Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1199_ltty_1179_bank_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
136.94 Кб
Скачать

7.Банкноталар мен монеталарды шығару жолдары

Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма –қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.

Ұлттық банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу,жою және қолма-қол ақшаның инкассациялау тәртібін орнатады. Қазақстан Республикасында шығарылған банкноталар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс. Мемлекеттің орталық банкі ретінде Ұлттық Банктің маңызды функцияларының бірі міндеттердің кең спектрін білдіретін ұлттық валютаны эмиссиялау болып табылады.

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталар эмитентінің функциясын іске асыру мақсатында қолма-қол ақша айналысын жəне эмиссиялық-касса операцияларын ұйымдастыру қызметін жүзеге асырады. Жүктелген міндеттерге сəйкес ,банк резервтік қорлардың жай-күйіне жəне сақталуына, эмиссиялық орамдағы банкноталар мен монеталардың қозғалысына жəне қалдықтарына, қолма-қол ақша айналысына бақылауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ Ұлттық Банк Басқармасының шешімі бойынша Ұлттық Банкте банк шоттарын ашқан мемлекеттік органдарға, екінші деңгейдегі банктердің филиалдарына жəне басқа да заңды тұлғаларға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, заңды жəне жеке тұлғаларға монета жəне басқа да банк өнімін сатады. ҚРҰБ алдына қойылған міндеттерді орындау үшін мамандар Мемлекеттегі қолма-қол ақша айналысының жай-күйін ай сайын талдайды, экономиканың қажеттілігін толық қанағаттандыруға қажетті қолма-қол ақшаға қажеттілік көлемін айқындайды. Эмиссиялық көрсеткіштің ұлғаюы, жаңа дизайндағы банкоталарды белсенді түрде ауыстырудың жалғасуына байланысты болды.

Банкоматтар арқылы еңбекақы жүйесінің дамуымен ақша айналымы орташа жəне ірі номиналдағы банкноталармен толығады жəне ұсақтау құралы ретінде монеталарға қажеттілік үнемі өсіп отырады. Ұсақ номиналдағы ақша белгілерінде тапшылықтың туындауын болдырмау мақсатында жəне металл монеталармен ұсақтау операцияларын жүзеге асырып отырды. Металл монеталардың ай сайынғы айналымы 180-200 млн. теңгеге жетті.

ҚРҰБ айырбастау кассасының жұмысы жолға қойылған, мұнда тозығы жетіп ескерген банкноталарды жəне ақаулы монеталарды ауыстырады. Егер касса қызметкері ақша белгілерінің төлем қабілеттілігін айқындауға қиналған жағдайда, сараптаманың қорытындысын жəне актісін ресімдей отырып, осы ақша белгісіне сараптама жүргізеді. Жалған банкноталар мен монеталар байқалған жағдайда, ҚРҰБ құқық қорғау органдарымен жалған ақша жасаушылармен күрес мəселелері бойынша өзара іс-əрекет жасайды.

Қолма-қол ақша айналысын реттеу саласында Ұлттық Банк қызметінің негізгі бағытын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұлттық валюта саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қажеттілігін толық көлемде, уақытылы қанағаттандыруға үнемі тырысып отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]