Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1199_ltty_1179_bank_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
136.94 Кб
Скачать

12.Ақша айналысының маңызы

Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал аума айналымы ұғымы бұған кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындарын ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса қолма-қаолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлуінің қарастырады. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты болып табылады.Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге айырбасталса,онда ол тауарға айналады.Ал бұл ақшаның қажеттілігін туындатады,яғни айырбас Маркстің Т-А-Т сызбасы бойынша жүзеге асырылады.Бұл жағдайда ақша балама негізде тауарды сатып алу-сатуда делдал ретінде әрекет етеді.Бұны жүзеге асыру үшін сатылатын тауарды (Т) ақшамен өлшеу керек және осы сомаға басқа тауарды (Т’) сатып алу қажет.Жалпыға ортақ балама рөлінде әрекет етуші ақша жоқ болған жағдайда осы сәттегі нарықта сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігіне байланысты айырбас жүзеге аспай қалуы мүмкін. Ақша айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек жойылуына келсек, тауар айналымы процесіндегідегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақының жүзеге асыру негізінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасу-ақша айналысы деп аталады.

Ақша айналысының объективті негізі – тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалысты, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды. Тауар сатып алынғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналысты әрқашан жүреді. Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының сомасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызметі тек сату-сатып алумен шектелмейтін түсінеміз.

Ақша айналысын реттеудің элементі – қолма-қол ақшаның қолдану азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулары қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.

Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуін. Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайда түбірімен өзгертті.

Бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді.

Сондай-ақ:

  • өнімді өндіру және соту процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысуларымен байланысты ақша айналымы,

  • тауарлы емес сипаттасы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы,

  • ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, неше ақшалар көмегімен жүзеге асырылды

Қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар айналым

  • Айналыста тек қолма-қол ақша жүретіндіктен оны ақша айналысы деп атайды. Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша белгілері айналыста жүреді. Бұл кез келген мемлекеттің ақша айналымының аз бөлігін құрағанмен оның маңызы үлкен. Өйткені қолма-қол ақша халықтың ақшалы табысының басым көп бөлігін алуға және оны жұмсауға қызмет етеді.

  • Қолма – қол ақша негізінен халықтың ақшалы табысынан және оны жұмсаудан түседі. Біреу ақшаның көп бөлігін салық, тарпа, сақтандыру төлемін, пәтер ақысы мен коммуналдық төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып алу мен көрсетілген қызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздар мен лотерея сатып алуға, жалгерлік ақы, айыр пұл және т.е.е төлеуге жұмсайды.

  • Қорыта айтқанда, ақша коммерциялық банктердің төлем-кассалық бөлімдерінің клиенттер арқылы айналысқа түсіп, белгілі бір мерзімнен кейін клиенттердің массасы арқылы айналыстан шығады. Сөйтіп, қолма-қол ақшаның қайталама айналысы аяқталады.

  • Қолма-қол емес ақша айналымы (төлем айналымы) – банктегі шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметін атқаруы. Ол бүкіл ақша айналымының басым бөлігін құрайды. Төлем айналымы төлеушілер мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазу түрінде немесе олардың өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]