
- •1.Ұлттық Банктің капиталы және резервтерін қалыптастыру
- •2.Ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкалары
- •3. Ұлттық банк жұмысын жоспарлау қалай жүргізіледі.
- •4.Қр Ұлттық Банктің құрылымын қалыптастыру тәрітібі және құзыреті
- •5.Қазақстан Ұлттық банктің банк жүйесіндегі орны
- •Ұлттық банкінің монетарлық қызметі
- •7.Банкноталар мен монеталарды шығару жолдары
- •8. Бағалы қағаздар нарығындағы қр Ұлттық банктің функциясы
- •9.Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің құрылымы
- •10. Ақша массасы мен ақша базасын реттеу
- •11. Ұлттық Банктің төлем жүйелерін ұйымдастырудағы ролі
- •12.Ақша айналысының маңызы
- •13. Ақша бірлігінің қамтамасыз етілуі
- •14. Қр Ұлттық Банкiнiң ұлттық валютамен операциялары және мәмiлелерi
- •15. Депозиттер және қр Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталары.
- •16. Валюталық құндылықтармен және бағалы металдармен операциялары
- •17. Қр Ұлттық Банкінің құрылымы
- •18.Алтын-валюта активтері құрамын басқару стратегиясы
- •19. Ақша базасы. Оны реттеудегі Ұлттық банктің рөлі.
- •20. Ұлттық Банктің ақша айналымын ұйымдастыру қызметі.
- •21. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдардың қызметін бақылау мен қадағалау
- •22. Кассалық операцияларды жүргізу тәртібі.
- •23. Коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу.
- •24.Ұлттық банкте кәсіпорындар мониторингін ұйымдастыру.
- •25.Банк операциялары бойынша сандық шектеулер және резервтік талаптар
- •26.Ақша-несие саясаты бойынша қайта қаржыландыру ставкасы
- •27. Ұлттық Банкінің валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы функциялары
- •28. Валюталық интервенциялау: мәні, түрлері, қызмет ету
- •29. Ұб нің тексерулер ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі
- •30. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы қызметi.
- •31. Банк жүйесіндегі ақпараттың қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету.
- •33.Швецияның банкі
- •34.Германия ұлттық банкі
- •35.Англия Ұлттық банкі
- •36. Гонконг
- •37.Израиль Банкі
- •38.Канада Банкі
- •39.Испания банкі
- •40.Италия Банкі
- •41.Оңтүстік Кореяның Ұлттық банкі
- •42.Малайзияның орталық банкі
- •43.Араб әмірлігі
- •44.Ақш банкі
- •45.Швейцария Банкі
- •46. Қытай Халық Республикасының ұлттық банкі
20. Ұлттық Банктің ақша айналымын ұйымдастыру қызметі.
Ұлттық банк - қолма-қолсыз және қолма-қол ақша айналымының ауқымын бақылау, ұйымдастыру қызметін жүзеге асырады.
Ақша айналымы дегеніміз- шаруашылықтағы тауарларды өткізуге сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формасындағы қозғалысты білдіреді. Ақша айналымының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар өндірісі тауар және ақшаға бөліне отырып тауарлар әлемі олардың арасынада өзара қарама-қайшылықтар да туғызады. Сонымен, ақша капитал айналымына қызмет ете отырып барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысымен айырбасына дәнекер болады.
Жалпы ақша айналымы 2 бөлінеді:
1. қолма-қол ақша айналымы.
2. қолма-қол ақшасыз айналым.
Қолма-қол ақша айналымы- бұл нақты ақшалар қозғалысы, оған банкноталар, монеталардың қозғалысы жатады. Дамыған елдерде нақты айналысының едәуір бөлігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды.
Қолма-қол ақшасыз айналым. Қазіргі жағдайда ақша шаруашылық өмірдің аралас бөлігі болып табылады. Сондықтан материалдық құндылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын барлық келісімдер ақшалай есеп айырысудан тұрады. Қолма-қол ақшасыз айналым келесі шаруашылық бағыттарында жүзеге асырылады:
1. өнімді қызметтерді және жұмыстарды сату.
2. ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу.
3. банк несиелерін алу және қайтару.
4. бюджетке тиісті төлемдерді аудару.
5. халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалану.
6. банкаралық есеп айырысулар жүргізу.
Қолма-қол ақшасыз есеп айрысулар толығымен банк мекемелері арқылы ұйымдастырылатын болғандықтан олардың кең көлемде қолданылуына банктердің ықпалы, сондай-ақ олардың ықпалы зор. өйткені банк бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен төлемдердің іске асатын орны. Банктердің есеп айырысу шоттарындағы жазбаша түрдегі ақшалай қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейді.
21. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдардың қызметін бақылау мен қадағалау
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың мақсаттары, қағидаттары мен мiндеттерi
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың мақсаттары: 1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау; 2) қаржы рыногында адал бәсекенi қолдауға бағытталған қаржылық ұйымдардың қызметi үшiн тең құқықтық жағдайлар жасау болып табылады. 2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың қағидаттары: 1) реттеудің ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану; 2) қаржы ұйымдары қызметінің және қаржылық қадағалаудың ашықтығы; 3) қаржы ұйымдарының жауапкершілігі болып табылады. 3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың міндеттері: 1) қаржылық ұйымдар қызметiнiң стандарттарын белгiлеу, қаржылық ұйымдарды корпоративтiк басқаруды жақсарту үшiн ынталандыру жағдайларын жасау; 2) қаржы жүйесiндегi тұрақтылықты сақтау мақсатында қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың мониторингi; 3) қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы рыногының қауiпке неғұрлым бейiм салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру; 4) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, сондай-ақ тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржы рыногында уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу
1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген тиiстi лицензиясы жоқ тұлғалардың қаржы рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруына жол берiлмейдi. 2. Уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясынсыз жасалған қаржылық қызмет көрсету бойынша мәмiлелер жарамсыз болып табылады.