
- •1.Экология ғылымының даму тарихы.
- •2.Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология.
- •3.Экология пәнінің мазмұны және міндеті.
- •4. Экологиялық факторлардың түрлері.
- •5.Экологиялық факторлардың әсер етушнің кейбір заңдылықтары(оптиум ережесі,Шелфорд ережесі,Либих заңы)
- •6)Организмдердің толеранттылыққа байланысты топтары.
- •7)Организмдердің қоректенуі бойынша экологиялық классификациясы.
- •8)Тіршілік ортасы,түрлері және фотопериодизм.
- •9)Организмдердің жарыққа байланысты экологиялық топтары.
- •10)Организмдердің температураға байланысты экологиялық топтары және анабиоз.
- •11.Организмдердің ылғалға байланысты экологиялық топтары.
- •12.Топырақ қабаттары және топырақ организмдері.
- •13.Оргонизмдердің биологиялық ырғақтары.
- •14.Популяция туралы түсінік және популяция құрылымдары.
- •15.Популяцияның этологиялық құрылымы.
- •16)Популяцияның динамикалық көрсеткіштері және гомеостазы.
- •17)Синэкология және оның құрамдас бөліктері.
- •19)Биоценоздағы организмдердің қарым қатынастары(в.Н.Беклемишев бойынша).
- •20)Биотикалық қарым қатынастар типтері.
- •21.Биоценоздағы бір-біріне пайдалы қатынастар түрлері.
- •24.Экологиялық қуыс.Гаузе принципі.
- •25.Экологиялық сукцессия,түрлері.
- •26.Биогеоценоз және биотоп(экотоп) ұғымдары.
- •27.Экожүйе,биогеоценоз және экожүйе типтері.
- •28.Экологиялық пирамида.(Элтон пирамидасы)
- •29.В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі,биосфера компоненттері.
- •30.Биосфера эволюциясы.
- •31.Биологиялық және геологиялық айналымдар.
- •40)Табиғи ресурстар және олардың түрлері.
- •42)Ластану және ластаушылар түрлері.
- •43)Ксенобиотиктер,поллютанттар.Пестицидтер және олардың түрлері.
- •45. Өнеркәсіптік ластану.
- •46. Топырақ ластаушылары және топырақ ластануын болдырмау шаралары.
- •47. Ғаламдық экологиялық проблемалар және олардың түлері.
- •48. 1992 Жылғы Рио де Жанейро қаласындағы «Қоршаған орта және дамуы» конференцясы.
- •50. Озон қабаты және парникті эффект.
- •51. Әлемдік мұхит проблемалары және ормандардың азаюы.
- •52. Су тапшылығы және биоалуантүрліліктің азаюы проблемасы.
- •53. Қазақстандағы (Ұлттық) экологиялық проблемалар.
- •54.Қоршаған ортаның өнеркәсіптік және тұрмыстық ластануы
- •56. Қала экологиясы. Aвтокөліктен бөлінетін заттар.
- •57 Қазақстанның ерекше қорғауға алынған аумақтары.
- •58 Қызыл кітап және оның биоалуантүрлілікті сақтаудағы маңызы.
- •59.Экологиялық қүқық нормалары және жауапкершілік
- •1.Экология ғылымының даму тарихы.
1.Экология ғылымының даму тарихы.
Экология (грекше oikos-үй, баспана, Logos-ғылым,ілім) тірі организмдер мен қоршаған ортаның қарым қатынасын немесе тірі озганизмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, организмдердің бір бірімен өзара байланысын зерттейтін ғылым. Экология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса бастағанмен, қоршаған ортаны танып білуге деген құштарлық сонау адамзат кезінен басталды деуге болады. Алғашқы қауымдастық қоғамның өзінде ақ адамдар өздерімен бірге қартар өмір сүріп келе жатқан кейбір аңдардың қарсылығына тап келгені белгілі. Осылай олар қай аңды қалай ұстау керек екенін, қай жерде ұстау керек екенін білді. Қоршаған орта туралы мәліметтер көнеден келе жатқан халықтардың эпикалық шығармаларындада кездеседі. Мысалы, үнділердің «Махабхарата» жырында табиғаттың дүлей күштеі су тасқыпы мен жер сілкінісі туралы деректер келтіріліп, 50 ден астам жан жануарлардың аттары аталып, олардың тіршілік етуі туралы сипатталады. Дәл осындай деректер ежелгі дүние ғалымдары Гераклиттің, Гиппократтың, Аристотельдің еңбектерінде келтіріліп талданды. Орта ғасырларда табиғатты зерттеу жөніндегі жұмыстар біршама тоқырап қалды. Өйткені бұл кезде Құдайға құлшылық етуге баса назар аударғандықтан , жаратушыға қарсы шығуға , ол туралы өзінің ой пікірлерін білдіруге көпшіліктің батылы жете бермеді. Бұл кезең осылай мың жылдай уақытқа созылды.Қайта өрлеу дәуіріндегі географиялық жаңалықтардың ашылуы және бұрын белгісіз болып келген жаңа жерлерге қоныстану, биологиялық ғылымның күрт дамуыны жол ашты.Нақты материалдарды жинақтау мен жүйелеп, сұрыптап көрсету сол кезеңдегі жаратылыстану ғылымдарының басты шартына айналды.XVIII. ғсоңы мен XIX.ғ басында қоршаған орта құбылысын зерттеушілердің сапы бірте бірте арта түсті.Ғылымның дамуының екінші кезеңі ботаникалық географиялық ірі ірі көлемді зерттеулерге ұласты. Экология жалпы бүкіл биология ғылымының одан әрі дамуына эволициялық ілімнің негізін салушы ағылшын Дарвин зерттеулерінің маңызы зор. «Экология» ұғымын ғылымға алғаш рет енгізген неміс ғалымы Э.Геккель (1866ж) экологияға мынандай анықтама берді: Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты, барлық білімдерді жануардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен әсіресе оның өзімен тікелей және жанама қарым қатынаста болатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеу деп түсінеміз.Экология болашақтың ғылымы және адамдардың өзінің өмір сүруі осы ғылымның дамуына тікелей байланысты.
2.Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология.
Қазіргі таңда экология ғылымы зерттелетін обьектілердің ерекшеліктеріне, әдістеріне байланысты бірнеше бөлімдерден тұрады: Аутэкология (грекше autos өзім) жеке организмдердің қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттейтін өкология бөлімі. Аутэкология ұғымын алғаш рет 1896ж Шретер особьтар экологиясы үшін қолданды.Аутэкология алдымен организмдердің өлі материядан айырмашылығын : зат алмасу, көбею, өзгергіштік және тұқым қуалаушылық т.б қасиеттері бар тіршілік иелері ретінде қарастырылады. Аутэкологияның міндеті: түрлердің алуан түрлі экологиялық жағдайларға физиологиялық, морфологиялық т.б бейімделуін анықтау. Демэкология (грекше demos халық) немесе популяциялар экологиясы қоршаған орта факторларының популяцияға әсерін, популяция санының өзгеруін зерттейді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрып тіршілік ету ерекшеліктері, биологиялық құрылымы табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуі мен ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы мәліметтерді қарастырады. Синэкология (грекше syn бірге) немесе қауымдастықтар экологиясы биоценоз түзетін әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер популяцияларын, олардың түзілуін, дамуын, құрылымын, өзгеруін және қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттейді Осы бағыттардың негізінде жаңа, жалпы биосфераның мәселелерін қарастыратын ғаламдық экология, қоғам мен табиғаттың қарым қатынастары мәселелерін қарастыратын әлеуметтік экология сияқты бағыттар пайда болды.