
- •Зиянды заттар адам ағзасына тигізетін әсерлер сипаты бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
- •14. Шамдар (светильники) (анықталуы, классификациясы, маркировкасы).Жасанды жарықтандыру жарық көздері арқылы жасалады, олар екі топқа бөлінеді: қыздыру шамдары, газ разрядты шамдар.
- •15 Жарықтану бойынша негізгі мағлұматтар (шамасы, өлшем бірлігі)Жарық ағыны (f)—сәуле энергиясының қуаты. Жарық ағыны люменмен (лм) өлшенеді.
- •32Өрт болғанда адамдарды қауіпсіз жерге жеткізу (эвакуация) шарттары. В) адамдарды өрт болған кезде қауіпсіз эвакуациялау.
- •33Кәсіпорындарда өрттің алдын алудың ұйымдастырылған және техникалық шаралары. Барлық өрт қауіпсіздігінен орындалатын шаралар 4 түрге бөлінеді:
- •34Автоматты өрттен қорғану. Ғимарттарда су, арнайы автоматикалық өрт сөндіргіштерінде пайдаланылады: а) спринкерлік б) дренчерлік ( 8.1 - сурет).
- •36. Өрт сөндірудің негізгі құралдары мен әдістері?Өрттің алдын-алу бойынша жасалатын шаралар:
- •40. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар.Өндірістік ортаға әсер ететін факторлар қауіпті және зиянды болып бөлінеді.
- •41. Кәсіпорындарында бақытсыз жағдайлардың себептері.Кәсіби аурулар және травма алуы мүмкін болатын әрбір мекемеде тұрақты және уақытша нұсқаулар жүйесі болуы қажет.
- •42. Өндірістік травматизмді талдау әдістері.Травматизмді талдау статистикалық, топтық, монографиялық және топографикалық әдістермен жүргізіледі.
- •Талдау.
32Өрт болғанда адамдарды қауіпсіз жерге жеткізу (эвакуация) шарттары. В) адамдарды өрт болған кезде қауіпсіз эвакуациялау.
Кәсіпорындардың өрт және жарылу қауіпсіздік дәрежелеріне байланысты, СНИП (ҚНЖЕ) бойынша адамдарды ғимараттардан эвакуациялау уақыты орнатылған:
- 0,75минут – А дәрежесі үшін;
- 1,25 минут - Б және В дәрежесі үшін;
- 3 минут - Г дәрежесі үшін;
- 3 минуттан астам оқу орындары үшін.
Эвакуациялық шығу жолдары деп - сыртқы шығатын шығу жолдары немесе баспалдақ торына апаратын ( ол жол сыртқа шығатын жолдар болуы тиіс) жолдарды айтамыз. Жұмыс орны мен шығу есігінің ара қашықтығы 60 м аспауы қажет.Барлық ғимараттарда міндетті түрде эвакуация жолдары, шығу есіктерінің көлемі есептеліп СНИП (ҚНЖЕ) бойынша салыстырылады.
33Кәсіпорындарда өрттің алдын алудың ұйымдастырылған және техникалық шаралары. Барлық өрт қауіпсіздігінен орындалатын шаралар 4 түрге бөлінеді:
а) кәсіпорынды жобалаған кезде болатын техникалық шаралар, олар: 1) ғимараттың өртке төзімділігін анықтау; 2) ғимарат подъездерінің жобалануы; 3) ғимараттардың өртке қарсы ара қашықтығын ескеру; 4) ғимаратты найзағайдан қорғау;
б) Эксплуатациялық шаралар: 1) ұйымдастыру шаралары; 2) режімдік шаралар.
Техникалық шаралар. Барлық ғимараттар, егер ірі кешендер болса, жел тұруына байланысты салынады. Өрт қауіпсіздігі бойынша барлық кәсіпорындарының орналасу арақашықтығы өндіріс категориясына байланысты есептелінеді.
Өндіріс категориясы: А – жарылу қауіпі бар; Б,В - өрт және жарылу қауіпі бар; Г,Д- өрт қауіпі бар. Барлық ғимараттар екіге бөлінеді: 1) өрт қауіпі бар, егер ғимарат ішінде біртексіз жанғыш қоспа болса; 2) жарылу кауіпі бар, егер біртекті жанғыш заттар болса.
Сонымен, өрт қауіпіне қарсы ара қашықтықтар ( минималды ара қашықтық – 9 метр, егер А және Б өндіріс дәрежесі болса 60 м астам) таңдап алынады.
Өрт болғанда құрылыс материалдар мен конструкциялардың өз қалпында сақталу қасиеті - өртке төзімділік дәрежесі деп аталады. Ол өртке төзімділік шегімен және құрылыс материалдың жану тобы бойынша анықталады.
Өртке төзімділік шегі дегеніміз өрт болған жағдайда құрылыс материалдардың конструкциялардың еш өзгеріссіз тұру уақыты.
Максималды – 4 сағат, өртке қарсы қоршаулар, 2-сағат – жай қоршаулар өртке қарсы тура алады. Жану тобы: а) жанбайтын құрылыс материалдар ( өрт болған кезде жанбай түтіндейді, егер өрт көзін сөндірген жағдайда түтіндеу процесі аяқталады); б) қиын жанатын – жануы мүмкін бірақ өрт көзін тоқтатқан жағдайда түтіндену процессі жалғаса береді; в)жанатын ( егер өрт көзін сөндірсе де жана беретін құрылыс материалдар).
Өрт төзімділігінің 5 дәрежесі бар: 1 - ең қымбат құрылыс материалдар, бұл құрылыс материалдар өрт болған кезде 2,5 сағат өртке төзе алады ( А өндіріс дәрежесі); Өндірістік кәсіпорындарда 3-4 дәрежелі өртке төзімділігі 1,5 сағат құрайды ( қиын жанатын және мүлдем жанбайтын құрылыс материалдар).
Өрттің алдын-алу бойынша жасалатын шаралар:
а) жұмысшыларға нұсқау беру;
б) өрт сөндіру әдістері мен заттары.
Су – жоғары жылуды өзіне сіңдіру қасиетіне байланысты тотықтандырғыш концентрациясын азайтады. Кемшіліктер: ток өткізгіштігі, судың тығыздығы жоғары болғандықтан органикалық сұйықтықтарды сөндіре алмайды, қысқы мерзімде су қатып тайғақ мұзға айналады.
Су құбырлары бар қалаларда өртке қарсы арнайы су құбырлары бар:
- сыртқы, барлық барлық ірі кәсіпорындарда бар. Бұл су құбырлары ғимараттың периметрі бойынша орналасқан, әр 100 м сайын жер асты, не болмаса жер үстінгидранттары (құдықтар, люктер) орналасқан;
- ішкі, ғимарттардың ішінде. Бұл су құбырлары ғимарат коридорында белгіленген ара қашықтықта, төменде орналасқан арнайы крандармен жабдықталған су құбырлары .