі, therme жылу) немесе суық қанды организмдердің денесінің температурасы қоршаған орта температурасына байланысты.Бұларға құстар мен сүт қоректілерден басқа организмдер жатады.Көптеген суық қанды организмдерге анабиоз процесі тән.Гомойотермді(грекше homoios бірдей,therme жылу) немесе жылы қанды организмдердің дене температурасы қоршаған орта температурасына байланысты болмай,үнемі бір қалыпта болады.Пойкилотермді организмдер мен гоиойотермді организмдердің арасын гетеротермді организмдер алып жатырБелсенді кездерде оларда дене температурасы көтеріліп,тыныштық жаңдайда төмендейді.Бұларға кірпі,жарқанат,колибри,сарышұнақ,суыр,аю және т.б жатады.жылдың қолайсыз жағдайларында бұл жануарлар ұйұыға кетеді.

11.Организмдердің ылғалға байланысты экологиялық топтары.

Ылғалдыққа байланысты өсімдіктерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі.Гидатофиттер (грекше hygor-су) көп бөлігі немесе толығымен суда өсетін өсімдіктер (элодея, көзшешек, шылаң, балдырлар). Гидрофиттер(грекше hygor-су)-жартылай суда,яғни өзен,көл,теңіз жағалауларында,батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер(қамыс,қоға).Гигрофиттер(грекше hygors-ылғалды,сулы,phyton-өсімдік)-ылғалды жерде өсетін өсімдіктер.Бұларға жоғары температура және ылғалды ауадағы тропикалық өсімдіктер жатады.

Мезофиттер(грекше mesos-орташа,аралық)-ылғалдылығы орташа ортаныңөсімдіктері.Бұларға көптеген шалғындық, орман өсімдіктері, жапырақты ағаштар,ауыл шаруашылық дақылдары мен арам шөптер жатады.Ксерофиттер(грекше xeros-құрғақ)-құрғақ жерде өсетін өсімдіктер.Ксерофиттер суккуленттер мен склерофиттер болып бөлінеді.Суккуленттер(грекше sukkulentus-жуан,шырынды)-ылғалы тапшы аймақтарда,ылғал қорын сабағында немесе жапырағында сақтап өсетін өсімдіктер(сабағы-кактус,сүттіген,жапырағы-алое,агава).Склерофиттер(грекше skleros-қатты)-жапырақтары мен сабақтары қатты,құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.

Ылғалды режимге байланысты жануарларды үш экологиялық топқа бөледі.Гигрофилдер-ылғал сүйетін,ортаның ылғалдығын қажет ететін жануарлар(масалар,моллюскалар,амфибиялар).Мезофилдер-орташа ылғалдықта тіршілік ететін жануарлардың үлкен тобы. Ксерофилдер-жоғары ылғалдыққа төзбейтін құрғақ сүйгіш жануарлар(түйе,шөл кемірушілері,бауырмен жорғалаушылар).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]