Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1199_ltty_1179_bank_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
136.94 Кб
Скачать

3. Ұлттық банк жұмысын жоспарлау қалай жүргізіледі.

Ұлттық Банк өз қызметін тоқсан сайынғы, жылдық және ұзақ мерзімді жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.

Ұлттық Банктің жұмыс жоспарларын (бұдан әрі - жұмыс жоспары) дайындау және бекіту тәртібі Ұлттық Банктің жекелеген нормативтік құқықтық актісімен реттеледі.

Бекітілген жұмыс жоспарлары Ұлттық Банк бөлімшелерінің басшыларына танысуға және орындауға жіберіледі.

Жұмыс жоспарларынан іс-шараларды алып тастау немесе олардың орындалу мерзімдерін ауыстыру туралы шешімді құзыретіне Ұлттық Банктің жұмыс жоспарында қозғалатын мәселелер кіретін бөлімшенің басшысы ұсынған, Ұлттық Банк Төрағасының тиісті мәселелерге жетекшілік ететін орынбасарымен келісілген қызметтік жазбаның негізінде Ұлттық Банк Төрағасы (не оның міндетін атқарушы тұлға) қабылдайды.

Ұлттық Банк жыл сайын Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлықтарына сәйкес жоспарлы кезеңге Ұлттық Банктің стратегиялық жоспарын әзірлейді.

Ұлттық Банктің стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары және әлеуметтік-экономикалық дамудың мақұлданған болжамы негізінде әзірленеді.

Ұлттық Банктің стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде әзірленеді және бекітіледі.

Ұлттық Банктің стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының Президентіне немесе ол уәкілеттік берген лауазымды тұлғаға бекітуге ұсынылады.

Ұлттық Банктің стратегиялық жоспары міндетті түрде Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шектеулі таратылатын қызметтік ақпараты бар мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ете отырып орналастырылады.Ұлттық Банк стратегиялық жоспарды іске асыру үшін Ұлттық Банктің ағымдағы қаржы жылындағы нақты іс-қимылы бар, стратегиялық жоспардың мақсаттарына, міндеттеріне және нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі шараларды жүзеге асыруға жауапты орындаушыларды және мерзімдерін көрсете отырып операциялық жоспарды әзірлейді.

Операциялық жоспар жыл сайын әзірленеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде Ұлттық Банк Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

Ұлттық Банк Төрағасының бұйрығымен Ұлттық Банктің стратегиялық жоспарын әзірлеуге, іске асыруға, мониторингіне, бағалауға жауапты Ұлттық Банктің лауазымды тұлғалары және бөлімшелері белгіленеді.

Ұлттық Банктің жылдық есебі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңға және Ұлттық Банк туралы ережеге сәйкес жыл сайын Қазақстан Республикасының Президентіне бекіту үшін ұсынылады.

4.Қр Ұлттық Банктің құрылымын қалыптастыру тәрітібі және құзыреті

Қазақстан Ұлттық Банкi - тiке бағыныстағы схемасы бар бiртұтас орталықтандырылған құрылым. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң органдары Басқарма мен Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрамына департаменттерден тұратын орталық аппарат пен басқа бөлiмшелер, филиалдар, өкiлдiктер және ұйымдар кiредi.Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын Парламент Сенатының келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi 6 жыл мерзiмге тағайындайды. Төраға Қазақстан Ұлттық Банкi атынан iс-әрекет етедi және мемлекеттiк органдармен, банктермен, қаржы ұйымдарымен, халықаралық, шетелдiк және басқа ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметiне байланысты мәселелер бойынша, осы Заңда Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасына арналып ескерiлген өкiлеттiктердi қоспағанда, жедел және атқарушы-өкiмшi шешiмдер қабылдау, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң атынан шарттар жасасу өкiлеттiгi берiлген. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметi.Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының тағайындалу мерзiмiне қарамай, 6 жыл мерзiмге тағайындайды. Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi, өз құзырының шегiнде құжаттарға қол қояды.Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы өз құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерi егер өздерi оның қабылдануы үшiн дауыс бермесе, бiрақ шешiмнiң қабылдануымен өзiнiң келiспейтiндiгi туралы дереу мәлiмдеген болса, Басқарма қабылдаған шешiмдер үшiн жауап бередi.Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы 9 адамнан тұрады. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрт лауазымды адамы Қазақстан Республикасының Президентiнен бiр өкiл және Қазақстан Республикасының Үкiметiнен екi өкiл, сондай-ақ уәкiлеттi органның басшысы кiредi. Қазақстан Республикасы Президентiнен, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкiнен Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы тағайындайды және босатады.Қазақстан Ұлттық Банкiнiң оралымды басқару органы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады. Директорлар кеңесiнiң құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары кiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiтедi.Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрағасы Директорлар кеңесiнiң мәжiлiстерiне Төрағалық етедi. Оның тапсырмасы бойынша Директорлар кеңесiнiң мәжiлiсiн Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары жүргiзе алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]