Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1199_ltty_1179_bank_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
136.94 Кб
Скачать

10. Ақша массасы мен ақша базасын реттеу

Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.

Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.

Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында төмендегідей ақша агрегаттары қолданылады:

  • Ml агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды камтиды;

  • М2 агрегаты, ол Ml агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады;

  • МЗ агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақсалымдарын кұрайды;

  • M4 агрегаты, ол МЗ агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.

Қазақстанда ақша массасына Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізіңде анықталады және оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша және резидент занды тұлғалар мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың) депозиттері жатады.

Қазақстан Республикасында Ұлттық Банктің 12.01.1995 жылы Директорлар кеңесінің № 2 хаттамасымен бекітілген «Ақша массасын, ақша базасын анықтау әдісі және ішкі және сыртқы активтерді анықтау барысында баланстық шоттарды жіктеу туралы ережесіне» сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледі.

Ақша базасы (MB) — бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді.

ҚҰБ-нің соңғы жылдардағы есептеулеріне байланысты, ақша базасы (резервтік ақша) мыналардан тұрады:

  1. ҚҰБ-нің айналымға шығарған қолма-қол ақшаларынан (ҚҰБ- нің кассасындағы қолма-қол ақшаларды коспағандағы немесе Ұлттық Банктен тыс қолмақол ақшалардан);

  2. ЕДБ-дің аудармалы және басқа депозиттерінен; банктік емес қаржылық ұйымдардың аудармалы депозиттерінен;

  3. ҚҰБ-гі мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдардың теңгедегі ағымдағы шоттарынан.

Ақша базасының ақша массасына ықпал етуі ақша мультипликаторы көмегімен мынадай формула арқылы есептеледі:

Ам = МЗ (ақша массасы) / MB (ақша базасы)

Егер, мысалға ақша мультипликаторы 2,0-ге тең болса, онда ақша базасының әрбір теңгесі 2 теңге жасауға қабілеттігін көрсетеді. 2008 жылы ақша массасындағы депозиттердің өсуі, ақша мультипликаторының мәнін, өткен жылмен салыстырғанда 3,15-дан 4,36-ге дейін өсіріп отыр.

Ақша массаның жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) қатынасы арқылы экономиканың монетизациялану коэффициентін (Км) анықтауға болады.

Км = (МЗ (ақша массасы) / ЖІӨ) x 100

11. Ұлттық Банктің төлем жүйелерін ұйымдастырудағы ролі

Қазақстан Ұлттық Банкi ақша төлемдерi мен аударымдарын ұйымдастырады, үйлестiредi, реттейдi және:1) ақша төлемдерiн және (немесе) аударымдарын жүзеге асыру ережелерiн және тәсiлдерi қолданылуының ерекшелiктерiн, нұсқаулардың мазмұнына қойылатын негiзгi талаптарды; 2) қолма-қол ақшаны пайдалана отырып, төлемдердi жүзеге асыру тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiнiң тиiмдiлiгi мен сенiмдiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды.Төлем жүйелерiн қадағалау (оверсайт) - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен төлем жүйелерiнiң тиiмдi, қауiпсiз және үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметi.Қазақстан Ұлттық Банкi төлем жүйелерiн қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру мақсатында:1) төлем жүйелерiне қадағалау (оверсайт) жүргiзу тәртiбiн белгiлеуге;2) төлем жүйелерiн ұйымдастырудың және олардың жұмыс iстеуiнiң шарттары мен тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға;3) төлем жүйелерiнiң мониторингiн жүзеге асыруға;4) төлем жүйелерiнiң ұйымдастырылуын және олардың жұмыс iстеуiн тексеруге;5) ақша төлемдерi мен аударымдары, төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуi мәселелерi бойынша төлем жүйелерiнiң қатысушыларынан және операторларынан ақпарат алуға;6) төлем жүйелерi қатысушыларының қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы.Қазақстан Ұлттық Банкi өзiнiң құзыретi шегiнде халықаралық (мемлекетаралық) төлемдер жүйесiн ұйымдастыруға қатысуға құқылы.Қазақстан Ұлттық Банкi банк шоттарының түрлерiн, құқықтық режимiн және құрылымын, шоттарды ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және соларға сәйкес қабылданған нормативтiк   құқықтық актiлерiнде белгiленедi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]