
- •1.Ұлттық Банктің капиталы және резервтерін қалыптастыру
- •2.Ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкалары
- •3. Ұлттық банк жұмысын жоспарлау қалай жүргізіледі.
- •4.Қр Ұлттық Банктің құрылымын қалыптастыру тәрітібі және құзыреті
- •5.Қазақстан Ұлттық банктің банк жүйесіндегі орны
- •Ұлттық банкінің монетарлық қызметі
- •7.Банкноталар мен монеталарды шығару жолдары
- •8. Бағалы қағаздар нарығындағы қр Ұлттық банктің функциясы
- •9.Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің құрылымы
- •10. Ақша массасы мен ақша базасын реттеу
- •11. Ұлттық Банктің төлем жүйелерін ұйымдастырудағы ролі
- •12.Ақша айналысының маңызы
- •13. Ақша бірлігінің қамтамасыз етілуі
- •14. Қр Ұлттық Банкiнiң ұлттық валютамен операциялары және мәмiлелерi
- •15. Депозиттер және қр Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталары.
- •16. Валюталық құндылықтармен және бағалы металдармен операциялары
- •17. Қр Ұлттық Банкінің құрылымы
- •18.Алтын-валюта активтері құрамын басқару стратегиясы
- •19. Ақша базасы. Оны реттеудегі Ұлттық банктің рөлі.
- •20. Ұлттық Банктің ақша айналымын ұйымдастыру қызметі.
- •21. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдардың қызметін бақылау мен қадағалау
- •22. Кассалық операцияларды жүргізу тәртібі.
- •23. Коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу.
- •24.Ұлттық банкте кәсіпорындар мониторингін ұйымдастыру.
- •25.Банк операциялары бойынша сандық шектеулер және резервтік талаптар
- •26.Ақша-несие саясаты бойынша қайта қаржыландыру ставкасы
- •27. Ұлттық Банкінің валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы функциялары
- •28. Валюталық интервенциялау: мәні, түрлері, қызмет ету
- •29. Ұб нің тексерулер ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі
- •30. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы қызметi.
- •31. Банк жүйесіндегі ақпараттың қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету.
- •33.Швецияның банкі
- •34.Германия ұлттық банкі
- •35.Англия Ұлттық банкі
- •36. Гонконг
- •37.Израиль Банкі
- •38.Канада Банкі
- •39.Испания банкі
- •40.Италия Банкі
- •41.Оңтүстік Кореяның Ұлттық банкі
- •42.Малайзияның орталық банкі
- •43.Араб әмірлігі
- •44.Ақш банкі
- •45.Швейцария Банкі
- •46. Қытай Халық Республикасының ұлттық банкі
5.Қазақстан Ұлттық банктің банк жүйесіндегі орны
Республикасының Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне – шаруашылық субьектілері мен халыққа не жасаса, Ұлттық банкіде соны жасайды. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемлер болды. Осыдан келіп, Ұлттық банк «банктердің бірі» деп атайды. Коммерциялық банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді, сол сияқты Ұлттық банкіде банктерден және жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді.
Ұлттық банк «банктердің банкі» қызметін атқару үшін :
- коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды ;
- коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қажеттіліктеріне байланысты қысқа мерзімді қарыздар береді ;
- жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүзеге асырады ;
- банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.
Ұлттық банк – коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық-несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады.Шетелде орталық банктерді «соңғы сатыдағы несие беруші»деп атайды.Олар- коммерциялық банктерден есеп мөлшерлемесін ала отырып, уақытша жетіспеген өтімді құралдарының орнын толтыру үшін несиелер береді.Әрине бұл несиелер, сауда вексельдерімен, мемлекеттік бағалы қағаздарымен немесе банктердің меншікті қарыздық міндеттемелерімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Ұлттық банкінің монетарлық қызметі
Еліміздегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу, қаржы секторының пәрменді дамуы, сыртқы экономикалық конъюнктураның жайлы болуы Ұлттық Банктің қызметінің сапалы және жаңа жолға түсуіне себепші болды. Бұл өз кезегінде ақша-кредит саясатының құрылуына және дамуына ықпал етіп, іскерлік ортаға, коммерциялық емес банктердің жұмысын бақылауға және ақша айналымын тұрақтандыруға әсерін тигізді. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты ақша агрегаттары мен теңге бағамына ғана байланысты емес, сонымен қатар, басқа да монетарлық емес факторларға: ауыл шаруашылық өнімдері, жанармай және тұрғындық-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасына да байланысты инфляцияны минимизацияға бағытталған.
2002 жылдан бастап Ұлттық Банк өзінің ең басты мақсатын ақша-кредит саясатын дайындап, негізгі еуростандарттарға жақындауға мүмкіндік беретін инфляциялық таргеттеудің негізгі принциптеріне ауысуды негізгі бағыты деп алды. Инфляциялық таргеттеу ақша базасының көрсеткіштерінен, инфляциялық көрсеткіштерге біртіндеп бағытталуды көздейді. Бұған себепші болған инфляцияның «монетарлық» құштарлығының деңгейінің төмендеуі. Осыған байланысты, Ұлттық Банктің негізгі және соңғы бағыты – мемлекетте бағаның тұрақтылығын сақтау.
Таргеттеу (ағыл. targeting – бағыт алу, бағыттау, бағытталу) монетарлық саясатта – бұл ортамерзімдік перспективада негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді бағытты басқару процесі.
Қазақстан үшін монеталандырудың оңтайлы деңгейі қандай болуы тиіс екенін айқындау осы көрсеткіш әрбір ел үшін көптеген макроэкономикалық факторларға, оның ішінде, экономиканың даму деңгейіне қатысты өзгеріп отыратындықтан өте күрделі. Алайда, осы көрсеткіштің 2000 жылдың басынан бергі 12,2%-дан 2005 жылғы 27,2%-ға дейін біртіндеп өсуі экономикалық даму деңгейінің көтерілуі туралы айтса, 2007 жылдың ортасында 39,4% -ға дейін күрт өсу жинақталып жатқан тәуекелдер туралы белгі берді. Сондай-ақ, ақша-кредит саясатының қатаңдатылғанына және айықтыру операциялары көлемінің ұлғаюына қарамастан, бағалар деңгейінің көтерілуін тоқтату мүмкін болмады. Сонымен қатар, инфляцияның жоғары деңгейінің негізгі факторлары 2007 жылы монетарлық емес және сыртқы күйзелістерге байланысты болды.
2006-2007 жылдардағы артық өтімділікті алу жөнінде Ұлттық Банк қабылдайтын шаралардың ақша ұсынысының өсуін барынша тиімді бәсеңдеткеніне қарамастан, ең төменгі резервтік талаптардың (ЕТРТ) нормативтері дифференциациясының және олардың біртіндеп көтерілуінің, сондай-ақ қайта қаржыландыру мөлшерлемелерінің және депозиттер бойынша мөлшерлемелердің көтерілуінің 2005 жылдан бастап неғұрлым тұрақты әсер беруі мүмкін деген болжам жасауға болады. 2007 жылдың басынан бастап, әлемдік экономика өсу қарқынының бәсеңдегенін көрсеткен кезде, Қазақстанда ақша массасының қысқаруы тек Ұлттық Банктің белсенді қатысуы нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар, кредиттеу қарқынының ескі кредиттерді өтеумен және үмітсіз борыштарды есептен шығарумен қоса жүрген қысқаруы да ақша массасының сығымдалуына алып келді.Бірақ Ұлттық Банктің монетарлық саясаты елдегі экономикалық ахуалды үнемі айтарлықтай түзете бере алмайды – Үкіметпен бірлесе отырып іс-қимыл жасау қажет. Бюджеттік-қаржылық реттеу мемлекеттің экономикалық саясатының бөлігі ретінде мемлекеттік бюджеттің кіріс және шығыс бөліктері өлшемінің және құрылымының өзгеруі арқылы жүзеге асырылады және сондай-ақ ақша айналысына ықпал етеді. Сонымен қатар, мемлекеттік даму институттары арқылы өндірістік инвестицияларды қаржыландыру ақша массасын ұлғайтудың неғұрлым шағын инфляциялық арнасы болады.