
- •1.Экология ғылымының даму тарихы.
- •2.Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология.
- •3.Экология пәнінің мазмұны және міндеті.
- •4. Экологиялық факторлардың түрлері.
- •5.Экологиялық факторлардың әсер етушнің кейбір заңдылықтары(оптиум ережесі,Шелфорд ережесі,Либих заңы)
- •6)Организмдердің толеранттылыққа байланысты топтары.
- •7)Организмдердің қоректенуі бойынша экологиялық классификациясы.
- •8)Тіршілік ортасы,түрлері және фотопериодизм.
- •9)Организмдердің жарыққа байланысты экологиялық топтары.
- •10)Организмдердің температураға байланысты экологиялық топтары және анабиоз.
- •11.Организмдердің ылғалға байланысты экологиялық топтары.
- •12.Топырақ қабаттары және топырақ организмдері.
- •13.Оргонизмдердің биологиялық ырғақтары.
- •14.Популяция туралы түсінік және популяция құрылымдары.
- •15.Популяцияның этологиялық құрылымы.
- •16)Популяцияның динамикалық көрсеткіштері және гомеостазы.
- •17)Синэкология және оның құрамдас бөліктері.
- •19)Биоценоздағы организмдердің қарым қатынастары(в.Н.Беклемишев бойынша).
- •20)Биотикалық қарым қатынастар типтері.
- •21.Биоценоздағы бір-біріне пайдалы қатынастар түрлері.
- •24.Экологиялық қуыс.Гаузе принципі.
- •25.Экологиялық сукцессия,түрлері.
- •26.Биогеоценоз және биотоп(экотоп) ұғымдары.
- •27.Экожүйе,биогеоценоз және экожүйе типтері.
- •28.Экологиялық пирамида.(Элтон пирамидасы)
- •29.В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі,биосфера компоненттері.
- •30.Биосфера эволюциясы.
- •31.Биологиялық және геологиялық айналымдар.
- •40)Табиғи ресурстар және олардың түрлері.
- •42)Ластану және ластаушылар түрлері.
- •43)Ксенобиотиктер,поллютанттар.Пестицидтер және олардың түрлері.
- •45. Өнеркәсіптік ластану.
- •46. Топырақ ластаушылары және топырақ ластануын болдырмау шаралары.
- •47. Ғаламдық экологиялық проблемалар және олардың түлері.
- •48. 1992 Жылғы Рио де Жанейро қаласындағы «Қоршаған орта және дамуы» конференцясы.
- •50. Озон қабаты және парникті эффект.
- •51. Әлемдік мұхит проблемалары және ормандардың азаюы.
- •52. Су тапшылығы және биоалуантүрліліктің азаюы проблемасы.
- •53. Қазақстандағы (Ұлттық) экологиялық проблемалар.
- •54.Қоршаған ортаның өнеркәсіптік және тұрмыстық ластануы
- •56. Қала экологиясы. Aвтокөліктен бөлінетін заттар.
- •57 Қазақстанның ерекше қорғауға алынған аумақтары.
- •58 Қызыл кітап және оның биоалуантүрлілікті сақтаудағы маңызы.
- •59.Экологиялық қүқық нормалары және жауапкершілік
- •1.Экология ғылымының даму тарихы.
24.Экологиялық қуыс.Гаузе принципі.
«Экологиялық қуыс» ұғымын ғылымға зоолог Дж.Гринелл биоценоздағы түрдің ролін анықтау үшін енгізді.Экологиялық қуыс-абстракты ұғым,бұл табиғатта түрдің тіршілік етуіне ықпал ететін барлық орта факторларының жиынтығы.Ю.Одумның айтуы бойынша «экологиялық қуыс» ұғымы организмнің экожүйедегі атқаратын роліне жатады,яғни тіршілік ету ортасы түрдің «мекен-жайы»,ал қуыс-түрдің «мамандығы».Гаузе принципі бойынша екі түр кішкентай бір кеңістікте бірге тіршілік ете алмайды.Өйткені екі түрдің де санының өсуіне кеңістіктегі ресурстардың қоры жетпейді.Яғни,экологиялық қажеттіліктері ұқсас түрлер бірдей экологиялық қуысты иелене алмайды.Өмір сүруі үшін бір түр міндетті түрде экологиялық қуысын өзгерту керек(қорек түрін,тіршілік ету түрін).Әр түрге жататын организмдердің екі экологиялық қуысы болуы мүмкін:фундаментальды және іске асырылған.Фундаментальды қуыс-түрдің тіршілік ете алатын жағдайлары,ал іске асырылған-түрдің сол қауымдастықтағы кездесуі.Іске асырылған қуыс фундаментальды қуыстың бір бөлігін құрайды.
25.Экологиялық сукцессия,түрлері.
Белгілі бір уақыт ішінде қауымдастықтар құрылып және өзгеріп отырады.Бір биоценоздың екінші биоценозбен жүйелі түрде ауысун экологиялық сукцессия деп атаймыз.Латынша succesion-ауысу деген мағынаны береді.Жалпы биоценоздардың бірін-бірі ауыстыру тізбегін сукцессиялық қатар немесе серия дейді.Сукцессияға мысал ретінде кішігірім көлдің батпаққа,одан орманға айналуын келтіруге болады.Жалпы сипаты бойынша сукцессия бірінші реттік және екінші реттік болып бөлінеді.Бірінші реттік сукцессия тіршілік иелері жоқ жерде:лава үстінде,сусымалы құмдарда,жартастарда,тасты жерлерде басталады.Бұл жерде алғашқы қоныстанушылардың(бактериялар,қыналар) ролі зор.Олар тіршілік ету барысында аналық жынысты бұзып өзгертеді,топырақтың түзілуіне себеп болады.Екінші реттік сукцессия бұрын жақсы дамып жетілген биоценоз орнында жүреді.Мысалы,өртенген орман,құрғатылған батпақ немесе бұзылған қауымдастықтар орнында.Екінші реттік сукцессия топырақ түріне байланысты тез немесе баяу жүруі мүмкін.Екінші реттік сукцессия кезіндегі өзгерістер алғашқы сукцессиямен салыстырғанда әлдеқайда тез жүреді.
26.Биогеоценоз және биотоп(экотоп) ұғымдары.
Биогеоценоз-тіршілік ететін жер бетімен қоса(биотип) тірі организмдер(биоценоз) мен абиотикалық ортаның тарихи қалыптасқан жиынтығы.»Биогеоценоз» ұғымын 1944жылы академик В.Н.Сукачев ұсынды.Табиғатта әртүрлі түрлердің популяциялары биоценозға бірігеді.Бірақ,ешқандай биоценоз ортадан бөлек өздігінен дами алмайды.Нәтижесінде табиғатта тірі және өлі компоненттер жиынтығы құрылады.Орта жағдайлары ұқсас кеңістікте тіршілік ететін организмдер қауымдастықтарын биотоп(биоценоз) деп атайды.Биотоп-биоценоздың тіршілік ету ортасы.Сондықтан биоценозды белгілі бір биотопқа тән тарихи қалыптасқан организмдер тобы ретінде қарастыруға болады.Мөлшері мен күрделілігіне қарамастан кез-келген биогеоценоз мынадай құрамдардан тұрады:Продуценттер-өндірушілер,күн энергиясын пайдалана отырып денесін бейорганикалық заттардан түзетін автотропты организмдер.Консументтер-тұтынушылар,процуденттер арқылы дайын органикалық заттармен бірге ондағы энергияны пайдаланатын гетеретрофты организмдер. Редуценттер-ыдыратушылар,органикалық қалдықтарды ыдыратып,биологиялық зат айналымын аяқтайтын организмдер. Өлі табиғат компоненттері.