- •1.Экология ғылымының даму тарихы.
- •2.Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология.
- •3.Экология пәнінің мазмұны және міндеті.
- •4. Экологиялық факторлардың түрлері.
- •5.Экологиялық факторлардың әсер етушнің кейбір заңдылықтары(оптиум ережесі,Шелфорд ережесі,Либих заңы)
- •6)Организмдердің толеранттылыққа байланысты топтары.
- •7)Организмдердің қоректенуі бойынша экологиялық классификациясы.
- •8)Тіршілік ортасы,түрлері және фотопериодизм.
- •9)Организмдердің жарыққа байланысты экологиялық топтары.
- •10)Организмдердің температураға байланысты экологиялық топтары және анабиоз.
- •11.Организмдердің ылғалға байланысты экологиялық топтары.
- •12.Топырақ қабаттары және топырақ организмдері.
- •13.Оргонизмдердің биологиялық ырғақтары.
- •14.Популяция туралы түсінік және популяция құрылымдары.
- •15.Популяцияның этологиялық құрылымы.
- •16)Популяцияның динамикалық көрсеткіштері және гомеостазы.
- •17)Синэкология және оның құрамдас бөліктері.
- •19)Биоценоздағы организмдердің қарым қатынастары(в.Н.Беклемишев бойынша).
- •20)Биотикалық қарым қатынастар типтері.
- •21.Биоценоздағы бір-біріне пайдалы қатынастар түрлері.
- •24.Экологиялық қуыс.Гаузе принципі.
- •25.Экологиялық сукцессия,түрлері.
- •26.Биогеоценоз және биотоп(экотоп) ұғымдары.
- •27.Экожүйе,биогеоценоз және экожүйе типтері.
- •28.Экологиялық пирамида.(Элтон пирамидасы)
- •29.В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі,биосфера компоненттері.
- •30.Биосфера эволюциясы.
- •31.Биологиялық және геологиялық айналымдар.
- •40)Табиғи ресурстар және олардың түрлері.
- •42)Ластану және ластаушылар түрлері.
- •43)Ксенобиотиктер,поллютанттар.Пестицидтер және олардың түрлері.
- •45. Өнеркәсіптік ластану.
- •46. Топырақ ластаушылары және топырақ ластануын болдырмау шаралары.
- •47. Ғаламдық экологиялық проблемалар және олардың түлері.
- •48. 1992 Жылғы Рио де Жанейро қаласындағы «Қоршаған орта және дамуы» конференцясы.
- •50. Озон қабаты және парникті эффект.
- •51. Әлемдік мұхит проблемалары және ормандардың азаюы.
- •52. Су тапшылығы және биоалуантүрліліктің азаюы проблемасы.
- •53. Қазақстандағы (Ұлттық) экологиялық проблемалар.
- •54.Қоршаған ортаның өнеркәсіптік және тұрмыстық ластануы
- •56. Қала экологиясы. Aвтокөліктен бөлінетін заттар.
- •57 Қазақстанның ерекше қорғауға алынған аумақтары.
- •58 Қызыл кітап және оның биоалуантүрлілікті сақтаудағы маңызы.
- •59.Экологиялық қүқық нормалары және жауапкершілік
- •1.Экология ғылымының даму тарихы.
45. Өнеркәсіптік ластану.
Қара металлургия. Шойын балқыту, оны құрышқа қайта өңдеу кезінде де атмосфераға лас түтін көп бөлінеді. 1 тонна шойынды балқыту кезінде 4.5 кг шаң, 2.7 кг күкіртті газ, 0.5-0.1 кг марганец бөлінеді. Онымен қоса қоршаған ортаға біраз мөлшерде мышьяк, фосфор, сурьма, қорғасын қосылыстары, сынап парлары, шайырлы заттар бөлінеді.
Түсті металлургияда атмосфераны шаңмен, газбен ластау көзі болып табылады. Түсті металлургиядан атмосфералық ауаға шаңды заттар, мышьяк, қорғасын және т.б. заттар бөлінеді. Электролиз арқылы алюиний алу кезінде де электролиздік ванналардан көптеген шаңды және газды фтор қосындылары бөлінеді. 1 тонна алюминий алу үшін электролиздердің түрі мен қуатына байланысты 33-47 кг фтор жұмсалып, оның 65% қоршаған ортаға та райды.
Көмір өнеркәсібінде ластаушы көзі болып терриконниктер- бос жыныстарда өздігінен жануынан ұзақ уақыт бойы көмір мен пириттің жануы жүреді. Нәтижесінде күкіртті газ, көміртегі оксиді, шайырлы заттардың қосылыстары бөлінеді.
Мұнай өндіру, өңдеу, мұнай химия өнеркәсібі атмосфералық ауаға көмірсутектер, күкіртті сутектер және басқа да иісі жағымсыз заттар бөледі. Синтетикалық каучук заводтарынан ауаға – стирол, дивинол, толуол, ацетон, изопрен және т.б. бөлінеді.
Құрылыс материалдары өнеркәсібінде цемент және құрылыс материалдарын өндіру кезінде де қоршаған ортаға зиянды шаңдар бөлінеді. Мұндай шаңдар негізгі технологиялық процестер- жартылай дайын өнімдерді, шикізаттарды майдалау, температуралық өңдеу кезінде бөлінеді.
Энергетика өнеркәсіптің барлық салаларының – транспорттың, коммуналды және ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігін арттыратын, халықтың л ауқатын көтеріп, дамуына ықпал ететін негізгі қозғаушы күш. Отын-энергетикалық кешен – жанармайларды барлау мен өңдіру, тасымалдау, тарату және пайдаланудан тұратын салааралық жүйе. Бұлардың құрамына отын өнеркәсібі ( мұнай, газ, көмір) және халық шаруашылығындағы басқа салалармен тығыз байланысты электроэнергетика кіреді.
Кен байытатын, мұнай өнімдерін өндіретін және оларды өндейтін өнеркәсіп орындарын қалдығы аз немесе қалдықсыз технологияға көшіру, автокөліктерден, ұшақтардан, жылу қазандықтарынынан бөлінетін газтәрізді, ауа тозаңы, ауыр металдар, фенолдар және т.б. зиянды затардың шекті мөлшерден асып кетпеуін бақылау атмосфераны қорғаудың негізгі шаралары болып табылады.
46. Топырақ ластаушылары және топырақ ластануын болдырмау шаралары.
Топырақта оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің болуын немесе ол агенттердің қажетті орташа жылдық деңгейден асып түсуін топырақ ластануы дейді. Топырақ ластануының мынадай түрлері бар: минералды техногенді қалдықтармен ластану; Улы органикалық және бейорганикалық қосылыстармен ластану; радиоактивті заттармен ластану. Топырақтың ластануы қоршаған ортаға қауіпті, өйткені улы заттар қоректік тізбек арқылы топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарға, жануардан адам организіміне түседі.
Антропогендік әсердің бір салдары – топырақ жамылғысының қарқынды ластануы. Ластанушылар рөлін металдар мен олардың қосылыстары, радиоактивті элементтер, ауыл шаруашылығында қолданатын тыңайтқыштар мен улы химикаттар атқаруда.
Топырақ қауіпті ластаушылардың бірі сынап пен оның қосылыстары жатады. Сынап қоршаған ортаға улы химикаттармен, металдық сынап және оның қосылыстары бар өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен түсуде.
Топырақ үшін қауіпті ластаушыардың тағы бірі – қорғасын. Бір тонна қорғасын балқытқан кезде қалдықтармен бірге қоршаған ортаға 25 кг қорғасын бөлінеді. Жоғарыда айтылғандай, қорғасын қосылыстары бензиннің құрамында да кездеседі. Сондықтан автокөліктер қорғасынмен ластаудың көзі болып табылады. Әсіресе қорғасынның мөлшері автокөліктер көп жүретін үлкен көшелер бойындағы топырақ құрамында көп болады.
Қара және түсті металлургия орталықтарының төңірегіндегі топырақтар темірмен, мыспен, мырышпен, марганецпен, никелмен, алюминимен және басқа да металдармен ластанған. Көптеген жерлерде олардың концентрациясы шекті мөлшерден ондаған есе асып түседі.
Радиоактивті элементтер топыраққа атомдық энергияны пайдалануға қатысы бар ғылыми зерттеу ұйымдары мен АЭС, атомдық жарылыстар немесе өнеркәсіп орындарының сұйық және қатты қалдықтарын кетіру кезінде түсуі мүмкін.
Қазіргі кездегі топырақты ластаушылардың негізгі көздері мыналар:
Пестицидтер;
Минералдық тыңайтқыштар;
өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы қалдықтары;
атмосфераға өнеркәсіп орындарынан бөлінетін газды түтінді заттар;
мұнай және мұнай өнімдері.
Топырақта антропогендік әсер ету оның деградацияға ұшыруына (эрозия, ластану, тұздану және батпақтану, шөлейттену) алып келеді.
Сондықтан топырақ ластануын болдырмау үшін мынадай шараларды жүргізу керек:
табиғатты қорғайтын заңдарды бұлжытпай орындау;
қоршаған ортаның сапасына бақылау жүргізетін мекемелер қызметін дұрыс ұйымдастыру;
топырақты ластаушы заттардың қасиеттерін, жылжу тәртібін, топырақ процестеріне қатысуын зерттеу;
зиянды заттардың шекті мөлшерлерін нормалау;
қауіптілігі бойынша пестицидтерді топтастырып, кейбір түрлерінің қолданылуын шектеу;
ауыл шаруашылығында зиянкестермен, арам шөптермен күресу үшін химиялық әдістердің орнына биологиялық әдістерді қолдану және т.б.
