Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologiya_shpor_09_11-bet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
100.21 Кб
Скачать

42)Ластану және ластаушылар түрлері.

Ластаушы қоршаған ортаға әсер ету мөлшері табиғи деңгейден жоғары субъектілер(физикалық агент,химиялық зат,биологиялық түр).Ластану кез келген агентпен болуы мүмкін.Шығу тегі бойынша ластану табиғи және антропогенді болып келеді.Табиғи ластану табиғи,әдетте үлкен апаттар, зілзалалар нәтижесінде пайда болады.өнеркәсіптің дамуына байланысты қоршаған ортаның ластануы антропогендік ластану болып отыр.Оларды өз кезегінде жергілікті және ғаламдық деп бөлуге болады.Атмосфералық ауаны ластаушылар механикалық ,химиялық,физикалық және биологиялық болып бөлінеді.Механикалық ластауышлар шаң, қоқыс.олар органикалық отынды жаққанда және құрылыс материалдарын дайындау процестері кезінде пайда болады.көптеген аурулар ауаның шаң болуымен байланысты:өкпе құрт ауруы(туберкулез),кеңірдектің аллергиялық аурулары және т.б. Химиялық ластаушылар экожүйедегі концентрациясы нормадан жоғары немесе басқа жақтан енген заттар.ауаның мейлінше ластануы өнеркәсіп қажеттілігі үшін отындарды жағу,үйлерді жылыту,транспорттардың жұмысы кезінде,тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жағу,қайта өңдеу кезінде байқалады.Атмосфераны қатты ластайтын улы заттарға:көміртегі қосылыстары,күкірт қосылыстары,азот тотықтары жатады.Физикалық ластаушылар бұл биосфераға техногендік себептерден түсетін энергияның артық көздері.Мысалы,жылу,жарық,шуыл,электромагнитті,радиоактивті,озон бұзғыш.Биологиялық ластаушылар экожүйеде бұрын болмаған немесе мөлшері қалыпты жағдайдан аспаған организмдер түрлері.Миероорганизмдермен ластануды бактериологиялық ластану деп атайды.экожүйедегі өсімдіктер бөтен түрлермен өздері бөліп шығаратын фитонцидтер деп аталатын арнайы заттармен күресе алады.кейбір фитонцид түрлері көп клеткалы организмдерге қатты әсер етіп,тіпті жәндіктерді өлтіріп те жібереді.

43)Ксенобиотиктер,поллютанттар.Пестицидтер және олардың түрлері.

Ксенобиотиктер табиғи биологиялық айналымға кірмейтін,тірі организмдер үшін бөгде химиялық заттар.Әдетте қоршаған ортадағы ксенобиотиктердің концентрациясының артуы адамдардың іс әрекетіне байланысты.Бұларға пестицидтер,кейбір кір жуатын қоспалар(детергенттер),радиолуквиттер,синтетикалық бояулар және т.б. жатады.Бұлар аллергиялық реакцияларға,организмдердің өліміне,тұқымқуалаушылық белгілердің өзгеруіне,иммунитеттің төмендеуіне алып келеді.Поллютанттар атмосферадағы жоғары концентрациясы адам мен жануарлардың денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттар.Пестицидтер(лат.pestis жұқпалы ауру, cido өлтіремін) өсімдік зиянкестері менауруларына,арамшөптерге,мақта,жүн,теріден жасалған бұйым зиянкестеріне,жануарлар экопаразиттеріне,адам мен жануарларға ауру тарататын организмдерге қарсы қолданылатын химиялық заттар.Химиялық табиғаты және потогендік қасиетіне байланысты пестицидтердің бірнеше:гигиеналық,химиялық,өнеркәсіптік классификациясы бар.тұрақтылығына байланысты пестицидтерді:өте тұрақты,тұрақты,салыстырмылы тұрақты,тұрақтылығы аз деп бөледі.әсер ету объектісіне(арамшөптер,зиянды жәндіктер,жылы қанды жануарлар) және химиялық табиғатына байланысты пестицидтер мынадай топтарға бөлінеді:акарецидтер кенелермен күресу үшін;альгицидтер балдырлар мен басқа да су өсімдіктерін құрту үшін;бактерицидтер өсімдіктердің бактериалды ауруларымен және бактериялармен күресу үшін;зооцидтер кемірушілермен күрес үшін.сондай ақ пестицидтерге өсімдіктердің жапырақтарын жою үшін пайдаланатын дефолианттар,өсімдіктің артық гүлдерін құрту үшін дефлоранттар,өсімдіктің дамуы мен өсуін реттейтін химиялық заттар т.б. жатқызады.

44)Атмосфераның автокөліктермен ластануы. Әрбір автокөлік жылына төрт тонна ауа жұтып,800 кг көміртегі оксидін,40кг азот оксидін және 200кгдай әртүрлі көмірсутектерді атмосфераға бөледі.Автокөліктерден бөлінетін газдар 200дей заттардың қоспалары.мұнда отынның толық және жартылай жанған өнімдері көмірсутектер болады.Транспорт моторы жай айналымда,жылдамдық алар кезде және кептелісте тұрғанда қоршаған ортаға көмірсутектер көп бөлінеді.осындай жағдайда отын толық жанбайды да,лас ауа он есе көп бөлінеді.Адам организміне жағымсыз әсерлердің бірі көліктерден бөлінетін газ құрамында көп кездесетін қорғасын және оның бейорганикалық түрдегі формалары.ауадағы қорғасын мөлшері көбейген сайын оның мөлшері адам қанында да көбейе түседі.Нәтижесінде қанның оттегімен қанығуы нашарлап,ферменттердің белсенділігі төмендейді.Ал бұл өз кезегінде зат алмасу процесінің бұзылуына алып келеді.Транспорттан бөлінген газдардың құрамында одан басқа иісі күшті,тітіркендіргіш альдегидтер болады.Мұнан басқа бөлінген лас газдардың құрамында отынның толық жанбауынан ыдырап бітпеген көмірсутектер болады.егер автокөліктің моторы нашар жұмыс істейтін болса бөлінетін шайырлы заттар мен қара күйенің мөлшері де соғұрлым көп болады.мұндай жағдайда машинаның артынан будақтап түтін шығады.көлік түтіні құрамында бензинге қосылатын тэтраэтилқорғасынның жануынан бейорганикалық қорғасын да бөлінеді.тэтраэтилқорғасынның жануы кезінде бөлінген қорғасын қосылыстары бүкіл планета атмосферасына таралады.Соңғы жүз жыл ішінде Гренландия мұздықтарында қорғасынның мөлшері бес есе,ал судағы еріген қосылыстарының мөлшері соңғы жиырма жылда мұхитта он есеге көбейген.Алматы қаласында атмосфераны ластаудың 20 пайызы жеке секторлар мен жылу энергетикалық жүйелерді еншісіне тисе,80пайызы автокөліктердің еншісінде.Автокөліктердің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендету тұрақты қоғам құрудың маңызды шарты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]