Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
enbek_shpora.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
323.58 Кб
Скачать

40. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар.Өндірістік ортаға әсер ететін факторлар қауіпті және зиянды болып бөлінеді.

Қауіпті фактор – жұмысшыны жарақатқа әкелетін әсер. Зиянды өндірістік фактордың әсері адамды ауруға ұшыратады.

Барлық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар келесі топтарға бөлінеді: физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық.

Зиянды заттар адам ағзасына тигізетін әсерлер сипаты бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

- уландырғыш, ағзаның барлық қызметінің өзгеруін тудыратын сынап, бензол, мышьяк және оның қоспалары, қорғасын);

- тұншықтыратын, дем алу жолдары мен өңеш қабықшаларының беттік талшықтарын бұзатын (күкірт газы, хлор, азот тотықтары);

- сенсибилиздеуші, аллергендер сияқты әсер етеді (формельдегид, түрлі еріткіштер және нитроқосылыстар негізіндегі сырлар және т.б.);

- канцерогенді, қатерлі ісік ауруларын туғызатын (никель және оның қосылыстары, хром тотықтары, азбест және т.б.);

- мутагенді, тұқымдық ақпараттардың өзгеруіне әкелетін (қорғасын, марганец, радиоактивті заттар және т.б.).

Кәсіптік ауруларға мысал ретінде ұзақ уақыт шаңмен демалғанда пайда болатын пневмокониозды келтіруге болады. Олардың ішіндегі ең ауыры силикоз, адамға құрамында кремний сульфиді бар шаңның әсерінен пайда болады. Бұл ауру литий өндірісінде, құмды құрылымдық өңдегенде және т.б. орындарда кең орын алады.

Жұмыс істеу жағдайының сипатына микроклимат үлкен әсер етеді, оның параметрлері температура, салыстырмалы ылғалдылық және ауаның қозғалу жылдамдықтары болып табылады.

Микроклиматтардың параметрлерін өзгерткенде және әр түрлі ауыр жұмыстарды орындағанда адам ағзасының тұрақты температураны (36,6°) ұстау қабілеті жылуреттегіш деп аталады.

Адам ағзасының жылу шығаруы негізінде үш жолмен орындалады: конвекция, сәуле шығару және тердің шығуы.

41. Кәсіпорындарында бақытсыз жағдайлардың себептері.Кәсіби аурулар және травма алуы мүмкін болатын әрбір мекемеде тұрақты және уақытша нұсқаулар жүйесі болуы қажет.

Жұмысқа енді қабылданатын жұмысшылар жұмыс орнындағы техника қауіпсіздігі ережелері және өндірістік санитария бойынша кіріспе нұсқаудан өткеннен кейін жұмысқа жіберіледі.

Кіріспе нұсқауды техника қауіпсіздігі бойынша инженер немесе бас инженер жүргізеді. Прораб (мастер, участке бастығы) өкім бойынша келген жұмысшығы жұмыс орнында техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау өткізеді. Қайталау нұсқауы 3 айда бір рет, сонымен бірге жұмыстың жағдайы өзгеріп немесе техника қауіпсіздігі бұзылғанда жүргізіледі.

Өндіріске байланысты бақытсыз жағдайларды есептеу және тіркеу тәртібі ҚР Үкіметінің 3.03.2001ж. №326 жарлығы мен бекітілген «Бақытсыз жағдайларды ескеру және тергеу Ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.

Әрбір жазымда жарақаттанушы жылдам түрде жұмыс берушіге немесе жұмыс ұйымдастырушыға хабардар ету керек.

Жазымды тергеуде 24 сағаттың ішінде мекеме басшысымен комиссия құрылады. Оның құрамына: мекеме басшысы немесе оның орынбасары, қызметкерлер атқарушы органының өкілі немесе жарақаттанушының сенімді адамы.

Ауыр жарақат алған немесе екі және одан да көп жұмысшылардың өліміне алып келген топтық жазымдарға арнайы тергеу жасалынады. Еңбек бойынша территориялық атқарушы мемлекеттік орган құрған комиссия он күннің ішінде тергеу жұмыстарын жүргізеді. Ол комиссияның құрамына төмендегілер кіреді: төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы, мүшелері –жұмыс беруші, қызметкерлер атқарушы органының өкілі немесе жарақаттанушының сенімді адамы.

Өндіріске байланысты жұмысшының еңбек ету қабілетін жоятын әрбір жазым бір күннің ішінде Н-1 түріндегі акты толтырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]