
- •1.Экология ғылымының даму тарихы.
- •2.Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология.
- •3.Экология пәнінің мазмұны және міндеті.
- •4. Экологиялық факторлардың түрлері.
- •5.Экологиялық факторлардың әсер етушнің кейбір заңдылықтары(оптиум ережесі,Шелфорд ережесі,Либих заңы)
- •6)Организмдердің толеранттылыққа байланысты топтары.
- •7)Организмдердің қоректенуі бойынша экологиялық классификациясы.
- •8)Тіршілік ортасы,түрлері және фотопериодизм.
- •9)Организмдердің жарыққа байланысты экологиялық топтары.
- •10)Организмдердің температураға байланысты экологиялық топтары және анабиоз.
- •11.Организмдердің ылғалға байланысты экологиялық топтары.
- •12.Топырақ қабаттары және топырақ организмдері.
- •13.Оргонизмдердің биологиялық ырғақтары.
- •14.Популяция туралы түсінік және популяция құрылымдары.
- •15.Популяцияның этологиялық құрылымы.
- •16)Популяцияның динамикалық көрсеткіштері және гомеостазы.
- •17)Синэкология және оның құрамдас бөліктері.
- •19)Биоценоздағы организмдердің қарым қатынастары(в.Н.Беклемишев бойынша).
- •20)Биотикалық қарым қатынастар типтері.
- •21.Биоценоздағы бір-біріне пайдалы қатынастар түрлері.
- •24.Экологиялық қуыс.Гаузе принципі.
- •25.Экологиялық сукцессия,түрлері.
- •26.Биогеоценоз және биотоп(экотоп) ұғымдары.
- •27.Экожүйе,биогеоценоз және экожүйе типтері.
- •28.Экологиялық пирамида.(Элтон пирамидасы)
- •29.В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі,биосфера компоненттері.
- •30.Биосфера эволюциясы.
- •31.Биологиялық және геологиялық айналымдар.
- •40)Табиғи ресурстар және олардың түрлері.
- •42)Ластану және ластаушылар түрлері.
- •43)Ксенобиотиктер,поллютанттар.Пестицидтер және олардың түрлері.
- •45. Өнеркәсіптік ластану.
- •46. Топырақ ластаушылары және топырақ ластануын болдырмау шаралары.
- •47. Ғаламдық экологиялық проблемалар және олардың түлері.
- •48. 1992 Жылғы Рио де Жанейро қаласындағы «Қоршаған орта және дамуы» конференцясы.
- •50. Озон қабаты және парникті эффект.
- •51. Әлемдік мұхит проблемалары және ормандардың азаюы.
- •52. Су тапшылығы және биоалуантүрліліктің азаюы проблемасы.
- •53. Қазақстандағы (Ұлттық) экологиялық проблемалар.
- •54.Қоршаған ортаның өнеркәсіптік және тұрмыстық ластануы
- •56. Қала экологиясы. Aвтокөліктен бөлінетін заттар.
- •57 Қазақстанның ерекше қорғауға алынған аумақтары.
- •58 Қызыл кітап және оның биоалуантүрлілікті сақтаудағы маңызы.
- •59.Экологиялық қүқық нормалары және жауапкершілік
- •1.Экология ғылымының даму тарихы.
40)Табиғи ресурстар және олардың түрлері.
Табиғи ресурстар адамның өз мұқтажын қамтамасыз ету және көздеген мақсатына жету үшін пайдаланатын қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың,табиғи денелердің жиынтығы.Оларға:ауа,күн,жел,су,жер,орман,табиғи құрылыс материалдары, пайдалы қазбалар және т.б. жатадыТабиғи ресурстардың бірінші белгісі олардың түрі.Бұл белгіге сәйкес олар табиғи құбылыстар(күн энергиясы,жел мұхиттардағы су деңгейінің көтерілуі мен судың қайтымы),өсімдіктер әлемі,жануарлар әлемі,табиғи заттар(су,ауатопырақ) және пайдалы қазбалар(мұнай,алтын,т.б. әртүрлі рудалар болып бөлінеді).Табиғи ресурстардың екінші белгісі олардың қоры.Бұл белгісі бойынша оларды сарқылатын және сарқылмайтын деп бөледі.Сарқылмайтын табиғи ресурстар табиғатты ұзақ пайдалану кезінде саны мен сапасы өзгермейтін немесе аздап қана өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер.Мұндай ресурстарға күн энергиясы,жел энергиясы,қозғалыстағы су энергиясы,жер қойнауы энергиясы жатады.Сарқылатын табиғи байлықтар табиғатты пайдалану барысында саны мен сапасы өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер.үшінші классификациялық белгі сарқылатын табиғи байлықтардың орнына қайта келуі.бұл белгісі бойынша сарқылатын байлықтардың мынадай түрлері бар:қалпына келетін өсімдіктер,жануарлар және микроорганизмдер әлемі;қалпына келмейтін миллиондаған жылдар бойы жер қойнауында түзілген пайдалы қазбалар;салыстырмалы қалпына келетін пайдалануға қарағанда орнына қайта келуі баяу жүретін ресурстар.Адамның табиғатты пайдалануы төрт түрлі:тіршілігін қамтамасыз ету,шаруашылық экономикалық,денсаулық үшін және мәдени тұрғыдан болады.
41. Табиғи ресурстарды үнемді пайдаланудың ерекшеліктері. Табиғи ресурстар-адамның өз мұқтаждығын қамтамасыз ету және көздеген мақсатына жету үшін пайдаланылатын қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың, табиғи денелердің жиынтығы. Табиғатты пайдаланудың мынандай ерекшеліктері бар:
- табиғи байлықтарды пайдалану оларды орнына келтірумен қатар жүруі керек;
- табиғи байлықтарды кешенді пайдалану;
- табиғи байлықтарды қайта пайдалану;
- табиғатты қорғау шараларын жүргізу;
- қоршаған табиғи ортаға антропогендік қысымды азайту үшін жаңа технологияларды ендіру.
Жер қойнауындағы ресурстарды пайдалану қарқыны алдағы уақытта төмендемейтін болса, олардың қоры азаятыны сөзсіз. Ғалымдардың болжамы бойынша,мысалы, аллюминий рудасының қоры 500-600 жылға, темірдікі 150, мырыштыкі 200-230, қорғасындыкі 20-30жылға жетеді. Осындай дағдарыстан шығу үшін ресурстар қорын үнемді пайдалану, сақтау және жаңа қорларын барлау, қайтара пайдаланылатын шикізатты қолдану, металл сынықтарын қайта өңдеу және т.б шараларды іске асыру қажет. Табиғатты тиімді пайдалану ережесінің бұзылуы салдарынан қалпына келмейтін ресурстардың қатарына соңғы уақытта тұщы су, оттегі және т.б қосылды. Себебі бұлардың пайдалану, шығындалу қарқыны табиғаттың өздігінен қалпына келу қарқынынан асып кетуде. Топырақ барлық материалдық игіліктің негізі , ал оның негізгі қасиеті оның құнарлығы. Топырақтың түзілуі өте күрделі. Топырақты өңдеуге дұрыс технология қолданбау, ормандар алқабының қысқартылып отырылуы су және жел эрозия процестерінің күшеюіне алып келеді. Т.б