Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1199_ltty_1179_bank_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
136.94 Кб
Скачать

24.Ұлттық банкте кәсіпорындар мониторингін ұйымдастыру.

Ұлттық Банктегі нақты сектор кәсіпорындары мониторингінің негізгі мақсаттары:

-экономикадағы негізгі үрдістерді экономикалық талдау және қысқа мерзімді болжау жүйесін жетілдіру;

-ақша-кредит саясатының операциялық рәсімдерін және құралдарын жетілдіру, оның тиімділігін арттыру болып табылады.

Жұмысқа Ұлттық Банктің филиалдарын тарту негізінде жүргізілетін кәсіпорындардың жүйелі мониторингі экономикалық конъюнктураның қаржылық жай-күйін, өндірістік, инвестициялық белсенділігін және өзгеруін талдау үшін жедел және объективті ақпарат алуға және осы бастапқы ақпарат негізінде макро және аймақтық деңгейлердегі маңызды теңгерімдер және құрылымдық өзгерістер қысқа мерзімді болжау жасауға мүмкіндік береді. Тауарлар және қызмет көрсетулер өндірісі саласындағы кәсіпорындар деңгейіндегі үрдістерді талдау және макро деңгейдегі біріктіру динамиканы нығайтуға және макро көрсеткіштерді болжауды жетілдіруге мүмкіндік жасайды.

Осы міндеттерді шешу іс жүзінде негізгі міндет – ресми қайта қаржыландыру ставкаларын қажетті инфляцияның деңгейін және инфляциялық күтулерді бағалауды ақпараттық талдаумен қамтамасыз етуді шешуге және мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүргізу шеңберінде басқа шешімдерді қабылдауға мүмкіндік жасайтын болады.

Кәсіпорындар мониторингінің жоғарыда көрсетілген міндеттерін макро деңгейде тиімді шешу, бірінші кезекте, кәсіпорындарды сала және аймақ бойынша іріктеудің көрнекілігіне қол жеткізуге байланысты. Бұл аймақтық деңгейде мынадай міндеттерді шешу қажеттілігіне себепші болады:

-кәсіпорындардың аймақтық көрнекі іріктеуін қалыптастыру;

-аймақ экономикасының нақты секторының экономикалық конъюнктурасының және қаржылық жағдайының өзгерісін тепе-тең көрсету;

-банк секторының аймақ экономикасының қаржылық емес секторына әсер етуін бағалау.

Осы міндеттер Ұлттық Банктің аймақтық филиалдары үшін кәсіпорындар мониторингі бойынша жұмыс шеңберінде негізгілер болып табылады.

Кәсіпорындар мониторингін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары.

Кәсіпорындар мониторингін ұйымдастырудың негізі кәсіпорындардың осы жұмысқа қатысуға ерікті келісуі болып табылады.

Кәсіпорындарды мониторингке қатысуға тарту мақсатында Ұлттық Банктің олар үшін кәсіпорынның көрсеткіштерін орташа салалық деңгеймен салыстыра отырып бағалаудан тұратын кезекті мониторингтің нәтижелері бойынша жіберілетін талдама материалдарды қалыптастыруы көзделеді.

Кәсіпорындардың Ұлттық Банктің мониторингке қатысуы үшін олардың жүйелі түрде жіберіп отыратын жіберілетін талдама материалдармен қолдау жасалатын мүддесі мониторингтің маңызды қағидаты болып табылады, түпкілікті нәтижесінде кәсіпорындарды іріктеудің тұрақтылығы, кәсіпорындардың мониторингі нәтижесінде қалыптастырылатын бірқатар деректер мен талдама ақпараттың сапасы соған қатысты болады.

Жоғарыда көрсетілгендермен қатар кәсіпорындар мониторингінің негізгі қағидаттарына сонымен бірге мыналар жатады:

Ұлттық Банктің және оның аймақтық филиалдарының нақты кәсіпорыннан алынған ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз етуі;

кәсіпорындардың оларды толтыру үшін талап етілетін көрсеткіштері мен ең аз уақытты бір мағынада түсінуі тұрғысынан алғанда пікіртерім сауалнамаларының қарапайым болуы;

кәсіпорындар мониторингін жүргізудің сауалнамалар толтыруға және кәсіпорындардан оларды алуға қатысты және сол сияқты бастапқы деректерді өңдеуге, талдау материалдарын қалыптастыру мен оларды Ұлттық Банк басшылығына ұсынуға қатысты оралымды болуы.

Микро, өңірлік және макро деңгейлерге талдау мен қысқа мерзімді болжау кәсіпорындар мониторингі шеңберінде ақпаратты неғұрлым оралымды алу және пайдалану мүмкіндігінің өзі Ұлттық Банк үшін экономиканың нақты секторының кәсіпорындары мониторингінің іс жүзіндегі мәнін айқындайды, өйткені қолданылып жүрген жылдық және тоқсандық есептілік есепті кезең аяқталғаннан соң айтарлықтай кешіктіріліп ұсынылады. Сонымен қатар кәсіпорындар мониторингі нәтижесінде алынған ақпарат талдау және болжау мақсатында пайдаланылған кезде қолданылып жүрген статистикалық есептілікті жоққа шығармайды, қайта оны толықтырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]