
- •1.Ұлттық Банктің капиталы және резервтерін қалыптастыру
- •2.Ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкалары
- •3. Ұлттық банк жұмысын жоспарлау қалай жүргізіледі.
- •4.Қр Ұлттық Банктің құрылымын қалыптастыру тәрітібі және құзыреті
- •5.Қазақстан Ұлттық банктің банк жүйесіндегі орны
- •Ұлттық банкінің монетарлық қызметі
- •7.Банкноталар мен монеталарды шығару жолдары
- •8. Бағалы қағаздар нарығындағы қр Ұлттық банктің функциясы
- •9.Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің құрылымы
- •10. Ақша массасы мен ақша базасын реттеу
- •11. Ұлттық Банктің төлем жүйелерін ұйымдастырудағы ролі
- •12.Ақша айналысының маңызы
- •13. Ақша бірлігінің қамтамасыз етілуі
- •14. Қр Ұлттық Банкiнiң ұлттық валютамен операциялары және мәмiлелерi
- •15. Депозиттер және қр Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталары.
- •16. Валюталық құндылықтармен және бағалы металдармен операциялары
- •17. Қр Ұлттық Банкінің құрылымы
- •18.Алтын-валюта активтері құрамын басқару стратегиясы
- •19. Ақша базасы. Оны реттеудегі Ұлттық банктің рөлі.
- •20. Ұлттық Банктің ақша айналымын ұйымдастыру қызметі.
- •21. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдардың қызметін бақылау мен қадағалау
- •22. Кассалық операцияларды жүргізу тәртібі.
- •23. Коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу.
- •24.Ұлттық банкте кәсіпорындар мониторингін ұйымдастыру.
- •25.Банк операциялары бойынша сандық шектеулер және резервтік талаптар
- •26.Ақша-несие саясаты бойынша қайта қаржыландыру ставкасы
- •27. Ұлттық Банкінің валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы функциялары
- •28. Валюталық интервенциялау: мәні, түрлері, қызмет ету
- •29. Ұб нің тексерулер ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі
- •30. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы қызметi.
- •31. Банк жүйесіндегі ақпараттың қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету.
- •33.Швецияның банкі
- •34.Германия ұлттық банкі
- •35.Англия Ұлттық банкі
- •36. Гонконг
- •37.Израиль Банкі
- •38.Канада Банкі
- •39.Испания банкі
- •40.Италия Банкі
- •41.Оңтүстік Кореяның Ұлттық банкі
- •42.Малайзияның орталық банкі
- •43.Араб әмірлігі
- •44.Ақш банкі
- •45.Швейцария Банкі
- •46. Қытай Халық Республикасының ұлттық банкі
29. Ұб нің тексерулер ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі
Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы Қазақстан Республикасының банк қызметі, сақтандыру және сақтандыру қызметi, валюталық реттеу мен валюталық бақылау, ақша төлемдері мен аударымдары, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, мемлекеттік статистика, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, почта, Қазақстанның Даму Банкі, микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында белгіленген талаптарды қаржы нарығының субъектілері мен қатысушыларының сақтауын бақылауды жүзеге асырады, тексерілетін субъектілердің қызметіне кешенді түрде не олардың қызметінің жекелеген мәселелері бойынша іріктеп жоспарлы, жоспардан тыс және құжаттамалық тексерулер жүргізеді. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының жоспарлы тексеруі тексерулер жоспарына сәйкес жылына бір реттен жиі емес, тексерілетін субъектіге бара отырып жүзеге асырылады. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы жоспарлы, жоспардан тыс тексеруді Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары, Қазақстан Ұлттық Банкі ведомствосының және аумақтық филиалдарының басшылары не тиісті бұйрық негізінде өзге де уәкілетті лауазымды адамдар бекіткен тексеруді белгілеу туралы актінің (бұдан әрі - тексеруді белгілеу туралы акт) негізінде жүргізеді. Қазақстан Ұлттық Банкі немесе оның ведомствосы тексеруді белгілеу туралы актіні тексеру басталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркейді. Тексеруді белгілеу туралы актіде: 1) актінің нөмірі мен күні, айы, жылы; 2) тексеруші қызметкерлердің, сондай-ақ тексеруді басқару жүктелген адамдардың тегі, аты-жөні және лауазымы; 3) өзіне қатысты тексеру жүргізу белгіленген тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері; 4) тексерудің түрі; 5) тексеруге жататын мәселелер; 6) тексеруді жүргізу мерзімі; 7) тексерілетін кезең көрсетіледі. 2.Тексерілетін субъектінің басшысына (оның орынбасарына) тексеруді белгілеу туралы актінің көшірмесі тапсырылған күн жоспарлы, жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі. Тексерілетін субъектіге тексеру белгілеу туралы актінің көшірмесі тапсырылғаннан кейін оның түпнұсқасына актіні алғаны және онымен танысқаны туралы белгі қойылады. 3.Тексерілетін субъект тексеру басталғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей, тексеру басшысының немесе Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының тексеруші қызметкерінің атына:1) тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ тексерудің аяқталуы туралы актімен, аралық актімен және (немесе) тексерудің нәтижелері туралы актімен танысуға және оған қол қоюға жауапты басшы және оны алмастыратын адам; 2) тексерілетін субъектінің қажетті құжаттарды (мәліметтерді) дайындауға, оларды тексеруші қызметкерлерге уақтылы беруге және (немесе) тексеруші қызметкерлерден аралық актілерді алуға жауапты мамандары туралы деректері бар хатты ұсынады. 4. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс. 5.Тексерілетін субъект тексеруші қызметкерлерге өзінің әкімшілік ғимараттарына (оның ішінде мереке және демалыс күндері) кіруге рұқсат беруге, жұмыс істеу үшін ұйымдастыру техникасымен және қалааралық байланыспен жабдықталған жеке үй-жай ұсынуға, тексерілетін субъектінің қызметіне қатысты ақпаратқа, оның ішінде деректерді түзету мүмкіндігінсіз, нақты уақыт режимінде (деректерді қағаз жеткізгішке шығару мүмкіндігімен қарау режимінде) автоматтандырылған жүйелерге және дерекқорларға қол жеткізуін қамтамасыз етуге, тексеруші қызметкерлерге қажетті құжаттардың көшірмелерін, оның ішінде электрондық түрдегі құжаттардың көшірмелерін түсіріп алуға мүмкіндік беруге, сондай-ақ тексеруші қызметкерлердің сұрақтарына түсініктемелер (ауызша және жазбаша) беруді қамтамасыз етуге және тексеруші қызметкерлерге тексеруді уақтылы аяқтауға жәрдемдесуге міндетті. 6.Тексеруші қызметкерлер тексерілетін субъектінің басшысына, тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшыға не тексерілетін субъектінің өзге де уәкілетті қызметкеріне көрсетілген мерзімде орындалуға жататын жазбаша сұрау салуды жібереді 7. Тексеруші қызметкер ауыстырылған (тексеруші топтың құрамы өзгертілген) кезде қосымша акт жасалады, онда тексеруді белгілеу туралы бұрын жасалған актінің нөмірі мен күні және тексеруші қызметкерді ауыстыру (тексеруші топтың құрамын өзгерту) негіздері көрсетіледі. 8.Тексерілетін субъектіге тексеруді аяқтау туралы акті тапсырылған күн жоспарлы, жоспардан тыс тексерудің аяқталған күні болып есептеледі.