Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1199_ltty_1179_bank_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
136.94 Кб
Скачать

22. Кассалық операцияларды жүргізу тәртібі.

Ұлттық Банктің филиалында кассалық операциялар бүкіл операциялық күн ішінде жүргізіледі. Касса жұмысының басталу және аяқталу уақыты (операциялық күн) Ұлттық Банк филиалы басшысының бұйрығымен белгіленеді. Операциялық күн ішінде клиенттерден түскен барлық қолма-қол ақшаны Ұлттық Банктің филиалы олардың сомасын сол операциялық күні клиенттердің тиісті шоттарына есепке ала отырып Ұлттық Банк филиалының айналым кассасына (бұдан әрі - айналым кассасы) қабылдайды.        Ұлттық Банк филиалының кассасынан клиенттерге берілген барлық қолма-қол ақша операциялық күн ішінде сол операциялық күні клиенттердің тиісті шоттарынан есептен шығарылады. Ұлттық Банктің филиалдары арасында қолма-қол ақшаны тасымалдау үшін Орталықта инкассация және құндылықтарды тасымалдау бөлімшесі құрылады.       Ұлттық Банктің филиалдары және заңды тұлға клиенттер арасында қолма-қол ақшаны тасымалдауды Ұлттық Банктің филиалының инкассация және құндылықтарды тасымалдау бөлімшесі тиісті шарт негізінде жүргізеді. Ұлттық Банктің филиалы төлем үшін тек төлем банкноттары мен монеталарын ғана қабылдайды.        Өзінің толық өлшемінің 50 (елу) пайыздан астамын сақтаған тозған, айналыстан алынатын және бүлінген банкноттарды Ұлттық Банктің филиалы қабылдайды және осы Қағидаларға сәйкес айырбасталады.       Ұлттық Банктің филиалы банкноттар мен монеталарды қолдан жасау фактісіне байланысты хабарларды (шағым-талаптарды) қарайды. Жалған және төлем қабілеті жоқ банкноттар немесе монеталар клиенттерге қайтарылмайды және айырбасталмайды. Ұлттық Банктің филиалы жалған банкноттарды немесе монеталарды анықтау фактісі туралы құқық қорғау органдарына хабарлайды.

23. Коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу.

Ұлттық Банк вексельдерді қайта есепке алу бойынша операцияларды Ұлттық Банк пен есеп кеңсесі арасында жасалатын Вексельдерді қайта есепке алу туралы Үлгі Бас келісімге сәйкес жүзеге асырады. Ұлттық Банк мынадай талаптарға жауап беретін:

1) бірінші класты эмитенттер берген, белгілі бір күні төленуге тиісті;

2) «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделген;

3) вексель қағазында шығарылған, Қазақстан Республикасының аумағында дайындалған және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сай келетін;

4) кемінде 100 (жүз) мың теңге сомасына немесе осы соманың шетел валютасындағы баламасына тең;

5) Ұлттық Банк қайта есептеген күннен бастап бір жылдан аспайтын төлем мерзімімен;

6) төлем жасау орны Қазақстан Республикасының аумағы деп көрсетілген вексельдерді қайта есепке алуға қабылдайды.

Ұлттық Банк мынадай жағдайларда:

1) егер вексель бойынша төлем жасау күніне дейін қалған мерзім он бес жұмыс күнінен кем болса;

2) егер осының алдындағы индоссамент бланктік болса, сондай-ақ индоссаменттердің бірізділігі бұзылса;

3) егер оның мазмұнынан төлеу орны туралы бір мәнді қорытынды жасау мүмкін болмаса немесе вексель мәтінінде вексель бойынша құқықты жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін өзге де ақаулар болса;

4) Ұлттық Банк белгілеген лимиттен асып кетсе;

5) егер вексель Ұлттық Банк теңгенің айырбастау бағамын белгілемейтін шетел валютасымен жазылса;

6) егер вексельдің өзінде теңгені шетел валютасына төлем жасау күнгі айырбастау бағамына рыноктыққа қарағанда өзгеше сілтеме жасалса, есеп кеңсесінен вексельдерді қайта есепке алуға қабылдаудан бас тартады.

Вексельдерді қайта есепке алуға қабылдау тәртібі

Вексельдерді қайта есепке алуға ұсынғысы келетін есеп кеңсесі уәкілетті бөлімшеге құжаттар пакетін ұсынады, онда:

1) есеп кеңсесінің уәкілетті лауазымды тұлғасы қол қойған вексельдерді қайта есепке алуға қабылдау туралы өтініш;

2) вексельдердің

3) есеп кеңсесінің тиісті сенімхаты бар есеп кеңсесінің уәкілетті тұлғасы және вексельдерді қайта есепке алуға жауапты уәкілетті бөлімшенің вексельдерді қайта есепке алуға жауапты қызметкері (бұдан әрі - уәкілетті бөлімшенің жауапты қызметкері) қол қойған вексельдерді қабылдау-өткізу актісі.

4) есеп кеңсесінің сенімхаты немесе лауазымды тұлғалардың вексельдерді индоссамент жасау және құжаттарға қол қою және уәкілетті тұлғаның вексельдерді қабылдау-өткізу актісіне қол қою өкілеттігін растайтын құжаттар;

5) вексельдерді индоссамент жасауға және құжаттарға қол қоюға лауазымды тұлғалардың және вексельдерді қабылдау-өткізу актісіне қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолдарының үлгілері бар құжат болады.

6)Уәкілетті бөлімшенің жауапты қызметкері құжаттарды қабылдау кезінде қайта есепке алуға қабылданатын әр вексельдің дұрыс жасалуын, вексельдегі индоссаменттердің ресімделуін, вексель бланкісінде вексельдегі міндетті деректемелердің, тіпті біреуінің болмауына немесе бүлінуіне әкеліп соғатын физикалық (механикалық, химиялық және өзге де) бүлінуінің бар-жоқтығын тексереді, мұндайлар болған кезде вексель қайта есепке алуға қабылданбайды, сондай-ақ вексель бланкілерінің түпнұсқалылығы тексеріледі.

7)Уәкілетті бөлімшенің жауапты қызметкері вексель бланкілерінің түпнұсқалылығын (вексель қағаздарының қорғалу дәрежесіне қойылатын талаптарға және техникалық талаптарға сәйкестігін) тексеру үшін оларды сараптамаға жібереді.

8)Вексельдерді қайта есепке алуға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы шешімді Ұлттық Банк тізбесі осы Ереженің 7-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.

9)Вексельдерді қайта есепке алуға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы Ұлттық Банк шешім қабылдағаннан кейін уәкілетті бөлімшенің жауапты қызметкері есеп кеңсесіне вексельдерге сараптама жүргізу және вексельдерді қайта есепке алуға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны береді (4-қосымша).

10)Вексельді қайта есепке алуға қабылдау туралы мәселе оң шешілген жағдайда есеп кеңсесі Ұлттық Банктің пайдасына индоссамент ресімдейді және вексельді уәкілетті бөлімшенің жауапты қызметкеріне береді. Ұлттық Банктің пайдасына вексель бойынша төлем жасау жауапкершілігінен индоссантты босататын шарттарды индоссаментке енгізуге жол берілмейді.

11) Ұлттық Банктің пайдасына индоссаментпен вексель тұпнұсқасын алғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей Ұлттық Банк есеп кеңсесінің банктік шотына дисконтты алып тастағандағы вексель сомасын аударады.

12)Ұлттық Банктің ресми қайта қаржыландыру ставкасын есепке ала отырып Ұлттық Банк дисконт ұстап қалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]