
- •1.Ұлттық Банктің капиталы және резервтерін қалыптастыру
- •2.Ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкалары
- •3. Ұлттық банк жұмысын жоспарлау қалай жүргізіледі.
- •4.Қр Ұлттық Банктің құрылымын қалыптастыру тәрітібі және құзыреті
- •5.Қазақстан Ұлттық банктің банк жүйесіндегі орны
- •Ұлттық банкінің монетарлық қызметі
- •7.Банкноталар мен монеталарды шығару жолдары
- •8. Бағалы қағаздар нарығындағы қр Ұлттық банктің функциясы
- •9.Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің құрылымы
- •10. Ақша массасы мен ақша базасын реттеу
- •11. Ұлттық Банктің төлем жүйелерін ұйымдастырудағы ролі
- •12.Ақша айналысының маңызы
- •13. Ақша бірлігінің қамтамасыз етілуі
- •14. Қр Ұлттық Банкiнiң ұлттық валютамен операциялары және мәмiлелерi
- •15. Депозиттер және қр Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталары.
- •16. Валюталық құндылықтармен және бағалы металдармен операциялары
- •17. Қр Ұлттық Банкінің құрылымы
- •18.Алтын-валюта активтері құрамын басқару стратегиясы
- •19. Ақша базасы. Оны реттеудегі Ұлттық банктің рөлі.
- •20. Ұлттық Банктің ақша айналымын ұйымдастыру қызметі.
- •21. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдардың қызметін бақылау мен қадағалау
- •22. Кассалық операцияларды жүргізу тәртібі.
- •23. Коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу.
- •24.Ұлттық банкте кәсіпорындар мониторингін ұйымдастыру.
- •25.Банк операциялары бойынша сандық шектеулер және резервтік талаптар
- •26.Ақша-несие саясаты бойынша қайта қаржыландыру ставкасы
- •27. Ұлттық Банкінің валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы функциялары
- •28. Валюталық интервенциялау: мәні, түрлері, қызмет ету
- •29. Ұб нің тексерулер ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі
- •30. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы қызметi.
- •31. Банк жүйесіндегі ақпараттың қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету.
- •33.Швецияның банкі
- •34.Германия ұлттық банкі
- •35.Англия Ұлттық банкі
- •36. Гонконг
- •37.Израиль Банкі
- •38.Канада Банкі
- •39.Испания банкі
- •40.Италия Банкі
- •41.Оңтүстік Кореяның Ұлттық банкі
- •42.Малайзияның орталық банкі
- •43.Араб әмірлігі
- •44.Ақш банкі
- •45.Швейцария Банкі
- •46. Қытай Халық Республикасының ұлттық банкі
25.Банк операциялары бойынша сандық шектеулер және резервтік талаптар
Резервтік талаптар, ашық, нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялың банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін атқарады.
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР коммерциялық-кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес міндетті резерв нормативі 18 — 20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 6%-ды құрайды. Банктердің резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің альтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің пруденциалдық, нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.
26.Ақша-несие саясаты бойынша қайта қаржыландыру ставкасы
Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформалар жылдарында қайта қаржыландыру ставкасын пайдалану қолайсыз болды. Тек 1994 жылдың екінші жартысынан бастап қана Ұлттық банк жанжақты сынға қарамастан позитивті ставканы белгілеуге көшті. . Ставкалардың нақты мәні және оның нарықтық ставкамен сәйкестілігі несиелік ресурстар аукционында анықталды. Осындай өзгерістердің нәтижесінде валюталык операциялар бойынша табыстылық пен салыстырғанда несиелік операциялар бойынша табыстылықтың жоғарылауы байқалды. Соның нәтижесінде шетел валюталарына деген сұраныс пен валюта бағамының тұрақтылығы байқала бастады. 1996 жылы ҚҰБ позитивті пайыздық ставканы белгілеуді жалғастырды. Тек қана 1996 жылдың ішінде қайта қаржыландыру ставкасы он рет өзгерді және жылдың басымен салыстырғанда 24 пунктке, ломбарттық несиелер бойынша пайыздық ставка 31 пунктке төмендеді.
Енді пайыздық ставкалардың пөзитивтілігін анықтайық. Дәстүрлі анықтамаға сәйкес ол инфляция деңгейін ескеретін нарықтық пайыздық ставканы білдіреді.
Яғни,
мұндағы,
позитивті пайыздық ставка
-
бұрын болған пайыздық ставка
-
инфляция қарқыны.
Қайта қаржыландыру ставкасын жоғарлатқан кезде коммерциялық банктер үшін қайта қаржыландыру қымбаттайды, яғни бұл жағдай елдегі несие қүнының өсуіне әкеледі. Бірақ кейбір ірі коммерциялық банктердің орталық банктің пайыздық ставкаларды жоғарлатуына қарамастан өздеріне неғүрлым көп клиенттер тарту үшін өздерінің пайыздық маржаларын төмендетуге мүмкіндіктері болады.