
- •1.Ұлттық Банктің капиталы және резервтерін қалыптастыру
- •2.Ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкалары
- •3. Ұлттық банк жұмысын жоспарлау қалай жүргізіледі.
- •4.Қр Ұлттық Банктің құрылымын қалыптастыру тәрітібі және құзыреті
- •5.Қазақстан Ұлттық банктің банк жүйесіндегі орны
- •Ұлттық банкінің монетарлық қызметі
- •7.Банкноталар мен монеталарды шығару жолдары
- •8. Бағалы қағаздар нарығындағы қр Ұлттық банктің функциясы
- •9.Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің құрылымы
- •10. Ақша массасы мен ақша базасын реттеу
- •11. Ұлттық Банктің төлем жүйелерін ұйымдастырудағы ролі
- •12.Ақша айналысының маңызы
- •13. Ақша бірлігінің қамтамасыз етілуі
- •14. Қр Ұлттық Банкiнiң ұлттық валютамен операциялары және мәмiлелерi
- •15. Депозиттер және қр Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталары.
- •16. Валюталық құндылықтармен және бағалы металдармен операциялары
- •17. Қр Ұлттық Банкінің құрылымы
- •18.Алтын-валюта активтері құрамын басқару стратегиясы
- •19. Ақша базасы. Оны реттеудегі Ұлттық банктің рөлі.
- •20. Ұлттық Банктің ақша айналымын ұйымдастыру қызметі.
- •21. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдардың қызметін бақылау мен қадағалау
- •22. Кассалық операцияларды жүргізу тәртібі.
- •23. Коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу.
- •24.Ұлттық банкте кәсіпорындар мониторингін ұйымдастыру.
- •25.Банк операциялары бойынша сандық шектеулер және резервтік талаптар
- •26.Ақша-несие саясаты бойынша қайта қаржыландыру ставкасы
- •27. Ұлттық Банкінің валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы функциялары
- •28. Валюталық интервенциялау: мәні, түрлері, қызмет ету
- •29. Ұб нің тексерулер ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі
- •30. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы қызметi.
- •31. Банк жүйесіндегі ақпараттың қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету.
- •33.Швецияның банкі
- •34.Германия ұлттық банкі
- •35.Англия Ұлттық банкі
- •36. Гонконг
- •37.Израиль Банкі
- •38.Канада Банкі
- •39.Испания банкі
- •40.Италия Банкі
- •41.Оңтүстік Кореяның Ұлттық банкі
- •42.Малайзияның орталық банкі
- •43.Араб әмірлігі
- •44.Ақш банкі
- •45.Швейцария Банкі
- •46. Қытай Халық Республикасының ұлттық банкі
16. Валюталық құндылықтармен және бағалы металдармен операциялары
Қазақстан Ұлттық Банкі:
1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысы тәртібін белгілейді;
2) резиденттердің және резидент еместердің Қазақстан Республикасында валюталық операциялар жүргізу ережелерін белгілейді;
3) резиденттердің репатриация талаптарын орындауын қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің экспорт пен импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алуының бірыңғай ережелері мен шарттарын және экспорт-импорт валюталық бақылауын жүзеге асырудың тәртібін белгілейді;
4) шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін белгілейді және оған лицензия береді;
5) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес айырбастау пункттерін тіркеу тәртібін белгілейді және оларды тіркеу куәліктерін береді, сондай-ақ олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
6) шетелдік валютамен айырбас операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
7) валюталық операциялар туралы, Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктерде ашқан шоттары туралы тіркеуді және хабарлама беруді жүзеге асырудың тәртібін белгілейді, сондай-ақ тіркеу куәліктері мен хабарлама туралы куәліктерін береді;
9) арнайы валюта режимі шеңберінде валюталық операциялар жүргізуге арнайы рұқсат береді;
10) мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға міндетті валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептіліктің тәртібі мен нысандарын, сондай-ақ валюталық бақылау агенттерінің есептеме беру тәртібі мен мерзімдерін белгілейді;
11) банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасында көзделген санкцияларды қолданады.
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес валюталық реттеу мен валюталық бақылау саласындағы өзге де функцияларды орындауға құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкi шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтермен мынадай операцияларды жүргізеді:
-шетел валютасын сатып алады және сатады;
-Қазақстан Республикасының Үкіметі шетел валютасында, шет мемлекеттердiң үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және кепiлдiк берген бағалы қағаздармен операцияларды жүргізеді;
-Қазақстан Республикасының банктерінде, өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңнамасы бойынша тиiстi құқығы бар шетелдік орталық банктерде, шетел банктерінде және басқа қаржы институттарында, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
17. Қр Ұлттық Банкінің құрылымы
Қазақстанның Ұлттық Банкi тiкелей бағыну схемасы бар орталықтандырылған біртұтас құрылымды бiлдiредi. Басқарма мен Директорлар кеңесi (Директорат) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң органдары болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымына департаменттерден және басқа бөлiмшелерден тұратын орталық аппарат, филиалдар, өкiлдiктер және ұйымдар кiредi.
Қазақстанның Ұлттық Банкi орталық аппарат бөлiмшелерiнiң, өз филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және ұйымдарының қызметтерiне аудиттi және тексерудi жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жоғары органы Басқарма болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы тоғыз адамнан тұрады.
Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрт лауазымды тұлғасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң бiр өкiлi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң екi өкiлi, сондай-ақ уәкiлеттi органның басшысы кiредi.
Қазақстан Республикасы Президентiнен, Қазақстан Республикасы Yкiметiнен және Қазақстанның Ұлттық Банкiнен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасына мүшелердi тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы тағайындайды және босатады.
ҚР Ұлттық Банкі орталық аппаратының қүрылымы:
зерттеу және статистика департаменті;
төлем балансы және валюта реттеу
департаменті;
заң департаменті;
монетарлық операңиялар департаменті;
бухгалтерлік есеп департаменті;
ақпараттық технологиялар департаменті;
ішкі аудит департаменті;
қызметкерлермен
жұмыс департаменті;
қолма-қол ақшамен жұмыс басқармасы;
халықаралық қатынастар басқармасы;
төлем жүйелері басқармасы;
Ұлттық Банк басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы;
операңиялау басқармасы;
монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы;
бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасы;
автоматтандырылған банк ақпарат жүйелерін енгізу басқармасы;
қауіпсіздік басқармасы;
құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасы;
шаруашылық басқармасы;
үйлестіру басқармасы (Астана қаласы);
бірінші бөлім.