Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologiya_shpor_09_11-bet.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
100.21 Кб
Скачать

52. Су тапшылығы және биоалуантүрліліктің азаюы проблемасы.

Су тапшылығын көптеген ғалымдар соңғы кездегі атмосферада көмір қышқыл газы мөлшерінің көбеюіне байланысты температураның көтеріуімен байланыстырады. Осыдан бірін бірі тудыратын проблемалардың тізбегін жасау қиын емес: энергияның көп бөлінуі (энергетикалық проблемаларды шешу) – парникті эффект – су тапшылығы ­- азық-түліктің жетіспеуі(өнімнің болмауы).

Одан да маңызды фактор – тұрмыстық және өнеркәсіптік мақсатта су шығынының артуы. Осының әсерінен Үндістан, Қытай,АҚШ-тың кейбір аудандарында жер асты суларының деңгейі айтарлықтай төмендеді. Кейбір жерлерде суғару жұмыстары үшін жаңбыр суын емес, тереңде орналасқан қазба суларын пайдалануға мәжбүр. Судың тапшылығы көптеген аймақтарда экологиялық ахуалды нашарлатып азық-түлік тапшылығына алып келуде.

Биологиялық әралуандылықты сақтау проблемалары. Жер бетінде жекелей немесе қауымдастықтың түрінде тіршілік ететін организмдер қоршаған ортаға әсер ететіні белгілі. Осы арқылы табиғат өзін-өзі тазалап, қолдап тұрады. Алайда адам өзінің «нағыз жыртқыш – консумент» ісімен флора мен фаунаның көптеген түрлері, популяциялары тіршілік ететін экологиялық қуысына әсер етуде. Табиғатта зиянды түрлер болмайды, барлық түрлердің айналасы үшін бірдей пайдасы бар. Биоталардың түзілуі, пайда болуы миллиондаған жылдар бойы жүріп келді. Барлық тіршілік формалары бір-бірімен тығыз байланысты. Технологиялық дамудың арқасында адам осы байланыстарды бұзуда. Қазақстанда табиғи жайылымдар басым. Елімізде өсімдіктердің 570 000 түрі өседі. Оның 506 түрі қорғауды қажет етіп отыр. Жойылып бара жатқан түрлерді сақтап қалу мақсатымен 1981 жылы «Қызыл кітап» шығарылады. Оның мақсаты сирек және жойылып бара жатқан түрлерді есепке алып, оларды қамқорлыққа алып қорықтар ұйымдастыру.

Жануарлар дүниесін қалпына келтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар: аулауға тыйым салу, тіршілік ортасын бұзбау, қолдан көбейтуге бейімдеу, лабораториялық жағдайда гендік қорын сақтап қалу жұмыстары.

53. Қазақстандағы (Ұлттық) экологиялық проблемалар.

Қазақстан халқының қауіпсіздігі үшін негізгі экологиялық проблемалар су ресурсын пайдалануға, радиация әсеріне және қалдықтарға байланысты. Арал теңізі негізгі экологиялық катастрофа және әлеуметтік-экономикалық проблема эпицентрі болып отыр.Сумен қамтамасыз ету және оның сапасы Қазақстанда алаңдатушылық туғызуда және орнықты даму үшін Ұлттық жоспарда қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттарының бірі. Сәулеленуге ұшырау мәселелері Қазақстан территориясында бұрынғы одақтың ядролық полигондардың болуына байланысты. Сондай-ақ тазаланбаған өнеркәсіп қалдықтарының көптеп бөлінуі де үлкен эклогиялық проблемалар туғызуда.

Сонымен қатар жер мен лагдшафттардың деградацияға ұшырауы ( республиканың 60%-нан астам жері шөлейтенуге ұшыраған), су ресуртарының жетіспеуі (сумен қамтамасыз еиу жөнінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде соңғы орында),елдегі су айдындарының экологиялық мәселелері,елді мекендердегі атмосфералық ауа мен топырақтың ластануы,биологиялық әралуандылықтың азаюы да өзекті болып отыр.

Қазақстанда қалыптасқан экологиялық апаттар, оның тигізетін зардаптары және қорғану жолдары

Экологиялық апат түрлері

Апаттың зардаптары

Апаттың қорғану жолдары

1. Ортаның ластануы

1. Адамдардың ауруға

1. Ластанудың себептерін табу

2. Техногенді апат

2. Миллиондаған адамдардың қырыуы

2. Адамдарға үгіт насихат жүргізу,ондай объектілерді қаладан алыс жерде орналастыру

3. Ресурстардың таусылуы

3.Ел экономикасының құлдырауы

3. Тиімді пайдалану

4. Топырақ эрозиясы

4. Өнімнің азаюы

4. Тыңайтқыштар беру

5. Озон қабатының жұқаруы

5. Ультракүлгін сәулелердің зрдаптары

5. Атмосфералық ауаға зиянды газдарды жібермеу

6. Табиғат апаттары (жер сілкінісі, сел, т.б.)

6. Адамдар шығынының көптігі, экономикалық шығындар

6. Алдын ала дайындық жүргізу және лардың болуын алдын ала хабарлау

7. Сирек және жойылып бара жатқан түрлерді сақтау

7. Экологиялық тепе теңдіктің өзгеруі, өсімдіктер, топырақ

7. Қызыл кітапқа енгізу, қырқуға, жинауға, аулауға тыйым салу, қорықтар құру, қорын көбейту

8. Шөлейттену ұшырауы жамылғысының бұзылуы

8. Топырақ эрозиясы, өнімнің азаюы, экологиялық тепе тендіктің бұзылуы

8. Зиянды антропогендік әсерлерді азайту

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]