Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1199_ltty_1179_bank_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
136.94 Кб
Скачать

37.Израиль Банкі

Израильдің Орталық Банкісінің ресми туылган жылы 1954 жылы 1- желтоқсан.

Қаржы министрі Элиэзер Каплан 1951 жылы ОБ куру туралы комиссияның құрамын белгілеуге бұйрық берді. Сол кездегі Қаржы министрлігінің бас директоры Дэвид Горовице ОБ туралы заңнаманың жалпы жинағын комисссия құрамындағылармен бирге жазып шығарды.

Орналасқан жері- Иерусалим- Кнессет аймағы,Израиль мемлекетінің Қаржы министрлігінің жанында.

Президент(председатель) Фишер, Стенли

Валюта-Шекель

ОБ екі негізгі бағыт бойынша құрылған:

  • Коммерциялық банктерді басқару жүйесін ұйымдастыру

  • ОБ мен мемлекет арасындағы тығыз байланыс орнату

Айрықша функциялары:

  • жинақтаушы және инвестициялық қорларды басқару;

  • Мемлекеттік бағалы қағаздарды өз ЕДБ сату арқылы несиелендіру

Орталық Банктің негізгі міндеттірі: Ақша-несие саясатын қадағалау; Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету; Қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, соның ішінде жұмысбастылық пен экономикалық өсім

Израиль ОБ-ң негізгі атқаратын функциясы Ұлттық Валютаның бағамын тұрақты сақтап қалу

ОБ-ның негізгі мақсаты: Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып ұлттық валютаның сатып алу қабілетін жоғарлату

Орталық Банк басқармасы:

  • КОМИТЕТ - Құрамына ең басты жеті адам кіреді

  • қадағалаушы кеңес - Құрамына ең басты төрт адам кіреді

38.Канада Банкі

Орналасуы: Оттава, Онтарио

Құрылу жылы: 1934

Төраға: Стивен Полоз

Валютасы: канадалық доллар

Мақсаттары:

  • инфляцияның төмен және тұрақты деңгейін сақтау (банк инфляцияның 2 %, деңгейін сақтап тұруға тырысады, яғни 1 %, бен 3 %, арасындағы көрсеткіш, бұл өз кезегінде мақсатты аралық болып саналады);

  • Ақшаның сенімділігін сақтау;

  • Қаржылық тұрақтылықты сақтау;

  • мемлекеттің қаражаты мен қарыздарын басқару;

  • канадалық ақшаның құнына деген нарықтың сенімділігін сақтау мақсатында ақша – несие саясатын қолдану;

  • канадалық банктік билеттерді щығару және орналастыру;

  • 10 жылдан астам иесі табылмаған, сұранысы жоқ шоттарды өз міндеттілігіне алу;

  • қайта қаржыландырудың бағамын бақылап отыру;

  • алтын және валюталық резервтерді басқару;

  • Канаданың жинақ сертификаттарын айналысқа шығару

Құрамында 10 департамент бар:

  1. Ғылыми зерттеулер

  2. Қаржы нарығы

  3. Ақша және қаржылық зерттеулер

  4. Халықаралық қатынастар

  5. Жоғарғы басшылыққа және заңгерлік қызмет

  6. Банктік операциялар

  7. Қоғаммен байланыс

  8. Бақылау

  9. Қарыздарды басқару Бюросы

  10. Ортақ қызмет

Канада Ұлттық Банкі қаржы министрлігінің қарамағында, дегенмен үкіметтен белгілі бір деңгейде тәуелсіз. Қызметтер спектрі:

  • коммерциялық банктердің банкі қызметін атқарады

  • федералды үкіметтің агенті және кеңесшісі болып табылады

  • Банк салықтық қызметтің шоттарын басқарады

қаржы жүйесін бақылайды

  • Канадалық төлем ассоциациясының мүшелеріне несие береді.

  • Мемлекеттік шоттардағы қаржы жеткіліктілігін бақылайды

  • Кандалық қаржы жүйесін банк туралы заңнамаға сәйкес бақылайды

  • Өзге мемлекеттердің орталық банктерімен қарым-қатынаста бола алады, шет ел валютасын сатып алу сату жұмыстарын жүргізеді, сонымен қатар қарыз құқықтарын сатып алып сата алады

Канада банкі канадалық үкіметтің тікелей салымдарын қабылдайды сәйкесінше олардың үстіне пайыз есептейді. Сондай-ақ ол компаниялар мен мемлекеттік федералдық мекемелерден салымдар қабылдайды. Ол мемлекеттен тыс және өзге орталық банктерде шот аша алады. Сондай-ақ Халықаралық Валюталық Қор, Халықаралық Есеп Банкі, Халықаралық қайта құру және даму банкі секілді беделді ұйымдарда да шот ашуға мүмкіншілігі бар.

Активы: 2012 жылдың қорытындысы бойынша, банк активі 161 млрд. АҚШ долларын құрады. Банк активінің көп бөлігін мемлекеттік облигацияларға салынған инвестициялар құрайды. Сонымен қатар банк бағалы қағаздарды ашық нарықта орналастырумен айналысады, одан пайыз түрінде түскен пайда банк кірісінің маңызды бөлігін құрайды. Банктің басты пассив тармағы – айналысқа шығарған банкноттары болып табылады. Олардың біраз бөлігі коммерциялық банктердің кассалық қорында орналастырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]