- •1.Экология ғылымының даму тарихы.
- •2.Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология.
- •3.Экология пәнінің мазмұны және міндеті.
- •4. Экологиялық факторлардың түрлері.
- •5.Экологиялық факторлардың әсер етушнің кейбір заңдылықтары(оптиум ережесі,Шелфорд ережесі,Либих заңы)
- •6)Организмдердің толеранттылыққа байланысты топтары.
- •7)Организмдердің қоректенуі бойынша экологиялық классификациясы.
- •8)Тіршілік ортасы,түрлері және фотопериодизм.
- •9)Организмдердің жарыққа байланысты экологиялық топтары.
- •10)Организмдердің температураға байланысты экологиялық топтары және анабиоз.
- •11.Организмдердің ылғалға байланысты экологиялық топтары.
- •12.Топырақ қабаттары және топырақ организмдері.
- •13.Оргонизмдердің биологиялық ырғақтары.
- •14.Популяция туралы түсінік және популяция құрылымдары.
- •15.Популяцияның этологиялық құрылымы.
- •16)Популяцияның динамикалық көрсеткіштері және гомеостазы.
- •17)Синэкология және оның құрамдас бөліктері.
- •19)Биоценоздағы организмдердің қарым қатынастары(в.Н.Беклемишев бойынша).
- •20)Биотикалық қарым қатынастар типтері.
- •21.Биоценоздағы бір-біріне пайдалы қатынастар түрлері.
- •24.Экологиялық қуыс.Гаузе принципі.
- •25.Экологиялық сукцессия,түрлері.
- •26.Биогеоценоз және биотоп(экотоп) ұғымдары.
- •27.Экожүйе,биогеоценоз және экожүйе типтері.
- •28.Экологиялық пирамида.(Элтон пирамидасы)
- •29.В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі,биосфера компоненттері.
- •30.Биосфера эволюциясы.
- •31.Биологиялық және геологиялық айналымдар.
- •40)Табиғи ресурстар және олардың түрлері.
- •42)Ластану және ластаушылар түрлері.
- •43)Ксенобиотиктер,поллютанттар.Пестицидтер және олардың түрлері.
- •45. Өнеркәсіптік ластану.
- •46. Топырақ ластаушылары және топырақ ластануын болдырмау шаралары.
- •47. Ғаламдық экологиялық проблемалар және олардың түлері.
- •48. 1992 Жылғы Рио де Жанейро қаласындағы «Қоршаған орта және дамуы» конференцясы.
- •50. Озон қабаты және парникті эффект.
- •51. Әлемдік мұхит проблемалары және ормандардың азаюы.
- •52. Су тапшылығы және биоалуантүрліліктің азаюы проблемасы.
- •53. Қазақстандағы (Ұлттық) экологиялық проблемалар.
- •54.Қоршаған ортаның өнеркәсіптік және тұрмыстық ластануы
- •56. Қала экологиясы. Aвтокөліктен бөлінетін заттар.
- •57 Қазақстанның ерекше қорғауға алынған аумақтары.
- •58 Қызыл кітап және оның биоалуантүрлілікті сақтаудағы маңызы.
- •59.Экологиялық қүқық нормалары және жауапкершілік
- •1.Экология ғылымының даму тарихы.
3.Экология пәнінің мазмұны және міндеті.
Экология пәнінің мазмұны: организмдердің бір бірімен және қоршаған ортамен қатынастарын популяциялық, биоценоздық, биогеоценоздық және биосфералық деңгейде зерттеу болып табылады.Экология ұғымын алғаш рет ғылымда неміс ғалымы Э.Геккель қолданды. Экология пәнінің негізгі міндеті: популяция, биоценоз және оларда болып жатқан өзгерістерді зерттеп, қазіргі таңдағы планетаның индустриализация және урбанизация жағдайында экологиялық процесстер заңдылықтарын ашып, түсініп басқару. Экология пәнінің мақсаты: ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршілік тұрақтылығын сақтау. «Адам-қоғам-табиғат» арасындағы қарым қатынасты үйлестіре отырып ,табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды негіздеу.
4. Экологиялық факторлардың түрлері.
Организмге әсер ететін кез келген орта жағдайларын немесе орта компоненттерін экологиялық факторлар деп атайды. Экологиялық факторлар табиғаты бойынша және тірі организмдерге әсер етуі бойынша әр түрлі. Барлық факторлар шартты түрде үлкен 3топқа бөлінеді: абиотикалық, биотикалық және антропогендік немесе антропикалық. Абиотикалық факторлар тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат факторлары. Оларға климаттық, атмосфералық, топырақ, гидрологиялық және басқа факторлар жатады. Биотикалық факторлар тірі организмдердің бір бірінің тіршілігіне және тіршілік ететін ортасына әсері. Олар түр іші және түр аралық болып екіге бөлінеді. Түр іші факторларына демографиялық, этологиялық, бәсекелестік т.б жатады. Ал түр аралық факторларға популяциялық деңгейдегі әртүрлі теріс әсерлер және оң әсерлер жатады. Биотикалық факторларға тікелей- бір организмдердің екінші бір организмдерге әсері және жанама болып бөлінеді. Мысалы, шыршаның қалың бұтақтары топыраққа көлеңке түсіріп, төмендегі өсімдіктерге жарықты аз өткізіп, басқа шөптесін өсімдіктердің өсуіне әсер етеді.Кейбір өсімдіктердің зат алмасуы нәтижесінде ортаға химиялық заттар бөлу арқылы әсер етеді. Мұны аллепотия деп атайды. Антропогендік факторлар адамның қатысуымен қоршаған ортаға, организмдердің тіршілігіне немесе өсімдіктер мен жануарларға тікелей әсер ету. Антропогендік факторлар жыл өткен сайын күшейшп бара жатыр. Соңғы кездері антропогендік факторлардың әсерінен биосферада күрделі экологиялық проблемалар пайда болуда. Антропогендік факторлар организмге тікелей(ағаштарды кесу, аң аулау т.б) және жанама әсер ету(ортаның ластануы, су қоймаларын салу) болып бөлінеді. Антропогендік факторларға техногенді(радиация, ластану, құрғату жұмыстары т.б) факторларда жатады.
5.Экологиялық факторлардың әсер етушнің кейбір заңдылықтары(оптиум ережесі,Шелфорд ережесі,Либих заңы)
Организмге қатысты факторлардың әсерінен бірнеше жалпы заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады. Ондай заңдылықтарға оптимум ережесі, шектеулі факторлар ережесі, факторлардың өзара әсері ережесі жатады. Оптимум ережесі. Кез келген фактордың организмге оң әсер ететін шектері болады. Организм тіршілігі үшін аса қолайлы экологиялық фактордың белсенділігі оптимум немесе экологиялық фактордың оптимум аймағы деп аталады. Оптимум аймағынан тыс, организмдердің тіршілігіне қауіпті немесе өлуіне алып келетін аймақ пессимум аймағы деп аталады.Әрбір организм, түр үшін өзінің оптиум жағдайлары бар. Түр үшін оптимумның қандай деңгейі қолайлы болуына байланысты оларды жылу сүйетін және құрғақшылықты сұйетін, салқын сүйетін т.б деп бөледі. Белгілі бір факторға қатысты организмдердің өмір сүре алатын төзімділік нүктелерінің арасын организмдердің экологиялық валенттілігі (толеранттылығы) деп атайды. Фактордың ең төменгі немесе ең жоғарғы мәндерінен асып, организмдердің тіршілігін тоқтатуы туралы ұғымды ғылымға 1913 жылы американдық зоолог В. Шелфорд енгізді. Бұл максимум заңында немесе толеранттылық заңында көрсетілген. Мұны Шелфорд ережесі деп те атайды:Организмдердің белгілі бір ортада орналасуы немесе тіршілік етуі, организмнің белгілі бір шыдамдылық шектері бар кешенді экологиялық факторларына байланысты. Организм тек осы минималды және максималды мәндердің арасында ғана өмір сүре алады.Экологиялық толеранттылыққа байланысты организмдер екі типке бөлінеді: Эврибионттар(гр eurus кең) факторлардың кең диапазонда тіршілік ете алатын организмдер.Стенобионттар (гр stenos тар) тек белгілі бір орта жағдайларнда ғана тіршілік ететін организмдер.Шектеулі факторлар ережесі бұл ереженің маңыздылығы сол , жеткіліксіз, тапшы немесе мөлшерден көп факторлар өсері организмге теріс әсер етеді. Неміс ғалымы Ю.Либих топырақтағы әр түрлі химиялық элементтердің өсімдіктерге әсерін зерттей келе мынандай тұжырым жасады: «Өнімділік ең аз мөлшердегі затқа байланысты. » Бұл принципті минимум ережесі немесе Либих заңы деп атайды. Либих өз заңын тұжырымдай келе шектеулі мүмкіндіктер ретінде аса маңызды топырақтағы аз мөлшердегі химиялық элементтерді есептейді. Олар микроэлементтер деп аталады. Оларға хлор, йод,натрий т.б жатады.
