- •1.Экология ғылымының даму тарихы.
- •2.Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология.
- •3.Экология пәнінің мазмұны және міндеті.
- •4. Экологиялық факторлардың түрлері.
- •5.Экологиялық факторлардың әсер етушнің кейбір заңдылықтары(оптиум ережесі,Шелфорд ережесі,Либих заңы)
- •6)Организмдердің толеранттылыққа байланысты топтары.
- •7)Организмдердің қоректенуі бойынша экологиялық классификациясы.
- •8)Тіршілік ортасы,түрлері және фотопериодизм.
- •9)Организмдердің жарыққа байланысты экологиялық топтары.
- •10)Организмдердің температураға байланысты экологиялық топтары және анабиоз.
- •11.Организмдердің ылғалға байланысты экологиялық топтары.
- •12.Топырақ қабаттары және топырақ организмдері.
- •13.Оргонизмдердің биологиялық ырғақтары.
- •14.Популяция туралы түсінік және популяция құрылымдары.
- •15.Популяцияның этологиялық құрылымы.
- •16)Популяцияның динамикалық көрсеткіштері және гомеостазы.
- •17)Синэкология және оның құрамдас бөліктері.
- •19)Биоценоздағы организмдердің қарым қатынастары(в.Н.Беклемишев бойынша).
- •20)Биотикалық қарым қатынастар типтері.
- •21.Биоценоздағы бір-біріне пайдалы қатынастар түрлері.
- •24.Экологиялық қуыс.Гаузе принципі.
- •25.Экологиялық сукцессия,түрлері.
- •26.Биогеоценоз және биотоп(экотоп) ұғымдары.
- •27.Экожүйе,биогеоценоз және экожүйе типтері.
- •28.Экологиялық пирамида.(Элтон пирамидасы)
- •29.В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі,биосфера компоненттері.
- •30.Биосфера эволюциясы.
- •31.Биологиялық және геологиялық айналымдар.
- •40)Табиғи ресурстар және олардың түрлері.
- •42)Ластану және ластаушылар түрлері.
- •43)Ксенобиотиктер,поллютанттар.Пестицидтер және олардың түрлері.
- •45. Өнеркәсіптік ластану.
- •46. Топырақ ластаушылары және топырақ ластануын болдырмау шаралары.
- •47. Ғаламдық экологиялық проблемалар және олардың түлері.
- •48. 1992 Жылғы Рио де Жанейро қаласындағы «Қоршаған орта және дамуы» конференцясы.
- •50. Озон қабаты және парникті эффект.
- •51. Әлемдік мұхит проблемалары және ормандардың азаюы.
- •52. Су тапшылығы және биоалуантүрліліктің азаюы проблемасы.
- •53. Қазақстандағы (Ұлттық) экологиялық проблемалар.
- •54.Қоршаған ортаның өнеркәсіптік және тұрмыстық ластануы
- •56. Қала экологиясы. Aвтокөліктен бөлінетін заттар.
- •57 Қазақстанның ерекше қорғауға алынған аумақтары.
- •58 Қызыл кітап және оның биоалуантүрлілікті сақтаудағы маңызы.
- •59.Экологиялық қүқық нормалары және жауапкершілік
- •1.Экология ғылымының даму тарихы.
8)Тіршілік ортасы,түрлері және фотопериодизм.
Тіршілік ортасы организмнің өсіп өніп, көбеюіне,ұрпақтарын жалғастыруға қолайлы табиғи,тарихи қалыптасқан орта.кез келген тіршілік иесі үнемі өзгеріп отыратын күрделі әлемде,сол өзгерістерге бейімделіп,өмір сүруін сол өзгерістерге қарай реттеп отырады.жер шарында негізгі төрт түрлі тіршілік орталары бар,олар:тіршілік алғаш пайда болған су ортасы;кейінне тірі организмдер игерген құрылық әуе және топырақ орталары;сонымен қатар басқа симбионттар мен паразиттер үшін организмдердің өздері де тіршілік ортасы болып саналады.Тірі организмдер үшін әсіресе көруге болатын жарықтың маңызы зор.Жарықтың әсерінен хлорофиллдердің түзілуі және биосферадағы аса маңызды процес фотосинтез жүреді.Күн энергиясының Жер бетіне түсуі жылдық маусымға және тәулік ұзақтығына байланысты.Организмдердің жарықтың тәуліктік ырғағына реакциясы,яғни,тәуліктің жарық және қараңғы мезгіліне ара қатынасы фотопериодизм (грекше photos жарық,peridos шеңберлі,айналым) деп аталады.Өсімдіктерге жарықтың белсенділігі мен сапасымен қатар,жарықтың ұзақтығы да әсер етеді.Өсімдіктер белсенділігінің тәуліктік және маусымдық режимі осыған байланысты.олардың тіршілік процестерінің маусымдық ырғағы күзде тәуліктің жарық бөлігінің қысқаруымен,көктемде ұзаруымен анықталады.Осыған байланысты организмдерде күннің ұзақтығын сезінетін механизмде қалыптасқан.Фотопериодизм жануарларда да байқалады:жұп құру,түлеу,қысқы ұйқыға кету,миграция,күн ұзақтығына байланысты.
9)Организмдердің жарыққа байланысты экологиялық топтары.
Жер бетінде жарық режимі әртүрлі.кей жерлерге күн сәулесі көп түсетін болса,ал басқа бір жерлерде жарық мүлдем аз түседі.Сондықтан өсімдіктерде табиғи сұрыпталу процесі кезінде жарықтың әртүрлі жағдайларында өсуге бейімделушіліктері пайда болды.Жарыққа байланысты өсімдіктерді үш экологиялық топқа бөледі:гелиофиттер жарық сүйгіш өсімдіктер, сциофиттер көлеңке сүйгіш өсімдіктер және факультативті гелиофиттер көлеңкеге төзімді өсімдіктер. Гелиофиттер немесе жарық сүйгіш өсімдіктер күн сәулесі жақсы түсетін ашық кеңістікте өсетін өсімдіктер.мысалы үшін оларға көптеген шабындық,дала,шөл және шөлейт өсімдіктері,орманның биік ағаштары жатады.Әдетте олардың жапырақтары қалыңдау,мезофилл және эпидермис клеткалары майда болып келеді.Бұған құрғақ аймақтарда (шөл,дала,саванна) өсетін астық тұқымдастары,амаранттар,алабұта тұқымдасына жататын және т.б. өсімдіктер жатады. Сциофиттер немесе көлеңке сүйгіш өсімдіктер жарық аз түсетін жерде өсетін өсімдіктер.Бұларға фитоценоздың төменгі ярусында өсетін саумалдық,құсықшөп,жасыл мүктер,плаундар жатады. Факультативті гелиофиттер немесе көлеікеге төзімді өсімдіктер жарықтың көп мөлшерінде де және аз мөлшерінде де өсе беретін өсімдіктердің үлкен тобы.Оларға жөке,мойыл,бүлдірген және шалғындықта,орман алағқайларында өсетін көптеген өсімдіктер жатады.Жарық сүйгіш және көлеңке сүйгіш өсімдіктердің ерекшеліктерін салыстыра отырып олардың анатомиялық,морфологиялық және физиологиялық айырмашылықтары әртүрлі екенін көруге болады.Жануарлар үшін күннің жарығы жасыл өсімдіктердегідей аса қажетті емес.Алайда жануарлар өмірінде жарықтың маңызы орасан зор.Осыған байланысты жануарларды фотофиллдер(жарық сүйгіш) және фотофобтар(көлеңке сүйгіш) деп ажыратады.Жарық жануарлар үшін кеңістікте бағдар алу,көру үшін қажет.жарық арқылы жануарлар сыртқы әлем туралы ақпараттар алып отырады.
