Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1199_ltty_1179_bank_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
136.94 Кб
Скачать

30. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы қызметi.

Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы функциялары

Қазақстан Ұлттық Банкі:

1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысы тәртібін белгілейді;

2) резиденттердің және резидент еместердің Қазақстан Республикасында валюталық операциялар жүргізу ережелерін белгілейді;

3) резиденттердің репатриация талаптарын орындауын қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің экспорт пен импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алуының бірыңғай ережелері мен шарттарын және экспорт-импорт валюталық бақылауын жүзеге асырудың тәртібін белгілейді;

5) шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін белгілейді және оған лицензия береді;

6) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес айырбастау пункттерін тіркеу тәртібін белгілейді және оларды тіркеу куәліктерін береді, сондай-ақ олардың қолданылуын тоқтата тұрады;

7) шетелдік валютамен айырбас операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;

8) валюталық операциялар туралы, Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктерде ашқан шоттары туралы тіркеуді және хабарлама беруді жүзеге асырудың тәртібін белгілейді, сондай-ақ тіркеу куәліктері мен хабарлама туралы куәліктерін береді;

9) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетелдік валютаның сатып алу бағамының теңгеге сату бағамынан ауытқу шегін белгілеу тәртібін айқындайды;

10) арнайы валюта режимі шеңберінде валюталық операциялар жүргізуге арнайы рұқсат береді;

11) мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға міндетті валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептіліктің тәртібі мен нысандарын, сондай-ақ валюталық бақылау агенттерінің есептеме беру тәртібі мен мерзімдерін белгілейді; банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасында көзделген санкцияларды қолданады. Қазақстан Ұлттық Банкi осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес валюталық реттеу мен валюталық бақылау саласындағы өзге де функцияларды орындауға құқылы.

31. Банк жүйесіндегі ақпараттың қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету.

Қауіпсіздік саясатының негізгі элементтері: Ұйымдастыру мәселелерін шешу, Қатерге талдау жасау, Қауіпсіздік саясатының бұзылуына жауап қайтару шараларын анықтау, Ұйымдастыру-өкімгерлік құжаттарды дайындау. Банктік жүйеде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету былайша жүзеге асырылады. Төлем жүйесі пайдаланушысының және Орталықтың өзара іс-әрекеті: Төлем жүйесі пайдаланушысының және Орталықтың аутентификациясы криптографиялық қорғау құралдары пайдаланыла отырып екіжақты ақпарат алмасу арқылы жүзеге асырылады. Аутентификация барысында қате пайда болғанда, төлем жүйесінде қате туралы хабар шығады да, байланыс үзіледі. Төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс орнында TCP/IP протоколы бойынша Орталықтың төлем жүйесі пайдаланушысының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін серверлерімен қосуды қамтамасыз етуге қажетті құралдар болады.Төлем жүйесі пайдаланушысы және деректер өткізу арнасының төлем жүйесімен өзара іс-әрекет жасау үшін пайдалануды қамтамасыз ететін заңды тұлға арасында жасалатын шарт осындай деректер өткізу арнасының жұмысында іркілістер болған кездегі жауапкершілікті ескеруі тиіс. Төлем жүйесі пайдаланушысында төлем жүйесі бар резервтік деректер өткізу арнасы болады. Деректер өткізудің негізгі арнасы төлем жүйесінің негізгі серверіне, ал деректер өткізудің резервтік арнасы төлем жүйесінің резервтік серверіне қосылады. Төлем жүйесінің терминалы мынадай функцияларды орындайды: 1)төлем жүйесі пайдаланушысы мен Орталықты аутентификациялау; 2)берілетін және алынатын ақпараттың конфиденциалдылығын және аутентификациялануын қамтамасыз ету; 3)төлем жүйесінің пайдаланушысынан хабарларды алып Орталыққа және Орталықтан алып төлем жүйесінің пайдаланушысына өткізу; 4)алынған төлем жүйесі хабарларының тұтастығын тексеру; 5)төлем жүйесі терминалының тұтастығын тексеру; 6) негізгі ақпаратты қолдану; 7)төлем жүйесі пайдаланушысының төлем жүйесінің хабарларын қабылдауы мен өткізуіне байланысты өзге де функциялар. Төлем жүйесінің терминалы төлем жүйесі операторлары мен басқарушыларының мынадай негізгі оқиғалары мен іс-әрекеттері тіркелетін электрондық журналдарды жүргізуді қамтамасыз етеді:

1) төлем жүйесінің терминалын ашудың және жабудың уақыты мен күні; 2) Орталықпен қосудың және Орталықтан ажыратудың уақыты мен күні; 3) төлем жүйесі операторлары мен басқарушыларының төлем жүйесінің хабарларымен жүргізетін іс-әрекеттерінің басталу уақыты мен аяқталу уақыты, жасалған іс-әрекеттердің сипаты. Төлем жүйесінің терминалы төлем жүйесі операторлары мен басқарушыларының техникалық құралдар, парольдер арқылы немесе өзгедей жолмен кіруін қамтамасыз етеді. Төлем жүйесінің терминалын іске қосу төлем жүйесі терминалының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін техникалық құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады және төлем жүйесінің терминалына арналған құжаттамада көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс. "ТҰМАР" криптографиялық ақпарат қорғау пакетін пайдалану төлем жүйесінің пайдаланушысын төлем жүйесіне қосудың міндетті талабы болып табылады, ол мыналарды:

1)электрондық сандық қол қоюды қалыптастыру және тексеру тетігін; 2)ақпараттың конфиденциалдылығын (деректерді шифрлеуді); 3)өткізілетін ақпараттың тұтастығын (деректерді имитациялық қорғауды); 4)сақталатын ақпараттың және бағдарламалық қамтамасыз етудің тұтастығын (деректерді хэштеуді) қамтамасыз етеді.

32.Австрия Ұлттық Банкі

Австрия ұлттық банкі (нем. Österreichische Nationalbank (OeNB)) — Австрияның мемлекеттік орталық несие-эмиссиялық банкі.

Құрылымы:

Басқару органы – бас кеңес(Generalrat) болып табылады. Ол:президент (präsident),вице-президент (vizepräsident) 8 мүше(mitgliedern) – 5ж-ға және қайта сайлау шартымен федеральді үкімет белгілейді.

Директорлық(direktorium): губернатор (gouverneur); вице-губернатор (vize-gouverneur); 2 директор (direktor), федеральді үкімет ұсынысы бойынша фед.президент 5ж-ға қайта сайлау шартымен белгілейді.; Негізгі қалаларында 7 филиалы бар.

Персонал: 1) Кез келген деңгейдегі банк кәсіби құпияны үшінші бір тұлғаға жариялағаны үшін қызметкерлеріне қатаң жаза қолданады.

2) Салық төлеуден бас тарту банктік құпияны жариялаудың негізі болып табылмайды.

Қызмет көрсету: Банктік заңнама бірінші кезекте клиент қызығушылығын алдыға қояды. Клиент салымы туралы ақпарат тек клиенттің жазбаша өтініші болған жағдайда және қылмыстық істі тергеу ушін соттың сұранысы бойынша беріледі. Австрияға туристік визамен және айдан аз уақытқа келген шетел азаматы, банктен улкен көлемдегі сомаға шот ашу үшін жеке куәлігін көрсетуі қажет. Банк клиенттің паспорт мәліметтерін және ұлтын белгілеп алады, бірақ бұл ақпарат заңнамаға сәйкес жария етілмейді. Қорғану мақсатында клиеттің Австрия ұлттық банкіне салған инвкстициясын сақтандырады. Бұл барлық салымдар түріне және салымшының шетел азаматы ма, әлде Австриялық па бәріне бірдей қолданылады. 2007ж. 13 қараша- 31 желтоқсан аралығында Вена қаласында « Золотой слиток» атты көрме, Австрия ұлттық банк ақша музейі өткізілді. Онда алтынды табу әдісі және халықаралық ақша айналымындағы алтын тайтұйақтардың маңыздылығын туралы айтылды. АҰБ-нің өзінде 289 тонна алтын сақталады, ал ол өз кезегінде 2007ж есептеуі бойынша 4,5 млрд. еуроға тең.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]