- •1.Экология ғылымының даму тарихы.
- •2.Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология.
- •3.Экология пәнінің мазмұны және міндеті.
- •4. Экологиялық факторлардың түрлері.
- •5.Экологиялық факторлардың әсер етушнің кейбір заңдылықтары(оптиум ережесі,Шелфорд ережесі,Либих заңы)
- •6)Организмдердің толеранттылыққа байланысты топтары.
- •7)Организмдердің қоректенуі бойынша экологиялық классификациясы.
- •8)Тіршілік ортасы,түрлері және фотопериодизм.
- •9)Организмдердің жарыққа байланысты экологиялық топтары.
- •10)Организмдердің температураға байланысты экологиялық топтары және анабиоз.
- •11.Организмдердің ылғалға байланысты экологиялық топтары.
- •12.Топырақ қабаттары және топырақ организмдері.
- •13.Оргонизмдердің биологиялық ырғақтары.
- •14.Популяция туралы түсінік және популяция құрылымдары.
- •15.Популяцияның этологиялық құрылымы.
- •16)Популяцияның динамикалық көрсеткіштері және гомеостазы.
- •17)Синэкология және оның құрамдас бөліктері.
- •19)Биоценоздағы организмдердің қарым қатынастары(в.Н.Беклемишев бойынша).
- •20)Биотикалық қарым қатынастар типтері.
- •21.Биоценоздағы бір-біріне пайдалы қатынастар түрлері.
- •24.Экологиялық қуыс.Гаузе принципі.
- •25.Экологиялық сукцессия,түрлері.
- •26.Биогеоценоз және биотоп(экотоп) ұғымдары.
- •27.Экожүйе,биогеоценоз және экожүйе типтері.
- •28.Экологиялық пирамида.(Элтон пирамидасы)
- •29.В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі,биосфера компоненттері.
- •30.Биосфера эволюциясы.
- •31.Биологиялық және геологиялық айналымдар.
- •40)Табиғи ресурстар және олардың түрлері.
- •42)Ластану және ластаушылар түрлері.
- •43)Ксенобиотиктер,поллютанттар.Пестицидтер және олардың түрлері.
- •45. Өнеркәсіптік ластану.
- •46. Топырақ ластаушылары және топырақ ластануын болдырмау шаралары.
- •47. Ғаламдық экологиялық проблемалар және олардың түлері.
- •48. 1992 Жылғы Рио де Жанейро қаласындағы «Қоршаған орта және дамуы» конференцясы.
- •50. Озон қабаты және парникті эффект.
- •51. Әлемдік мұхит проблемалары және ормандардың азаюы.
- •52. Су тапшылығы және биоалуантүрліліктің азаюы проблемасы.
- •53. Қазақстандағы (Ұлттық) экологиялық проблемалар.
- •54.Қоршаған ортаның өнеркәсіптік және тұрмыстық ластануы
- •56. Қала экологиясы. Aвтокөліктен бөлінетін заттар.
- •57 Қазақстанның ерекше қорғауға алынған аумақтары.
- •58 Қызыл кітап және оның биоалуантүрлілікті сақтаудағы маңызы.
- •59.Экологиялық қүқық нормалары және жауапкершілік
- •1.Экология ғылымының даму тарихы.
27.Экожүйе,биогеоценоз және экожүйе типтері.
Экологияда «биогеоценоз» ұғымымен бірге «экожүйе» ұғымы қолданылады.»Экожүйе» ұғымын ағылшын ботанигі А.Д.Тенсли ұсынды.Биогеоценоз шекарасы көбіне түрлік құрылысы мен құрамы біртекті өсімдіктер жамылғысы қауымдастықтарымен анықталады.Биогеоценоз экожүйенің бір варианты болып табылады.Экожүйе-зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы.Экожүйелер арасында биогеоценоздар арасындағы сияқты анық шекара жоқ,бір экожүйе біртіндеп екінші экожүйеге ауысады.Үлкен экожүйелер кіші экожүйелерден құралады.Экожүйенің бірнеше түрлерін ажыратады:Микроэкожүйе(шіріп жатқан ағаш діңі),мезоэкожүйе(орман,көл,батпақ),макроэкожүйе(континент,мұхит),ғаламдық экожүйе(Жер биосферасы).Ю.Одум табиғи экожүйелердің үш түрін бөлді:жер беті(тундра,тайга),тұщы су(көлдер,өзендер),теңіз(ашық мұхит,өзен құйылыстары)экожүйелері.
28.Экологиялық пирамида.(Элтон пирамидасы)
Экожүйелердің әрбір трофикалық деңгейдегі таза алғашқы және соңғы өнімдерді құрудың және шығындаудың жылдамдығы әртүрлі.Алайда барлық экожүйелер өнімдер пирамидаларының ережесі деп аталатын алғашқы өнім мен соңғы өнімдердің белгілі бір сандық ара қатынастары тән.Белгілі бір уақыт ішіндегі өсімдіктердің синтездеген органикалық заттарын қауымдастықтың алғашқы өнімі деп атайды.Белгілі бір уақыт ішінде консументтер массасының өсуін соңғы өнім деп атайды.Бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен сайын биомасса,сандық құрамы және энергия қоры азайып отыратыны анықталған.Бұл заңдылықты кезінде эколог Ч.Элтон зерттеп өзінің есімімен «Элтон пирамидасы»деп атап кеткен.Экологиялық пирамиданың негізгі үш типі бар:Сандық пирамида-организмдердің жеке сандық көрсеткішін айқындайды.Биомасса пирамидасы-жалпы құрғақ салмақты,немесе өнімділікті анықтайды.Энергия пирамидасы-энергия ағымының қуатын немесе жылу энергиясын анықтайды.
29.В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі,биосфера компоненттері.
«Биосфера» ұғымын алғаш рет ғылымда ХІХ ғасырда француз ғалымы Ж.Б.Ламарк,ал кейін термин ретінде австриялық ғалым Зюсс қолданды.Биосфера,»тіршілік аймағы» туралы ілімді жетілдірген орыс ғалымы В.И.Вернадский болды.Ол биосфера деп,тіршілікті түзуде маңызды рол атқаратын Жер қабатын түсінді.»Тіршілік жер бетінің материясын құрайтын атомдардың көп бөлігін қамтуда,-деп жазады В.И.Вернадский.-Оның әсерінен бұл атомдар үздіксіз қозғалыста болады.Осы атомдардан әрдайым алуан түрлі қосылыстар түзілуде.Бұл процесс үзіліссіз ондаған миллион жылдар бойы,ертедегі археозой дәуірінен қазіргі кезге дейін жүруде.Жер бетінде бүкіл тірі организмдер сияқты үнемі әсер ететін,соңғы нәтижелері бойынша мықты да мұнан асқан химиялық күштер жоқ».Биосфера деп-тіршілігі бар кеңістікті,яғни тірі организмдер немесе олардың тіршілік өнімдері кездесетін жерлерді айтады.Қазіргі таңда биосфера көптеген компоненттерден-тірі және өлі табиғаттан тұратын күрделі жүйе.Ол энергия мен заттардың биогеохимиялық айналымдарымен өз ара байланысқан атмосфераның төменгі,бүкіл гидросфераның және литосфераның жоғарғы қабатын қамтиды.
