Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
enbek_shpora.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
323.58 Кб
Скачать

42. Өндірістік травматизмді талдау әдістері.Травматизмді талдау статистикалық, топтық, монографиялық және топографикалық әдістермен жүргізіледі.

Тергеу актісі бойынша бақытсыз жағдайға статикалық талдау жүргізіледі. Травматизмді статикалық талдауда жазымдағы абсолюттік санының көрсеткіштері және травматизм ауырлығы мен жиілік коэффициенттерін және жұмысшылардың санын ескеретін салыстырмалы көрсеткіштері анықталады.. травматизмнің жиілік коэффициенті Кж былай анықталады: Кж= ,

мұнда п- жазымда жарақаттанған немесе өлген адамдар саны; Р- жазымда жарақаттанушылар тіркелген мекемедегі жұмысшылардың орташа тізімдік саны.

Травматизмнің ауырлық коэффициенті КА есептік мерзімде уақытша еңбекке жарамсыздығы біткен жағдайда ғана қолданылады. Ауырлық коэффициенті КА есептік мерзімдегі бір жазымдағы еңбекке жарамсыз күндерінің орташа саны. КА = ,

мұнда Т- еңбекке жарамсыз күндеріндегі суммалық уақыт; п – жазымда жарақаттанған адамдар саны.

Шығын коэффициенті Кш – 1000 жұмысшығы еңбекке жарамсыз күндерінің саны Кшж· КА= 1000· =1000 .

Травматизмді оқып үйренудегі топтық әдіс жарақаттану ауырлығына қарамастан жазымның қайталануына негізделген. Олар жазымды анықтау мақсатында жағдайлары бірдей, бір текті жағдайда және бір текті қондырғыда болған, сонымен бірге зақымдалу сипаттамасы бойынша топтарға бөлінеді.

Травматизмді оқып үйренудегі топографиялық әдіс бақытсыз жағдай болған орында оның себептерін оқып үйренуге негізделген. Оның принципі қайталану емес, ал топографиясы, яғни травматизм болған орын шартты белгілермен көрсетіліп қойылады.

Ерекше ауыр жағдай немесе көп санды жазымдар болған кейбір объектілерде монографиялық талдаулар жүргізіледі. Монографиялық талдауларда еңбек ету және техникалық процестер, негізгі және көмекші құрылғылар, өндіріс шарттары, жұмыс орындары, адамдар және заттар қозғалысының бағыты және траекториясы, жеке қорғаныс құралдары және киімдер, жұмыс ерекшелігі, дем алу және еңбек ету режимдері және т.б.

43 ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҰЙЫМДЫҚ ШАРАЛАРЫҚР өміртіршілік қауіпсіздігі өңірлік-өндірістік қағида бойынша «Қорғау және қарулық күштері туралы» (09.04.1993ж) ҚР заңына сәйкес іске асырылады, ол белгілі әкімшілік жерінде орналасқан шаруашылық объектілердің барлығы ведомстволық қажеттіліктерден тәуелсіз, осы бөлінген жер жалпы азаматтық қорғаныстың құрылымына кіреді. Осы бөлімнің бастығы әкімшілік бастығы болып табылады.

Ұйымдық шаралар: - басқару, хабарландыру және байланыс жүйелерін тұрақты дайындауды ұйымдастыру, дамыту және ұстап тұру;

  • АҚ күштерін құру, оларды дайындау және ТЖ-да тұрақты дайындыққа әзірлеу және ұстап тұру;

  • радиациялық , химиялық және бактериологиялық жағдайды байқау, зертханалық бақылау;

  • ЖҚҚ және басқа мүліктердің қорларын, қорғаныстық құрылғылардың қажетті қорын жинау, ұстап тұру;

  • адамның өмірі мен денсаулығына зиянды қауіп және болған жағдайда жұмыстың реті туралы орталық және жергілікті орындаушы органдарға, халыққа хабар беру;

  • іздеу-құтқару және басқа шараларын өткізу. Жарақат алған халықтың өмірін қорғауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру және оларды қауіпті аумақтардан көшіру.

44 АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ТӘРТІПТЕРІҚР Қорғанысы – бұл республика азаматтарының өміртіршілік қауіпсіздігін және шекарасын өңірлік кіргізбеуін, суверенитетті қорғауды қамтамасыз ету мақсатында іске асырылатын саясаттық, әскери, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік-құқықтық тәртіпте мемлекеттік шаралар жүйесі.

  • анықтау, пайда болу себептері. ТЖ және оның салдарынан шараушылық объектілері мен қоршаған ортаның халығына қорғау «Табиға және техногендік төтенше жағдайлар туралы» заңы (5 шілде 1996 ж) анықтаған мемлекеттік саясатты өткізу саласының бірі болып табылады. Қазіргі заң табиғатты және техногендік ТЖ алдын- алуды және жою бойынша ҚР өңірінде қоғамдық қатынасын хабарлайды.

  • Дозиметриялық пен химиялық бақылауды ұйымдастыру және өткізу. – ол адамдардың сәулелену және ОВ әсерлерінің дәрежесін бақылау үшін қажетті ұйымдастыру және техникалық шаралардың кешені, және дозиметриялық пен химиялық бақылау туралы ережеге сәйкес өткізіледі.

  • Жарақаттану көздерінің сипаттамасы. Дұшпанның пайдаланған қаруынан байланысты массалық жарақат алулар ядролық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) болуы мүмкін. Жарақаттану көздері дұшпанның жай зақымдану құралынан да болады. Осы жарақат алудың екі түрі және массалық жарақат алу әсер еткен кезде құрамдас жарақаттану көздері пайда болады.

  • Медициналық қорғаныс. Келесідей болады: а) адамдарды жеке және толық санитарлық емдеу; б) қорғаныстың медициналық құралдарын пайдалану.

Адамдарды жеке және толық санитарлық емдеу жарақат алған жерде немесе тез сор жерден шыққаннан кейін жасалады. Радиоактивті заттармен уланған кезде ол уланғаннан кейін бір сағат ішінде көрсетілуі керек. Сұйық тамшы уланатын заттармен және олардың аэрозольдармен жарақат алған кезде тездеу керек. Жеке қорғаныстың медициналық құралдарына жеке аптачка (АИ-2), жеке химияға қарсы пакет (ИПП-8), жараны байлайтын пакет жатады. АИ-2 жарақат алған және күйген кезде көмек көрсету үшін, сондай-ақ иондайтын сәулеленулерді, ОВ, БВ әсерін алдын-алу немесе бәсеңдету үшін арналған.

45-47 Бейбіт және соғыс уақытындағы Төтенше жағдайлар. Апаттардың көлемі және түрі бойынша бөлінуі. Төтенше жағдай (ТЖ) –табиғаттың қауіпті құбылыстарын, күтпеген оқиғаларын, апаттарды және қирауларының нәтижесінде болатын белгілі өңірдегі жай-жағдайы, ол өзінен адам өлімдерін алып келеді, адамдардың өміртіршілігі жағдайларын бұзады және материалдық шығындарын, табиғаттың қоршаған ортасына, адамдардың денсаулығына зияндылықтар әкелді.

ТЖ жіктеудің негізіне келесі негізгі себептер жатады:

- кенет дәрежесі – кенеттік (болжамаған) және күтетін;

- таралу жылдамдығы –жарылатын, ұмтылатын, тез таралатын немесебір қалыпты, жатық;

- таралу масштабы – локалдық, объектілік, жергілікті, регионалдық ұлттық және глобалдық;

- әрекеттің ұзақтығы – қысқа мерзімді немесе созылмалы;

- сипаты бойынша – алдын ала ойлап (әдейі), оған ұлттық, әлеуметтік, әскери соқтығыстар мен террористік актілерді; ойланбаған (әдейі емес): күтпеген табиғаттық апаттар, техногендік апаттардың көбісі жатады.

ТЖ келесідей жіктеледі:

а) табиғи (табиғаттық):

1) метеорологиялық – аэрометеорологиялық (құйындар, штормдар, циклондар), агрометеорологиялық (жауын, құрғақшылық, ерекше ыстық, қатты аяз), табиғаттық өрттер;

2) тектоникалық және теллурикалық – жерсілкіністер мен жер атылыстарының тасқындары;

3) топологиялық – сел, тасқындар, көшкіндер, күштер және б.;

4) космостық – метеориттердің, кометалар қалдықтарының түсуі және т. б.;

б) антропогендік – көліктік, өндірістік (жарылыстар, ғимараттардың құлауы, өрт, АЭС – тағы апаттар, тез әсер ететін улы заттардың выбростары және б.), ерекше (эпидемия, инфекциялық аурулар және т. б.), әлеуметтік (соғыс, терроризм, алкогольдік, нашақорлық).

46 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ТУДЫРАТЫН ДҮЛЕЙ ЗІЛЗАЛА, АВАРИЯ ЖӘНЕ АПАТТЫҢ СИПАТТАМАСЫ.Жер сілкінісі – ең қауіпті және разрушительная стихиялық түрде болады. Жерасты соққысының пайда болу облысында жиналған энергияның босатылу процесі жүретін жер сілкінісінің ошағы болып табылады. Ошақ орталығында шартты түрінде гипоцентр деп аталатын шартты түрде нүкте алынады. Осы нүктенің жер үстіне проекциясы эпицентр деп аталады. Жер сілкіну периодында гипоцентрден жан жаққа серпімсіз сейсмикалық толқындар тарайды. Эпицентрден жер бетімен жан жаққа беттік сейсмикалық толқындар тарайды. Жер сілкінулер кең аймақтарды қамтиды. Күшті жер сілкінулер кезінде грунт бүтіндігі бұзылады, ғимараттар және құрылыстар бүлінеді, электр желілері істен шығады, адамдар шығыны болуы мүмкін. Жер сілкіну оның туындау көзінен арақашықтығына тәуелді әртүрлі екпінділікті дыбыстармен қатар жүреді. Таулы жерлерде обвалы және лавиналар болуы мүмкін. Егер жер сілкінісі су астында болса, құрғақта күшті бүлінулерді тудыратын үлкен цунами-толқындар пайда болады.

Объектілердегі ірі авариялар мен апаттар стихиялық бедствия және де өндіріс техгологиясын, әртүрлі машиналар, қондырғыларды пайдалану ережелерін, бекітілген қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан туындай алады. Авария деп материалдық құндылықтардың жойылуына немесе бұзылуына алып келетін жұмыстың аяқ астынан тоқтап қалуын немесе өндірістік кәсіпорындарда, транспортта, басқа объектілерде өндіру процесінің бұзылуын түсінеміз.

Апат кенеттен болатын бедствие болып табылады; артында қайғылы салдары болатын құбылыс. Апаттар ғимараттардың, әртүрлі құрылыстардың бүлінуімен және материалдық құндылықтардың жойылуымен және адамдардың шығынымен қатар жүреді. Ірі авариялар мен апаттардың ең қауіпті салдары болып өрттер мен жарылыстар болып табылады. Кейбір жағдайларда мұнай, химиялық және газдық өнеркәсіптерде авариялар атмосфераның газдануын, мұнай өнімдерінің, агрессивті сұйықтардың және күшті әсер ететін улы заттардың төгілуін тудырады. Авариялар және апаттар теміржол, әуе және су транспорттарында, және де құрылыс, қондырғылар монтажында және әртүрлі объектілер конструкциясы кезінде қираулар нәтижесінде болуы мүмкін.

48 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ “ТАБИҒИ ЖӘНЕ ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ТУРАЛЫ” ЖӘНЕ “АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ТУРАЛЫ” ЗАҢДАРЫ.ҚР өміртіршілік қауіпсіздігі өңірлік-өндірістік қағида бойынша «Қорғау және қарулық күштері туралы» (09.04.1993ж) ҚР заңына сәйкес іске асырылады, ол белгілі әкімшілік жерінде орналасқан шаруашылық объектілердің барлығы ведомстволық қажеттіліктерден тәуелсіз, осы бөлінген жер жалпы азаматтық қорғаныстың құрылымына кіреді. Осы бөлімнің бастығы әкімшілік бастығы болып табылады.

ТЖ және оның салдарынан шараушылық объектілері мен қоршаған ортаның халығына қорғау «Табиға және техногендік төтенше жағдайлар туралы» заңы (5 шілде 1996 ж) анықтаған мемлекеттік саясатты өткізу саласының бірі болып табылады. Қазіргі заң табиғатты және техногендік ТЖ алдын- алуды және жою бойынша ҚР өңірінде қоғамдық қатынасын хабарлайды.

1 Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі нормативтік құжаттар.

2 кәсіпорында еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

3-4-5 Өндіріс бөлмелеріндегі микроклимат, микроклимат параметрлерінің адам организіміндегі жылу алмасуына әсет етуі.

6 Өндірістік вентиляція, классификациясы, қолдануы.

7. Кәсіпорындардағы еңбек ету жағдайын

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]